Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293.92 Кб
Скачать

2. Медициналық қызметтерді жеткізушілердің осмс тұрғысынан нарығы.

3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы.

9-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуді:  1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;  2) уәкілетті орган;  3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астанының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

13-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар:  1) төлеушілер;  2) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар;  3) денсаулық сақтау субъектілері;  4) уәкілетті орган;  5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;  6) қор;  7) Мемлекеттік корпорация;  8) өзге де уәкілетті органдар болып табылады.

14-бап. Төлеушілер 1. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, осы Заңның 6-тарауында белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады.  2. Жарналарды төлеушілер:   1) мемлекет;  2) әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;  3) дара кәсіпкерлер;  4) жекеше нотариустар;  5) жеке сот орындаушылары;  6) адвокаттар;  7) кәсіби медиаторлар;  8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);  18-бап. Қордың мәртебесі мен активтері

1. Қор жалғыз құрылтайшысы мен акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.  2. Қордың органдары:  1) жоғары орган – жалғыз акционер;  2) басқару органы – директорлар кеңесі;  3) атқарушы орган — басқарма;  4) қордың жарғысына сәйкес өзге де органдар болып табылады.  3. Қор ішкі аудит қызметін құрады.  4. Қордың активтері:  20-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері 1. Қордың:  1) өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қордың активтерінен комиссиялық сыйақы алуға;  2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардан сұратуға және алуға;  3) медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісіне бару арқылы көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыруға;  4) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға;  5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек тізбесін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтердің мөлшерлерін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға;  6) халық пен денсаулық сақтау ұйымдарының арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмысын жүргізуге;  7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.  24-бап. Қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптар 1. Атқарушы органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары қордың басшы жұмыскерлері болып табылады.  2. Қордың басшы жұмыскерлеріне мынадай талаптар белгіленеді:  жоғары кәсіптік (медициналық немесе қаржылық-экономикалық) білімінің болуы;  бағалы қағаздар нарығындағы және қаржы нарығында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардағы кәсіптік қызметпен тікелей байланысты басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің не квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі не мемлекеттік қызметте кемінде он жыл өтілінің, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарда кемінде бес жыл не денсаулық сақтау саласында басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.  3. Мыналар:  1) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;  2) бұрын осы адам заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымында болған кезеңде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған адам қордың басшы жұмыскері бола алмайды. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]