- •«Балдырған» бөбекжай балабақшасы балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындар, ойын тапсырмалары және жаттығулар
- •«Денсаулық» білім беру саласы
- •«Қайтала» ойыны
- •«Ханзада орманда келе жатты» ойын жаттығуы
- •«Көгалда» ойын жаттығуы
- •«Екі және үш» ойыны
- •«Өткелден өту» сахналау ойыны
- •«Кесте құра» сахналау ойыны
- •«Анам мені «ұрды» жаттығуы
- •«Сезім мүшелері» ойыны
- •Би терапиясы «Дене джазы»
- •«Доп кімде?» ойыны
- •«Оң және сол» ойыны
- •«Қауіпті – қауіпті емес» ойыны
- •«Ас қорыту мүшелеріне көмектесейік» ойыны
- •«Шаршауды басу» ойын жаттығуы
- •«Бағдаршам» ойыны
- •«Бір-бірімізбен сәлемдесейік» ойыны
- •«Бірге адымдайық» ойыны
- •«Мысық» ойыны
- •«Біз аңшылармыз» ойыны
- •«Коммуникация» білім беру саласы
- •«Мені кім шақырды?» ойыны
- •«Айырмашылығын тап» ойыны
- •«Жұбыңды таңда» ойыны
- •«Кім есінде көп сақтайды?» ойыны
- •«Суретке сәйкес жұбын таңда» ойыны
- •«Басқаша айт» ойыны
- •«Сөйлемді толықтыр» ойыны
- •«Сөйлем ойластыр» ойыны
- •«Дүкен» ойыны
- •«Ұқсас сөздер» ойыны
- •«Сиқырлы дыбыстар» ойыны
- •«Пішіннің суретін сал» ойыны
- •«Бір-біріңе арқаларыңмен тұр» жаттығуы
- •«Сыпайы болу» жаттығуы
- •«Тәтті ертегі» ойыны
- •«Бірізді суреттер» ойыны
- •«Керісінше айт» ойыны
- •«Сөйлем құрастыр» ойыны
- •«Қиылып алынған суреттер» ойыны
- •«Алақанымызды ұрамыз» ойыны
- •«Үшіншісі артық» ойыны
- •«Заттарды тап» ойыны
- •«Құлыпты аш» ойыны
- •«Дүкен» ойыны
- •«Кім көп біледі» ойыны
- •«Жауап берші» ойыны
- •«Ең бастысы» ойыны
- •«Түрлі түсті заттар» ойыны
- •«Ұқсастықты тап» ойыны
- •«Кімге не қажет?» ойыны
- •«Кім байқампаз» ойыны
- •«Сәттілік дөңгелегі» ойыны
- •«Кім не жейді» ойыны
- •«Суреттерді құрастыр» ойыны
- •«Кім ұшады» ойыны
- •«Артық сөздерді алып тастау» ойыны
- •«Ұқсастықты тап» ойыны
- •«Суреттерді жандандыру» ойыны
- •«Ертегі құрастыру» ойыны
- •«Пиктограмма» ойыны
- •«Сиқырлы гүл – жетігүл» ойыны
- •«Өз биіңді ойлап шығар» ойыны
- •«Құрылысшылар» ойыны
- •«Келісілген әрекеттер» ойыны
- •«Кемпірқосақтың түсі» ойыны
- •«Сүйікті ертегінің кейіпкері» ойыны
- •«Әдемі пішіндер» ойыны
- •«Қиялшылдар» ойыны
- •«Жеті лақ және қасқыр» сахналау ойыны
- •«Болашаққа саяхат» ойыны
- •«Өткенге саяхат» ойыны
- •«Болашақта кім боласың?» ойыны
- •«Ергежейлер қонаққа келді» ойыны
- •«Суретшілер» ойыны
- •«Әлеумет» білім беру саласы
- •«Не өзгерді?» ойыны
- •«Жадыңда сақтап көрші» ойыны
- •«Көңіл-күй» ойыны
- •«Еркелетіп ата» ойыны
- •«Тек жақсыны ұстап ал» ойыны
- •«Көбелек» ойыны
- •«Мақтау» ойыны
- •«Мені таны» ойыны
- •«Мен қалай істер едім» ойыны
- •«Мейірімділік, батылдық, сыпайылық» ойыны
- •«Жанды пішіндер» ойыны
- •«Бізге сиқыршылар қонаққа келді» ойыны
- •«Басқаға тапсыр» ойыны
- •«Қане, сөйлесейік» ойыны
- •«Қарбалас телефон» ойыны
- •«Теледидар» ойыны
- •«Менің өтінішімді орында» ойыны
- •«Мен не істер едім» ойыны
- •«Менің сезімдерім» ойыны
- •«Сиқырлы таяқша» ойыны
«Дүкен» ойыны
Мақсаты: заттарды сипаттай алу, оның бар белгілерін табу, затты сипаттамасына орай тануды дамыту.
Барысы: Тәрбиеші балаларды жартылай шеңбер бойына отырғызып, балаларға айтады: «Бізде жаңа дүкен ашылды. Онда қандай жаңа ойыншықтар бар екенін көрейік. Сендер ойыншық сатып аласыңдар ма? Ол үшін ереже сақтау керек. Ойыншықтың атын атамай, көрсетпей, сипаттап беру керек. Сипаттауға қарай сатушы өзі тауып, алып береді». Қысқа санамақтың көмегімен балалар сатушыны таңдайды. Тәрбиеші ойыншықты сатып алу ережесін көрсетеді. Тәрбиеші: «Мен ойыншық сатып алғым келеді. Қоңыр, маймақ аяқ, балды жақсы көреді». Сатушы сатып алушыға ойыншық аюды береді. Ойын барлық қатысушылар өздеріне ойыншық алып болғанға дейін созылады.
«Ұқсас сөздер» ойыны
Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын дамыту.
Барысы: тәрбиеші ойын ережесімен таныстырады. «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге, ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: тәрбиеші «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім».
Мейірімді - жанашыр, жылыжүрек, жақсы.
Аласа - кішкентай, биік емес және т.б.
«Сиқырлы дыбыстар» ойыны
Мақсаты: ойлауды, берілген дыбыспен сөзді атау іскерлігін дамыту.
Барысы: Тәрбиеші балаларға сиқырлы дыбыстармен ойын ойнауды ұсынады:
- «Ш,Ж, С» дыбысына басталатын сөздерді атаңдар.
- «Р» дыбысы бар көкөніс, жеміс-жидектерді (жүгері, алмұрт, қарақат), «Л» дыбысы бар заттарды (үстел, гүл, қаламсап) атаңдар.
«Кім қандай, айтып бер» ойыны
Мақсаты: жануарлардың ерекше белгілеріне – сыртқы пішініне, әрекеттеріне назар аударуға үйрету.
Барысы: Тәрбиеші балаларға әртүрлі жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, қандай жануар екенін не істей алатынын айтады. Мысалы: Түлкі, қызыл-сары, өжет, айлакер. Ол орманда, далада өмір сүреді, тышқан, қоян аулайды. Қыста ол терісін сұр түске ауыстырады.
Басқа жануарларға да қатысты сипаттама беріледі.
«Пішіннің суретін сал» ойыны
Мақсаты: көріп есте сақтауын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Барысы: Тәрбиеші балаға 1-2 минут аралығында геометриялық пішіндерді көрсетеді, сосын есінде қалғандарын қағазға түсіруді сұрайды. Бұл тапсырманың күрделі нұсқасы - пішіндердің көлемін және түстерін есепке ала отырып, қайта жаңғырту.
«Бір-біріңе арқаларыңмен тұр» жаттығуы
Мақсаты: көріп есте сақтауын, басқа адамның сыртқы ерекшеліктерін белгілеп, көрсете алу іскерлігін дамыту.
Барысы: Тәрбиеші балаларды жұпқа бөліп және бір-біріне арқасымен тұрғызады. Содан кейін әріптесінің сырт келбетін, бет әлпетін, киімін сипаттап беруді сұрайды. Ойын соңында үздік бала таңдалады, яғни ең көп және әріптесінің сырт келбеті, киімі туралы дұрыс айтқан бала жеңімпаз болады.
«Сыпайы болу» жаттығуы
Мақсаты: ойлауды, сөйлеуді дамыту, ересектерге және құрдастарына сыпайы қатынас жасауға және өтініш білдіруге үйрету.
Барысы:
- Балалар, сиқырлы сөздер бар, яғни олар көңіл-күйді көтеруге көмектеседі. Бүгін біз дұры, сыпайы өтініш жасауды үйренеміз.
- Сіздің өз құрдасыңызға өтініш білдіргеніңізді елестетейік. Оны қалай жақсартуға болады? Қалай ойлайсыздар?
Міндетті түрде атын атап, көзіне қарап, «өтінемін» сөзін ұмытпау керек. Байқап көрелік.
- «Аңсар, өтінемін, допты маған берші».
- «Гүлнәр, егер қиын болмаса, ойыншықтарды жинауға көмектесші».
- «Арай, маған түймемді салуға көмектесші, өтінемін».
- Ал, енді көшеде бейтаныс адамнан дүкеннің қайда екенін сұрау керек болса, былай айтуға болады:
Ғафу етіңіз, ...
Кешіріңіз, ....
Маған көмектесіп жіберіңізші, өтінемін....
Жағдайға байланысты бірнеше нұсқаны ойнап көрсету керек.
Егер тәрбиешіге, анаңызға немесе ересектердің бірінен сұрағыңыз келсе, ал ол сол сәтте басқа біреумен сөйлесіп отырса, не істеуге болады?
«Кешіріңіз, өтінемін, сөзіңізді бөлейін, Сізді бола ма?»
«Кешіріңіз, Сіздерге кедергі келтіргеніме, сұрақ қойсам бола ма?»
Сіздер сыпайылық ережесін және қоршағандарға қуаныш сыйлауды ұмытпайсыздар деп сенемін.
