Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dosbol_Tllepbergen_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
813.92 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

ӨНДІРІСТІК ІС-САНА БОЙЫНША

ЕСЕП

Тақырыбы: "Эспарцеттің өсіру технологиясы"

Орындаған: 5В080100 – Агрономия

мамандығының 4-курс

студенті Тлепберген Досбол

Ғылыми жетекшісі: ЖШС ''Байсерке-Агро''

іс-сана жетекшісі

Түсіпбаев Қуаныш

Астана 2017

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1-ТАРАУ. Өндірістік іс-сана өткен орны.............................................................4

2-ТАРАУ. Аймақ климаты және шаруашылықтың топырағы...........................7

3-ТАРАУ. Өсімдік шаруашылығы, жалпы сипаттамасы...................................11

4-ТАРАУ.Эспарцеттің өсіру технологиясы. Агротехника деңгейін талдау....12

4.1 Эспарцеттің мал азығына өсіру технологиясы.............................................12

4.2 Тұқымға өсірудің технологиясы....................................................................15

5-ТАРАУ. Өткен іссанаға сапалық жағынан бағдарлама сұрақтарын қамти отырып, іссана үрдісінде үйренгендеріне өзінің жеке бағасы.....................................................................................................................19

6- ТАРАУ. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы Эспарцет дақылының егін көгінің өнімділігі......................................................................20

6.1 Еңбек қорғау....................................................................................................20

6.2 Қоршаған ортаны қорғау................................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ.......................................................26

ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................27

КІРІСПЕ

Көпжылдық шөптер Қазақстанда мал азығын өңдіруде маңызды рөл атқарады. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер – жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, қызыл беде. Астық тұқымдастар – еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, т.б. Біржылдық шөптер: сиыржоңышқа, асбұршақ, ноғаттық, далалық асбүршақ, судан шөбі, итқонақ, қонақтары, сұлы және т.б. Бұл дақылдар мал қорада тұрған кезде мал азығын пішен, пішендеме, сүрлем, дәруменді шөп ұнын, ал жаз кезінде жайылымдық мал азығы мен жасыл балаусаалуға мүмкіндік жасайды.

Мал азығын – пішен, пішендеме тұрақты өңдіру үшін шөптердің егістік құрылымында шамамен жартысы көпжылдық, жартысы біржылдық шөптер болуға тиіс. Себебі метеорологиялық жағдайлар бойынша бір жылдың жартысы көпжылдық шөптердің өнімін жақсы қалыптастырса, екінші жартысы біржылдық шөптердің жақсы өнімін қамтамасыз етеді.

Дақыл өсіретін жылдың алдыңдағы жылда жаздың екінші жартысы мол ылғалды, қысы қарлы, ал көктем жауынды-шашынды, жылы болған жылдары көпжылдық шөптерге қолайлы жағдайлар қалыптасады, біржылдық шөптерге шілде, тамыз айлары жаңбырлы болған кездер қолайлы.

Көпжылдық шөптер тобынан Қазақстанның далалық және орманды-далалық аймақтарында барынша маңыздылары – бұршақ тұқымдас шөптер: жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа және астық тұқымдас шөптер: еркекшөп, қылтықсыз арапабас, көген тамырсыз бидайық, регнерия.

Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге егілетін дақыл табу қиын емес. Бірақ шын мініне келгенде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге дақыл таңдау барысында көптеген қоршаған орта факторлары әсер етеді. Мысалы: экономикалық факторлар (тұқымның бағасы, оларды жеткізу т.б), сонымен қатар дақылдың ерекшеліктері де үлкен орын алады. Мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары көбінесе көпжылдық мал азықтық дақылдарды себеді.

Біздің елімізде ең кең тарағаны жоңышқа болып табылады, бірақ көпжылдық бұршақ тұқымдас шөп эспарцетке көңіл аударғым келеді. Эспарцет жаңа дақыл болып саналмайды, бірақ бұл дақыл туралы жеткілікті дәрежеде мәліметтер жоқ. Дәл осы себеп менің осы дақылды таңдауыма түрткі болды.

Өндірістік іс-сананың мақсаты –Алматы облысы, Талғар ауданы, Арқабай ауылы, “Байсерке Агро” ЖШС шарушылығы жағдайында эспарцет дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау. Жұмыстар 2015 жылдың мамырдың басынан қазан айының соңына дейін жүргізілді.

1-ТАРАУ

Өндірістік іс-сана өткен орны

«Байсерке Агро» ЖШС ауыл шаруашылығы өндірісі мен асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын компания. 1980 жылдан бастап өндірістің негізгі бағыттары: астықты, етті-сүтті, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы. «Байсерке Агро» ЖШС отандық ақбас сиыры асыл тұқымын, голландтық қара-шұбар асыл тұқымын дамытумен айналысады. Сонымен қатар биязы жүнді және еділбай қойларын дамытуда. «Байсерке Агро» ЖШС жеке шаруашылық болып табылады және жеке экономика ретінде өркендеуде, яғни толық құнды есепке алу негізінде жұмыс істейді, және келісім-шарт негізінде бағамен өз өнімдерін сатады. Шаруашылықтағы орташа жылдық қызметкерлер саны 2010 жылы 280 адам. 2016 жылы 122143 мың теңге құнындағы 19920,84 центнер сүт сатылған.

1 - кесте. «Байсерке Агро» ЖШС жалпы сипаттамасы

1

2

«Байсерке Агро» ЖШС

«Байсерке Агро» ЖШС 2002 жылы құрылды. Шарушылықтың айналысатын негізгі бағыттары:

  • астық адқылдарын өндіру;

  • етті-сүтті асыл тұқымды мал шарушылығы,

  • асыл тұқымды жылқы шаруашылығы,

  • қой шаруашылығы;

  • ет өңдеу;

  • сүт өнімдерін өндіру;

  • Болашақта, ЖШС базасында инновациялық тігінен интеграцияланған кластер құру жоспарланғанын.

Шаруашылықтың қолданыстағы жер аумағы – 43 332,3 га, соның ішінде:

  • 3365,8 га – жыртылған жерлер;

  • 114,5 га – көп жылдық екпелер;

  • 29,9 га – шабындық жерлер;

  • 39822,1 га – жайылым.

Сүт-тауар фермасы (СТФ)

Қазіргі уақытта 1400 мал басына жоспарланған СТФ құрылысы жүргізілуде.2014 жылың маусым айының басында СТФ кешенінің 300 мал басына жоспарланған 1-кезегі қолданысқа берілді.Канададан МІҚ-ның гольштин тұқымының 634 басы әкелінді, оның ішінде 376 бұқа және 258 ұрғашы сиыр. Ағымдағы жылда ет бағытындағы МІҚ 2800 басын әкелу жоспарлануда,оның ішінде КАФ бағдарламасы бойынша 916 бас ет бағытындағы Ангус және Герефорд тұқымдары әкелінді. Қазіргі кезде фермада 340 бас сауылуда. Күніне 6,8 тонна сүт алынады.

1-кестенің жалғасы

1

2

Оқу ғылыми-өндірістік орталық

Орталықта 2 ветеринарлық поталого-анатомиялық зертхана орналасқан, азыққа зоотехникалық анализ жасау зертханасы , сонымен қатар агрохимия зертханасы . Мал дәрігерлік дәріханасы бар. Орталықтың жұмысы егіншілікте инновациялық технологияларды жасау және енгізу бағытына да негізделге . Кешен құрылысы оқу залдары мен қондырғыларын , конференция залын, қоанқ үй, асхана мен қосымша құрылыстарды қамтиды.

Сүт зауыты

Сүт зауытында Италиялық Megatex қондырғысы орнатылған.

Өнім түрлері:

  • Сүт;

  • Тетра пакеттегі айран;

  • Қаймақ;

  • Сүзбе;

  • Йогурт;

  • Жұмсақ және қаты ірімшік;

  • Кілегейлі май;

Зауыт 2011 жылдың мамыр айында іске қосылған.

Өндіріс қуаты жылына 1800 тонна өнім. Күнделікті өнімділік 5,0 тонна. Жоба құны 1 374,3 млн. теңгені құрайды.

Ет комбинаты

Күнделікті ет комбинаты кешенінде 50 бас мүйізді ірі қара мал немесе 250 бас қой еті өңделеді.Вакуумды қаптамадағы мұздатылған ірі кесекті ет және шұжық өнімдерін өндіру жоспарлануда.

2011 жылдың желтоқсан айында эксплуатациға берілді.. Жоба құны 1 316,8 млн. теңгені құрайды, өндіріс қуаты 1250 тонна өнім жылына.

Ат-спорт кешені

Таза қанды ағылшын, араб, ақалтеке, орловский, липициан және басқа жылқылардың тұқымдары дамытылуда. Барлығы 115 бас таза қанды жылқы тұқымдары және 55 жартылай таза қанды.Ипподром және жабық манеж орналасқан.

Мал шаруашылығы

ЖШС-да МІҚ, МҰМ және жылқышаруашылығы долға қойылған. Оның ішінде: МІҚ-2400;Түйе-149; Жылқы-556; Қой-9243 бас.

Өсімдік шаруашылығы

Егіс алқаптарының аумағы, га: Майбұршақ-557, Сүрлемдік жүгері- 296, Күздік бидай-740, Арпа-889, Сұлы-253, Көп жылдық мал азықтық дақылдар-456.

Өсімдік шаруашылығына Отандық оқымыстылардың жасаған инновациялық технологиялары енгізілуде.

Құс фабрикасы

1 545 000 долларға АҚШ -тан қондырғы сатып алынды.

Жұмыртқа өндіру жоспарлануда.Қуаты жылына 3000000жұмыртқа .

Балық шаруашылығы

1 215 000 долларға АҚШ-тан қондырғы сатып алынды. Жылына 100 мың тонна өнім өндіру қуаты бар балық шаруашылығын жолға қою жоспарлануда.

Жылыжай

Бағдарлама бойынша қосымша инвестиция көлемі 1000000 АҚШ долларын құрайды.

2- кесте. "Байсерке Агро" ЖШС -індегі техника саны және онымен

қамтамасыз етілуі, 2017 ж.

Атауы

Маркасы

Саны

Трактор тіркемелері

2ПТС-4

2

Трактор тіркемелері

2ПТС-6

12

Дискілі тырма

Б20Т-7

4

Дискілі тырма

Б10Т-3

3

Жыртатын агрегат

ПЗК-5

1

Тұқым сепкіштер

СЗ-3,6

4

Астық-шөпті сепкіш

СЗПТ-3,6

1

Қызылша тұқым сепкіші

«Украина»

1

Жүгері тұқым сепкіші

СУПП-8

1

Жүгері тұқым сепкіші

СПЧ-6

1

Культиватор

КРЛ 4,2

1

Культиватор

КРМ 5,6

3

Минералды тыңайтқыш бүріккіш

РУМ-3

2

Органикалық тыңайтқыш бүріккіш

РОУ-6

1

Органикалық тыңайтқыш бүріккіш

ПРТ-7

1

Соқа

ПП-5-35

4

Соқа

ПП-4-35

2

Прес жинағыш

АРФ-350

2

Прес жинағыш

АРФ-145

3

Кескіш-ұсақтағыш

КПИ-2,4

2

Азық таратқыш

КТУ-10

2

Азық ұсақтағыш

КИС-8

2

Грейферлі жүктегіш

ПЭ-08

3

Грейферлі қондырғы

ПЭ-01

1

Жүктегіш

КУН-10

3

Жүктегіш

ПКУ-0,8

1

Жүктегіш

ЭО2626

1

Бүріккіш

ОВТ-1н

1

Бүріккіш

ОП-2000

2

Тісті тырмалар

ЗБН.01

100

Тығыздағыш

ЗКК-6

1

Ысырма

КТ-10

2

2-ТАРАУ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]