Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
білім беру саласы бша ойындар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.1 Кб
Скачать

«Бізге сиқыршылар қонаққа келді» ойыны

Мақсаты: шығармашылық қиялды дамыту, болашақты болжауға үйрету.

Барысы: Бұл ойынға тәрбиеші алдын ала сиқыршы киімін мен оның сиқырлы таяқшасын дайындайды. Тәрбиеші балаларға қонаққа сиқыршы келгенін және оның балалардың тілектерін орындайтынын хабарлайды. Әрбір бала өзінің бір тілегін айтып беруі керек. Олардың тілектері материалдық заттармен емес, рухани құндылықтармен байланысты болуын бақылау керек.

«Басқаға тапсыр» ойыны

Мақсаты: балалар арасындағы қарым-қатынас дағдысын дамыту.

Барысы: Балалар қатарласып отырады. Тәрбиеші санамақтың көмегімен бастаушыны таңдайды. Бастаушы бір сөзді бірінші ойыншының құлағына сыбырлап айтуы керек. Екінші ойыншы естігенін келесі ойыншыға жеткізеді, ойын осылайша жалғасады. Қатар соңында отырған ойыншы өзіне жеткен сөзді дауыстап айтуы керек. Әдетте соңғы нәтиже бұрмаланған болады. Содан кейін бастаушы сөзді атайды, сосын әрбір бала естіген сөздерді айтады. Осы жолмен сөзді кім бұрмалап жібергенін білуге болады. Сол адам келесі бастаушы болады.

«Қане, сөйлесейік» ойыны

Мақсаты: балалар арасындағы қарым-қатынас дағдыларын дамыту, достық қатынас мағынасын түсіндіру.

Барысы: Тәрбиеші нақты тақырыпты таңдайды. Мысалы, досының туған күніне сыйлық таңдау. Тәрбиеші балаларға осы тақырыпты талқылауды ұсынады және сұрақтар қояды:

- Нағыз дос дегеніміз кім?

- Достық қандай болуы керек?

- Досыңның туған күніне оған ұнайтын, оны қуантатын қандай сыйлық сыйлауға болады?

- Досыңа ұнайтын қандай ойын ойнадыңдар?

Осылай әрбір бала осы тақырып бойынша өз пікірін айтады. Тәрбиеші балалардың ойлары мен талқылаулары логикалық байланысты болуын қадағалайды және көмекші сұрақтар қояды. Барлық балалардың талқылауға қатысуын бақылау керек.

«Қарбалас телефон» ойыны

Мақсаты: балалар арасындағы қарым-қатынас дағдысын, бір-бірлерін тыңдай білуін дамыту.

Барысы: Тәрбиеші балаларға «Ыстық телефон» ойынын ойнауды ұсынады. Ол үшін тәрбиеші нақты проблемалық тақырыпты ұсынады және топ балалары осы мәселені шешуге қатысады. Әрбір бала осы жайт бойынша өз ойын айтуы керек және топ болып шешім қабылдайды. Тәрбиеші әрбір баланың жұмыстарға қатысуларын бақылап отыру керек.

«Теледидар» ойыны

Мақсаты: нақты рөлдерді орындай білуді дамыту.

Барысы: Бұл ойын үшін теледидардың макеті керек. Тәрбиеші бір баланы шақырып, одан теледидар жүргізушісі болуын сұрайды. Жүргізуші қандай да бір оқиғаны, мысалы, демалыс күні немен айналысқанын әңгімелеп беруі керек. Біраз уақыттан кейін бала үндемей қалады, тәрбиеші балаларға теледидар сынып, дауысы шықпай қалғанын хабарлайды. Қане, барлығымыз бірге жүргізуші бізге не айтпақ болғанын түсініп көрейік. Тележүргізуші әңгімесін дыбыссыз жалғастырады, ал балалар оны дыбыстап айтып береді. Егер жүргізушіні түсінбей қалса, оны сөзсіз тағы бір рет қайталауын сұрайды. Сосын жүргізуші ауыстырылады, бірақ келесі жүргізуші басқа әңгіме айтуы керек.

«Менің өтінішімді орында» ойыны

Мақсаты: балаларды өз өтініштерін айтуға үйрету, сөйлеу әдептілігін дамыту.

Барысы: Ойынға қатысушылар шеңбер болып тұрады, санамақтың көмегімен жүргізушіні таңдайды. Жүргізуші барлық балаларға өтініш жасайды: «Қазір аналарын жақсы көретіндер тұрып, орындарымен ауыссын». Қатысушылардың барлығы тұрған кезде біреуінің орнына тез ауысып отырып алады. Кім орынсыз қалады, сол жүргізуші болады. Тәрбиеші ойын ережесімен таныстырады: «Орындарын ауыстыру кезінде оң және сол жағындағы көршісінің орындықтарын қолдануға болмайды. Жүргізуші толығымен өтінішін айтып алуы керек». Ойын өткізуде балалар қиналған кезде тәрбиеші олардың өтініштерін анықтауға көмектеседі.