- •«Балдырған» бөбекжай балабақшасы балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындар, ойын тапсырмалары және жаттығулар
- •«Денсаулық» білім беру саласы
- •«Қайтала» ойыны
- •«Ханзада орманда келе жатты» ойын жаттығуы
- •«Көгалда» ойын жаттығуы
- •«Екі және үш» ойыны
- •«Өткелден өту» сахналау ойыны
- •«Кесте құра» сахналау ойыны
- •«Анам мені «ұрды» жаттығуы
- •«Сезім мүшелері» ойыны
- •Би терапиясы «Дене джазы»
- •«Доп кімде?» ойыны
- •«Оң және сол» ойыны
- •«Қауіпті – қауіпті емес» ойыны
- •«Ас қорыту мүшелеріне көмектесейік» ойыны
- •«Шаршауды басу» ойын жаттығуы
- •«Бағдаршам» ойыны
- •«Бір-бірімізбен сәлемдесейік» ойыны
- •«Бірге адымдайық» ойыны
- •«Мысық» ойыны
- •«Біз аңшылармыз» ойыны
- •«Коммуникация» білім беру саласы
- •«Мені кім шақырды?» ойыны
- •«Айырмашылығын тап» ойыны
- •«Жұбыңды таңда» ойыны
- •«Кім есінде көп сақтайды?» ойыны
- •«Суретке сәйкес жұбын таңда» ойыны
- •«Басқаша айт» ойыны
- •«Сөйлемді толықтыр» ойыны
- •«Сөйлем ойластыр» ойыны
- •«Дүкен» ойыны
- •«Ұқсас сөздер» ойыны
- •«Сиқырлы дыбыстар» ойыны
- •«Пішіннің суретін сал» ойыны
- •«Бір-біріңе арқаларыңмен тұр» жаттығуы
- •«Сыпайы болу» жаттығуы
- •«Тәтті ертегі» ойыны
- •«Бірізді суреттер» ойыны
- •«Керісінше айт» ойыны
- •«Сөйлем құрастыр» ойыны
- •«Қиылып алынған суреттер» ойыны
- •«Алақанымызды ұрамыз» ойыны
- •«Үшіншісі артық» ойыны
- •«Заттарды тап» ойыны
- •«Құлыпты аш» ойыны
- •«Дүкен» ойыны
- •«Кім көп біледі» ойыны
- •«Жауап берші» ойыны
- •«Ең бастысы» ойыны
- •«Түрлі түсті заттар» ойыны
- •«Ұқсастықты тап» ойыны
- •«Кімге не қажет?» ойыны
- •«Кім байқампаз» ойыны
- •«Сәттілік дөңгелегі» ойыны
- •«Кім не жейді» ойыны
- •«Суреттерді құрастыр» ойыны
- •«Кім ұшады» ойыны
- •«Артық сөздерді алып тастау» ойыны
- •«Ұқсастықты тап» ойыны
- •«Суреттерді жандандыру» ойыны
- •«Ертегі құрастыру» ойыны
- •«Пиктограмма» ойыны
- •«Сиқырлы гүл – жетігүл» ойыны
- •«Өз биіңді ойлап шығар» ойыны
- •«Құрылысшылар» ойыны
- •«Келісілген әрекеттер» ойыны
- •«Кемпірқосақтың түсі» ойыны
- •«Сүйікті ертегінің кейіпкері» ойыны
- •«Әдемі пішіндер» ойыны
- •«Қиялшылдар» ойыны
- •«Жеті лақ және қасқыр» сахналау ойыны
- •«Болашаққа саяхат» ойыны
- •«Өткенге саяхат» ойыны
- •«Болашақта кім боласың?» ойыны
- •«Ергежейлер қонаққа келді» ойыны
- •«Суретшілер» ойыны
- •«Әлеумет» білім беру саласы
- •«Не өзгерді?» ойыны
- •«Жадыңда сақтап көрші» ойыны
- •«Көңіл-күй» ойыны
- •«Еркелетіп ата» ойыны
- •«Тек жақсыны ұстап ал» ойыны
- •«Көбелек» ойыны
- •«Мақтау» ойыны
- •«Мені таны» ойыны
- •«Мен қалай істер едім» ойыны
- •«Мейірімділік, батылдық, сыпайылық» ойыны
- •«Жанды пішіндер» ойыны
- •«Бізге сиқыршылар қонаққа келді» ойыны
- •«Басқаға тапсыр» ойыны
- •«Қане, сөйлесейік» ойыны
- •«Қарбалас телефон» ойыны
- •«Теледидар» ойыны
- •«Менің өтінішімді орында» ойыны
- •«Мен не істер едім» ойыны
- •«Менің сезімдерім» ойыны
- •«Сиқырлы таяқша» ойыны
«Келісілген әрекеттер» ойыны
Мақсаты: қиялды, түрлі әрекеттерге еліктеу қабілетін дамыту.
Барысы: Балалар жұптарға бөлініп, түрлі қимылдарды көрсетуі керек:
- арамен ағаш кесу;
- қайық есу;
- жіп орау;
- арқан тарту;
- хрусталь құмыраны бір-біріне беру;
- жұптасып билеу.
«Кемпірқосақтың түсі» ойыны
Мақсаты: ойлауды, нұсқа бойынша заттардың түсін ажыратып, атай білуді дамыту, табиғатқа танымдық қызығушылықты қалыптастыру.
Барысы: Тәрбиеші балаларға түрлі түсті жеті (қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін түсті) дөңгелек пішіндерді таратады, содан кейін балаларға көкөністер, жемістер, ойыншықтар, жануарлар бейнелерін көрсетеді. «Ойыншық қандай түсті?» сұрағына балалар қажетті түсті дөңгелек пішінді көрсетеді. Соңында кемпірқосақтың бейнесі көрсетіледі және балалар бірден барлық түстерді көрсетулері керек.
«Сүйікті ертегінің кейіпкері» ойыны
Мақсаты: шығармашылық белсенділікті, ым-ишара, бет әлпеттің көмегімен ертегі кейіпкерінің бейнесін сомдау іскерлігін дамыту.
Барысы: Тәрбиеші балаларға әртіс болып ойнауды ұсынады. Балалар шеңбер болып тұрады да, өздеріне ұнайтын ертегі кейіпкерлерін сомдайды.
ІІ нұсқа
Тәрбиеші ұсынған ертегі кейіпкерлерін көрсетуді ұсынады, көңілді Алдар Көсе, зұлым Мыстан кемпір және т.б. сияқты кейіпкерлерді келтірулерін сұрайды.
«Әдемі пішіндер» ойыны
Мақсаты: баланың шығармашылық іздену іс-әрекетін белсендіру, фантазиясын, геометриялық пішіндерден түрлі бейнелер құрай білуді дамыту.
Барысы: Ойын үшін алдын ала геометриялық пішіндер жинағы дайындалады. Тәрбиешілер балаларға геометриялық пішіндерден түрлі заттар бейнесін жасауды сұрайды, мысалы, геометриялық пішіннен жануар бейнесін жасайды.
ІІ нұсқа
Геометриялық пішіндерді қолдану кезінде шектеу қойып, тапсырманы күрделендіруге болады, мысалы, тек шеңбер немесе төртбұрышты ғана қолданып бейне жасау.
«Бұл шын ба, әлде жоқ па?» ойыны
Мақсаты: фантазияны, қиялды дамыту, сөйлеу қабілетін белсендіру.
Барысы: Тәрбиеші балаларға кезекпен шынайы және өмірде болмайтын жағдайлар берілген бейнелерді көрсетеді, ал балалар «болады» немесе «болмайды» деп жауап береді. Мысықтың велосипедте кетіп бара жатқаны, адамның атта шауып бара жатқаны, аюдың коньки теуіп жүргені, машинаның аспанда ұшып жүргені, қыз баланың кітап оқып отырғаны, түлкінің ағаш басында отырғаны туралы және т.б. суреттерді көрсетуге болады.
Содан кейін тәрбиеші балаларға осы суреттер бойынша оқиға құрастыруларын сұрайды.
«Қиялшылдар» ойыны
Мақсаты: қиялды, шығармашылық қиялды, тұтас мәтінді мағыналы есте сақтап және қайта жаңғыртуды дамыту.
Барысы: Тәрбиеші балаларды топтарға бөледі және оларға түрлі заттардың бейнесі бар суреттер (3-5) жинағын ұсынады. Бұл заттар түрлі тақырыптарда болуы мүмкін: жануарлар, өсімдіктер, үй тұрмысына қажетті заттар, көлік түрлері, техникалық құралдар және т.б. Балалар осы суреттерді қолданып, ертегі немесе әңгіме құрастырады, ал сосын әрбір топ өз оқиғаларын айтып береді.
