Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаалы СА,2016(соы).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
739.39 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Сәтбаев Университеті

«Инженерлік жүйелер және желілер» кафедрасы

«Жер үсті және жер асты су алу ғимараттары» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес 5B080500 «Cу ресурстары және суды пайдалану» мамандығының 3 курс студенті

_____________________________________берілді

Практикалық сабақтарды кешенді түрде орындау тапсырмасы

Тақырыбы : «Жер үсті су алу ғимараттары параметрлерін есептеу (жобалау)»

Берілген мәліметтер:

  • гидрологиялық жағдайы: су көзі -өзен; арнадағы шөгінді -аралас құм;төсінді жыныстар - майда тастар;

  • мұз қату жағдайы: қату мерзімі – 21 күн; мұз қалыңдығы- 1,2 м;

  • cу алу жағдайы – орташа; ең жоғары су жіберу көлемі - 47м3,

бұл кездегі су деңгейі - 64 м. Ең төменгі су жіберу көлемі - 6,0 м3/с,

су деңгейі – 61 м;

- пайдалануға қажетті су көлемі –0,35 м3/с;

- ғимарат түрі: жағалық,біріктіріліп салынған.

Тапсырған, проф. Халхабай Б.

Алған, студент _____________

Жағалық су қабылдағышты және сорап станциясын есептеу

(жобалау) әдістемелігі

1 Су алу ғимаратын орналастыру орнын таңдау

Ғимарат салынатын орынды таңдау үшін су көзінің келесі көрсеткіштері негізге алынады. Олар:

- ағын судың тереңдігі;

- санитарлық талаптарға сәйкестігі;

- тұрақты түрде су бере алу мүмкіндігі;

- су транспорты мен балық қорғау талаптары;

- гидрологиялық, топографиялық сипаттамалары.

Жобалау барысында ғимараттың елді мекеннен алыс орналаспауы, судың тазалығы және мұз қатуының аз болуы да ескеріледі.

Егер пайдаланылатын өзендерді анжыр басқан немесе құм жиналатын

жағдайы болса, онда су алу ғимараты оның дөңес жағында (бұрылысында) орнатылуы керек.

Жазық жердегі өзендерде терең су мен қайраң қатарласып кездеседі. Анжыр басу қалың болса, онда өзеннің бірқалыпты түзу участкесі таңдалады. Мұндай жерде су тереңдігінің және су ағысы жылдамдығының жоғары болғаны дұрыс.

2 Жағалық су алу ғимараттарының қажетті сұлбасын қабылдау

Жағалық су алу ғимараттары арна бұзылмайтын жерде,өзен жағасы тік болғанда және ондағы су тереңдігі су қабылдағышты дұрыс орналастыруға мүмкіндік беретін кезде салынады.

Шағын және орта сорап станциялары үшін,егер оның сору тереңдігі 4-5 м,су деңгейінің өзгеріп отыру аралығы 8-10 м аспаса,онда су қабылдағыш пен жағалық құдық станция ғимаратынан бөлек орналасады

Су өзеннен құдыққа су қабылдау тесіктері (терезелері) арқылы құйылады. Тесіктер ғимарат биіктігі бойынша екі-үш қатарда орналасады.Бұл біршама таза су алуға мүмкіндік береді.Оларды қоқыс ұстағыш торлармен, жөндеуге арналған жапқыштармен және балық қорғайтын құрылғылармен жабдықтайды.

Су деңгейі сорап өсінен едәуір жоғары болса,онда суқабылдағыш пен сорап станциясы біріктіріліп салынады (1 - сурет). Ал олай болмаған жағдайда су қабылдағыш пен сорап станциясы бөлек орналастырылады (2- сурет).

Сораптың жұмыс істеуін жақсарту және жөндеу жұмыстарын үздіксіз атқару мақсатында жағалық құдық іші су қабылдағыш камераларға бөлінеді.Олардың саны сору құбырларының санына сәйкес етіп алынады.

Су қабылдау құдығы дөңгелек немесе тікбұрыш түрінде жасалынады және бір-біріне тәуелсіз, кемінде екі бөлімнен тұруы тиіс. Құдықтың үстіңгі жағына басқару павильоны орналастырылады.

1- сурет. Жағалық біріктірілген су алу ғимараттарының есептік сұлбасы.

1 – су қабылдау тесігі; 2 – қоқым заттарды ұстап қалу торы; 3 – көтергіш кран;4 – сораптың сору жүйесі.

2 - сурет. Жағалық су алу ғимаратының біріктірілмеген түрі

1-ішкі терезе; 2-су өткізетін сыртқы терезелер; 3-су қабылдау бөлімі; 4-су жинау бөлімі;5- сорап станциясы; 6- су тарату құрылымы; 7- жағалық құдық; 8- су сору құбыры.