Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
білім беру саласы бша ойындар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.1 Кб
Скачать

«Суретшілер» ойыны

Мақсаты: қиялды, шығармашылықты дамыту.

Барысы: Балаларға әдемі гүлдің суретін салуды ұсынады. Ол үшін кез келген бейнелеу материалдары қолданылады. Жұмыс аяқтағанда балалардың сурет көрмесі ұйымдастырылады.

«Кім қай вагонда кетіп барады?» ойыны

Мақсаты: балалардың түстердің түрлі-түсті реңктері туралы білімдерін нығайту. Логикалық ойлау мен зейінді дамыту.

Барысы: Тәрбиеші ойынға арнап кемпірқосақ түстерімен әшекейленген паравоздар дайындайды, вагондар – қызғылт сары, көгілдір, күлгін, сары, жасыл, қызыл, көк. Адамдардың киімдері – 4-уі сары, 4-уі қызыл, 5-уі көк және 1-уі ақ түсті.

Балалардың міндеті – адамдарды түс гаммаларын ескеріп, вагондарға отырғызу керек. Әрбір вагонда екі адамнан болуы керек.

«Әлеумет» білім беру саласы

«Әлеуметтік орта» білім беру саласында танымдық құзыреттілік жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттеріне негізделген, адамдық құндылық, дәстүр мен ережелерге, әлеуметтік-мәдени тәжірибелерге танымдық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған.

«Не өзгерді?» ойыны

Мақсаты: көріп есте сақтауды, қабылдауды дамыту, бақылағыштықты жаттықтыру.

Барысы: Барлық балалар сапқа бір-бірден тұрады. Тәрбиеші бір баланы шақырып, әрбір баланың қандай да бір ерекше жағын есте сақтауын сұрайды. Оған 1-2 минут уақыт беріледі. Уақыт өткен соң бала теріс бұрылып тұрады. Қалған қатысушылар орындарын ауыстырулары, тұрысын өзгертулері, сыртқы келбеттеріне өзгеріс (костюмнің түймесін түймелеп немесе шешіп қояды, шаш үлгісін өзгертеді, қыздар шаштарын жинап немесе жайып қоюларына болады және т.б.) енгізулері мүмкін. Есіне сақтап тұрған бала байқаған өзгерістерін атауы керек.

«Жадыңда сақтап көрші» ойыны

Мақсаты: көріп есте сақтауды, зейін көлемін, байқағыштықты дамыту.

Барысы: Тәрбиеші баланың алдына 10 түрлі заттарды қояды және оларды орналасу реті бойынша есте сақтауды ұсынады. Содан кейін балаға теріс бұрылып тұруын өтінеді. Сол кезде тәрбиеші заттардың орналасу ретін өзгертеді, баладан не өзгергені туралы айтып беруін сұрайды.

ІІ нұсқа

Әртүрлі заттар бейнеленген суреттерді ұсынуға болады. Екі минут ішінде осы суреттерді есте сақтауды сұрайды, кейін кейбір суреттерді алып тастап, қай сурет жоқ екенін атап беруін сұрайды.

«Көңіл-күй» ойыны

Мақсаты: адамның эмоционалды көңіл-күйін анықтауға үйрету.

Барысы: Тәрбиеші белгілі бір көңіл-күйдегі адамды атайды, мұндай адамдардың айналадағыларға қандай қатысы барлығын анықтауды сұрайды. Мысалы, тәрбиеші:

- Көңілді адам айналасындағы адамдар үшін не істей алады? - деп сұрайды:

Балалар:

- Адамдардың көңіл-күйін көтереді, күлдіреді, әзілдейді, - деп жауап береді.

«Еркелетіп ата» ойыны

Мақсаты: құрбыларына еркелету сөздерін айтуға үйрету.

Барысы: Тәрбиеші балаларға шеңбер бойына тұруды және оларды үйде қалай еркелетіп атайтынын еске түсірулерін сұрайды. Ойын ережесін түсіндіреді: «Қазір бір-бірімізге доп лақтырамыз. Доп ұстаған бала өзін еркелететін есімдерін атайды».

«Тек жақсыны ұстап ал» ойыны

Мақсаты: ойлауды, мінез-құлық қасиеттерін тани білуді дамыту.

Барысы: Балалар тәрбиешінің айналасына шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші әрбір балаға қандай да бір қасиеттерді атап, допты лақтырады. Бала допты жақсы (мейрімділік, жомарттық, зейінділік, ұқыптылық, шынайылық және т.б.) қасиеттерді атағанда қағып алады және тәрбиешіге ілгері бір қадам жасайды. Егер бала кездейсоқ «жаман қасиетті қағып алса» (өтірікші, зияндкес, қомағайлық, ашу, немқұрайлылық, шыдамсыздық, күдікшілдік және т.б.), бір қадам кейін шегінеді. Педагогқа кім бірінші болып жетсе, сол жеңімпаз атанады.