Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gotovy_diplom.docx салта.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.19 Кб
Скачать

Негізгі клиникалық көріністері

Дене мүшелерінің зақымдану белгісі: 

    ми мен көз: бас ауру,  бас айналу, көздің көру қабілетінің  төмендеуі, транзиторлық ишемиялық шабуылдар,  сезу қабілетінің  және қозғалмалы  бөліктердің   бұзылысы;

     жүрек :   жүрек қағу, кеуде  тұсының  ауруы,  ентігу,  аяқтың ісінуі;

    бүйрек: шөлдеу, полиурия, никтурия, гематурия.

    перифериялық артериялар:  аяқ-қолдың тонғыштығы,  ақсандау.

 

Гипертониялық аурумен ауыратын науқастың күнделігі

 

Күні

Тәулік мерзімі

Артериялық қысым

Жүрек соғысы

Қабылданған дәрі, түрі, мөлшерлемесі, қабылдау саны (сағаты)

Ескерту

 

 

 

 

 

 

 

 

Өз күнделігінде науқас АҚ-ның  мәні мен жүрек  қағысын күніне кем дегенде 3 рет жазуы қажет: таңертең күндіз және кешке; қандай дәрі және қаншада ішкенін, тіпті диетада  жіберілген  қателіктерді, жүйке жүйесін тоздырған жағдаяттарды, метеофакторларды,  яғни артериялық қысым деңгейіне  әсер ететін  барлық жағдайларды жазу керек. Күнделік көмегімен дәрігер АҚ-ға жағымсыз әсер ететін  факторларды анықтап,  дұрыс кеңес беруге, әсіресе тәулік бойы  қан қысымын  оңтайлы деңгейде  «ұстап тұруға» мүмкіндік беретін дәріні дұрыс таңдауына  ықпалдасады, өйткені,  артериялық қысымның бірден төмендеуі  тамыр үшін тұрақты  жоғары АҚ-ға  қарағанда неғұрлым зиян болады.

Артериальды гипертониямен ауыратын науқастардың өмір салтын өзгерту бойынша ұсыныстар

Шаралар

Ұсыныстар

Дене салмағының төмендеуі

Дененің қалыпты  массасын ұстану (ДМИ= 18,5 -24,9 кг/м2)

Диета

Құрамында май мен сіңірілген  майдың  жалпы мөлшері аз жеміс-жидек,  көкініске толы диета.

Тұз пайдалануды шектеу

Тұз пайдалану 100мэкВ/л  (2,4г натрий немесе 6г  натрия хлориды) аспауы тиіс

Дене белсенділігі

 Күнделікті дене жүктемесі: күніне 30 минут жүгіру

 

Артериялық гипертония барысындағы диета

        АГ – мен ауыратын науқастар үшін диета құнды, балансталған, құрамында ақуыз, майлар, көмірсутектер, дәрумендер, минералды тұздар мен микроэлементтер  жеткілікті болуы қажет. Диета кезінде  ас тұзын, азот тәрізді  экстрабелсенді заттарды шектеу қажет, сонымен қатар  жануар  майы мен  оңай сіңірілетін  көмірсутекті пайдалануды төмендету қажет. Рационға калий мен магний  тұздарымен, С мен Р және В тобының  дәрумендері, өсімдік майы, липотропты  заттар, құрамында әртүрлі минералды затттар мен  микроэлементтер, оның ішінде  органикалық йод, В тобының дәрумендері  бар жасушалық  қабықтар және су  өнімдері  енуі қажет. Диета көмегімен АГ  дамуының  негізгі  қауіп-қатер факторларына  ықпал етуге болады: су-электролит  балансының бұзылуы; дислипидемия және  атеросклероз, артық дене  салмағы, сергітетін сусындар, алкоголь мен никотинді  мөлшерден тыс пайдалану. [23]http://gkkp18.kz/kz/additional_menu/shkola-zozh/shkola-zdorovya-arterialnaya-gipertoniya

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]