Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр рісі каз - Лаб №9.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
629.25 Кб
Скачать

3 Сурет. Электр сұлбасы.

1-стрелкалы вольтметр; 2,4-электродтар;

3-зонд; 5- токты нашар өткізетін пластина;

6-реттелетін тұрақты кернеу көзі «0…+15 В».

Өрісті имитациялау үшін диэлектрлік пластинаға қадамы 5мм координатты тор түріндегі токты нашар өткізетін қабат жүргізілген. Егер (3) зондты (5) пластинаның кезкелген нүктесіне орналастырса, онда (1) стрелкалы вольтметр потенциалы нөл деп қабылданған (2) электродқа қатысты өлшенген осы нүктедегі өріс потенциалының мәнін көрсетеді. Зерттелетін өрісте потенциалдарының мәндері осындай болатын нүктелердің жиынтығы эквипотенциалдық беттер құрайды.

3. Тәжірибені жүргізу реті

1. Миллиметрлік қағазға электродтардың пішінін, масштабты сақтай отырып, пластинаның кеңістіктік торын сызыңыз.

2. Электростатикалық өрісті имитациялау үшін моноблокка пластинаны орнатыңыз.

3. «Сеть» тетігін басып, моноблокты қосыңыз.

4. Электродтарға зондты тигізе отырып, қай электродтың потенциалы нөл екенін анықтаңыз.

5. «0…ден +15В» кернеу бергіш тұтқасымен, вольтметрмен қадағалай отырып, екінші электродтың потенциалын (оқытушының айтуы бойынша) анықтаңыз. Электродтардың потенциалдарының мәнін өрістің суретіне (миллиметрлік қағазға) жазып қойыңыз.

6. N сызық жүргізу үшін (оқытушының айтуы бойынша), зонд потенциалының қадамы φ = φ/ N+1 –ге тең болуы қажет.

7. Эквипотенциалды сызықтарды жүргізу нөлдік потенциалға ие электродтан басталады. Өрістің потенциалы φ1= φ болатын нүктесін тауып, өрістің суретіне (миллиметрлік қағазға) белгілеу. Зондты пластина бетімен қозғалта отырып, потенциалдары осындай кем дегенде жеті нүктенің координатын анықтап, миллиметрлік қағазға белгілеп алу.

8. Потенциалдары бірдей нүктелерді сызықтармен қосу.

4. Өлшеу нәтижелерін өңдеу

1. Зерттелетін өріс суретінен күш сызықтарын анықтау.

2. Электродтарды қосатын орталық сызық бойымен потенциалдың арақашықтыққа φ(r) тәуелділік графигін тұрғызу.

3. Е=∆φ/∆ℓ формуласы бойынша электростатикалық өріс кернеулігінің мәнін есептеп, кернеуліктің арақашықтыққа Е(r) тәуелділік графигін тұрғызу.

4. Зерттелетін өріс бойынша талдау жасау. Күштірек өріс аумағын анықтау.

Бақылау сұрақтары

1. Электростатикалық өрістің кернеулігін, потенциалын, күш сызықтарын, эквипотенциалды беттерін анықтау.

2.Электростатикалық өрістің кернеулігі мен потенциалы арасындағы байланыс.

3. Әртүрлі пішіндегі және әртүрлі зарядталған денелердің өрістерінің күш сызықтары мен эквипотенциалды беттері.

4. Берілген жұмыстағы электростатикалық өрісті зерттеу моделі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Савельев И.В. Курс общей физики. Т.2. М.: Астрель, 2005 г.

2. Грабовский Р.И. Курс физики. СПб: Лань, 2002 г.

3. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики. М: Высшая Школа, 2003 г.

4. Калашников С.Г. Электричество. М.:Наука,1977 г.

5. Трофимова Т.И. Курс физики. М.: Академия, 2004 г.

8