- •Өндірістік іс-сана өткен орны
- •Аймақ климаты және шаруашылықтың топырағы
- •Өсімдік шаруашылығы, жалпы сипаттамасы
- •Эспарцеттің өсіру технологиясы, агротехника деңгейін талдау
- •4.2. Тұқымға өсірудің технологиясы
- •Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы
- •6.2 Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Аймақ климаты және шаруашылықтың топырағы
Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылы Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің эфемероидты, қысқа шөпті, жартылай саваналы тау маңында, теңіз деңгейінен 450-500 м биіктікте жатыр.
Аймақтың жер бедері Батыс Тянь-Шань тауының маңындағы адырлы бұйратты жазық болып келеді. Еңкіс жазыққа ұласатын жерлердің салыстырмалы биіктігі 10-20 м аралығында ауытқиды.
Жалпы климат өте көп өзгергіштігімен, көп мөлшердегі жылуымен, мол жарығымен, ұзаққа созылатын суықсыз кезеңімен, ерте көкиемдегі көп түсетін жауын-шашынымен ерекшеленеді. Жылдық жауын шашын мөлшері 450-500мм. Климатқа тән ерекшелік – бұл жылдық жауын- шашын мөлшерінің 80-90 пайызы күзгі- қысқы көктемгі мезгілдерде (қыркүйек-мамыр) түсуі.
Жылы кезеңдерде жауын-шашын біркелкі түспейді, жаз топырақты тез құрғататын шығыс және солтүстік бағыттағы жылдамдығы 4-5 м/с болатын ыстық желмен, аз мөлшердегіжауын-шашынмен ерекшеленеді.
Аймақта жаз ыстық және ұзақ, ауаның орташа температурасы 260С. Ауаның ең жоғары температурасы шілде айында 42 0С-қа жетеді. Қыс – қысқа, аз қарлы, қаңтар айының орташа температурасы -2,60С, ал ең төменгісі - 300С. Ең жоғары температурадан төменгі температураға дейін 72 0С.
Тұрақты қар жамылғысының ерте түсетін мерзімі қараша айының соңғы онкүндігі, ал еруінің соңғы күндері 30 наурыз. Қар қалыңдығының ең жоғары биіктігі 28см. Қыс мерзіміндегі тұрақсыз қар жамылғысы 56 пайызды құрайды.
Көпжылдық мәләметтер бойынша орташа есеппен қарағанда жыл бойына шамамен тәуліктік температура 11,9 0С құрайды. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы орташа 205 тәулік. Соңғы суықтар сәуір айының басында тоқтайды және қазан айының соңында қайта басталады. 100С- ден жоғары температура 4100-44000С-ді құрайды. Орташа жылдық салыстырмалы ауа ылғалдылығы 57%.
Қыс кезеңінде түсетін (жаңбыр, қар түрінде) ылғал жылдық жауын-шашынның 30-40, көктемгі- 28-36, жазғы – 6-10, күзгі – 20-25 пайызын құрайды.
Шілде, тамыз, қыркүйек айларында түсетін жауын- шашынның аз болуы топырақ ылғалына айтарлықтай әсер етпейді.
Жаз кезеңіндегі ауаның шамадан тыс құрғақшылығы мен жауын- шашынның өте аз болуы топырақтың көп құрғауына және оның ылғалының ең төменгі шегіне жетуіне себепші болады. Сондықтан да ылғалды көп талап ететін ауылшаруашылық дақылдарын суармалы танаптарда орналастырған дұрыс.
Шаруашылық танаптарының топырағы – кәдіигі оңтүстік сұр топырақ. Топырақ түзуші жыныстары көбіне леес тәрізді саздақ болып келеді. Топырақ қабаттары әлсізкөрінеді.
Морфологиялық құрылысы топырақтың қарашірік қабатында орташа қалыңдығымен сипатталады (А+В=50-60см оның ішінде А=20см). Қара шірік қабатының түсі қуаң ашық сұрғылт.
В қабаты А қабатына қарағанда ашықтау. Карбонаттар 25-65 см қабаттан кейін білінеді, ал 65 см-ден төмен қабатта гипс таралған.
Топырақтың беткі қабаты ( А1=5-6 см) эфемерлі-эфемероидты өсімдік қауымдасты және борпылдақ шымға ұқсас болып келеді. Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты.
Жыртылатын қабат орташа есеппен алғанда 30см-ге дейін жетеді. Кәдімгі оңтүстік сұр топырақтың жыртылатын қабатында қарашірік 1,2-1,3% және жалпы азот 0,07-0,08 %, бұл көрсеткіш топырақ қабаты төмендеген сайын азаятындығын көрсетеді. Карбонат мөлшері топырақ қабаты төмендеген сайын арта түседі. Сіңіру жиынтығы негізінен 10-14 мг/экв 100 г аралығында ауытқиды. Сіңіру жүйесі кальциидің мөлшері көп болуымен сипатталады.
Сіңірілген натрий мөлшері шамалы. Сондықтан топырақтың сілтілі реакциясына қарамастан (рН-8,2-8,5) топырақ тұзданбаған.
3 - кесте. Шаруашылық танап топырағының химиялық-физикалық құрамы.
Топырақ қабаты |
Жалпы құрамы |
Сулы суспен зиялық, рН |
Жылжымалы форма мөлшері, мг/100г |
|||||
Қара шірік, % |
Азот,% |
СО2, % |
СаСО3, % |
Гидро лизді азот |
Р2О5 |
К2О |
||
0-10 |
1,3 |
0,08 |
4,8 |
10,8 |
8,2 |
13,3 |
2,7 |
40,6 |
10-20 |
1,2 |
0,07 |
4,9 |
11,0 |
8,2 |
10,8 |
2,7 |
43,9 |
20-35 |
0,5 |
0,05 |
6,9 |
15,8 |
8,3 |
6,5 |
1,6 |
30,8 |
35-50 |
0,3 |
0,05 |
8,7 |
19,7 |
8,5 |
- |
1,4 |
32,0 |
50-100 |
- |
- |
9,0 |
20,5 |
8,5 |
- |
- |
- |
Агрономиялық шама бойынша, бұл топырақ екінші топқа жатады, яғни жоғары бағаланады.
4 - кесте. Жауын-шашынның орташа мөлшері , 2016-2017 ж. (Талғар метеопунктінің деректері)
Жыл |
Айлар |
Жыл бойы |
Өсіп-даму кезеңінде |
|||||||||||||
І |
ІІ |
ІІІ |
ІҮ |
Ү |
ҮІ |
ҮІІ |
ҮІІІ |
ІХ |
Х |
ХІ (2014) |
ХІІ (2014) |
|||||
2017 |
56 |
66 |
71,6 |
72,3 |
13,4 |
17,7 |
4,6 |
2,4 |
0,8 |
28,6 |
55,4 |
79,7 |
468,5 |
204,2 |
||
Орташа көпжылдық |
60 |
63 |
87 |
68 |
42 |
17 |
7 |
3 |
7 |
37 |
42 |
64 |
497 |
238 |
||
Ауытқуы |
-4 |
+3 |
- 15,4 |
-5,7 |
- 28,6 |
+ 0,7 |
-2,4 |
-0,6 |
-6,2 |
-8,4 |
+13,4 |
15,7 |
-25,5 |
-33,8 |
||
5 - кесте. Көпжылдық мәліметтер салыстырғанда жылы кезеңдердегі ауаның тәуліктік температурасы,0С (Талғар метеопунктінің деректері)
Жыл |
Айлар |
Жыл бойы |
Өсіп-даму кезеңінде |
|||||||||||||
І |
ІІ |
ІІІ |
ІҮ |
Ү |
ҮІ |
ҮІІ |
ҮІІІ |
ІХ |
Х |
ХІ (2014) |
ХІІ (2014) |
|||||
2017 |
-3,1 |
2,7 |
9,7 |
14,7 |
22,8 |
26,5 |
25,7 |
25 |
20,6 |
11,9 |
8,8 |
2,5 |
14,5 |
18,4 |
||
Орташа көпжылдық |
-2,6 |
-0,3 |
5,4 |
12,8 |
18,7 |
23,2 |
26,1 |
24,5 |
19,1 |
11,9 |
4,8 |
0 |
11,9 |
14,5 |
||
Ауытқуы |
-0,5 |
+3,0 |
+4,3 |
1,9 |
+4,1 |
+2,3 |
-0,4 |
+0,5 |
+1,5 |
0 |
+4,0 |
+2,5 |
+2,6 |
+1,6/ 3,9 |
||
Алматы облысы, Талғар ауданы бойынша 2014-2015 жылдары максималды жауын-шашын мөлшері 2014 жылдың желтоқсан айында түсті(79,7 мм). Минималды жауын-шашын мөлшері қазан айында байқалды(0,8 мм). Вегетациялық кезеңдегі жауын-шашын мөлшерінің деңгейі 204,2 мм құрады. Вегетациялық кезеңдегі жауын-шашын мөлшерінің орташа көпжылдық деңгейі 238мм .
Жыл бойғы ауа температурасының орташа деңгейі 14,5 0С, ал вегетациялық кезеңде 18,4 0С болып отыр. Ауа райының орташа ең төменгі деңгейі қаңтар айында тіркелді (-3,1 0С), ал ең жоғарғы көрсеткіш маусым айында тікелді (26,5 0С
6 - кесте. 2017 ж. “Байсерке Агро” ЖШС шаруашылығында суармалы егіншілік бөлімінің жоңышқа дақылының ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты нақты мүмкін өнім (НМӨ)
Алғы дақыл |
Дақыл,сорт |
Себу алдыңдағы топырақтың 1м қабатындағы сіңімді ылғал қоры,мм |
Өсіп-жетілу кезеңіндегі түскен ылғал қоры |
Жиынтық су пайдалану |
Орташа су пайдалану коэффиценті(Кс)б/ша НМӨ ц/га |
Нақты өнімділік ц/га |
Нақты су пайдалану коэффиценті,мм/га |
жоңышқа |
жетісу |
150 |
186 |
3250 |
118 |
110 |
5 |
3-ТАРАУ
