Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
білім беру саласы бша ойындар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.1 Кб
Скачать

«Мен не істер едім» ойыны

Мақсаты: балалардың ойлауы мен қиялын дамыту.

Барысы: Бұл ойынды жұппен өткізуге болады. Тәрбиеші балаларға күтпеген жағдайда өздерін қалай ұстауын қиялдауды және әңгімелеуді сұрайды, мысалы, егер мен ғарышта, басқа планетада болсам және т.б. әрбір қатысушы досына осындай жағдайда болса, өзін қалай ұстауын әңгімелеп береді. Осыдан кейін бала айтқан әңгімесімен келіседі немесе келіспейді.

Тәрбиеші жағдайды ұсынады, балалар кезекпен өзінің серіктесінің қылығы туралы әңгімелейді. Тәрбиеші балалар әңгімесі бір-бірін ренжітіп алмайтын болуын қадағалайды.

«Менің сезімдерім» ойыны

Мақсаты: өзін және басқа адамды түсінуге, өз ойын айтуға үйрету.

Барысы: Тәрбиеші балаларды шеңбер бойына отырғызады. Бір бала екінші балаға бір шүйке жіп береді. Ол кімге бірінші болып тиеді, сол жіптің ұшын өзіне қалдырып, жіпті ары қарай береді. Осылай ойынның соңына дейін ойыншылар шеңбер бойынша созылған бір жіпті ұстайды. Жіпті бір-біріне беру арқылы нені сезінгені, өзі не қалайтынын және басқаларға не тілейтінін айтады.

«Сиқырлы таяқша» ойыны

Мақсаты: басқаларға зейінді болуды және мейрімділікті тәрбиелеу.

Барысы: бұл ойын үшін тәрбиеші сиқыршының қалпағын және оның таяқшасын дайындайды. Тәрбиеші балаларға таяқшаны көрсетеді және салтанатты түрде хабарлайды: «Мен сендерге сиқырлы таяқшаны көрсеткім келіп тұр. Кімде-кім оны қолына алса, сол адам тек жақсылық көреді. Міне, мен қазір сендердің біреулеріңе таяқшаны тигіземін. Сендер қандай әдемісіңдер, көңілдісіңдер, ақылдысыңдар!». Әрбір балаға жақындап, тәрбиеші оның қандай да бір адамгершілік қасиетін (біреу жақсы сурет салады, біреу жақсы ән айтады, біреудің көйлегі әдемі және т.б.) атайды. «Ал енді әрбіреулерің осы сиқырлы таяқшаны алып, көршілеріңді жақсылап тұрып көріп алуларыңды қалаймын. Мүмкін бұл таяқша бұрын байқалмай жүрген қасиеттерді көруге көмектесетін шығар». Балалар кезекпен таяқшаны алады және достарының адамгершілік қасиеттерін атайды. Бала қиналған жағдайда педагог көмектеседі.