- •1.1 Техникалық нивелирлеу
- •1.2 Нивелирлеуді жүргізу үшін қажетті маркшейдерлік аспаптар мен жабдықтар
- •1.3 Техникалық нивелирлеуді орындау реттілігі
- •1.4 Нивелирлік жүрісті орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •2. Есептік бөлім
- •2.1 Нивелирлеу нәтижесін камералдық өңдеу
- •2.2 Өлшеу ауытқуларын есептеу
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.............................................................................................................5-6 бет
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.......................................................................................7-12 бет
1.1.Техникалық нивелирлеу.............................................................................7 бет
1.2.Нивелирлеуді жүргізу үшін аспаптар мен жабдықтар.........................8-9 бет
1.3.Техникалық нивелирлеуді орындау реттілігі....................................10-11 бет
1.4.Нивелирлік жүрісті орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.............12 бет
2.ЕСЕПТІК БӨЛІМ...................................................................................13-16 бет
2.1.Нивелирлеу нәтижесін камералдық өңдеу.......................................13-14 бет
2.2.Өлшеу ауытқуларын есептеу.............................................................15-16 бет
Қорытынды.....................................................................................................17 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................18 бет
1 ҚОСЫМША.................................................................................................19 бет
2 ҚОСЫМША.................................................................................................20 бет
КІРІСПЕ
Степногорск кадастр мекемесі 2006 жылы 4 шағын ауданында орналасып жұмысын бастады. Содан кейін 2016 жылдың 14 сәуірінде 7 шағын аудандағы орнына көшті.
Кадастрдаорындалатын жұмыстар:
Геодезиялық дайындық жұмыстары. Дайындық жұмыстары кезінде келесі мәліметтер жинастырылады және талданады:
-жерге орналастырудың жобасы:
-жер учаскелерін бөлу жайындағы әкімшіліктің қаулысы:
-жер учаскелерін сату-сатып алу немесе жалға беру туралы келісімшартттар:
-жер учаскесін тіркеу кітабынан көшірме:
-жер учаскелері шекараларының сызбасы немесе топографиялық планы:
-мемлекеттік тірек пункттері координаталарының тізімі мен схемасы:
-жерді пайдаланғандығы туралы мәлімет.
Геодезия тірек торабының пункттерін далалық тексеру. Бұл жұмысты жергілікті жердегі пункттердің сақталғандығын білу және геодезиялық бөлу жұмыстарын жүргізудің ең қолайлы технологиясын таңдау үшін жүргізеді.
Техникалық жобаны құру. Геодезиялық жұмыстарды алдын ала құрылған техникалық жоба бойынша орындайды, оған мәтіндік бөлімі, графикалық сызбалары және шығын сметасы кіреді.
Кадастрлық түсірістер. Бұл түсірістер кадастрдың атқаратын міндетіне қарай, топографиялық пландардың дәлдігінде сәйкес тәсілімен орындалады.Кадастрлық түсірістерде 1:500 масштабты план базалық болып есептеледі, ең жиі қолданылатыны – 1:2000 масштабтағы пландар, ал 1:1000 масштабтағы алан анықтамалық шолу үшін қажет.
Жергілікті жер учаскелерінің шекарасын белгілеу келісу.
Жер учаскелерінің аудандарын анықтау. Жер жобаларының аудандарын бөлу белгілерінің координаталарын пайдалана отырып,аналитикалық әдіспен анықтайды.
Жер учаскелері шекараларының сызбаларын жасау. Жер учаскелернің
Кадастрлық жұмыстардың нәтижелерін тексеру және тіркеу.
Кадастрлық түсірістер. Мәліметтер қорын жасау. Көлемі ауқымды мәтінді және графиктік жер кадастрының ақпараттарын жүйелеу және басқару үшін мәліметтер қоры жасалынады және жүргізіліп отырылады.
Курстық жоба тақырыбы: Жер кадастры департаментінің Степногорск қалалық бөлімінде нивелирлеуді есептеу
Қойылған мақсаты:Жер бетінде нивелирлеуді жүргізу, камералды есептеулерін жасау
Зерттеу объектісі: Жер беті трассасы
Зерттеу нысаны: Техникалық нивелирлеу
Қойылған гипотеза:Техникалық нивелирлеу көмегімен биіктік белгілері бойынша жер бетіндегі трассаныжобалау, құру және профиль сызу
Жобаны орындау кезінде қарастырылатын сұрақтар.
Жер бетіндегі бұрынғы пункттер сипаттамасы
Нивелирлеу әдісін таңдау
Нивелирлеуді жүргізу үшін аспаптар мен жабдықтарды таңдау
Нивелирлеу нәтижесін камералдық өңдеу
Өлшеу ауытқуларын есептеу
Жүріс профилін құру
1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Техникалық нивелирлеу
Топографикалық жұмыстар жүргізу кезінде түсіру пункттерінің биіктіктері техникалық нивелирлеу арқылы анықталады. Техникалық нивелирлеу, сондай-ақ инженерлік құрылыстарды, темір жолдар мен тас жолдарды жобалау, құру және профиль сызудан тұрады.
Трассаны белгілеу түсірілетін жерді алдын ала байқап, келешекте салынатын құрылыстың осін белгілеп, пикеттерді және құрылыс нүктелерін бекітеді.Трассаның осі бойымен әр 100 м сайын пикеттер мен плюстік ерекше нүктелер бекітіледі. Пикеттік нүктелер нөлден бастап неше жүз метр жүргізілгенін көрсетеді. Плюстік нүктелер жердің ойлы қырлы жерлерін белгілеуге керек, олардың тұрған жерін анықтау үшін алдыңғы пикеттің плюстік нүктеге дейінгі қашықтығы өлшенеді.
Трассаны белгілеумен қатар, трасса осіне перпендикуляр бағытта түсірілетін нүктелер де бекітіледі. Мұндай түсірулерді кесе-көлденең нивелирлеу деп атайды. Көлденең профильдердің ұзындығы 20-25 м-ге дейін жетеді.
Трассаны белгілеу кезінде пикеттің журналы жасалып, оған бекітілген барлық нүктелер салынып, жер ерекшеліктерінің схемасы жасалады.
Нивелирлеу бір бағытта орындалады. Рейкалар бойынша есептеулер тек қана ортаңғы жіптен алынады. Әдеттегі екі жақты рейкаларды қолданғанда станциядағы жұмыс атқару реті төмендегідей болады:
1)Артқы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу.
2)Алдыңғы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу.
3)Аралық нүктелердегі рейканың тек қара жағынан есеп алу.
Станциядағы салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы екі немесе бір жақты рейкаларды қолданғанда 4 мм-ден аспауы тиіс.
Жүрістердегі
қателік
мм-ден аспауы керек, мұндағы L –жүрістің
км-лік ұзындығы
1.2 Нивелирлеуді жүргізу үшін қажетті маркшейдерлік аспаптар мен жабдықтар
Техникалық нивелирлеуді жүргізу үшін нивелир және рейка қажет болады.
Жұмыс жүргізер алдында нивелирлік рейкалар тексерілуі тиіс. Нивелирлік рейкалар ауа райының кез келген жағдайларында қолданыла береді. Оның жұмыс істеу диапазоны - 40...+50С. Қазіргі таңда құрылыс пен инженерлік жұмыстарға арналған 3, 4, 5 м-лік бір және екіжақты телескопиялық аллюминийден жасалған жиналмалы рейкалар қолданылуда (TS3-3E). Сонымен қатар, сандық нивелирлерге арналған жиналмалы штрих кодты екі- жақты рейкалар геодезиялық жұмыстарда кеңінен қолданылуда.
РН-05 рейкасы. I және IІ кластық нивелирлеулерде инварлық 3 м рейкалар қолданылады. Ағаштан жасалған рейка ұзындығы 3060 мм, ені 85мм, қалыңдығы 40 мм-ді құрайды. Рейканың ортасынан ұзына бойына 6–8 мм құрайтын ойық жасалып, оған бөліктері бар инварлық лента орнатылған. Инварлық лентаның ұзындығы 3000 мм, ені 25мм, қалыңдығы 0,6 мм. Инварлық лентаға, негізгі (оң жағы) және қосымша (сол) екі шкала бөліктері салынған. Әр шкаладағы (штрихтар) сызықтар 5 мм сайын белгіленген. Сызықтардың қалыңдығы 1 мм, ұзындығы 6 мм. Екі шкаланың аралығы 2,5 мм. Негізгі шкала 0-ден 60-қа дейін, ал қосымшасы 60-тан 119-ға дейін жазылған. Олар жарты дм өлшемге негізделген. Қосымша және негізгі шкаланың айырмашылығы – тұрақты 59,25 жарты дм тең. Шкаланың инварлық жолағындағы бөлігін жоғарғы дәлдікпен жасайды. Ал рейканың ең кіші 5 мм бөлігі, 0,05 мм-ден аспауы тиіс.
LEICA SPRINTER – құрылыс алаңының күрделі жағдайында жұмыс істеуге арналған жаңа электронды нивелир. LEICA SPRINTER – жаңа электронды нивелирін жасауда «Leica Geosystems» фирмасының 15 жыл бойы жинақтаған бай тәжірбиесі пайдаланылды
SPRINTER нивелирініңтехникалықсипаттамасы
-
Техникалық сипаттамасы
SPRINTER 100/100M
Биіктікті өлшеу дәлдігі Алюминийді рейкадан электронды өлшеу
1км-лік екі жүрістегі биіктікті өлшеу ОКҚ
(ISO 17123-2)
2 мм
Ара қашықтықты өлшеу дәлдігі
Алюминийді рейкадан электронды өлшеу
Ара қашықтықты өлшеудегі ОКҚ 10 мм D< 10 м үшін және (D в м х 0.001) D> 10 м үшін
Электронды өлшеу ауқымы
2 м - 80 м (0.5 м - тен- оптикалық)
Бір ретті өлшеудегі уақыт
< 3 сек.
Өлшеу режімі
Бірретт іжәне іздеу
Компенсатор
Тип
Магнитті демфермен
Жұмыс ауқымы
± 10'
Компенсаторды құру дәлдігі
0.8"
Деректерді тіркеу
Ішкі жады
500 өлшеу( тек қана М-версиясында)
Жұмысты өлшеуі
RS232 порт арқылы GSI форматы (тек қана М-версиясында)
