Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тех мех УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.19 Mб
Скачать

Практикалық жұмыс №3

Сабақтың тақырыбы: Бұранда- тұғырлық беріліс.

Сабақтың мақсаты: Бұранда -тұғырлық берілістің негізгі элементтері, қолданылуы, түрлері және өлшемдері туралы студенттердің білімін қалыптастыру Бұранда -тұғырлық берілістерді есептей білуге үйрету..

Көрнекіліктер: сызбанұсқалар, кестелер

Әдістемелік көмек

Бұранда -тұғырлық беріліс айналу қозғалысын түрлендіру үшін қолданылады.Берілістің негізгі элементіне бұранда жатады. Бұранда -тұғырлық беріліс аз күш жұмсап, көп жұмыс жасау үшін мысалы, домкратта, бұрандалы прессте, металл кескіш қондырғыларда, өлшегіш механизмдерде қолданылады. Конструкциясы бойынша бұранда бүтін цилиндр стержень тәрізді немесе тісті конструкция жиынтығы. Пішініне қарай тістер үшбұрышты, төртбұрышты, дөңгелек, трапеция тәрізді болып бөлінеді. Бұранда сызығы оң немесе теріс болуы мүмкін. Оң бұранда сызығы солдан оңға қарай және жоғары, ал сол бұранда сызығы оңнан солға қарай және жоғары кетеді. Оң бұранда машинақұрылысында кеңінен қолданылады. Бұранда сызығының көтеру бұрышы: tg =S/ d2

d –тістің диаметрі, S –тістің жолы.

Үйкелісті азайту үшін және шыдамдылығын ұзарту үшін тістерді бронзадан

(БрОФ10-1, БрОЦС6-6-3, БрАЖ9-4) және шойыннан (СЧ20, СЧ25, АЧВ-2, АЧК-2) жасайды.Бронзаны үнемдеу үшін бронзаны екі металдан жасайды: бұранданың қаңқасын шойыннан, жұмыс жасайтын бөлігін бронзадан.

Тік бұрышты тістер үшін: Ғt = Fa tg( + ).

Үшбұрышты және трапеция тәрізді тістер үшін: Ғt = Fa tg( + ).

Мұндағы, =arctg(f/cos /2)-үйкеліс бұрышы,

ПӘК: =Aп/Ат

Ап –пайдалы жұмыс,

Ат –толық жұмыс.

Беріліс саны: и =С/S

C= D – дөңгелек ауданы, S –тістің жолы

1-тапсырма

Көтергіштің бұранда-тұғырлық берілісін есептеу керек. Жүк көтергіштігі F=29 кН, l=200мм.

2-тапсырма

Жүк көтергіштігі F=5 кН сыналық домкраттың бұранда-тұғырлық берілісін есептеу керек. Бұрышы =30 0 –қа тең.

Бақылау сұрақтары

1. Бұранда -тұғырлық беріліс деп нені айтамыз?

2. ПӘК қалай анықталады?

3. Үйкеліс бұрышы қалай анықталады?

4. Бұранда сызығының көтеру бұрышы қалай анықталады?

Практикалық жұмыс №3

Тақырыбы: Бұранда – тұғырлық берілістер

Мақсаты: Бұранда – тұғырлық берілістерге есептер шығаруды үйрену.

1-тапсырма

Көтергіштің бұранда – тұғырлық ( гайка) берілісін есептеу керек. Жүк көтергіштігі F = 29кН , l=200мм.

Шешуі:

Материал таңдау: бұрама үшін нормаланған болат-45, тұғырлық үшін БкОФ10-1 қоласы. Меншікті кернеулер: 45 болат үшін: [ ] = = =98МПа.

мұнда ағым шегі т=294МПа. [nт]=3 қола үшін [ ]е=40МПа , [ ]см=45МПа болат-қола жұбы үшін меншікті қысым [Р]=10МПа

Ойманың орта диаметрі тозуға төзімділік шарты бойынша: н

d2 = = 35,08мм,

Мұнда н=1,5 тұтас тұғырықтар үшін бтіктік коэффиценті; трапеция тәріздес ойма үшін.Күшті ұтымды пайдалану үшін МЕСТ 24738-81( СТ СЭВ 639-77) бойынша бір кірісті трапеция тәріздес ойманы аламыз:

Tr 40*6, d=40мм, d2=37мм, d1=33мм, p=6мм.

Ойманы өздігінен тежелуге тексереміз, онда ойманың көтеру бұрышы:

= = arctg =arctg 0,0516=2,955

Келтірілген үйкеліс бұрышы:

=arctg = arctg = arctg 0,093=5,523 .

болғандықтан, бұранда-тұғырық өздігінен тежелуші беріліс.Тұғырықтың өлшемдері:биіктігі- Н н*d2=1,5*37мм=55,5мм; Н=56мм деп аламыз;

Орамаларының саны - z = = = 9,33 < zmax = 10, тұғырықтың сыртқы диаметрін созылысқа және бұралуға беріктік шартынан:

d 2 = +(40мм)2 = 52,5мм

d=53мм деп аламыз; белдеменің диаметрі – жаншылуға беріктік шартынан:

d1 2 = = +(53мм)2=60,2мм,

d1=62мм деп аламыз; тұғырық белдемесінің биіктігі a=0,25Н=0,25*56мм=14мм. Күш факторларын анықтау: Мᵖ=F* *tg( )=29*103Н* *tg(2,955 +5,523 )=

=79969,9Нмм

Жанама кернеу:

mах = = = =11,33Н/мм2(Мпа)

Көлденең күш: N=F=29*103H, қалыпты кернеу:

c = = = =33,9Н/мм²(МПа);

Бұраманың көлденең қимасындағы баламалы беріктіктің үшінші гипотезасы бойынша;

экв= = = 40,8МПа <<[ ]c = 98МПа

бұранданың беріктігі қамтамасыз етілген.

Бұранданы орнықтылыққа тексеру(50-есепті қараңыз) : Инерция

радиусы – i= min = =8,25мм; ұзындықты келтіру коэффиценті – =1; бұранданың иілгіштігі – = p = =29.

=29 < 0=52 болғандықтан, орнықтылық қамтамасыз етілген.