- •Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Орта мектептің физика курсында«Тербелістер» мен «Толқындар» тарауларын оқытудың әдістемесі (9 сынып)» Мамандығы: 5в011000 – Физика
- •1 Тербелістер мен толқындар
- •Гармоникалық тербелістер және оларды сипаттайтын шамалар
- •Механикалық тербелістердің теңдеулері мен шешімдері
- •1.3 Толқындар және олардың қасиеттері
- •Тербелістер мен толқындарды оқытудың әдістемесі
- •2.1 Механикалық тербелістерді оқытудың әдістемесі
- •2.2 Механикалық толқындарды оқытудың әдістемесі
- •2.3 «Тербелістер» мен «Толқындар» тарауларын оқытудағы фронтальдық эксперименттік тапсырмалардың орындаудың әдістемесі
- •2.5. Педагогикалық іс-тәжірибе
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Нұрділдаева Фариза
Орта мектептің физика курсында«Тербелістер» мен «Толқындар» тарауларын оқытудың әдістемесі (9 сынып)
Дипломдық жұмыс
Мамандығы: 5В011000-Физика
Арқалық, 2017
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағыАрқалық мемлекеттік педагогикалық институты
«Қорғауға жіберілді»
Математика және физика
кафедрасының меңгерушісі __________С.Б.Жұмабаева
«___» _________ 2017ж.
Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Орта мектептің физика курсында«Тербелістер» мен «Толқындар» тарауларын оқытудың әдістемесі (9 сынып)» Мамандығы: 5в011000 – Физика
Орындаған
Ф-41 тобының студенті Нұрділдаева Ф.Е.
Ғылыми жетекші
аға оқытушы, магистр Қожахмет М.С.
Арқалық, 2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ............................................................................................... |
3 |
ТЕРБЕЛІСТЕР МЕН ТОЛҚЫНДАР.............................................. |
5 |
1. Гармониялық тербелістер және оларды сипаттайтын шамалар....... |
5 |
2. Тербелістерді қосу............ |
1 |
3.Физиканы ауызша оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер................. |
|
АУЫЗША ОҚЫТУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ......... |
2 |
1.Физиканы оқытуда оқушылардың физика пәніне қызығушылығын сөздік әдіс арқылы арттыру....................... |
2 |
2.Физика сабағында ауызша сабақ-1 картасын қолдану...................... |
3 |
3.Педагогикалық іс-тәжірибе кезіндегі сабақ үлгілері......................... |
3 |
ҚОРЫТЫНДЫ |
6 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
6 |
КІРІСПЕ
Тербелмелі қозғалыс – табиғат пен техникадағы ең көп тараған қозғалыс. Тербеліс кездеспейтін салаларды айту қиын: ормандағы ағаштар, шалғындықтағы шөп, музыкалық аспаптардың шектері, су құбыры, іштен жану қозғалтқышының поршені де тербелісте болады. Тербелмелі қозғалыстар біздің планетамыздың тіршілігінде мысалы, жер сілкіну, судың қайтуы мен тасуы, сондай-ақ астрономиялық құбылыстарда да болып жатады. Біздің организмімізде де тербеліс байқалады, мысалы жүректің соғуы.
Тербелістің адам өмірінде атқаратын маңызы зор. Тербеліс заңдарын білмей, радио, теледидар, қазіргі көптеген құрылғылар мен машиналар жасалмас еді. Сонымен қатар тербелістердің зиянды жолдары да бар. Есепке алынбаған тербелістер күрделі техникалық құрылыстарды қиратып, адам өміріне қауіп тудыруы мүмкін.
Орта мектептің физика курсында «Тербелістер» мен «Толқындар» тараулары 9 сыныптың физика курсында оқытылады. Бұл тарауларда механикалық тербелістердің ерекшеліктері мен олардың механикалық қозғалыстардың басқа түрлерінен айырмашылығы қарастырылады. Сонымен қатар, «Тербелістер» тарауында электромагниттік тербелістер туралы да аздаған мәліметтер беріледі. Ал «Толқындар» тарауында бұрыннан қарастырылып келген қозғалыстың тағы бір түрі толқындар қарастырылады. Бұлар-күнделікті өмірде кездесетін дыбыс толқындары, сұйық бетіндегі толқындармен қоса электромагниттік толқындар. Табиғаты әр түрлі болғанымен барлық толқындар бір физикалық заңдылықтарға бағынады. Осы тарауда барлық толқындарға ортақ заңдылықтар қарастырылып, жалпылама түсініктер беріледі. Осы түсініктер оқушылардың өзін қоршаған ортадағы болып жатқан құбылыстарды жаңа бір қырынан көруіне мүмкіндік береді.
«Тербелістер» тарауында тербелмелі жүйелер, еркін тербелістер, гармониялық тербелістерді сипаттайтын негізгі шамалар, гармониялық тербелістердің динамикасы, тербеліс барысындағы энергияның түрленуі, маятниктің кинетикалық және потенциалдық энергиясы, тербеліс периодын анықтау, еріксіз тербелістер, резонанс, оның техникада қолданылуы, қажетсіз тербелістерді өшіру сияқты мәселелер қарастырылады. «Толқындар» тарауында механикалық толқындардың түрлері, механикалық толқынға өмірден мысал келтіру, толқынның энергиясы, дыбыс толқындары, оның сипаттамалары мен табиғатта және техникадаға қолданысы қарастырылады.
Осы тарауларды оқытудың мақсаты: тербелмелі қозғалысты сипаттайтын амплитуда, жиілік және период ұғымдарын қалыптастыру, тербелмелі қозғалыстағы энергияның сақталу заңын түсіндіру, механикалық толқындар және олардың әр түрлі ортада таралу құбылысы, толқын түрлері, толқын ұзындығы және толқын жылдамдығы, периоды арасындағы байланысты түсіндіру және оқушылардың табиғаттағы осы құбылыстардың өту барысын жаңа бір қырынан түсіндіру.
Белгілі бір ортада тербелістің таралу процесін толқын деп атайды. Толқын таралатын ортаның бөлшектері толқынмен бірге таралмайды, олар тепе-теңдік төңірегінде тербеліс жасайды. Толқынмен бірге тербелмелі қозғалыс күйі – энергия бөлшектен бөлшекке беріле отырып таралады.
Серпімді толқындар көлденең және қума болып бөлінеді. Қума толқындарда ортаның бөлшектері толқыннның таралу бағытымен тербеліс жасайды. Көлденең толқындарда ортаның бөлшектері толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта тербеліс жасайды.
Тақырыптың өзектілігі: «Тербелістер» мен «Толқындар» тарауында оқытылатын мәселелер өмірде, техникада өте маңызды орын алады. Себебі, табиғаттағы қозғалыстардың ішінде тербелмелі қозғалысты зерттеу арқылы көптеген табиғи құбылыстардың физикалық негіздерін түсіндіруге болатындығы анықталған. Тербелмелі қозғалыс кезіндегі энергияның түрленуі, математикалық және серіппелі маятниктердегі тербелмелі қозғалыстар, резонанс құбылыстары, электромагниттік тербелістерді оқып-білу арқылы оқушылар осы тараудағы теориялық мәселелердің ғылым мен техникадағы, тұрмыстағы маңызын ұғынады. Осы құбылыстарға басқа қырынан қарайтын болады. Электротехника және радиотехника саласындағы құралдардың жұмыс жасау принципі электромагниттік тербелістерге негізделген. Сол себепті де оқушыларға физиканы оқытуда осы физикалық құбылыстың практикалық құндылығын терең түсіндірудің маңызы зор.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Тербелістер» мен «Толқындар» тарауында оқытудың жаңа технологияларын, әдіс-тәсілдерін қолданудың өзіндік әдістемесін ұсыну және оны тәжірибеде қолданып көру.
Практикалық маңыздылығы: дипломдық жұмыста талданған теориялық мәселелерді орта мектептің жас мамандары қолдануға және жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындауда негізге алуға болады
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы: орта мектептің 9 сынып физика курсында «Тербелістер» мен «Толқындар» тарауларын оқытудың әдістемесін меңгеру арқылы оқушыларға осы тараудағы негізгі ұғымдарды дұрыс қалыптастыруға және осы тараудағы оқытылған материалдардың практикалық құндылығын бағалай алуына, алған білімдерін практикада пайдалана білуге үйренеді. Қазіргі кезде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, тиімдісін анықтау мәселелерін физика пәнінің мұғалімдері мен әдіскерелер зерттеп толықтыру үстінде.
Зерттеу жұмысының мақсаты: орта мектептің 9 сынып физика курсында «Тербелістер» мен «Толқындар» тарауларын оқытудың әдістемесін меңгеру.
Зерттеудің міндеттері: зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:
- тербелістер мен толқындар туралы терең теориялық мағлұматтар алу;
- тербелістер мен толқындарды табиғаттағы мысалдар арқылы түсіну;
- 9 сынып физика курсында «Тербелістер» мен «Толқындар» тарауларын оқытудың әдістемесін меңгеру;
- осы тараулардағы тақырыптар мен зертхана жұмыстарына сабақ жоспарларын жасау және оны орта мектепте іс-тәжірибеден өткізуге дайындық жасау;
- педагогикалық іс-тәжірибені өту және оның нәтижесін қорытындылау.
Зерттеудің нысаны: орта мектептерде 9 сынып физика пәнінде «Тербелістер» мен «Толқындар» тарауын оқыту.
Зерттеу пәні: орта мектептердегі 9 сыныптың физика пәні.
Теориялық және әдіснамалық негіздері: дипломдық жұмысты жазу барысында физиканы оқыту әдістемесі, мектеп физика оқулығы және физика бағытындағы ғылыми – әдістемелік негіздері туралы теориялары мен әдебиеттері қолданылды.
Тәжірибелік базасы: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылына қарасты Ашутасты орта мектебі.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
