2 Метил спирті
2.1 Алынуы
Метанол (метил спирті) өндірісі химия өндірісіндегі өнімдер өндірісінің маңызды да, кең ауқымды өндірістердің бірі болып табылады.
Метил спирті,метанол СН3ОН – шекті, біратомды спирттердің ең қарапайым өкілі болып табылады. Оның молекулалық массасы 32,042. Бос күйінде табиғатта кездеспейді және өте аз мөлшерде, мысалы эфир майларының құрамында. Оның туындылары, керісінше, көптеген өсімдік майларында (күрделі эфирлер), табиғи бояғыштар, алколоидтар (жай эфирлер) және т.б. құрамдарында кездеседі. Қалыпты жағдайда түссіз, жеңіл ұшқыш, жанғыш сұйықтық. Кейде иісі этил спиртіне ұқсас. Адам ағзасына метанол иісі мас қылдыра әсер етеді және мөлшеріне байланысты көздің көру қабілетін жоятын өте қатты у б.с.
Метанолдың өнім ретінде, және де оны өндіру тәсілдерінің даму тарихы өте қызық. Алғаш рет 1661 жылы Боульдің ағашты құрғақ айдаудың нәтижесінде байқалып, ал тек екі он жылдықтан соң ғана таза күйінде 1684жылы Думас пен Пелиготтың көмегімен алынды. Сол уақытта да оның химилық формуласы анықталды.1857 жылы Бертло метанолды метилхлоридпен шайып синтездеді. Метанолды алу тәсілдерінің негізгі екі тәсілі белгілі: ағаш ұнтағын және лигнинді құрғақ айдау; құмырсқа қышқылының тұздарының термиялық ыдырауы, және метанның катализаторлардың бетінде, не катализаторсыз қысым жағдайында толық емес тотығуы. Аталған тәсілдердің ішінде өндірісте ағаш ұнтағын құрғақ айдау тәсілі ғана негізін тапты.
Ағаш ұнтағын (древесина) құрғақ айдау, формиаттардың термиялық ыдырауы, метилформиатты гидрлеу, метил хлоридтің шайылуы (омыление метилхлорида), метанның толық емес каталитикалық тотығуы, Ι және ΙΙ валентті көмір қышқыл газының каталитикалық гидрленуі.
Каталитикалық тәсілді өндірістің меңгерілуіне дейін метанол ағаш ұнтағын құрғақ айдау арқылы өндірілді. «Орман химиялық метил спирті» негізінен ацетон және т.б.-да қиын бөлінетін заттармен ластанып келеді. Қазіргі таңда метанол алудың бұл тәсілі тәсілі практикалық жүзінде өндірісте орын алмайды және маңызы жоқ болып саналады.
Техникалық және алдымен экономикалық характерлері бойынша метанолды көмір қышқыл газы мен сутектен синтездеу өндірістік даму алды.
1913 жылы метанолды мырыш-хром катализаторларының қатысында және 250-350кгс/см2 қысым жағдайында көмір қышқылы және сутегіден алудың синтетикалық жолы жасалды. Кейін, 1923 жылы бұл процесс Германияда өндірістік масштабта негізін тауып, әрі қарай қарқынды түрде дамып сұрапталды.
Ресейдің отандық метанолдың өндірістік синтезінің тарихы 1934 жылы Новомоскосков химиялық комбинатының екі қарапайым қондырғысында өндірілген ≈30т/тәул. шығымымен бастауын алады. Метанол өндірісінің шикізаты болып коксты газификациялау нәтижесінде түзілген су буы (сутегі) болып табылады. Ал қазіргі жағдайда метанолдың негізгі мөлшері табиғи газ базасында өндіріледі. Синтез процессі 250-350 кгс/см2 және 3800C жағдайында жүргізіледі. Метанолдың жоғарыда аталған жылдарғы шығымы химия өндірісінің көптеген өнімдерінің өндіріс қарқындарынан артып кетті.
Метанол өндірісінің шығымының артуы интенсификациялау процесстері, сол таңдағы нақты жұмыс істеп жатқан және жаңа өндірістер құру арқылы жүргізілді. Алдағы таңда метанол шығымы процесті салыстырмалы төмен қысымда (50-150кгс/см2) жүргізуге мүмкіндік беретін поршеньді компрессорлардың орнына турбоциркуляциялық компрессорлары қондырылған бір сызықты, ірі тоннажды қондырылғыларда артады.
Метанол өндірісінің үлкен қарқында өсуі метанолды қолданылу аумағының түрлілігімен түсіндіріледі. Мәселен, метанол формальдегид (шамамен метанолдың барлық шығымының 50%-і), синтетикалық каучук (≈11%), метиламин (9%) және де диметиламинтерефталат, метилметакрилат, пентаэритрит, уротропин сияқты өнімдер алуға шикізат болып табылады. Оны фототаспа (фотопленка), аминдер, поливинилхлоридті, карбамидті және ионоалмасушы шайырлар, бояғыштар және жартылай өнімдер (полупродукты), сондай-ақ, лак-бояу өндірістерінде еріткіш есебінде қолданылады. Өте көп көлемде метанолды әртүрлі химикаттар, мысалы, хлорофос, карбофос, хлорлы және бромды метил және ацеталдар алуда тұтынылады. (4)
