Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест 600 каз - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
600.58 Кб
Скачать
  1. паракератоз

  2. фолликулярлы гиперкератоз

  3. Акантоз

  4. гранулез

  5. акантолизис

В

$$$107.

Науқас әйел адам С., 25жаста, бетінде бөртпелердің болуына шағымданып емханаға келді. Ауыл тұрғыны, колхозда жұмыс істейді, жеміс-жидек өсірумен айналысады. Ауру алғаш рет 2жыл бұрын, мамыр-маусым айларында басталды. Қарап тексергенде: бетінің терісінде беті сұрғылт қабыршақтармен жабылған, эритематозды табақшалар орналасқан. Табақша ортасында айқын атрофия байқалады. Табақшалар әсіресе бет және мұрын қыры терісінде орналасқан. Қабыршақтарды алған кезде оның астыңғы жағында өткір ұшты тікендер, ал субъективті аздап ауырсыну анықталады. Осы науқаста қандай белгі анықталады?

  1. Поспелов белгісі

  2. Полотебнов белгісі

  3. Арди-Горчаков белгісі

  4. Бенье-Мещерский белгісі

  5. Асбо-Ганзен белгісі

Д

$$$108.

Науқас әйел адам, 22жаста, жедел ауырды: дене температурасының 39,5ºС жоғарлауы, буындарында ауырсыну, бет терісінде қызару пайда болды. Объективті: бетінде инфильтрацияланған теріде эритема және алақанның тенор аймағы мен тырнақ фалангаларында-васкулиттер анықталады; буындарындағы қозғалыс ауырсынады. Қанда лейкопения, ЭТЖ-нің жоғары болуы, гипергаммаглобулинемия.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу қажет?

  1. эозинофилдер

  2. LE-жасушалары

  3. акантолитикалық жасушалар

  4. атипті жасушалар

  5. Тцанк жасушалары

В

$$$109.

Тұрпайы, жапырақты, себореялық және вегетациялы көпіршіктер кезінде эпидермисте қандай ортақ патогистологиялық белгі анықталады?

  1. Акантоз

  2. папилломатоз

  3. акантолизис

  4. гиперкератоз

  5. Паракератоз

С

$$$110.

Себореялық көпіршік мына белгілердің қосындысын көрсетеді?

  1. көпіршік пен дерматомиозит

  2. көпіршік пен қызыл жиек

  3. көпіршік пен пиодермия

  4. көпіршік пен фотодерматит

  5. көпіршік пен герпес тәрізді дерматит

В

$$$111.

Көпіршік ауруы кезінде көпіршіктердің гистологиялық орналасу жерін көрсет?

  1. субкорнеалды

  2. субэпидермалды

  3. дермалды

  4. интраэпидермалды

  5. емізікшелі қабатта

Д

$$$112.

Қандай зертеу тұрпайы және себореялық көпіршіктері бар науқастарға ортақ болып табылады?

  1. көпіршік сұйықтағанда эозинофилияның болуы

  2. Тцанк жасушаларының анықталуы

  3. LE-жасушаларының табылуы

  4. гипергликемияның болуы

  5. С-реактивті белоктың болуы

$$$113.

Эритематозды көпіршіктің жиі зақымдайтын аймағы:

  1. бет пен себореялық аймақ

  2. ірі қатпарлар

  3. саусақ аралық қатпарлар

  4. алақан мен табан

  5. сегізкөз маңайы

А

$$$114.

Төмендегі белгілерге байланысты көпіршіктің клиникалық түрін анықтаңыз:

үдемелі ағым, жалпы жағдайы өте ауыр, тері және шырышты қабаттарында үлкен көпіршіктер, перифериялық өсу мен қосылуға бейімділігі бар, ауырсынатын, қып-қызыл түсті, айналасында жұлынған эпидермис қалдықтары анқталатын эрозиялар байқалады. Никольский мен Асбо-Ганзен белгілері оң.

  1. себореялық

  2. тұрпайы

  3. жапырақты

  4. вегетациялы

  5. акантолизді емес

В

$$$115.

Ауыз қуысының шырышты қабаттарының сирек зақымдалуы, көп қабатты қабықтардың анықталуы, Никольский белгісі оң. Қай ауру жайлы ойлауға болады?

  1. тұрпайы көпіршік

  2. вегетациялы көпіршік

  3. себореялық көпіршік

  4. жапырақты көпіршік

  5. эпидемиялық көпіршік

Д

$$$116.

Сенир-Ашер синдромы кездеседі?

  1. көп формалы экссудативті эритема

  2. көпіршік

  3. кеш терілік порфирия

  4. пиодермия

  5. пемфигоид

В

$$$117.

Тұрпайы, жапырақты және вегетациялы көпіршіктері бар науқастардың жалпы емін құрайды?

  1. антибиотик пен сульфаниламидті препараттар

  2. цитостатик пен антигистаминді препараттар

  3. кортикостероидты препараттар мен цитостатиктер

  4. безгекке қарсы препараттар мен иммуномодуляторлар

  5. витаминдер мен антидепресанттар

С

$$$118.

Келесі клинико-лабораторлық мәліметтерге сүйене отырып науқасқа диагноз қойыңыз:

  • мономорфты буллезді бөртпе

  • үдемелі ауыр ағым

  • үлкен көпіршіктер жиі ауыздың шырышты қабаттарында болады

  • гистологиялық зерттеу кезінде үлкен көпіршіктердің эпидермаішінде орналасатыны анықталады

  • люминесцентті зерттеуде: G антииммуноглобулиніне тікенекті қабатта жарықтанудың болуы

  1. Дюринг дерматозы

  2. пемфигоид

  3. буллезді эпидермолиз

  4. нағыз көпіршік

  5. буллезді токсикодермия

Д

$$$119.

60жастағы науқастың шырышты қабаттарында, бүкіл дене жабындыларында серозды сұйықтығы бар көптеген үлкен көпіршіктер және серозды-геморрагиялық қабықпен жабылған, жұлынған эпидермис қалдықтарымен қоршалған эрозиялар анықталады. Пинцетпен эпидермисті тартқанда оңай сыдырылады. Сіздің диагнозыңыз?

  1. Дюрингтің герпес тәрізді дерматозы

  2. мерезді көпіршік

  3. тұрпайы көпіршік

  4. жапырақты көпіршік

  5. эпидемиялық көпіршік

С

$$$120.

74жастағы науқас, бөртпелердің пайда болуына шағымаднып келді. Эндокринологтың тізімінде тұр. Объективті: ауыз қуысының шырышты қабаттарында, кеуденің алдыңғы-бүйір қабырғаларының, арқаның өзгермеген терісінде мөлшері 2-4см. болатын, нәзік қабығы мен құрамында мөлдір сұйықтығы бар үлкен көпіршіктер, сонымен қоса серозды қабықпен жабылған бірең-сараң эрозиялар анықталады. Сіздің диагнозыңыз?

  1. Дюрингтің герпес тәрізді дерматозы

  2. тұрпайы көпіршік

  3. жапырақты көпіршік

  4. себореялық көпіршік

  5. вегетациялы көпіршік

В

$$$121.

Алдымен ауыз қуысы мен араңның шырышты қабаттарының зақымдалуынан басталып, кейін процеске бет, дене терісі және қол-аяқтар ілінеді. Никольский белгісі оң. Қай ауру туралы ойлауға болады?

  1. тұрпайы көпіршік

  2. вегетациялы көпіршік

  3. себореялық көпіршік

  4. жапырақты көпіршік

  5. эпидемиялық көпіршік

А

$$$122.

Науқаста беткей, тегіс, кепкенде жұқа пластинкалы қабыршақтарының түзілуімен сипатталатын нәзік үлкен көпіршіктер анықталады. Қабыршақтардың астында серозды экссудат жиналып, көп қабатты қабықтардың пайда болуымен кебеді. Никольский белгісі оң. Бүкіл тері жабындылары процеске тез ілігеді. Қандай ауру туралы ойлайсыз?

  1. тұрпайы көпіршік

  2. вегетациялы көпіршік

  3. себореялық көпіршік

  4. жапырақты көпіршік

  5. эпидемиялық көпіршік

Д

$$$123.

Науқаста денесінің ірі қатпарларында үлкен көпіршіктер мен папилломатозды өсінділері бар эрозиялар анықталады. Қандай ауру туралы ойлайсыз?

  1. тұрпайы көпіршік

  2. вегетациялы көпіршік

  3. себореялық көпіршік

  4. жапырақты көпіршік

  5. эпидемиялық көпіршік

В

$$$124.

Төмендегі белгілерге байланысты көпіршіктің клиникалық түрін анықтаңыз:

үдемелі ағым, жалпы жағдайы өте ауыр, тері және шырышты қабаттарында үлкен көпіршіктер, перифериялық өсу мен қосылуға бейімділігі бар, ауырсынатын, қып-қызыл түсті, айналасында жұлынған эпидермис қалдықтары анқталатын эрозиялар байқалады. Никольский мен Асбо-Ганзен белгілері оң.

  1. себореялық

  2. тұрпайы

  3. жапырақты

  4. вегетациялы

  5. бразиялық

В

$$$125.

Төмендегі клиникалық белгілер қай ауруға тән: жиі процесс ауыз қуысының шырышты қабаттарынан басталып, мономорфты сипатқа ие болады; Никольский белгісі оң, ауруға салыстырмалы түрде баяу үдемелі ағым және жалпы жағдайының нашарлай беруі тән, жағындыда акантолитикалық жасушалар анықталады?

  1. Дюринг дерматозы

  2. тұрпайы көпіршік

  3. буллезді токсикодермия

  4. көп формалы экссудативті эритема

  5. қызыл жиектің буллезді түрі

В

$$$126.

Науқас әйел адам К., 57жаста, емханаға санитарлы авиациямен жеткізілді. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 37,8ºС, ауырсыну салдарынан белсенді қозғалыстары шектелген. Қолтық асты, сүт бездері асты, іш, шап аралық қатпарларында көптеген, аумақты папилломатозды өсінділері бар, беті кір жалқақпен жабылған эрозиялар орналасқан. Жарылған үлкен көпіршіктердің жұлынған қабық беттері анықталады. Никольский белгісі 3 нұсақауларында оң. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

  1. көпіршіктің құрамын эозинофилдерге зерттеу

  2. қанды LE-жасушаларына зерттеу

  3. эрозия түбінен акантолитикалық Тцанк жасушаларын анықтау

  4. қандағы эозинофилдер мөлшерін анықтау

  5. көпіршіктің құрамын стафилококктарға зерттеу

С

$$$127.

Науқас әйел адам Т.,52жаста, сырқатына ауыр үдемелі ағым, мономорфты буллалы бөртпелердің болуы тән. Үлкен көпіршіктер маңайындағы эпидермис саусақ үйкелісінен оңай сыдырылады. Жағындыда осы ауруға тән жасушалар анықталады. Осы науқаста қандай белгіні анықтауға болады?

  1. Арди-Горчаков белгісі

  2. Асбо-Ганзен белгісі

  3. Бенье-Мещерский белгісі

  4. Филатов-Коплик белгісі

  5. Брок-Поспелов белгісі

В

$$$128.

55 жастағы әйел адам стационарға ауыр жағдайда түсті, ауруы тез өрістейді. Жергілікті: тері жабындыларында және шырышты қабықшаларында мономорфты буллезды бөрітпелер, айқын қызыл түсті эрозиялар бар, ауырсынады, шетінде эпидермис қалдықтарымен, үлкен көпіршіктер перифериялық өсуге және бірігуге бейімділігі бар. Никольский және Асбо – Ганзен белгілері оң. Осы науқас адамға патогенетикалық ем тағайындаңыз:

А) седативті препараттар

В) антигистаминді препараттар

С) кортикостероидты препараттар

Д) антибиотиктер

Е) сульфонды препараттар

С

$$$129.

Науқас адам 40 жаста, дерматологқа зақымдалған ошақтар орнында күйдіру сезіміне, қышынуға, температураның жоғарылауына шағымданады. Ауруы жедел басталды. Қарау кезінде: эритематозды ісінген ошақ бетінде көпіршіктер, түйіншектер, күлдіреуіктер бар, олар бір уақытта пайда болған, элементтер топтасып орналасқан, біруге бейімдігі жоқ. Кей жерлерде қабықтар, эрозиялар, экскориациялар, қабыршақтану бар. Қан анализінде эозинофилия. Осы науқас адамға қандай сынаманы жүргізу керек:

А) Бальзер сынамасы

В) Унны сынамасы

С) Ядассон сынамасы

Д) диаскопия

Е) қыру

С

$$$130.

Рубромикоз қоздырғышын көрсетіңіз

A) күлгін трихофитон

B) қызыл трихофитон

C) қызғылт микроспорум

D) Шонлейн трихофитоны

E) шаптық эпидермофитон

В

$$$131.

Тырнақ эпидермофитиясының қоздырғышын атаңыз:

A) Tr. interdigitale

B) C. albicans

C) Tr. rubrum

D) P. orbiculare

E) Tr. Violaceum

А

$$$132.

Эпидермофития кезіндегі зақымдалған тырнақ қандай түсті болады?

A) сары

B) қызыл

C) қоңыр

D) ақ

E) сұрғылт

А

$$$133.

Тырнақтың беткей трихофитиясының қоздырғышын атаңыз:

A) Tr. interdigitale

B) C. albicans

C) Tr. rubrum

D) Tr. Schonleini

E) Tr. Violaceum

Е

$$$134.

Беткей трихофития кезінде тырнақ пластинкасының түсі қандай болады?

A) сары

B) қызыл

C) қоңыр

D) қоңырқай

E) кір-сұрғылт

Е

$$$135.

Псориаз кезінде тырнақ пластинкасының түсі қандай?

A) сары

B) қызыл

C) оймақ тәрізді түрде

D) қоңыр

E) кір-сұрғылт

С

$$$136.

Қызыл жалпақ теміреткі кезінде тырнақ зақымдалуын көрсетіңіз

A) тырнақ беттерінде тік айдаршықтардың қатарласуы, ішінде жіңішке тік жарықшақтардың болуы

B) гиперкератоз салдарынан тырнақ қалыңдаған, тереңінде сары түсті дақтар және сызықтар бар, тырнақ пластинкаларының желінуі

C) тырнақ пластинкасының түсі нашарлайды, бос жиегінен зақымдалады, кір-сұр түсті

D) тырнақ пластинкасының түсі нашарлайды және тырнақ негізінен ажырайды

E) конфигурациясы сақталады, бірақ тереңінде ақтан сары түске дейінгі дақтар және сызықтар бар

А

$$$137.

Көп формалы экссудативті эритема патогенезінің теорияларын атаңыз?

  1. инфекционды-аллергиялық

  2. зат алмасулық

  3. тұқым қуалаушылық

  4. нейрогенді

  5. вирусты

А

$$$138.

Көп формалы экссудативті эритема ауруындағы морфологиялық элементтердің қандай түсте болуы тән?

  1. ақшыл көк

  2. жылтыр түс

  3. ортасы күлгін-көк түсті, ал перифериясы қызғылт

  4. балды-қызыл

  5. сарғыш-қоңыр

С

$$$139.

Көп формалы экссудативті эритеманың ауыр түрін атаңыз?

  1. Стивенс-Джонсон синдромы

  2. Лайел синдромы

  3. Квинке ісінуі

  4. Гужер-Блюм синдромы

  5. Мелькерсон-Розенталь синдромы

А

$$$140.

Бөртпелерге полиморфизм тән: үлкен көпіршік, ортасы кіріп тұратын, көкшіл түсті дақтар. Орналасуы: қол басы мен табандары. Жиі көктем мен күз мезгілдерінде пайда болады. Басталуы жіті: қалтырау, дене температурасының көтерілуі, катаралды белгілер. Диагноз жайлы сіздің ойыңыз?

  1. нағыз көпіршік

  2. Дюринг дерматозы

  3. буллезді токсикодермия

  4. нағыз экзема

  5. көп формалы экссудативті эритема

Е

$$$141.

Келесі клиникалық белгілерін ескере отырып, қандай ауру жайлы ойлауға болады: процесс кезеңді өршіп отырады, қол-аяқтардың сыртқы беттерінде орналасқан, экссудативті қосылыстардың басым болуымен жүретін, бөртпелердің полиморфизмі тән: дақ, папула, көпіршік. Бөртпелер екі түсті болады: ортасы көкшіл түсті де, перифериялық бөлігі қызыл түсті. Бөртпелердің көбісінде ортасы ішке қарай кіріп тұрады.

  1. қызыл жазық теміреткі

  2. Жибердің қызғылт теміреткісі

  3. көп формалы экссудативті эритемасы

  4. Дюрингтің герпес тәрізді дерматозы

  5. Жүйелі қызыл жиек

С

$$$142.

Науқас М., созылмалы бронхиттің өршуіне байланысты сульфаленді қабылдағаннан кейін, дене температурасы жоғарлап, жалпы әлсіздік, қалтырау пайда болған. Алақанның сыртқы беті мен қолдардың жазғыш беткейлерінде эритематозды дақтар, экссудативті папулалар, күлдіреуіктер пайда болған, оған қоса ауыздың шырышты қабатында үлкен көпіршіктер түзілді. Никольский белгісі теріс. Ядассон сынамасы теріс. Сіздің диагнозыңыз?

  1. көп формалы экссудативті эритемасы

  2. Дюрингтің дерматозы

  3. тұрпайы көпіршік

  4. қарапайым қатынастық дерматит

  5. токсикодермия

А

$$$143.

Науқас адам М., созылмалы бронхит өршуіне байланысты сульфаленді қолданғаннан кейін дене температурасы жоғарылады, жалпы жағдайының нашарлауы, әлсіздік, қалтырау байқалды. Қол басының сыртқы бетінде және қолдарының жазғыш беттерінде эритематозды дақтар, экссудативті папулалар, күлдіреуіктер пайда болды, оларға ауыз қуысы шырышты қабықшасында үлкен көпіршіктердің пайда болуы қосылды. Никольский белгісі теріс. Ядассон сынамасы теріс. Осы ауруға жоғары айтылған элементтермен қоса тағы қандай элементтер тән екенін көрсетіңіз:

А) перифериядағы қызғылт – қызыл папулалар және ортасындағы күлгін – көк папулалар

В) мысты – қызыл папулалар

С) қою қоңыр – қоңыр түсті дақтар

Д) опалды папулалар

Е) сары – қоңыр дақтар

А

$$$144.

Уикхем белгісі қандай патогистологиялық процеске байланысты?