- •«Балдырған» бөбекжай балабақшасы балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындар, ойын тапсырмалары және жаттығулар
- •«Денсаулық» білім беру саласы
- •«Қайтала» ойыны
- •«Ханзада орманда келе жатты» ойын жаттығуы
- •«Көгалда» ойын жаттығуы
- •«Екі және үш» ойыны
- •«Өткелден өту» сахналау ойыны
- •«Кесте құра» сахналау ойыны
- •«Анам мені «ұрды» жаттығуы
- •«Сезім мүшелері» ойыны
- •Би терапиясы «Дене джазы»
- •«Доп кімде?» ойыны
- •«Оң және сол» ойыны
- •«Қауіпті – қауіпті емес» ойыны
- •«Ас қорыту мүшелеріне көмектесейік» ойыны
- •«Шаршауды басу» ойын жаттығуы
- •«Бағдаршам» ойыны
- •«Бір-бірімізбен сәлемдесейік» ойыны
- •«Бірге адымдайық» ойыны
- •«Мысық» ойыны
- •«Біз аңшылармыз» ойыны
- •«Коммуникация» білім беру саласы
- •«Мені кім шақырды?» ойыны
- •«Айырмашылығын тап» ойыны
- •«Жұбыңды таңда» ойыны
- •«Кім есінде көп сақтайды?» ойыны
- •«Суретке сәйкес жұбын таңда» ойыны
- •«Басқаша айт» ойыны
- •«Сөйлемді толықтыр» ойыны
- •«Сөйлем ойластыр» ойыны
- •«Дүкен» ойыны
- •«Ұқсас сөздер» ойыны
- •«Сиқырлы дыбыстар» ойыны
- •«Пішіннің суретін сал» ойыны
- •«Бір-біріңе арқаларыңмен тұр» жаттығуы
- •«Сыпайы болу» жаттығуы
- •«Тәтті ертегі» ойыны
- •«Бірізді суреттер» ойыны
- •«Керісінше айт» ойыны
- •«Сөйлем құрастыр» ойыны
- •«Қиылып алынған суреттер» ойыны
- •«Алақанымызды ұрамыз» ойыны
- •«Үшіншісі артық» ойыны
- •«Заттарды тап» ойыны
- •«Құлыпты аш» ойыны
- •«Дүкен» ойыны
- •«Кім көп біледі» ойыны
- •«Жауап берші» ойыны
- •«Ең бастысы» ойыны
- •«Түрлі түсті заттар» ойыны
- •«Ұқсастықты тап» ойыны
- •«Кімге не қажет?» ойыны
- •«Кім байқампаз» ойыны
- •«Сәттілік дөңгелегі» ойыны
- •«Кім не жейді» ойыны
- •«Суреттерді құрастыр» ойыны
- •«Кім ұшады» ойыны
- •«Артық сөздерді алып тастау» ойыны
- •«Ұқсастықты тап» ойыны
- •«Суреттерді жандандыру» ойыны
- •«Ертегі құрастыру» ойыны
- •«Пиктограмма» ойыны
- •«Сиқырлы гүл – жетігүл» ойыны
- •«Өз биіңді ойлап шығар» ойыны
- •«Құрылысшылар» ойыны
- •«Келісілген әрекеттер» ойыны
- •«Кемпірқосақтың түсі» ойыны
- •«Сүйікті ертегінің кейіпкері» ойыны
- •«Әдемі пішіндер» ойыны
- •«Қиялшылдар» ойыны
- •«Жеті лақ және қасқыр» сахналау ойыны
- •«Болашаққа саяхат» ойыны
- •«Өткенге саяхат» ойыны
- •«Болашақта кім боласың?» ойыны
- •«Ергежейлер қонаққа келді» ойыны
- •«Суретшілер» ойыны
- •«Әлеумет» білім беру саласы
- •«Не өзгерді?» ойыны
- •«Жадыңда сақтап көрші» ойыны
- •«Көңіл-күй» ойыны
- •«Еркелетіп ата» ойыны
- •«Тек жақсыны ұстап ал» ойыны
- •«Көбелек» ойыны
- •«Мақтау» ойыны
- •«Мені таны» ойыны
- •«Мен қалай істер едім» ойыны
- •«Мейірімділік, батылдық, сыпайылық» ойыны
- •«Жанды пішіндер» ойыны
- •«Бізге сиқыршылар қонаққа келді» ойыны
- •«Басқаға тапсыр» ойыны
- •«Қане, сөйлесейік» ойыны
- •«Қарбалас телефон» ойыны
- •«Теледидар» ойыны
- •«Менің өтінішімді орында» ойыны
- •«Мен не істер едім» ойыны
- •«Менің сезімдерім» ойыны
- •«Сиқырлы таяқша» ойыны
«Сезім мүшелері» ойыны
Мақсаты: зейінді дамыту, адамның сезім мүшелері туралы білімдерін толықтыру.
Барысы: Балалар шеңбер құрып тұрады, тәрбиеші балаларға адамның сезім мүшелерін атап, түрлі нұсқау береді. Балалар жауап ретінде соған сәйкес сезім мүшелеріне қолдарын тигізу керек. Мысалы, «құлақ» десе, балалар құлақтарын ұстайды. Тәрбиеші алдымен тапсырмаларды балалармен бірлесіп орындайды, содан кейін әдейі қателер жібереді. ал балалар мұқият болып, қате жібермеуі керек.
Би терапиясы «Дене джазы»
Мақсаты: қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту, дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылықтарын ояту.
Барысы: Балалар шеңбер бойына тұрады. Ырғақты ән орындалып тұрады. Тәрбиеші әрекеттердің ретін көрсетеді. Алдымен тек бас және мойынмен түрлі бағытқа, әртүрлі ырғақта қозғалыс жасау керек.
Осыдан кейін тек иық қозғалады, бірге – кезекпен, алдыға – артқа, жоғары – төмен. Одан кейін – шынтақ, қол білектерінің қозғалысы. Келесі қимылдар – бөксемен, тіземен, өкшемен. Ал енді әрбір үйренген қимылдарды ретімен қосып отыру керек: бас+иық+шынтақ+қол білектері+бөксе+тізе+өкше.
Жаттығу соңында барлық дене мүшелерімен бір сәтте қозғалуға тырысу керек.
«Доп кімде?» ойыны
Мақсаты: қол жылдамдығын, бақылағыштықты дамыту.
Барысы: Балалар шеңбер құрып, шеңбердің ортасына қарап тұрады. Жүргізуші шеңбердің ортасына шығады. Барлық балалар қолдарын артқа ұстап тұрады. Балалардың біреуіне орта көлемді доп беріледі. Балалар қолдарымен арт жақтан допты бір-біріне береді. Жүргізуші доптың кімде екендігін анықтауға тырысады. Балаларға кезекпен қарап, жүргізуші «Қолдар!» дегенде ойынға қатысушылар екі қолдарын алдарына шығару керек. Сол сәтте доп қолында болған бала немесе допты түсіріп алған бала жүргізуші болады.
«Оң және сол» ойыны
Мақсаты: ойлауды, зейінді, кеңістікте бағдарлай алу іскерлігін дамыту.
Барысы: Балалар тұрып немесе отырып шеңбер құрайды. Тәрбиеші жеребе бойынша жүргізушіні таңдайды, ол шеңбердің ортасына тұрады. Ол шеңбер бойымен жүріп келіп, кез-келген ойыншының алдына тұрып, дауыстап былай дейді: «Темірлан, қол көтер!», жүргізуші атын атап тұрған ойыншы өз қалпын өзгертпей тұра береді. Ал оның екі көршісі қолдарын жоғары көтерулері керек: оң жағындағы көршісі - сол қолын, сол жағындағы көршісі – оң қолын, яғни жанында отырған ойыншыға жақын қолын көтеруі керек. Егер балалардың біреуі қателесіп басқа қолын көтерсе немесе мүлдем көтермесе жүргізуші болады.
Ойынның уақыты шектеулі болады. Бірде-бір рет жүргізуші болмаған бала жеңімпаз атанады. Егер бала басқа қолын көтеріп қалса да жеңілген болып есептеледі. Жүргізуші атын атап тұрған ойыншыға тура қарсы тұруы керек. Бұл шарт орындалмаған жағдайда, оның нұсқаулары орындалмайды.
«Қауіпті – қауіпті емес» ойыны
Мақсаты: балаларда қорғану сезімін дамыту, өміріне қауіп төндіретін, өзінің және өзгелердің денсаулығына зиян келтіретін жағдайларды қауіпсіз жағдайлардан ажырата алу білуін дамыту, өзара көмек көрсете алу сезімдерін тәрбиелеу.
Барысы: Тәрбиеші бұл ойын үшін өмірге және денсаулыққа қауіпті және қауіпті емес жағдайлар бейнеленген дидактикалық суреттерді, ойын нұсқасына байланысты түрлі түсті кәртішкелерді дайындайды.
Балалар тәрбиеші ұсынған дидактикалық суреттерді мұқият қарап, өмірге және денсаулыққа қауіп келтіретін жағдай болса, қызыл кәртішкені; белгілі бір жағдайда қауіп келтіретін болса – сарыны, егер қауіп болмаса – көк кәртішкені көрсетеді. Әрбір жағдайда өз шешімін түсіндіреді.
ІІ нұсқасы:
Тәрбиеші балаларға дидактикалық суреттермен өз бетімен жұмыс істеуді ұсынады; қызыл кәртішкеге өмірге қауіп келтіретін жағдайлар, ақ кәртішкеге – қауіпті емес суреттер жинақталады.
