- •Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Министерство образования и науки Республики Казахстан
- •Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану)
- •Интегрированное обучение английскому языку и учебным предметам емц (информатика, физика, химия, биология, естествознание)
- •Ағылшын тілі және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) кіріктіріп оқытудың ұстанымдары мен тәсілдері
- •Кіріктіріп оқытуды ұйымдастырудың түрлері
- •Ағылшын тілі және информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқытудың педагогикалық технологиялары
- •Ш. Жаңа сабақ
- •Жаңа сабақты пысықтау.
- •Жаңа сабақты бекіту.
- •Сабақтың қорытындысын шығару және бағалау.
- •Үйге тапсырма беру кезеңі.
- •4 Ағылшын тілі және информатика, физика, химия, биология мен жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқытуда оқушылардың білімін бағалау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Принципы и подходы интегрированного обучения английскому языку и предметам емц (информатике, физике, химии, биологии, естествознанию)
- •Формы организации интегрированного обучения
- •Педагогические технологии интегрированного обучения на уроках английского языка и иинформатики, физики, химии, биологии, естествознания
- •Приложение 2.
- •Приложение 3.
- •“ Black box ” и снова «Черный ящик».
- •4 Оценивание знаний учащихся при интегрированном обучении на уроках английского языка и информатики, физики, химии, биологии, естествознания
- •Заключение
- •Список использованной литературы
- •Содержание
- •Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану)
- •Интегрированное обучение английскому языку и учебным предметам емц
- •302 Шрифт Times New Roman. Усл. П.Л.18,8.
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Министерство образования и науки Республики Казахстан
The Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Ы.
Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы Национальная академия
образования имени И. Алтынсарина The
National Academy of Education named after I. Altynsarin
АҒЫЛШЫН
ТІЛІН ЖƏНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА
БАҒЫТЫНДАҒЫ
ПƏНДЕРДІ
(ИНФОРМАТИКА,
ФИЗИКА, ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ, ЖАРАТЫЛЫСТАНУ)
КІРІКТІРІП
ОҚЫТУ ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
ИНТЕГРИРОВАННОЕ ОБУЧЕНИЕ АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ И УЧЕБНЫМ ПРЕДМЕТАМ ЕМЦ (ИНФОРМАТИКА, ФИЗИКА, ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ, ЕСТЕСТВОЗНАНИЕ) УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ
INTEGRATED LEARNING ACADEMIC SUBJECTS (INFORMATICS, PHYSICS, CHEMISTRY, BIOLOGY, SCIENCE) AND ENGLISH LANGUAGE
STUDY GUIDE
Астана 2016
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Министерство образования и науки Республики Казахстан
The Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Национальная академия образования имени И. Алтынсарина The National Academy of Education named after I. Altynsarin
Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану)
кіріктіріп оқыту
Оқу-әдістемелік құрал
Интегрированное обучение английскому языку и учебным предметам емц (информатика, физика, химия, биология, естествознание)
Учебно-методическое пособие
Integrated learning to English language and science and mathematical course subjects
(informatics, physics, chemistry, biology, science)
Study guide
Астана 2016
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2016 жылғы 22 шілденің № 6 хаттама)
Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 22 июля 2016 года)
Recommended for publication by Board of Studies of the National Academy of Education named after
Altynsarin (record № 6 dated 22 July 2016)
Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) кіріктіріп оқыту. Оқу-әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016. – 94 б.
Интегрированное обучение английскому языку и учебным предметам ЕМЦ (информатика, физика, химия, биология, естествознание). Учебно-методическое пособие. – Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2016. – 111 с.
Integrated learning to English language and science and mathematical course subjects (informatics, physics, chemistry, biology, science) Guidance book. - Astana: The National Academy of Education named after I. Altynsarin, 2016. - 95 p.
Оқу-әдістемелік құралда ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) оқытудың принциптері, әдістері, түрлері және педагогикалық технологиялары, сонымен бірге CLIL технологиясы (тілдік-пәндік кіріктіріп оқыту), ағылшын тілін және информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану сабақтарында кіріктіріп оқыту барысында оқушылардың білімін бағалау жүйесі қарастырылған. Сонымен қатар кіріктіру сабақтарының үлгілері, қазақ және ағылшын тілдерінде информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану пәндерінің терминологиялары берілген.
Оқу-әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне, білім басқармалары өкілдеріне, білім беру ұйымдарының жетекшілеріне, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарына арналған.
В учебно-методическом пособии рассмотрены принципы, подходы, формы и педагогические технологии обучения английскому языку и предметам ЕМЦ (информатике, физике, химии, биологии, естествознанию), в том числе технология CLIL (предметно-языковое интегрированное обучение), система оценивания знаний учащихся при интегрированном обучении на уроках английского языка и информатики, физики, химии, биологии, естетствознания. Предложены поурочные планы интегрированных уроков, терминология по информатике, физике, химии, биологии и естествознанию на русском и английском языках.
Учебно-методическое пособие предназначено учителям-предметникам общеобразовательных школ, руководителям организаций образования, институтов повышения квалификации учителей.
Study guide deals with principles, approaches, forms and teaching technologies of English language and science and mathematical course subjects (informatics, physics, chemistry, biology, science) learning, including CLIL technology (content and language integrated learning), evaluation system of pupils' knowledge in integrated learning at the lessons of English language and informatics, physics, chemistry, biology ,natural science. Suggested lesson plans of integrated lessons, terminology in informatics, physics, chemistry, biology and science in Russian and English languages.
Study guide is intended for subject teachers of comprehensive schools, heads of educational institutions, teachers advanced training institutes.
© Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016.
© Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016.
2
Кіріспе
Педагогикалық жүйе әр тарихи дәуірде елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Экономикасы дамыған елдердің білім беру жүйесінде реформа орташа есеппен алғанда әр он жыл сайын жүргізілетінін әлемдік тәжірибеден көруге болады. Бұл ретте қоғам дамуының барлық кезеңдерінде жаңа стратегиялар және педагогикалық жаңа технологияларды талап ететін білім алушылардың сапалы дайындығына назар аудару қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін, оның ішінде жалпы орта білім беруді жетілдіру бойынша кең көлемді іс-шаралар жүзеге асырылуда.
«Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаттарының бірі жалпы орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады [1]. Бұл оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі - «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі пәнді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) және тілді кіріктіріп оқыту бойынша оқу- әдістемелік құрал әзірлеу болып саналады [2].
Пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту ұстанымын қолдану шет тілін оқуға бөлінген уақыт мөлшерінің аздығынан және оны меңгеру деңгейіне қойылған талаптардың жоғарлауынан пайда болып отыр.
Бұл тәсіл бір мезетте екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, алайда негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге аударылуы мүмкін.
Кіріктіріп оқыту әдісі жалпы барлық дидактика тәрізді, қазіргі кезде қиын кезеңнен өтуде. Жалпы орта білім берудің мақсаттары өзгерді, жаңа оқу жоспарлары және пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері әзірленуде. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Сол себепті де білім берудің жаңа технологиялары пайда болуда, олардың бірі – CLIL пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы.
CLIL технологиялары шет тілін басқа пәндерді оқытуда оқудың қажетті құрал ретінде қарастырады. Яғни тілді үйрену кез келген пән саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы емес, шет тілінде өтетін пән сабағы. Сонымен бірге оқушылардың тілдік қарыс-қатынастағы қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағжай жасайды.
Жоғарыда айтылғандар, оқу материалының мазмұнына сәйкес жаңа оқу ақпаратын құруды, жаңа технологиялармен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді талап ететін оқытудағы кіріктіру мәселесінің өзектілігін айқындайды.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдың мақсаты – CLIL технологиясы негізінде жаратылыстану-математика бағытындағы (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) пәндер мен ағылшын тілін кіріктіріп оқыту әдістемесін әзірлеу.
Аталған мақсат келесі міндеттердің шешімін табуды қарастырады:
«Информатика», «Физика», «Химия», «Биология», «Жаратылыстану» пәндерінің «Ағылшын тілі» пәні мазмұнымен түйісу шегін анықтау;
ағылшын тілі пәнімен ЖМБ пәндерін кіріктіріп оқытудың ұстанымдары мен әдістеріне сипаттама беру;
кіріктіріп оқытуды ұйымдастыру түрлерінің ерекшелігін белгілеу;
ЖМБ пәндердің мазмұнын кіріктіру негізінде ағылшын тіліне кіріктіріп оқытудың педагогикалық технологияның мәнін ашу;
ЖМБ пәндерді және ағылшын тілін кіріктіріп оқытуды ескере отырып тілдік құзыреттілікті бағалаудың ерекшеліктерін баяндау.
