- •«5В050509» – «Қаржы» мамандығының «Сақтандыру» пәнінің
- •1.2. Дәрістік сабақтар.
- •Жауапкершілік сақтандыруы
- •Сақтандырушы
- •Жәбірленуші
- •Сақтанушы
- •Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру
- •13 Дәріс: Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру.
- •III. Кеме-жай иелерінің жауапкершілігін сақтандыру.
- •Қаржылық тұрақтылығының құрамдас бөлігі.
- •8.3.Студенттер үшін сөж тақырыптары және практикалық сабақтардың сұрақтары:
- •1 Тақырып. Экономикалық мәні және сақтандыруды белгілеу.
- •2 Тақырып. Қр-ғы сақтандыру классификациясы.
- •3 Тақырып. Тәуекел түсінігі және оның экономикалық салдары.
- •4 Тақырып. Сақтандыру мәселелерінің заңды регламентациясы.
- •5 Тақырып. Қр сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы.
- •6 Тақырып. Сақтандыру компанияларының ұйымдастыру қызметі.
- •7 Тақырып. Актуарлық қызмет.
- •8 Тақырып. Қр сақтандыру төлемдеріне кепілдеме беру қоры.
- •10 Тақырып . Аннуитеттік сақтандыру, зейнетақы сақтандыру.
- •11 Тақырып . Мүлікті сақтандыру.
- •12 Тақырып. Азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (ақжс).
- •13 Тақырып. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру.
- •14 Тақырып. Сақтандырушының төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
- •15 Тақырып. Қайта сақтандыру – сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығының құрамды бөлігі.
- •16 Тақырып. Шет елдерде сақтандыру.
- •8.4. Осөж тақырыптары:
- •8.5. Тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
- •8.6.Сақтандыру пәнінен емтихан сұрақтары.
- •8.7. Тест сұрақтары.
III. Кеме-жай иелерінің жауапкершілігін сақтандыру.
Кеме-жай кәсібінің дамуы көптеген кемелердің пайда болуына себеп болды, мұның өзі теңіздерде жүзетін көліктермен қамтамасыз етті. Сонымен қатар оның жауапкершілігі кеме-жайларды қымбат тұратын құрылғылармен жарықтандыруына байланысты басқа да адамдарға келтіретін зиянына қатысты артады.
Бұл шығындар кеме-жай иелерінің келісімді сақтандыру клубы арқылы жабылады. Қазіргі кезде мұндай 70 Р81 клуб жұмыс істейді; олар Англияда, Швецияда, Норвегияда және АҚШ-та орналасқан. Ьұл ұйымның жұмысы клуб корреспонденттерінің халықаралық ұйым жиынында негізделген. Клуб корреспонденттері белгілі бір елде клуб мүшелерінің құқықтарын қорғайды және қажет жағдайда мамандарды, эксперттерді шақырады.
Клубтың қаржылық негізі клуб мүшелерінің төлемдерінен тұрады және олардан сақтандыру қоры құрылады.
Сақтандыру төлемдері бойынша бөлінеді:
1.Алдын ала төлем. Полис жылының басында кеңес директорларымен анықталады (полис жылы 20.02 сағат 1200-де АМ Гринвич бойынша басталады).
2.Қосымша төлемдер. Егер полис жылының соңында шығындар көп болса, қосымша төлемдер беріледі.
3. Кенеттен төлемдер. Олар апаттық шығындарға байланысты жиналады.
PSI клубы арқылы негізгі сақтандыру тәуекелдері:
1) жүк
2) дене зақымдануы
3) қозғалмай жүзетін обьектінің зақымдануы
4) қақтығысу
5) кеме қалдықтарының араласуы
6) команда жағынан шығындар
7) жалпылама апат бойынша шығынның қайтарылмауы
8) айып-пұл
9) тасуға кеткен шығындар
10) карантиннен бөгелулер
11) кемедегі мүліктер
12) кеменің (соттық) бөгелулері (ұстанымдары).
Ең ірі клубтар: Солтүстік Ирландия мен Ұлыбританияның біріккен корольдігінің кеме-жай иелерінің келісімді «сақтандыру Бермудтік ассоциациясы». Бұл клуб арқылы сақталған тонна (сумма) – 200 БРУТТО тіркелген тонна.
14-Дәріс: Сақтандырушылардың төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Мақсаты: сақтандырушылардың төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығының есептеу әдістерін оқып білу.
Сұрақтар:
1. Сақтандырушылардың қаржылық ұйымдарының жалпы принципі.
2. Сақтандыру қорының құрылымы.
3. Сақтандыру резервтерінің түрлері және олардың құрылу ережелері.
4. Сақтандыру компанияларының сенімдіоігін және қаржылық тұрақтылығын бағалау.
5. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамту шарттары.
6. Сақтандырудың міндеттерін қолдану және активтердің нормалық қатынасын.
15-дәріс. Қайта сақтандыру – сақтандыру компаниясының
Қаржылық тұрақтылығының құрамдас бөлігі.
Мақсаты:Активті және пассивті сақтандырудың теоретикалық негізін оқу және бекіту.
Сұрақтар:
1. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың теоретикалық негізі және маңызы.
2. Қайта сақтандыру – сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығының әдісі ретінде.
3. Қайта сақтандырудағы берілетін тәуекелдердің әдістеріне байланысты қайта сақтандыру операциялары.
4. Пропорционалды және пропорционалды емес қайта сақтандырудың келісімдері.
5. Қайта сақтандыру пұлының мәні және мағынасы.
Қайта сақтандыру.
Бұл жүйе сақтандыру компанияларының арасындағы қаржыны және келісімшарттық қарым-қатынастарының негізі болып келеді. Бұл процесте сақтандырушы сақтандыру тәуекелін өзіне алып қолда бар келісімшарттардың өзінің қаржылық мүмкіншіліктері мен жағдайларының есебі мен жауапкершілік бөлігін алады, бұл жауапкершілік келісілген жағдайлар мен басқа сақтандырушыларға беріледі.
Алғашқы сақтандырушы өз шотына тек оның сақтандыру қаржының қаржылық тұрақтылық және қамтамасыз етушілік жағдайларынан сақтандыру келісімшарттарының шығынының тек белгілі бір бөлігін ғана ала алады.
Қайта сақтандырушының алғашқы тәуекелдерін қайта сақтандырудың көлемі мен қажеттілігін келесі факторлармен анықтайды:
-сақтандыру қаржысының көлемі мен құрамы;
-тәуекел түрі;
-сақтандыру ресурстары.
Қайта сақтандырудың экономикалық мәні болып, құрылған алғашқы сақтандыру қорының сақтандыру компанияларының арасында қайта тарату табылады.
Қайта сақтандырудың 2 тәсілі бар:
1.бірге сақтандыру (қоса сақтандыру).
Сақтандырушы
№1 (60%)
Сақтандырушы өндірістік кәсіпорын
Сақтандырудың келісімшарттары
Сақтандырушы
№2 (30%)
Сақтандырушы
№3 (10%)
2.қайта сақтандыру.
Сақтандыру тәуекелдерін тапсырудың сызбасы.
Тәуекелді алғашқы Тәуекелді екінші Тәуекелді үшінші
сақтандыру сақтандыру сақтандыру
Қайта
сақтандырушы Цессионарий Цессионер Ретроцедент
Сақтандырушы
Сақтандырушы Қайта
сақтандырушы Цедент
Ретроцессионарий
Қайта сақтандырушы Ретроцессия
Цедент (сақтандырушы, қайта сақтандырушы) – қайта сақтандырушыға тәуекелін тапсыратын сақтандырушы.
Цессионер – қайта сақтандырушыға тәуекелін қабылдайтын сақтандырушы.
Ретроцедент – ретроцессияға қабылданған қайта тарату тәуекелдерін тапсыратын сақтандырушы немесе қайта сақтандырушы.
Ретроцессия – ерте қабылданған сақтандыру тәуекелін тапсырудың процесі.
Ретроцессионарий – ретроцеденттен тәуекелді қабылдап алатын қайта сақтандырушы.
Өзіндік ұстаным – сақтандырылған тәуекел бойынша жауапкершілікті алатын сақтандырушының сақтандыру сомасының бөлігі.
Эксцедент - өзіндік ұстанымды жоғарылататын сақтандыру сомасы.
Квота – қайта сақтандыруға қатысқан сақтандырушының үлесі.
Жауапкершілік лимиті – сақтандырушының келісім бойынша мүліктік жауапкершілігін шектейтін сома.
Приоритет – сақтандыру келісімі бойынша жауапкершілік негізіндегі цедент сомасы.
Ұстаным деп аталынатын әрбір маңызды сақтандыру жағдайларынан үлесті цедент өзінің қаржылық жағдайына байланысты жауапкершілігін қайта сақтандыруға ұстайды.
Үстінен қайта сақтандыруда цедент өзінің белгілі бір қаржылық жағдайына байланысты ұстаным деп аталынатын әрбір жағдайларды сақтандыру мүмкіндігінің үлесін ұстайды. өзіндік ұстанымның лимитін жоғарылататынның барлығы қайта сақтандыруға жіберіледі.
Тәуекелдер цедентпен алынғандықтан тәуекелдерді қайта сақтандыруға тапсырудың шарттары бірге сақтандырудан ерекшеленеді және ол оларды өз қалауынша пайдалануға құқығы бар. Ал тәуекелдерді тапсыру Марапаттау Марапаттайтын болып цедентпен ұсталынатын қайта сақтандыру комиссиясы табылады. Перспективалық тәуекелдермен сақтандыру премиясының үлесін қайта сақтандыруда цедент цессионерді олардың болашақ табысына қатысуын талап етеді. Комиссиядан басқа сақтандырушылар, кейбір кезде тантьемдер сақтандыруда шығындарға ұшырамағандықтан басқа тәуекелдердің қайта сақтандыруға қабылдануы өте үлкен көлемде пайдалы болып келеді.
Қайта сақтандырудың әртүрлі формалары:
Факультативті қайта сақтандыру. Бұл қайта сақтандыруда цедент тәуекелдің бірақ немесе бөлігін қайта сақтандыруға тапсыратындығын өз бетінше шешеді және сақтандырушыны өз бетінше таңдайды. Ол өз тәуекелдерін тапсырған цессионерлерге ешқандай мүдделі емес, өз жағынан цессионер де цедентке мүдделі емес, ол тәуекелді бірақ немесе бөлігімен қабылдап ала алады және де өзінің шарттарын ұсына алады немесе тәуекелді қабылдаудан бас тартуы мүмкін.
Келісілген қайта сақтандыру. Мұнда қайта сақтандырудың тәуекелдерін тапсыруымен қабылдап алуы туралы келісімді аша отырып екі жақ құқықтық қарым-қатынасқа түседі (қайта сақтандыруға қатысудаға ұзақ мерзімді келісім жыл сайын қарастырылып отырады). Әдетте қайта сақтандыруға эксцедентпен ұсынылатынның азғандай үлесін алатын бірнеше компания қайта сақтандырудың келісімінде қатысады (енгізіледі). Өзінің шығармашылық (жұмыс) кезеңінде кез келген тапсыратын компания қайта сақтандыру қорғанысын қажет етеді. Сондықтан да сақтандыру қоржыны оның қайта сақтандыру ұсынысын әртүрлі вариациялармен орындайды, олжылдан жылға және әдетте жылдың аяғында қайта қаралады.
Факультативті-облигаторлық қайта сақтандыру. Оын тағы да «ашық қорғайтын» келісімі деп те атайды. Бұл цедентке қайта сақтандырушыға қандай мөшерде және қандай ресурстарды тапсыру керек екендігі туралы шешімді өз бетінше қабылдауға еркіндік береді. Цессионер алдын ала шарттармен белгіленген тәуекелдердің үлісін өз бетінше қабылдап алуы тиіс. Цесиионерлерге бұл келісім пайдасыз және қауіпті болуы мүмкін, себебі цедент қайта сақтандыруға ең қауіпті тәуекелдерді тапсыруы мүмкін, сондықтан да бұл келісім толық сенім артатын цедентпен ғана бекітіледі.
Облигаорлы-факультативті қайта сақтандыру. Цедентке міндетті және цессионерге керекті болып табылады. Басты компаниялар мен филиалдарының арасында жиі кездеседі. Цессионер өзіне ең пайдалы тәуекелді ғана таңдап алады, ал бұл оған цедент саясатын бақылауға мүмкіншілік береді, яғни бұл форма басқа бөлек сақтандыру компанияларына керексіз болып табылады.
Тәуекелдік бойынша жауапкершілікті таратумен байланысты қайта таратудың келісімін екі жақтың келісімі бойынша 2 топқа бөлуге болады:
1)Сақтандыру сомасының базасындағы қайта сақтандыру сомасы (пропорционалды қайта сақтандыру);
2)Зақымдану базасындағы – зақымдануды қайта сақтандыру (пропорционалды емес қайта сақтандыру).
Пропорционалды қайта сақтандыру. Мұнда цессионер цедент сақтандыру қоржынының бір бөлігін сақтандырады және мұнда сақтандыру премиясы, жауапкершілігі және залалы цессионер мен цедент арасында пара-пар бөлінеді.
3 формасы бар:
- квоталық келісім. Барлық цедент тәуекелдерінің белгілі бір үлісі мен квотасын цессионер өзіне алады. Квота барлық залалға қойылмайды және мұнда көлемі мен ауыртпашылығы ештеңе бермейді. Үлес белгілі пайызда немесе белгілі анықталған сомада көрсетілуі мүмкін (ех: цедент ұстанымы 30%, сақтандыру сомасынан лимит 200000, 70% цессионерді қайта сақтандырудан келеді. 1) Тәуекел 100000 – цеденттің өзіндік ұстанымы – 30000, ал цессионердегі қайта сақтандыру – 70000. 2)Тәуекел 370000 тең – цедент өзіндік ұстанымы – 111000, цессионерлерге 259000 мөлшерінде сома берілуі тиіс, бірақ лимит 200000 құрағандықтан 59000 келісім-шарт маңайында қалады, яғни цедентке).
Келісімнің бұл түрі цедент өзі ұстай алатын (тоқтата) кез келген тәуекел, тіпті ең кішісі міндетті түрде қайта сақтандырылатындығымен сипатталады. Бұл келісім бойынша 20%-40%-дан комиссия тағайындалады және ол әдетте тантьем қабылданады. Келесім-шарт көп шығынды қажет етпейді. Квоталық келісім көптеген мөлшердегі біртүрлі тәуекелдерге тиімді болып табылады.
- эксцеденттік. Бұл келісім тұрақсыз сақтандыру қаржысының теңелуіне мүмкіндік береді. Бұл мақсатында цедент өз ұстаушысының көлемін анықтайды, яғни:
Эксцедент = сақтандыру сомасы - өзіндік ұстаным.
Өзіндік ұстанымды жоғарылататын барлық тәуекел пара-пар бөлінеді.
өзіндік ұстаным / эксцедент
Келісімшарттың жетіспеушіліктері:
- Қызмет көрсетудегі үлкен шығындар
- цедент өз шегерімін өзі бекіткендіктен оны тәуекел топтары бойынша дифференциялайды, ол өз үлесіне тәуекелдің аз мөлшерін қалдырып, көп бөлігін қайта сақтандыруға береді, бұдан цессионер әрине қауіптенеді.
Эксцедент сомасы әдетте өзіндік ұстанымнан біршама мөлшерде жоғары болады (ех: эксцедент сомасы 10 үлеске тең; келісім шарт көлемі 11. келісім тәуекелдердің бір тобына арналған 5000 бірлікке тең он бөлікті өзіндік ұстанымнан тұрады.
Сақтандыру жағдайларында:
5000 бірлік – келісім шарт бойынша тапсырыс орындалмайды.
50000 бірлік – 45000 бірлік тапсырылады.
70000 бірлік – 50000 бірлік тапсырылады, ал қалған 15000 басқа келісім шарт бойынша қайта сақтандырулады.
- квоталы-эксцедентті.
Қайта сақтандырудың квоталы және эксцедентті келісім шарттарының комбинацияларын өзара қарастырады. Белгілі бір квотаға, өзіндік ұстанымға қатысты эксцедент тағайындалады.
Пропорционалды емес қайта сақтандыру. Мұнда цессионерлердің қатысуы зақымның көлеміне байланысты анықталады. Цессионердің жауапкершілігі цеденттің өзіндік ұстанымын жоғарылатуға орны болғанда басталады.
Тақырып 16. Шет елдерде сақтандыру.
Мақсаты: Сақтандыру ісін шетел тәжірибесінде ұйымдастыруды оқыту.
Сүрақтар:
1. Шет елдерде сақтандыру ісін ұйымдастыру.
2. Шет елдерде сақтандырудың формасы және негізгі түрлері.
3. Шетелде сақтандыру қызметінің даму тенденциясы.
4. Мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметін сақтандыру сферасы.
