Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
білім беру саласы бша ойындар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.1 Кб
Скачать

«Көгалда» ойын жаттығуы

Мақсаты: қимыл-қозғалыс және сөз белсенділігін, дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын қалыптастыру.

Барысы: Тәрбиеші балаларға қимыл-қозғалысты айтылатын сөздермен үйлестіре отырып, гүлдермен жаттығулар орындауды ұсынады. Жаттығуды әнмен орындауға болады.

Бірінің соңынан бірі, жұптасып, үштікпен жүреді. Балалар алаңды (зал) айнала жүгіреді – көгалда жүгіріп, гүл тереді.

Бастапқы қалып (БҚ) – негізгі тұрыс. «бір-екі» деп санағанда, қолдарын екі жағынан жоғары көтереді; бастарын көтеріп, гүлдерге қарайды. «Үш-төрт» деп санағанда – қолдарын екі жақтан төмен түсіреді.

Б.қ. – негізгі тұрыс, қолдарына гүл ұстап, арт жаққа жасырады. Денені алдыға еңкейтеді, аяқтары түзу, гүлдерді алдыға сермейді.

Б.қ. – отыру, аяқтары екі жақта, түзу, гүл ұстаған қолдары артта, басты тік ұстайды. «Бір» деп санағанда «гүлдерді қою» алдыға еңкейеді. Гүлдерді аяқ арасына неғұрлым алыс қояды. «Екі» деп санағанда – тік тұрады, «үш» дегенде «гүлдерді алу» – алдыға еңкейіп, гүлдерді алады.

Б.қ. – негізгі тұрыс, гүлдер қолдарында. «Бір-екі» деп санағанда – отырады, қолдарымен тізені құшақтайды, бастарын алдыға еңкейтеді. «Үш-төрт» деп санағанда – тік тұрады, қолдары екі жақта.

«Екі және үш» ойыны

Мақсаты: ес, зейін, ойлау, қозғалыс белсенділігін дамыту.

Барысы: Балалар жүреді немесе араласып жүгіріп жүреді. Тәрбиеші «Екі!» деп белгі бергенде – жанында тұрған кез-келген баламен жұп құрайды, қолдарынан ұстап, белгіленген жерге жүгіріп барады (жалау, доп), ол жерде келген кезектері бойынша жұптасып тұрады. Егер тәрбиеші «Үш!» деп айтса, балалар үштік жасап, белгіленген жерге жүгіріп барады.

«Өткелден өту» сахналау ойыны

Мақсаты: жүру кезінде табанды дұрыс жаттықтыру, майтабандылықтың алдын-алу үшін табан сіңірлерін және бұлшық еттерін шынықтыру, өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу.

Барысы: Бұл ойын үшін тас (қиыршық, дәнек) толған жәшік қажет. Балалар тышқандардың жүрісін келтіреді. Бірінің соңынан бірі тастардан адымдап жүреді.

«Кесте құра» сахналау ойыны

Мақсаты: қиялды дамыту, жүру кезінде табанды дұрыс жаттықтыру, майтабандылықтың алдын-алу үшін табан сіңірлерін және бұлшық еттерін шынықтыру, өз денсаулығына жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеу.

Барысы: Тәрбиеші балаларға ұзындығы әртүрлі түрлі түсті таяқшалар береді. Балалар жалаң аяқ тұрып, аяқ башпайларымен түсі және ұзындығы әртүрлі таяқшаларды қолданып, әртүрлі кестелер құрайды.

«Анам мені «ұрды» жаттығуы

Мақсаты: сауықтыру және релаксация мақсатымен жұптасып, релаксациялық массаж жасау, сауықтыру жаттығуларына қызығушылықтарын дамыту.

Барысы: Балалар жұптасып тұрады, қимылдарын сөздермен үйлестіре отырып, кезекпен бір-біріне массаж жасайды.

Анам мені ұрды, ұрды, барлығын әкеме айттым (ақырындап қабырғаларын алақанмен ұрғылайды).

Әкем ұрды, ұрды, барлығын әжеме айттым (түйілген жұдырықпен ұрғылайды).

Әжем ұрды, ұрды, барлығын атама айттым (жұдырыққа түйілген қолдың саусақтарымен уқалайды).

Атам ұрды, ұрды, барлығын ағама айттым (абайлап шымшылайды).

Ағам ұрды, ұрды, барлығын әпкеме айттым (дабылдың таяқшасымен тарсылдатқандай ұрғылайды).

Әпкем ұрды, ұрды.

Ұрды да күбіге түсіп кетті (сұқ саусақтарымен «жаңбырдың» сорғалап жаууын көрсетеді).

Ары қарай осылай жалғастырып, жұптар орындарымен ауысады.