Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gotovy_diplom.docx салта.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.19 Кб
Скачать

1.2.Гипертензия анықтамасы мен жіктемесі

Артериалды гипертензия (гипертония, АГ) деп — артериялық қан қысымы 140 мм.сын.бағ жоғары болатын жағдайды айтады.  (кем дегенде үш рет, әртүрлі уақытта, тыныштық жағдайында өлшегенде анықталса)

Кесте №1 АҚҚ-ның даму сатылары және анықтамасы

Түрлері

Систологиялық АҚҚ (мм.рт.ст.)

Диастолалық АҚҚ (мм.рт.ст.)

Оптималды

<120

ж\е

<80

Қалыпты

120–129

н\е

80–84

Қалыптыдан жоғары

130–139

н\е

85–89

Гипертензия 1 сатысы

140–159

н\е

90–99

Гипертензия 2 сатысы

160–179

н\е

100–109

Гипертензия 3 сатысы

≥180

н\е

≥110



АҚҚ-артериалды қан қысымы

Гипертензияның 1,2,3 сатылары жеңіл ,орташа,ауыр сатыларына сәйкес келеді. [19](http://kazmedic.kz/archives/1712)

1.3.Гипертензияда жиі болатын асқынулар

Артериалды гипертензияның асқынулары өмірге қажетті барлық мүшелер мен жүйелердің жұмысының бұзылуына алып келеді.Тамырлардың атеросклерозын тудырады,соның ішінде бас миын қоректендіретін ұйқы артериясына әсер етеді.Сонымен қатар гипертензияның әсерінен жүрек бұлшықетінің де жұмысы нашарлап,жүрек жетіспеушілігі туады.Бүйрекке де әсер етіп бүйрек жетіспеушілігі пайда болады.Гипертензиямен зардап шегетін адамдардың көз қантамырлары зақымдалуы нәтижесінде көзінің көруі нашарлайды немесе көрмей қалады.Тұрақты қан қысымының жоғарылауынан тамырлар атеросклерозы дамып,ол кез-келген мүшенің жұмысының төмендеуіне алып келеді.Жоғарғы диастолалық қан қысымы(105. м.б) диастолалық қан қысымының (76 .мм.с.б) қарағанда ми инсультының дамуына 10 есе,жүректің ишемиялық ауруына 5 есе шалдықтыру қаупі жоғары.Гипертензияның жылдам асқынуы криз болып табылады.Қан қысымының жылдам көтерілуінен бастың ауруы,бас айналу,жүрек тұсының ауырсынуы,жүректің қатты соғуы және дем жетпеу сезімдері болады.Құсу,қалтырау,естен тану белгілері де дамуы мүмкін.Гипертониялық криздің әсерінен мүшелер қызметі бұзылып,инфаркт,инсульт,өкпе ісігі дамып өлім болуы да мүмкін.[20]( http://www.sleepnet.ru/patologiya-organov-i-narusheniya-sna/serdechno-sosudistaya-sistema/oslozhneniya-arterialnoy-gipertenzii/)

1.4.Денсаулық мектебі

Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 29 қаңтардың бекітілген қаулысы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ,Алматы қаласы  МКК «№17 Қалалық емханасында » денсаулық мектептері жұмыс істейді. Денсаулық мектептердің алған қойған міндеттері емделушілерді үйрету , ақпараттандыруды жоғарылату  мен өз денсаулығы үшін халықтың ортақ жауапкершілігі болып табылады. Мектеп бағдарламасына мамандардың келесі бағыттары бойынша жеке кеңес беру  мен оқу сабақтары кіреді. [21]http://gp17.kz/index.php/kz/%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%81%D0%B0%D1%83%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%B1%D1%96

Денсаулық мектебі – пациенттер мен тұрғындарға топтық ықпал жасаудың ауру қауіп-қатерінің мінез-құлықтық факторлары дамуының алдын алу бойынша білімділік, ақпараттылық және практикалық дағдылар деңгейін арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдерінің ұйымдастырылған жиынтығы. Ауру түрлерінің пайда болуы мен даму шарттарын жоюға, денсаулықты сақтау мен нығайтуға, физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтануды арттыруға бағытталған бастапқы профилиактиканың бұл түрі пациентке денсаулық сақтаудың бастапқы звеносында көрсетілетін топтық консультация берудегі медициналық профилактикалық қызметінің бір түрі болып табылады [22](МКБ-10  класс XXI, Z30 – Z31, Z71-Z73 бойынша гигиеналық оқыту және тәрбие беру).

Артериалды гипертония денсаулық мектебінің мақсаты: халықты салауатты өмір салты дағдыларына үйрету, науқастардың денсаулығын өз бетінше өмірін өзгертуге, құзырлықты жоғарылату сұрақтарына  және қоршаған орта жағдайына  бейімделуге  оқыту, насихаттау.        АГ ұраны: « Физикалық  белсенділік – салауатты өмір салтының негізі».      

 Артериалдық гипертония  - жүрек - қантамыр жүйесінің созылмалы ауруы, ол артериялық қысымның 140/90 мм сынап бағанасы  бойынша  жоғарлауымен білінеді. Гипертониялық ауру – негізінен көптеген факторлардың  үйлесімі жататын күрделі ауру. Бұл өзгермейтін деп бөлуге болатын қауіп – қатер  факторлары болып табылады.                                          

Қауіп-қатердің өзгермейтін  факторлары:

  •     Тұқым қуалаушылық (қандас туысқандарының ішінде  гипертониялық  аурудың кездесу көрсеткіші).

  •     Жасы (жасы 50-ден асатын тұлғаларда ГА  кездесу ықтималдығы жоғары ).

  •  

Өмір салтына байланысты  қауіп-қатердің  өзгеретін  факторларына  төмендегілер жатады:

  •        Артық дене  салмағы.

  •        Ас тұзын мөлшерден тыс пайдалану (тәулігіне 5-6 граммман  жоғары )

  •        Темекі шегу.

  •        Маскүнемдік.

  •        Қозғалысы аз өмір салты.

  •        Гормональды контрацептивті  ұзақ пайдалану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]