- •«Электрохимиялық технологияның экологиялық проблемалары» пәні бойынша дәрістер жинағы шымкент, 2014
- •«Электрохимиялық технологияның экологиялық проблемалары» пәні бойынша дәрістер жинағы
- •5В072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы «Электрохимиялық өндірістер технологиясы» мамандандыруының студенттеріне арналған
- •Мазмұны
- •Пәннің міндеттері. Электрохимияның экологиялық проблемаларының барлық аспектілері бойынша терең білім алуы, зерттеудің жалпы және арнайы әдістерінің жиынтығы мен әдістемесін терең меңгеруі.
- •Дәріс № 1. Химиялық өндірістің өркендеуі. Шикізаттың қолданылуы және қоршаған орта.
- •1. Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері.
- •2. Химиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері.
- •Дәріс № 3. Сұйық қалдықтардың түрлері және өңдеу. Сұйық қалдықтарды өңдеуде химиялық технологиялық процестердің қолданылуы
- •Дәріс № 4. Қатты қалдықтарды өңдеу. Пластмасса өндірісінің қалдықтарын өңдеу
- •Өнімге пайдаланылмайтын қалдықтарды өңдеу әдістері.
- •Ағызынды суларды механикалық тазалауда қолданылатын қондырғылар.
- •Экстакция, сорбция және эвапорация әдістері.
- •Суларды жасанды жағдайда биологиялық тазалауда қолданылатын әдістер.
- •Дәріс № 9 Гальваникалық өндіріс ағызынды суларының қоршаған ортаны ластауы.
- •Гальваника өндірісінің ағызынды суларының құрамы.
- •Гальваника өндірісінде түзілген қалдықтарды заласыздандыру.
- •1. Электрохимия өндірісінің ағызынды суларының құрамы.
- •Дәріс №15. Қолданылған ерітінділерді және суларды залалсыздандыру және олардың құрамындағы қажетті заттарды бөліп алу
- •Ауыр металдардың қоршаған ортаға тигізетін әсері.
- •Дәріс № 19. Электрокоагуляция және электрофлотация әдістері. Коагулянттар және оларды суды тазалауда қолдану.
- •Дәріс № 20. Өндірістік айнымалы токпен поляризацияланған түйіршікті электродтардағы электрохимиялық процестер.
- •2.Жұмысқа жарамсыз электролиттерден палладий мен никельді бөлу әдістері.
- •Дәріс № 23 Құрамында хромы бар ағызынды суларды электрохимиялық әдіспен тазалау.
- •2. Ерігіш темір анодтарымен электрокоагуляциялық әдісі.
- •1.Темір түйіршікті электодтың хром иондарын залалсыздандыруда қолданылуы.
- •Дәріс № 25. Электрохимиялық өндірістер технологиясы өндірісіндегі сұйық қалдықтарды бейтараптандыру әдісімен тазалау.
- •Дәріс № 26. Электрохимиялық өндірістер технологиясы өндірісіндегі ағызынды суларды тотығу – тотықсыздану, хлормен тотықтыру әдісімен тазалау.
- •Ионалмасу әдісінің гальванотехника өндірісінің ағызынды суларын тазалауда қолданылуы.
- •1. Гальваникалық цехтың ағызынды суларының құрамы.
- •2014 Ж. Баспаға қол қойылған. Қағаз форматы 80х64 1/16
Пәннің міндеттері. Электрохимияның экологиялық проблемаларының барлық аспектілері бойынша терең білім алуы, зерттеудің жалпы және арнайы әдістерінің жиынтығы мен әдістемесін терең меңгеруі.
Пәннің негізгі мазмұнын игерген студенттің алатын білімі:
- Химия өндірістерінен шығатын қалдықтардың түрлері;
- Қалдықтарды, ағызынды суларды өңдеу әдістері, қолданылатын қондырғылар;
- Судың ауыр және түсті метал иондарымен ластануы және ағызынды суларды тазалаудың электрохимиялық проблемалары;
- Өндірістен шығатын сулардың құрамында болатын ауыр және түсті металдар иондарының физика-химиялық қасиеттері және олардың биосфераға әсерін;
- Гальваникалық өндірістерде металдарды қаптау кезінде қолданылатын металдардың және олардың иондарының электрохимиялық қасиеттерін;
- Пассивтеліну құбылысын ультрадыбыс, вибрация немесе металл бетін электрохимиялық тәсілмен тазалауды;
- Қолданылған ерітінділер мен ағызынды суларды ионалмасу мен биологиялық әдістер арқылы залалсыздандыру әдістерін;
- Электролиз әдісі арқылы қолданылған ерітінділерді құрамындағы зиянды заттардан арылту әдістерін;
- Электрокоагуляция және электрофлотация әдістерін;
- Ауыр және түсті метал иондарын электрохимиялық тәсілмен залалсыздандыру процестерін интенсивтендіру;
- Металдардың мөлшерін ағызынды сулар мен қолданылған ерітінділердің құрамынан анықтау (анализдеу) әдістерін;
- Ағызынды сулар құрамындағы қорғасын иондарын электролиз тәсілімен залалсыздандыру;
- Анодтық шламдардың түзілуі және тұнбаларды залалсыздандырудың мазмұнын білуі тиіс.
Дәріс № 1. Химиялық өндірістің өркендеуі. Шикізаттың қолданылуы және қоршаған орта.
Жоспары:
1. Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері.
2. Химиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері.
3. Қалдықтар туралы түсінік және жалпы жіктелуі.
1. Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері.
Қоршаған ортадағы табиғи суларды ластамаудың ең тиімді шешімдерінің бірі - өндірісте қолданылған су құрамындағы зиянды заттардан тазалау, олардың лас түрінде қоршаған ортаға түcyін болдырмау болып табылады.
Құрамында ауыр және түсті метал иондары бар ағызынды суларды тазалауа әртүрлі модификацияланған реагентті әдістер арқылы, сондай-ақ ион алмасу, электрохимиялық, мембраналық (ультрафильтрация, гиперфильтрация) және сорбциялау әдістері арқылы жүзеге асырылып келеді. Бұл әдістер өте күрделі және экономика жағынан тиімсіз болып отыр.
Әртүрлі өндіріс ағызынды сулары құрамында кездесетін ауыр және түсті метал иондары бар ағызынды сулар мен қолданылған ерітінділерді тұрақты және өндіpіcтік айнымалы токпен поляризацияланған темір және басқа да түйіршікті электродтар қатысында залалсыздандырудың тиімді тәсілін жасау қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Адам өмірінде химия ең негізгі орын алатындығы ерте заманнан белгілі. Табиғи заттардың кейбіреулері ғана өңдеусіз адамның қажеттілігі үшін қолданылуы мүмкін. Көп жағдайда жай немесе керекті зат алу үшін табиғи заттарды күрделенген қондырғылар мен технологиялық әдістерді қолданып, өңдеу немесе дайындау қажет. Табиғи шикізаттарды өңдегенде, қалдықтардың түзілуі олардың ерекшеліктеріне және қолданылатын технологияға байланысты. Қандай да бір өнімді өндіру үшін минералды шикізаттың жарамдылығы соңғы өнім алынатын заттың құрамындағы негізгі компоненттерге байланысты. Бұл кезде бір шикізаттан әр түрлі өнім алуға боады. Шикізат құрамындағы бағалы компоненттерді бөліп алу қажет және бөлінетін қалдықтардың мөлшері аз болғаны жөн. Сонымен қатар қалдықтардың көп көлемі шикізатты қазып алғанда және оны байытқанда түзіледі. Кейбір заттар жұмысқа жарамсыз болып, тұтыну қабілеттілігі жойылып қалғаннан кейін, сынғаннан кейін оларды залалсыздандыру негізгі мәселе болып табылады.
