- •1.Глава:Артериалды гипертензиясы бар пациенттерді оқытудың заманауи жолдары
- •2.Глава.Тәсілдер мен материалдар
- •1.1.Артериалды гипертензияның таралу жиілігі
- •1.2.Гипертензия анықтамасы мен жіктемесі
- •1.3.Гипертензияда жиі болатын асқынулар
- •1.4.Денсаулық мектебі
- •Негізгі клиникалық көріністері
- •Артериальды гипертониямен ауыратын науқастардың өмір салтын өзгерту бойынша ұсыныстар
- •1.5.Пациентті оқытуда мейірбикенің атқаратын рөлі
- •1.6.Артериалды гипертензияның алдын-алудағы ұйымдастырылған жобалар мен олардың нәтижелері
- •2.Глава.Тәсілдер мен материалдар
- •2.1.Зерттеуді ұйымдастыру
- •1,3,6,7,8,10,11-Дұрыс: 2,4,5,9,12- дұрыс емес
Қызылорда қаласы № 3 қалалық емханадағы Денсаулық мектебінің артериальды гипертензияның асқынуының алдын-алудағы рөлі
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Глава:Артериалды гипертензиясы бар пациенттерді оқытудың заманауи жолдары
1.1.Артериалды гипертензияның таралу жиілігі
1.2.Гипертензия түсінігі мен жіктелу түрлері
1.3.Гипертензияда жиі болатын асқынулар
1.4.Артериалды гипертензиясы бар пациеттерге арналған денсаулық мектебі
1.5.Пациентті оқытуда мейірбикенің атқаратын рөлі
1.6.Артериалды гипертензияның алдын-алудағы жобаларды ұйымдастыу мен олардың нәтижелері
2.Глава.Тәсілдер мен материалдар
2.1.Зерттеуді ұйымдастыру
2.2.Зерттеу тәсілі
2.3.Сараптау
ІІІ.Қорытынды
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.Қазіргі заманғы дамыған медицинаға қарамастан жүрек –қантамыр аурулары өлімге алып келуден басты орында тұр. [1.][Hodges P., 2009; Brea A. et al., 2013; CDC, NCHS, 2015]. Әлемде ең көп таралған ауру болып табылады. Жүрек-қантамыр ауруы бойынша жиі кездесетіні-артериалды гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы.Бұл ауру денсаулыққа әсер етіп,өмір сүру сапасын төмендетеді.Жүрек-қантамыр ауруының асқынуынан әлемде көптеген адамдар мүгедектік зардабын шегіп,өлімге душар болады. .[2][National Center for Health Statistics, 2014]
Гипертензия ауруынан әлемде 1 млрд.адам зардап шегіп келеді.Осы ауру зардабынан әлемде7,5 млн.адам өлімге душар болады.Соның ішінде 51 %-ы инсульттен,45%-ы жүректің ишемиялық ауруынан қайтыс болады.[3]( Данные ВОЗ по артериальной гипертензии ОПТИМАЛЬНАЯ ФАРМАКОТЕРАПИЯ АРТЕРИАЛЬНОЙ ГИПЕРТЕНЗИИ У ПОЖИЛЫХ ПАЦИЕНТОВ: ФОКУС НА КОМБИНИРОВАННУЮ ТЕРАПИЮ Ставрополь, 20 мая 2016 г. Кардангушева Аксана Мухамедовна
д.м.н., доцент кафедры пропедевтики внутренних болезней КБГУ) Жәнеде бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсіп,2025 жылға қарай осы көрсеткіш 60 пайызға жетеді деп болжанған. 2015 жылдың наурызында АҚШ-тың ұлттық статистика орталығы 2010-2013 жылдардағы артериалды гипертензиямен байланысты өлім көрсеткішін жариялады.Көрсеткіш АГ орта жастағы әйелдерде 23,1 %-ға өскендігін көрсетті. [4]Kung HC., Xu J. Hypertension-related Mortality in the
United States, 2000-2013. NCHS Data Brief. 2015; March: 193
http//cdc.gov/nchs/data/nvsr/nvsr61/nvsr61_04.pdf
Бразилия денсаулық сақтау ұйымының да басты проблемасы артериалды гипертензия болып отыр.Зерттеу барысында артериалды гипертензияның таралуы 35 % ер адамдарда екендігін көрсетті. [5]Picon RV, Fuchs FD, Морейра LB, Ригель G, Fuchs SC. Тенденции в распространенности гипертонии в Бразилии: систематический обзор с мета-анализа. PLoS One. 2012; 7 (10): e48255. DOI: 10.1371 / journal.pone.0048255. [ PMC бесплатно статьи ] [ PubMed ] [ Cross Ref ]
Сонымен қатар Қытай халқында 23 миллион адам гипертензиямен зардап шегіп,осы көрсеткіш жыл сайын 5 %-ға артып отыр.Болжамдар бойынша 80 жастан асқан адамдар арасында гипертензиямен ауыратын 2020 жылға қарай 30,67 миллионға,2040 жылы 74 миллион болады деп күтілуде. [6]Китайский эксперт консенсус по лечению гипертензии в преклонном возрасте[ PubMed ]
Жүрек-қантамыр ауруы бойынша Қазақстан БҰҰ арасында жетекші орында тұр.Республикада 2 миллион адам осы аурумен тіркелген оның 12 %-ы жұмыс жасындағы адамдар.2010 жылғы статистика бойынша Қазақстанда жүрек-қантамыр ауруы барлық аурудың 55 %-ын құраған. Қазақстан Республикасының арнайы статистика орталығы ересектер арасында артериалды гипертензия ауруының таралуы 24,3 % деп көрсеткен.Республикада АГ-ның өсуі арнайы скринингтік бағдарлама бойынша жыл сайын өсіп келе жатқандығы анықталды. (2009 жылы 10777, . 2012жылы 7 12838. 3 100 мың адамға шаққанда). [7]https://kaznmu.kz/press/2014/10/16/%D1%81%D0%BA%D1%80%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D0%BD%D0%B3-%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D0%B9-%D0%B3%D0%B8%D0%BF%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D0%B8-%D0%B2-%D0%B3/
Сондай –ақ қан қысымының жоғарылауымен Қазақстанда 2014 жылы 1181,8;2015 жылы 1169,9 адам тіркелген.Соның ішінде Қызылорда облысы бойынша 2014 жылы 690,9;2015 жылы 765,0 адам тіркелген. [8](2015 жылда ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ; sbornik_za_2015_dlya_razmeshcheniya_na_sayte.pdf )Гипертониядан орташа есеппен 40% ер адамдар 41 % әйел адамдар зардап шегеді.Солардың ішінде 57 %-ы жұмыс жасындағы ер адамдар мүгедектікке шалдықса,ал әйел адамдардың 47 %-ы шалдығады.Артериалды гипертензиямен ауыратын адмдардағы асқынулар олардың өз ауру туралы білмеуінен. [9]http://saymigren.net/vtorichnye/hypertension/arterialnaya-gipertenziya-statistika-voz.html
Статистикаға сүйенсек артериалды гипертензиямен ауыратын ер адамдардың 37,1% -ы өзінің ауруы туралы біледі,соның 21,6%-ы ем қабылдағанымен тек 5,7%-ына ем нәтижесін көрсеткен.Ал әйелдердің 59%-ы өзінің ауруы туралы біледі, 45,7%-ы ем қабылдайды,солардың 17,5%-ында ем нәтижелі.[10]( Staessen, JA, Wang, JG, Thijs, L. Cardiovascular prevention and blood pressure reduction. J Hypertens 2003; 21:1055. Neaton, JD, Grimm, RH Jr, Prineas, RJ, et al. Treatment of Mild Hypertension Study: Final results. JAMA 1993; 270:713).Артериалды гипертензиямен ауыратын пациенттерге арналған денсаулық мектебі 1 жылдың ішінде профилактикалық шаралардағы жақсы әдіс екендігін көрсетті.Пациенттерде қауіп факторының пайызы төмендегенін анық көруге болады.Атап айтар болсақ семіздік 5,4 пайызға,гиперхолестеринемия 39 пайызға,шылым тартатындар 52 пайызға азайған.[11]( Какова медицинская эффективность обучения пациентов в Школе здоровья? http://lektsii.org/13-50672.html).Артериалды гипертензияның алдын-алуда пациентті оқыту маңызды болғандықтан,мейірбикенің рөлін анықтау маңызды болғандықтан осы тақырып өзекті.
Зерттеу мақсаты:Артериалды гипертензияның асқынуындағы мейірбикенің рөлін анықтап,зерттеу жүргізу, пациенттің өмір сүру сапасын,осы аурумен әрі қарай өмір сүруін жақсарту үшін жоба ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
Артериалды гипертензияның алдын алудағы мейірбикенің рөлі анықталған зерттеу жұмыстарын,әдебиеттерді оқып,талдау жүргізу;
Зерттеуге қатысатын пациенттердің анкета арқылы білім деңгейін анықтау;
Эксперимент топтарын жоба бойынша оқыту;
Бақылау және эксперимент топтарын салыстыру;
Пациенттердің білім деңгейін көтеруге арналған жоба ұсыну;
Қорытындылау;
Зерттеу обьектісі:Қызылорда қаласы№3 емханадағы денсаулық мектебіне келетін 15 пациент және денсаулық мектебіне келмейтін ,емханада тіркеуде артериалды гипертензиямен тұратын15 пациент.
Зерттеу жаңалығы
Бұл зерттеу менің тарапымнан бірінші рет жүргізіліп отыр.Менің зерттеуімде пациенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып пациент үйренгенше оқыту қолданылады.Пациенттерге түсінуге ыңғайлы,мейірбикелерге де қолданылуы жеңіл лекция құрастыру.
Зерттеудің практикалық маңызы
Негізігі бөлім
І.Глава. Артериалды гипертензиясы бар пациенттерді оқытудың заманауи жолдары
