Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тех мех УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.19 Mб
Скачать

Кіріспе. Машиналар мен механизм тетіктері. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.

Машина тетіктері жалпы техникалық және арнайы пәндер аралығындағы пән болып есептелінеді.Бұл пән машина бөлшектерінің беріктікке, қатаңдыққа есептеу негіздерін қарастырады. Машина тетіктері негізгі 3 топқа бөлінеді: 1.Тетіктерді жалғау ( болттар, винттерт.б.)

2.Механикалық берілістер (тісті, червякті, винт-гайкалы, тізбекті, қайысты, фрикционды)

3. Берілу тетіктері (валдар, подшипниктер, муфталар)

Машина дегеніміз өндірісте пайдалы жұмысты жасау үшін қолданылатын механикалық қондырғы. Машина жеке бөлшектердің, тетіктердің жиынтығынан тұрады. Қолданылуына және жұмыс процесінің сипатына қарай машина 3 топқа бөлінеді:

1. Машина қозғалтқыштар, басұа энергияны механикалық энергияға түрлендіреді.

2. Машина-түрлендіргіштер (генераторлар ), машина қозғалтқыштан алынған механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіруші.

3. Машина орудия (жұмысшы машиналар )технологиялық процестерді орындау үшін механикалық энергияны пайдаланушы.Жұмысшы машиналарға компрессорлар, электрқозғалтқыштар, пресстер жатады.

Машина тетіктеріне қойылатын негізгі талаптар: беріктігі, қаттылығы, шыдамдылығы, жылуға шыдамдылығы, коррозияға төзімділігі. Машина тетіктерінің жұмысқабілеттілігі деп, нормативті-техникалық құжатта белгіленген барлық талаптарды орындау қабілетін айтады.Машина тетіктерінің жұмысқабілеттілігі оның ең бірінші беріктігі арқылы анықталады. Беріктік машина тетіктерінің негізгі қасиеті болғандықтан, ол белгілі бір жағдайға және шекке дейін (белгілі бір температураға дейін ) бүлінбейді яғни қирамайды.

Беріктік мына теңсіздік арқылы анықталады:

[ ] немесе [ ]

Мұндағы, тетітің қауіпті қимасындағы нормаль кернеу, -жанама кернеу,

[ ], [ ] берілетін кернеу.

Тетіктердің қатаңдығы дегеніміз, сыртқы күштердің әсерінен тетіктің пішінінің өзгеруіне қарсыласу қабілетін айтады.

Машина тетіктерінің төзімділігі дегеніміз, оның тозуына қарсыласу қабілетін айтады. Тетіктердің тозуын азайту үшін оны металл жабындармен қаптайды.

Қозғалыс айналымын беру механизмдері

Машиналар қозғалу үшін оларға механикалық энергия берілуі тиіс. Бұл энергия электрлік, жылулық т.б. машина- қозғалтқыштардан алынады. Қазіргі машиналарда энергияны беру механикалық, гидравликалық, пневматикалық қондырғылар арқылы жүзеге асырылады. «Машина бөлшектері» курсында тек механикалық беріліс қарастырылады. Механикалық беріліс деп, энергияны машина-қозғалтқыштан машина - құралға беру механизмі.

Энергияны машина-қозғалтқыштан машина- құралға беру механизмі былай жүзеге асырылады:

-жұмыс кезінде машина-құралдың жылдамдығы өзгеруі тиіс. Машина- құралдарға автомобильдер, көтергіш крандар, токорлық станоктар жатады. Ал машина-қозғалтқыштардың жылдамдығы тұрақты болып қалады. Оларға электр-қозғалтқыштар жатады.

-көп жағдайда бір қозғалтқыштан бір мезгілде әртүрлі жылдамдықпен бірнеше механизмді қозғалысқа келтіру қажет болады.

-кебір жағдайда машина-құралдағы валдың бұрыштық жылдамдығын азайта отырып, машинаның орындаушы органы айналу моментін машина-қозғалтқыштың валына беруді талап етеді.

Механикалық беріліс машина құрылысында қолданылады. Қозғалыс берілісінің мынадай түрлері болады: фрикционды, тісті, тізбекті, винт-гайкалы беріліс.

Барлық механикалық берілістер беріліс санымен сипатталады.

Екі беріліс элементінің жұмыс жасау принципін қарастырайық: 1 n1 –бірінші валдың бұрыштық жылдамдығы және айналу жиілігі, D1 , 1– детальдің диаметрі және айналу жылдамдығы. 2n2–екінші валдың бұрыштық жылдамдығы және айналу жиілігі, D2, 2– детальдің диаметрі және айналу жылдамдығы.

Екі валдың бұрыштық жылдамдықтарының қатынасы: u = 1 / 2 = n1 /n2

Кез келген екі валдың бұрыштық жылдамдықтарының қатынасы беріліс қатынасы деп аталады. Бірінші валдың қуатының екінші валдың қуатына қатынасы механикалық ПӘК деп аталады: = P2/ P1