Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
білім беру саласы бша ойындар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.1 Кб
Скачать

«Суреттерді жандандыру» ойыны

Мақсаты: қиялды, шығармашылық ойлауды, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Барысы: тәрбиеші балаларға геометриялық пішіндердің суреті салынған парақтарды таратады. Балалардың міндеті бөлшектерден сурет құрастырып салу.

«Ертегі құрастыру» ойыны

Мақсаты: логикалық ойлауын, қиялын, фантазиясын, ойша тек жеке заттарды емес, сонымен қоса толық мәтінді есте сақтау іскерлігін дамыту.

Барысы: Тәрбиеші балаларға өз ертегісін құрастыруды сұрайды. Алдымен ойыншылар ертегі тақырыбын ойлап табады, негізгі кейіпкерлерді және олардың сипаттамаларын таңдайды. Бірнеше уақыт өткен соң ойыншылар бір-бірлеріне өз ертегілерін әңгімелеп береді, олар талқыланады және бағаланады. Аса жүйелі, нақты және өзінше құрастырылған оқиға жоғары баға алады.

ІІ нұсқа

Ойынның барлық қатысушылары аяқталмаған бейне суреті салынған парақ беттерін алады, онда әртүрлі сынық сызықтар және геометриялық пішіндер салынған. Әрбір қатысушы аяқталмаған суреттерді тапсырма тақырыбына сай (мысалы, ертегідегі қарғаны) аяқтап салулары керек, содан кейін сол бойынша ертегі оқиғасын ойлап табады. Содан соң барлығы бірге суреттерді қарайды, оқиғаны тыңдайды және толықтырып және өзінше оқиғаны анықтайды.

Ойынның тақырыбын өзгерту ұсынылады: «Сиқырлы алаң», «Жер асты патшалығы» немесе «Ертегідегі ғарыш кемесі» және т.б. атауға болады.

«Пиктограмма» ойыны

Мақсаты: есте сақтауды, фантазияны дамыту.

Барысы: Тәрбиеші балаға суреттің көмегімен сөздерді есте сақтауды ұсынады. Бала есте сақтауға берілген әрбір сөздің сызба суретін салуы керек, себебі оған қарап сөздерді есіне түсіреді. Ересектер 5-7 қарапайым сөз немесе сөз тіркесін айтады, мысалы: «қызықты ойын», «жазалау», «шаттық» және т.б.

Бала әрбір айтылған сөзден кейін оның суретін салады. Барлық суреттер салынып аяқталған соң, ересек адам қандай сөздер айтқанын баладан сұрайды. Егер 5-7 сөз бала үшін көп болса, онда ойынды 2-3 сөзден бастап, біртіндеп олардың санын көбейтуге болады.

«Сиқырлы гүл – жетігүл» ойыны

Мақсаты: ойлауды дамыту, заттың түсін анықтауды және атауды үйрету.

Барысы: Тәрбиеші балаларға жеті жапырақтан тұратын гүлді көрсетіп, түстерін атауды сұрайды. Содан кейін балалар «гүл - жетігүл» жапырақтарының түстес заттарды атайды. Кім соңғы затты атаған болса, сол ойынды аяқтайды.

«Өз биіңді ойлап шығар» ойыны

Мақсаты: фантазияны, дене әсемдігі мен иілгіштігін дамыту, бұлшық етке түсетін күшті азайту, эмоционалды деңгейде өзін көрсете алуды ынталандыру.

Барысы: Тәрбиеші шеңбер ортасына тұрады. Ол ән ырғағымен бірнеше би қимылдарын орындайды. Балалар оның қимылдарын қайталайды. Содан кейін ол кез келген баланың бірін түртеді, ол шеңбер ортасына шығып, өз биін көрсетеді, ары қарай солай жалғасады.

«Құрылысшылар» ойыны

Мақсаты: эмоционалды-коммуникативті саланы, ойлауды, қиялды, түрлі қимылға еліктеу қабілетін дамыту.

Барысы: Балалар бір сызық бойына тұрады. Тәрбиеші оларға ойын ойнауды, түрлі қимылдарды денесі және бет-әлпетімен елестетуді, көрсетуді ұсынады, ең алдымен жанында тұрған балаға тапсырма береді:

- ауыр цементі бар шелек;

- жеңіл қылқалам;

- кірпіш;

- үлкен ауыр тақтай;

- шегелер;

- балға.

Педагог дене тұрысын, бұлшық еттерге түсетін күшті және «құрылысшылардың» ауырлық пен көлемді бет-әлпетімен көрсетуін қадағалайды.