Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстык жумыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
102.84 Кб
Скачать

1.3 Техникалық нивелирлеуді орындау реттілігі

Аспапты жұмыс жағдайына келтіріп, дүрбіні соңғы нүктеге нысаналайды да, рейканың қара жағынан есебін алады, содан кейін дүрбіні алдыңғы нүктеге нысаналап, рейканың қара жағынан есебін алады. Есептеулерді нивелирлеу журналына енгізеді. Осыдан кейін рейкалардың қызыл жақтарын бақылаушыға қарай айналдырады, бұл кезде бақылаушы есептеулерді алады. Қара және қызыл есептеулерінің айырымы + 4 мм-ден аспауы тиіс.

Бұдан кейін артқы рейкашы ПКО пикетке , ал бақылаушы 2- станцияға көшеді, ПК1 пикетте тұрған рейкашы рейканың қара жағын нивелирге қарай қаратады. Нивелирді горизонталь жағдайға келтіргеннен кейін рейканың қара жақтары бойынша есептеулер алынады:ал соңғы және алдыңғы рейкалардың қызыл жақтарын бақылаушыға қаратқаннан кейін бақылаушы есептеулерді алады. Осыдан кейін салыстырмалы биіктік қара және қызыл есептеулермен шығарады да, айырмашылығы +4 мм-ден аспайтынына көзі жеткеннен кейін орташа салыстырмалы биіктікті тауып, оны 9- бағанға жазады. Одан кейін ПК1 пикетте тұрған рейкашы +20 аралық нүктеге көшіп, оған рейканы қойып, қара жағын нивелирге қаратады. Бақылаушы рейкадан есепті алады. Аралық +20 нүктеден рейкашы ПК2 пикетке көшеді, бақылаушы нивелирлерді 3- станцияға апарады, ал ПК0 пикетте тұрған рейкашы рейканың қара жағын бақылаушыға қаратады және т.с.с жалғаса береді.Бақылаушы есептеулер мен есептеп шығарулардың дұрыстығына көзі жеткенде ғана келесі станцияға көшеді.

Нивелир жинағы және техникалық нивелирлеу журналы. Техникалық нивелирлеу 1:200-1:2000 масштабтағы топографиялық түсірістердің биіктік негіздеулерін құру мақсатымен, сондай – ақ жобалау және әр түрлі инженерлік құбылыстарды салу үшін жасалынылады.

Топографиялық түсірістердің биіктік негіздеуін жасағанда техникалық нивелирлеу жүрісінің ұзындығы жер бедері қимасының берілген биіктігіне байланысты болады.

Жүріс

Жер бедері қимасының биіктігі, м

0,25

0,5

1 және одан көп

Екі негізгі пункттер арасында

2,0

8

16

Негізгі пункт пен торапты нүкте

1,5

6

12

Екі торапты нүктелер арасында

1,0

4

8

Техникалық нивелирлеу жүрісінің мүмкін болатын ұзындығы, км

Нивелирлеу бір бағытта орындалады. Рейкалар бойынша есептеулер тек қана орта жіптен алынады. Әдеттегі екі жақты рейкаларды қолданғанда станциядағы жұмыс атқару реті төмендегідей болды:

1)артқы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу;

2)алдыңғы рейканың қара және қызыл жақтарынан есптеулер алу;

Жұмыс кезінде бір жақты рейкаларды қолдануға болады.Бұл жағдайда станциядағы жұмыс атқару реті мынадай болуы тиіс;

1.артқы рейкадан есептеу;

2.алдыңғы рейкадан есептеу;

3.нивелирдің горизонтын 10 см-ден артық шамаға өзгерту;

4.қайтадан алдыңғы рейкадан есептеу;

5.қайтадан артық рейкадан есептеу.

1.4 Нивелирлік жүрісті орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Нивелирлік жұмыстарды орындау кезінде мына жағдайларға мән беру қажет.

1.Аспаппен жұмыс істеу барысында штативтің дұрыс орналасуы және оны белгілі бір желдің әсерінен құлау жағдайын бақылау керек. Ауа райының қолайсыздығы штативті орнату үшін және жұмыстың жүргізілу үшін кедергі болып табылады.

2.Аспапты штативке орнату кезінде мұқият қарап дұрыс орналасуын маман қарап, және аспап салынған жәшікті жабуды міндетті түрде ұмытпауы қажет.

3.Аспапты бір нүктеден бір нүктеге тасымалдау барысында аспаптың қолайлы қауіпсіз жағдайда тұрғандығын бақылау керек, және жұмыс аяқталған сонда аспапты күнделікті жағдаймен жәшікке дұрыс салынумен, аспапты арнау сүлгілермен сүртіп және оны қояр кезде су тимейтін, жерге қою қажет.

4.Тау-кен жұмыстарында пайдаланатын техникалық құрылғылардың жарамдылығын бекітетін кесте жасалып,бекітілуі тиіс.

5.Кәсіптік аурулар мен жарақаттарды алдын алу санитарлық жағдайын қолдауға бағытталған санитарлық талаптар;

6.Қауіпсіздік үшін, жұмыс орнының қажетті параметрлерін қамтамасыз ету қажет.

7.Приборды жылжыту кезінде (геодезиялық рейкалар) жарақат алмас үшін, қауіпсіздікті сақтаған дұрыс.

8.Осы айтылған жалпы қауіпсіздік ережесін қарап, біліп, сақтанып жүрсе онда жұмыстың өте жоғары дәрежеде өтетіні анық.