- •3 Тарау. Электр беріліс және кабель желілерінің параметрлері мен сипаттамалары
- •3.1 Электр беріліс желілерінің орынбасу схемасы
- •3.2 Желінің кедергісі және өткізгіштігі
- •3. 3 Әуе электр беріліс желілерінің зарядтық қуаты
- •3.4 Кабелдік электр беріліс желілері
- •3.5 Есептеу мысалдары
- •3.5.1 Мысал есеп.
- •3.5.2 Өзіндігінен есепті шығару үшін арналған есептер
- •4 Тарау. Трансформатор мен автотрансформаторлардың параметрлері мен алмастыру схемалары
- •4.1 Екі орамды трансформаторлар
- •4. 2 Үш орамды трансформатор мен автотрансформаторлар
- •4.3 Есептеу мысалдары
- •4.3.1 Мысал есеп.
- •4.3.2 Мысал есеп.
- •4.4 Өзіндігінен есепті шығару үшін арналған есептер
- •5 Тарау. Тұтынушылар жүктемелерінің статикалық сипаттамалары
- •5.1 Электр жүктемелердің статикалық сипаттамалары
- •5.2 Кернеу мен жиілік бойынша статикалық сипаттамалар
- •5.3 Асинхронды қозғалтқыштардың статикалық сипттамалары
- •5.4 Cинхронды қозғалтқыштардың статикалық сипттамалары
- •5.5 Жүктеменің статикалық сипттамалары
3.5.2 Өзіндігінен есепті шығару үшін арналған есептер
1. а=400 мм ұзындықты қашықтан распоркалы тең жақты (қабырғалы) үшбұрыштың төбесінде орналасқан ұзындығы 320 км, әрбір фазасының кернеуі 500 кВ электр беріліс желісі АСК -330 үш өткізгіш сымымен орындалған. Желі сымы басқа сымнан 11 м қашықтықта көлденең ілінген. Желінің орын басу схемасының параметрлерін анықтау қажет. Егер АСК/330 өткізгіш сымының әр қайсысының диаметрі 25,2 м-ге тең болса, желінің әрбір ұзындығына кететін индуктивті кедергісін тарамдалмаған желі сымының индуктивті кедергісімен салыстыру қажет.
2. Егер Dcp = 20 м, аср = 600 мм болатын болса, ұзындығы 750 км 4хАСК-500 тарамдалған сымымен орындалған, кернеуі 750 кВ әуелік электр беріліс желісінің орын басу схемасын құрастыру керек. Желіні бірдей 250 км үш бөлікке бөліп, орын басу схемасының параметрлерін есептеу қажет.
3. 330 кВ кернеулі, 270 км ұзындықты тарамдалған АСК-2х400/93 сымымен орындалған электр беріліс желісінің бір фазасының сымдарының арасындағы өзара арақашықтығы 400 мм және фазалар арасындағы сымдардың арақашықтығы 11 м болған кездегі параметрлерін анықтау қажет. Желімен түзілетін (жасалатын) қуатты, сонымен қатар ( = 0,95) тұманданған кездегі тәжделуге кететін активті қуаттың шығынын табу керек.
4. 220 кВ кернеулі электр беріліс желісі АСКП-240/56 сымымен орындалған, ұзындығы 120 км. Желінің сымы тең жақты (қабырғалы) үшбұрыш төбелерінде бір – бірінен 8 м қашықтықта ілінген. Орын басу схемасын құрастыру кереу және оның параметрлерін есептеу керек. Сонымен қатар желідегі реактивті қуатты және желінің өткізгіштігіндегі активті қуаттың шығынын есептеу қажет.
5. 110 кВ кернеулі, АСКС-95 сымымен орындалған, 85 км –ге тартылған электр беріліс желісінің орын басу схемасын құрастыру керек және схеманың параметрлерін есептеу керек. Желінің сымдары көлденең бір-бірінен 5 м арақашықтықта орналасқан.
6. 110 кВ кернеулі, АС-120 сымымен орныдалған, 70 км –ге тартылған электр беріліс желісінің 0 және — 40°С температура кезіндегі активті кедергісін анықтау керек.
7. 110 кВ кернеулі, АСК-95 сымымен орындалған электр беріліс желісінің толық кедергісі ZЛ - 15,51 Ом. Егер Dcp = 5 см болса, желінің ұзындығын анықтау керек.
8. 10 кВ номиналды кернеуде электр энергиясы зауыттың қосалқы станциясынан цехқа АСБ-3х120 кабелі бойынша беріледі. АС-120 сымымен орындалған әуе желісімен алмастырлса, электр беріліс желісінің кедергісі қалай өзгереді? Желінің ұзындығы 3 км, Dcp = 2 м.
9. + 20-дан -40 °С –ге дейін температураның өзгерісі кезінде 10 кВ кернеулі, АС-35 сымымен орындалған электр беріліс желісінің кедергісі қалай өзгеретінін анықтау қажет. желінің ұзындығы 2 км, сымдар көлденең бір – бірінен 2 м арақашықтықта орналасқан.
10. Ұзындығы 15 км, АС-70 сымымен орындалған, желінің сымдарының арасындағы арақашықтығы 1м әуелік екі тізбекті электр беріліс желісі берілген. Егер олар параллель жұмыс жасайтын болса, орын басу схемасының кедергісін анықтау керек. Бір тірекке ілінген желілердің бір-біріне әсерін ескермеуге болады.
11. 6 кВ кернеулі, АС-50 сымымен орындалған,5 км-ге тартылып жатқан электр беліліс желісінің орын басу схемасын құрастыру керек және схеманың параметрлерін анықтау қажет. желінің сымдары көлденең бір-бірінен 1,2 м арақашықтықта орналасқан.
12. 10 кВ кернеулі, ұзындығы 5 км, алюминий тамырлы, қимасы - 50 мм2 кабелмен орындалған электр беріліс желісінің орын басу схемасының толық кедергісі, мыс тамырлы кабелмен орындалған тура сол желінің орын басу схемасының параметрлерінен қанша пайыз айырмашылығы бар екендігін анықтау керек. Екі кабелдің активті кедергілеріне салыстырмалы индуктивті кедергі қанша пайыз құрайтынын есептеу керек.
13. 1000 В –ке дейін кернеулі төрт сымды электр беріліс желісінің орын басу схемасын құрастыру керек, егер қоректендіруші таратушы пункттің желісінің бөлігінің ұзындығы – 30 м және оның қимасы -70 мма сыммен құбырғы салынып орындалған болса, ал таратушы пункттен 10 мм2 қимамен орындалған сымды алты желішығады, әр қайсысының ұзындығы – 20 м. Орын басу схемасының параметрлерін анықтау керек.
14. 380/220 В кернеулі жарықтандыру желісінің орын басу схемасын құрастыру керек, егер қоректендіруші пункттің желісінің ұзындығы 25 м, төрт тамырлы 50 мм2 қималы кабелмен орындалған, ал әр қайсысының ұзындығы 40 м бес бір фазалы желі тартаушы пункттен қимасы -6 мм2 сыммен шығады және 200 мм қашықтықта фазалық және нөлдік сымдар арасында ашық салынған. Орын басу схемасының параметрлерін анықтау керек.
15. 25 және 100 Гц жиіліктердегі, сымдарының арасындағы орташа геометриялық арақашықтық 4 м- ге тең, АС-95/15 сымымен орындалған электр беріліс желісінің қашықтыққа шаққандағы индуктивті кедергісін анықтау керек.
16. Жүктеменің тогы 20-дан 150 А-ге дейін өзгерген кезде, ПМС-70 сымымен орындалған желінің толық кедергісі қалай өзгеретінін анықтау керек. Желінің ұзындығы 3 км, Оның сымдарының арасындағы орташа геометриялық арақашықтық 1 м.
17. Әуе электр беріліс желісі мыспен жалатылған бетті ПМС/25 болат сыммен орындалған және олардың арасындағы орташа геометриялық арақашықтығы 0,4-ге тең. Егер жүктеменің тогы 5-тен 30 А шегіне дейін өзгерсе желінің толық кедергісі қандай шектерде өзгеретін болатынын анықтау керек.
18.10 кВ кернеулі, АС-70/11 сымымен орындалған, 6 км-ге тартылған электр беріліс желісінің орын басу схемасын құрастыру керек және схема параметрлерін анықтау керек. Желі сымдары көлденең бір-бірнен 1,3 м ара қашықтықта орналасқан.
19. 220 кВ электр беріліс желісі АСКП-240/39 сымымен орындалған, ұзындығы 145 км. Желінің сымы тең жақты (қабырғалы) үшбұрыш төбелерінде бір – бірінен 8,5 м қашықтықта ілінген. Орын басу схемасын құрастыру керек және оның параметрлерін есептеу керек. Сонымен қатар желідегі реактивті қуатты және желінің өткізгіштігіндегі активті қуаттың шығынын есептеу қажет.
20.110 кВ кернеулі, АСК-95/16 сымымен орындалған, 55 км –ге тартылған электр беріліс желісінің орын басу схемасын құрастыру керек және схема параметрлерін есептеу керек. Желі сымдары көлденең бір-бірнен 4,5 м ара қашықтықта орналасқан.
