- •Өндірістік іс-сана өткен орны
- •Аймақ климаты және шаруашылықтың топырағы
- •Өсімдік шаруашылығы, жалпы сипаттамасы
- •Эспарцеттің өсіру технологиясы, агротехника деңгейін талдау
- •4.2. Тұқымға өсірудің технологиясы
- •Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы
- •6.2 Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Біздің елімізде ең кең тарағаны жоңышқа болып табылады, бірақ көпжылдық бұршақ тұқымдас шөп эспарцетке көңіл аударғым келеді. Эспарцет жаңа дақыл болып саналмайды, бірақ бұл дақыл туралы жеткілікті дәрежеде мәліметтер жоқ. Дәл осы себеп менің осы дақылды таңдауыма түрткі болды.
Эспарцеттің көк балаусасынан мал шаруашылығында жақсы азық, сүрлем, пішендеме дайындалады. Эспарцеттің егістігі кез келген мал түріне жақсы жайылым бола алады. Ол қой жайылымына да жоңышқаға қарағанда төзімді. Азықтық өлшемі мен қорытылатын протеині жоңышқаға қарағанда төмендеу, бірақ малдармен желінуі бойынша жоңышқаға жақындайды, ал құрамындағы қант мөлшері бойынша жоңышқадан басып озады. Көк балауса кезінде эспарцет малдарда тимпания ауруын туғызбайды, сол себептен малдар жақсы жейді.
Бұршақ тұқымдасына (leguminase), Оnobrychis туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдігі. Еуропада, Азияда және Жерорта таулы аймағында өсетін 130-дай түрі белгілі. Эспарцеттің 63 түрі бұрыңғы Одақ көлемінде өседі. Қазақстанда 8 түрі бар. Олардың ішінде үш түрі кең тараған: кәдімгі эспарцет (Onobryhis vicia folia), құмдық эспарцет (Onobryhis arenaria), алдыңғы Азия мен Закавказдық эспарцет (Onobryhis anzasiazica). Келесідей сорттары белгілі: Песчаный улучшенный, Песчаный 1251, Алма-Атинский-2, Фламинго, Гибрид 110, Шығыс, Шортандинский 83, , Алма-Атинский-1.
Егін көгінің өнімділігі бойынша эспарцетте 22 тізбекке талдау жасалды, себебі олардың өнімділігі басқа стандарттарға қарағанда жоғары болдын 3,05-тен 5,40 кг/м2 дейін. Бұл өнімділік пайызбен есептегенде 10-нан 94%-ға дейінгі шаианы құрайды. Бұл пайыз мөлшері басқа стандарттарға қарағанда жоғары деңгейде.
Менің жеке тапсырмам эспарцеттің коллекциялық және селекциялық көшетжайы болғандықтан жұмыстар қолмен атқарылды. Өсіп-даму кезеңінде арамшөптермен күрес қолмен жүргізіліп ешқандай химиялық заттар қолданылған жоқ. Алынған тұқымдарды арнайы қаптарға салып этикентка жасап, іліп, гендік қорға қойылды.
Институттың артықшылығы: жоғары дәрежелі мамандар өте көп, іссананы өту барысында егістікке шығып, өз көзімізбен көріп, жұмыстар жасадық. Біз үшін бұл өндірістік іс-сананың берері көп болды.
Институттың кемшілігі: жұмыс жасайтын егістік қаладан біршама алыс орналасқандықтан тасымалдау құралдары аз мөлшерде бөлінген. Егістікке алып баратын көлік құралдарының жетіспеуінен бірнеше күн егістікке шықпаған күндерімі болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Н.И.Можаев, Н.А.Серікбаев., Ғ.Ж.Стыбаев., Мал азығын өндіру (агрономия және ботаника негіздері). Оқулық. Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-504 бет
Бекмухамедов Э.Л., Тореханов А.А. Кормовые растение Казахстана. Алматы.: Бастау, 2005. – 304стр.- 117-123.
Рекомендации по проведению весенне – полевых работ на юго – востоке Казахстана в 2013 году – Алматы: ТОО Асыл кітап. – 23стр – 15-16стр
«Мал азығын өндіру практикумы»/Н. Можаев, Н. Серікпаев, Ғ. Стыбаев./Астана 2014/
Н.И. Можаев, Н.А. Серікпаев, Ғ.Ж. Стыбаев, И.И. Жұмағұлов, Ш.Т. Тайжанов, С.О. Кенжеғұлова «Мал азығын өндіру» Алматы, 2011
Қ. Әубәкіров, Т. Атақұлов, А. Ахмет мал азығын өндіру алматы 2011.
Можаев Н.И., Әрінов Қ.К., Нұрғалиев А.Н., Можаев А.Н «Өсімдік шаруашылығы» Ақмола 1993.
Обзорная статья по эспарцету Масоничич-Шотунова Р.С. , к.б.н., ТОО «Казахский НИИ земледелия и растениеводства»
Статья по эспарцету Карағанда Р.С. Масоничич-Шотунова
2007 жылғы 15 мамырда қабылданған ҚР Еңбек кодексі
2007 жылғы 9 қаңтарында қабылданған экологиялық кодексі
Жазылбеков Н.А., Алимаев И.И., Тореханов А.А., Смаилов К.Ш. и др. Рекомендации по рациональному использованию естественных и улучшенных пастбищ. Алматы, 2011
ҚОСЫМШАЛАР
А қосымшасы.
Ә қосымшасы.
Б – қосымшасы.
