Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
план клил 2.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.87 Mб
Скачать

Қорытынды

Білімнің кіріктірілуі білім беру мазмұнының икемді болуының және түрленуінің бір жолы болып табылады. Кіріктірілген оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін еске ала отырып, оларды тұлға ретінде дамытуға және олардың шығармашылық ойлауын қалыптастыруға тірек болатын түрлі білімнің тоғысуы арқылы әлемнің сан түрлі болмысын таныту мүмкіндігі пайда болады.

Мектептегі пәндердің кіріктіру үдерісін ұйымдастырудың басты формасы

  • кіріктірілген сабақ. Ал сабақтың мұндағы ерекшелігі – оны бір немесе екі, тіпті үш мұғалім жүргізуіне болатындығында. Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан алғанда, кіріктірілген сабақ шәкірттердің танымдық әрекетін белсендіруге ықпал етеді, ынталандырады, оқу пәнін жемісті меңгеруінің шарты болып табылады және оқушылардың құзыреттілігін қалыптастырады.

Кіріктірілген сабақты өткізуде, барлық сабақты өткізу сияқты, оқыту әдістемесі маңызды орын алады. Бүгінгі күні CLIL пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту білім беру әдістемесінің ең жемістісі болып саналады. Бұл әдіс екі пәнді, оның бірі шет тілін, кіріктіре оқытуға мүмкіндік береді. Ерекше, осы пәнге тән терминдерді, белгілі бір тілдік құрылымдарды, оқып-біледі, пәндік терминология арқылы оқушының сөздік қоры да байып, дамиды.

Осы айтылғандар тұрғысынан алғанда, оқу-әдістемелік құралда пәндік- тілдік кіріктіре оқытылатын жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша (оқыту тілі мен ағылшын тілдерінде) терминдердің қысқаша сөздігі енгізілген, информатика, физика, химии, биология және жаратылыстану пәндері бойынша үлгілік сабақ жоспарлары ұсынылған.

Кіріктіре оқыту барысында ойлаудың жаңа деңгейі яғни кең арналы, кіріктірілген ойлау қалыптасады. Мұндай ойлауда бір пән арқылы ғана қалыптасатын ойлаудың тар шеңберінен тысқары шығатын, пәнаралық байланыс аясын кеңейтетін, оқу материалдарын қайталаудан сақтайтын деңгей пайда болады. Соның барысында оқушылардың ойлау әрекеті белсендіріліп, алатын ақпараттың аясы кеңи түседі, сөйтіп, оқушының оқып, білім алсам деген мотивациясы тереңдей түседі. Кіріктіре оқыту, түптеп келгенде, білім беру үдерісіндегі оқушы мен мұғалімнің өзара дидактикалық қатынасында жаңа психологиялық жайлы қатынас қалыптасады.

Осымен, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер (информатика, физика, химия, биология) мен тілді кіріктіре оқыту оқу үдерісінің сапасын жоғарылатып қана қоймайды, сонымен қатар, мектептегі білім берудің маңызды міндеті – оқушылардың пәнаралық байланыс негізіндегі ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесін шешуді көздейді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

    1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2016 жыл. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген.

    2. «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 5 қарашадағы № 622, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 344 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 1066 бірлескен бұйрығымен бекітілген.

    3. Холодная М. А. Психология интеллекта: парадоксы исследования. - Томск: изд-во Томского ун-та. М.: изд-во «Барс».1995.-250 с.

    4. Зорина Л. Я. Интегрированные предметы естественнонаучного цикла / Современная дидактика: теория - практике / Под научной редакцией И. Я. Лернера, И. К. Журавлёва. - М.: ИТП и МИО РАО. 1993. - с. 125 - 140.

    5. Шехинова И.В. Метапредметный подход и его реализация на уроках иностранного языка. https://infourok.ru/user/ceunova-irina-valentinovna

    6. Реализация принципов предметно-языкового интегрированного обучения с помощью технологий web 2.0 в техническом вузе. http://cis.rudn.ru/doc/2538

    7. Понятие о формах организации обучения, http://studopedia.su/5_10605_ponyatie-o-formah-organizatsii-obucheniya.html

    8. Рогова Г.В., Верещагина И.Н. Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учреждениях: Пособие для учителей и студентов пед. вузов. - 3-е изд. - М.: Просвещение, 2000. - 232с.

    9. Анализ и планирование урока иностранного языка в общеобразовательной школе. http://bibliofond.ru/view.aspx?id=464865

    10. Современные образовательные технологии. Центр проблем развития образования белорусского государственного университета www.charko.narod.ru

    11. Мартынова М.В. Интегрированное обучение. педагогические технологии. типы и формы интегрированных уроков. Методические рекомендации. http://ido.tsu.ru/ss/?unit=199

    12. Marsh D. CLIL/EMILE – The European Dimension: Actions, Trends and Foresights Potential. Jyväskylä: University of Jyväskylä, Finland, 2002.

    13. Coyle, D., Hood, P., Marsh, D.CLIL: Content and Language Integrated Learning.– 2010.Cambridge:CambridgeUniversityPress.

    14. Deller, S, and Price, C (2007) Teaching Other Subjects Through English (CLIL). - 2007. Oxford: Oxford University Press.

    15. CLIL: An Interview with Professor David Marsh, International House: Journal of Education and Development; - Англ. – Режимдоступа: http://ihjournal.com/content-and- language-integrated-learning.

    16. Dalton-Puffer, C. Discourse in Content and Language. – 2008.Integrated Learning, John Benjamin Publishing Company.

    17. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған

«Информатика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. http://nao.kz/

    1. Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған

«Физика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. http://nao.kz/

    1. Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған

«Химия» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. http://nao.kz/

    1. Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған

«Биология» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. http://nao.kz/

    1. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған

«Жаратылыстану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. http://nao.kz/

    1. Романова Ю.В. Система оценивания. Теоретические положения. http://www.ucheba.com/met_rus/k_pedagogika/otsenka.htm