- •1.Глава:Артериалды гипертензиясы бар пациенттерді оқытудың заманауи жолдары
- •2.Глава.Тәсілдер мен материалдар
- •1.1.Артериалды гипертензияның таралу жиілігі
- •1.2.Гипертензия анықтамасы мен жіктемесі
- •1.3.Гипертензияда жиі болатын асқынулар
- •1.4.Денсаулық мектебі
- •Негізгі клиникалық көріністері
- •Артериальды гипертониямен ауыратын науқастардың өмір салтын өзгерту бойынша ұсыныстар
- •1.5.Пациентті оқытуда мейірбикенің атқаратын рөлі
- •1.6.Артериалды гипертензияның алдын-алудағы ұйымдастырылған жобалар мен олардың нәтижелері
- •2.Глава.Тәсілдер мен материалдар
- •2.1.Зерттеуді ұйымдастыру
- •1,3,6,7,8,10,11-Дұрыс: 2,4,5,9,12- дұрыс емес
1.5.Пациентті оқытуда мейірбикенің атқаратын рөлі
Қазіргі уақытта әлемдік медицинаның созылмалы ауруларды емдеуде қолданып жүрген әдістерінің бірі пациенттерді өзіне күтім жасауға оқытуды ұйымдастыру болып табылады.Осыған байланысты мейірбикелердің жұмысы кеңейді.
Мейірбикелік оқыту деп-пациент және оның туыстарына білім,дағды үйретуді айтамыз.Мейірбикелік оқытуда мейірбике білімді және өз жұмысының маманы болған жағдайда жетістікке жетеді.Мейірбике пациентке күтім көрсетудің барлық түрін үйретуі қажет.
Мейірбике ісіндегі оқытудың тапсырмалары:пациентті ауруымен өмір сүруге үйретіп,денсаулығын жақсарту болып табылады.[24](http://www.medcectre.ru/sestrinskaya-pedagogika/)
Оқыту процессі
Соңғы онжылдықта пациенттердің білімін көтеру маңызды орынға ие болып отыр. [25][Оганов , 1997, Бритов 1997; Ботнарь 1991; Брюханов А. 1998; Попов 1998; Балкаров ,2000; Бакшеев В.И., Коломоец Н.М., 2001; J.W. Farquhar et al., 1977, 1985,1990; Wizner B. , 2000;H. Muratani 2000; E.H. Wagner, 2000].Амбулаторлы этапта пациенттер мен дәрігерлердің оқытуға келісімі нәтижесінде гипертензия ауруын емдеу,асқынуының алдын-алу процесі сәтті жүргізілуде. [26][M. Moser, 1998; R. Aquilani et al., 1999; S.A. Eraker S. et al., 1984; Miller MF, 1996; Pritchard DA et al., 1999].Дегенмен оқыту процесі қазіргі уақытта әлсіреп жатыр, [27][Обухова А.А. и соавт, 1997]. көптеген зерттеулер нәтижесінде оқыту процесі артериалды қан қысымын бақылауда ұстауға мүмкіндік бергенімен қауіп факторларының азаймағандығын көрсетеді.[28] [Duff EM et al., 2000]. Біздің ойымызша,пациенттерді оқытуға жақсылап дайындалған бағдарлама қажет.Сондықтан Торонтодағы негрлердегі гипертонияға арналған халықаралық 14 интернациональды конференцияда пациентті оқытудағы медицина қызметкерлерінің рөлі айқын көрсетіліп,пациенттердің оқу барысындағы жетістіктері анықталған.[29] [Mensah G.A.,1999;Applegate BW et al., 2000].
Оқыту 3 аумақтан тұрады:танымдық,эмоционалды,психомоторлы.
Танымдық аумақта:пациент мәліметтермен танысады.Алынған ақпаратты сараптап,маңызды бөлігін таңдап алады.Мысалы:пациент ауруымен,оған әсер ететін қауіп факторымен,салауатты өмір салтын ұстауды,рационалды тамақтану,алдын-алу жолдарымен танысады.
Эмоционалды аумақта:пациент білім алғандағы әсерімен бөліседі.Ол өзі алған білімін бағалап,өзінің өмір салтын өзгертеді.Мысалы:пациент алған білімін талдап, оны жүзеге асыруға белсенді араласады:диета сақтайды,уақытылы тамақтанады,физикалық жаттығулармен айналысады,мезгілге сай киінеді,қауіпсіздік шараларын сақтайды.
Психоморлы аумақта:пациент алған білімінің арқасында өзіне күтім жасауды жүзеге асырады.Мысалы:тісін тазалайды,инсулин егеді,пульсін есептейді.
Мейірбикелік оқыту мейірбикелерден кәсібилікті талап етеді.Ол оқытудың әдістерін игеруі қажет.
Оқыту әдістері:
Ауызша-мәліметтерді ауызша түсіндіру(әңгімелесу,лекция);
Иллюстративті-медициналық атластарды,картинкаларды,видеофильмдерді қолдана отырып күтім жасау ережерін көрсетеді.
Практикалық-іс-шараларды жасап көрсету:таңғыштарды ауыстыруды,инсулин егуді,қалталы ингаляторды қолдануды үйрету.
Оқытудың бірнеше түрлері ажыратылады:
-Лекция-пациенттреге аурудың белгілері,қауіп факторы бар дайын мәлімет беріледі.
-Проблемная лекция-пациентке оны ойландыратын,қорытынды шығаратын мәлімет беріледі;
-Әңгімелесу-оқыту сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі;
-Рөлдік ойындар-пациент жағдайды сезініп,іс-шараларды жасауды үйренеді.
Оқу-көрнекі құралдармен толықтырылады
Құралдар бола алады:
- табиғи құралдар (нысандар тірі және жансыз табиғат);
- оқыту құралдары болып табылатын кәсіби қызметінің пәні (медициналық құрал-саймандар, таңу материалдары, аспаптар және т. б.);
- бейнелеу құралдары (суреттер, плакаттар, суреттер, слайдтар, кестелер, диаграммалар, схемалар, графиктер, жоспарлар, карталар).
Вербалды құралдарға анықтамалық,әдіснамалық әдебиеттер жатады.
Техникалық оқу құралдарына видеофильм,аудиозапись,компьютерлер жатады.Әртүрлі оқыту әдістері мейірбикеге пациентті оқытуға жеңілдік жасайды.
Пациентті формалды оқыту үй жағдайында жүргізіледі.Мейірбике пациентті оқытып,күнделікті дағдыларға үйретеді.Қажетті мамандардың көмегіне сүйенеді:массажист,ЕДШ жаттықтырушысы,диетолог.
Формальды емес оқыту түріне пациентпен әңгімелесу жатады.Мысалы:дұрыс тамақтануды,ішімдікті қолданудың зиянын. [30]( Источник: Основы сестринского дела: И.X.Аббясов, С.И.Двойников, Л.А.Карасева, 2007г.)
Пациентті оқытудың принциптері
[31][ToscaniMR.etal., 1995]
Принцип түрлері |
Анықтамасы |
Үйлесімділік |
-Алдыға қойылған мақсат пен жеткен жетістіктің үйлесімділігі.Мысалы:алдыға пациентті өзінің қан қысымын өлшеуге үйрету деп қойылса,нәтижесінде пациент ешкімнің көмегінсіз өз қан қысымын өлшей алады. |
Маңыздылық |
-пациентті оқытуға арналған бағдарламада,пациент туралы ақпарат жинау.(оның білімін,есте сақтау қабілетін).Ақпараттарды тест немесе сұрақ қою арқылы анықтау. |
Жеке ерекшелік |
-Пациенттер әр түрлі болады.Жоспар құру барысында пациенттің жеке ерекшеліктерін ескеріп құру жетістікке жетудің жолы. |
Кері байланыс |
-Пациенттен берілген ақпаратты сұрау-пациенттің қаншалықты игергенін және мейірбикенің ақпаратты қаншалықты жеткізе алғандығын көрсетеді. |
Берілген білімді бекіту |
-Пациентпен кері байланыс жүргізген уақытта оны мақтау,оны қолдап отыру пациенттің өмір салтын өзгертуге көмектеседі. |
Мейірбикелерге арналған пациентті оқытудың алгоритмі
|
|
Мейірбике пациент туралы ақпарат жинау |
Оның ішінде-білімі,жасы,жұмыс орны |
Пациенттің проблемасын анықтау |
Жеке ерекшеліктері:мінез ерекшелігі,білімі |
Оқытуды жоспарлап,алдына мақсат қою |
Мақсат 3 бөліктен тұрады:
|
Пациенттің жеке бас ерекшелігін,әлеуметтік,физикалық жағдайын ескере отырып жоспар құру |
Жоспар:
|
Оқытуды жүзеге асыру |
|
Мейірбике пациенттің алған білімін бағалау |
Өте жақсы-пациент мейірбике берген ақпаратты толық түсініп,басынан аяғына дейін өзі қайталады. Жақсы- пациент мейірбике берген ақпаратты толық түсініді,басынан аяғына дейін қайталау барысында мейірбикенің көмегін қолданды Қанағаттанарлық-пациент мейірбике берген ақпаратты жартылай түсінді,басынан аяғына дейін қайталау кезінде мейірбике көмегін қолданды Нашар-пациент берілген ақпараты түсінбеді,баснан аяғына дейін қайталай алмады |
Пациенттің білімі нашар болған жағдайда ,басқа жоспар құру |
|
Гипертониямен ауыратын пациенттерге арналған бағдарламалар
[32](адаптировано из Chi J, 1993)
Бағдарлама атауы |
Ұйымдастырушылар |
Мәлімет беретін техникалық құралдар |
Altace Alliance Program ( Алтайлық Альянс бағдарламасы ) |
Altace-Hoechst- Roussel, Upjohn |
Медикаменттерді тағайынлдау ережесі,буклеттер,бастапқы оқыту |
Cardiosense («сау жүрек») |
Cardizem SR, Cardizem CD-Marion Merrell Dow |
Мәлімет жазылған хат ) |
Hands on Health («денсаулықты бақылау»)
|
Verelan- Lederle/Wyeth- Ayerst |
Видеокассеталар, мәлімет жазылған хат,артериалды қан қысымын үй жағдайында бақылауда ұстау,АҚҚ өлшеу күнделігі |
Өмір сүру сапасын өзгерту |
Capoten-Squibb |
Видеокассеталар, мәлімет жазылған хат,жарнамалық сыйлықтар |
Нитро-дур (стенокардиямен ауыратын пациентке қамқорлық) |
Nitro-Dur- Schering-Plough |
Видеокассеталар жиынтығы, буклеттер, |
Пациент және оның келісімі |
Calan-Searle |
Дыбыстық кассеталар |
«Тенекс»жүру клубы |
Tenex-Wyeth Ayerst |
Спорттық дүкенгеге тегін тіркеу,шагометр |
Cardiac nursing |
S.L. Underhil et al., 1982 |
Артериалды гипертензиямен ауыратын пациенттерді оқытуға арналған жүйелі бағдарламалардың бірі |
«Сау өмір » |
Tenormin,Tenoretic, Zestril, Zestoretic-Zeneca (ICI) |
Мәлімет жазылған хат,электронды почтаға хаттар |
