- •«Балдырған» бөбекжай балабақшасы балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындар, ойын тапсырмалары және жаттығулар
- •«Денсаулық» білім беру саласы
- •«Қайтала» ойыны
- •«Ханзада орманда келе жатты» ойын жаттығуы
- •«Көгалда» ойын жаттығуы
- •«Екі және үш» ойыны
- •«Өткелден өту» сахналау ойыны
- •«Кесте құра» сахналау ойыны
- •«Анам мені «ұрды» жаттығуы
- •«Сезім мүшелері» ойыны
- •Би терапиясы «Дене джазы»
- •«Доп кімде?» ойыны
- •«Оң және сол» ойыны
- •«Қауіпті – қауіпті емес» ойыны
- •«Ас қорыту мүшелеріне көмектесейік» ойыны
- •«Шаршауды басу» ойын жаттығуы
- •«Бағдаршам» ойыны
- •«Бір-бірімізбен сәлемдесейік» ойыны
- •«Бірге адымдайық» ойыны
- •«Мысық» ойыны
- •«Біз аңшылармыз» ойыны
- •«Коммуникация» білім беру саласы
- •«Мені кім шақырды?» ойыны
- •«Айырмашылығын тап» ойыны
- •«Жұбыңды таңда» ойыны
- •«Кім есінде көп сақтайды?» ойыны
- •«Суретке сәйкес жұбын таңда» ойыны
- •«Басқаша айт» ойыны
- •«Сөйлемді толықтыр» ойыны
- •«Сөйлем ойластыр» ойыны
- •«Дүкен» ойыны
- •«Ұқсас сөздер» ойыны
- •«Сиқырлы дыбыстар» ойыны
- •«Пішіннің суретін сал» ойыны
- •«Бір-біріңе арқаларыңмен тұр» жаттығуы
- •«Сыпайы болу» жаттығуы
- •«Тәтті ертегі» ойыны
- •«Бірізді суреттер» ойыны
- •«Керісінше айт» ойыны
- •«Сөйлем құрастыр» ойыны
- •«Қиылып алынған суреттер» ойыны
- •«Алақанымызды ұрамыз» ойыны
- •«Үшіншісі артық» ойыны
- •«Заттарды тап» ойыны
- •«Құлыпты аш» ойыны
- •«Дүкен» ойыны
- •«Кім көп біледі» ойыны
- •«Жауап берші» ойыны
- •«Ең бастысы» ойыны
- •«Түрлі түсті заттар» ойыны
- •«Ұқсастықты тап» ойыны
- •«Кімге не қажет?» ойыны
- •«Кім байқампаз» ойыны
- •«Сәттілік дөңгелегі» ойыны
- •«Кім не жейді» ойыны
- •«Суреттерді құрастыр» ойыны
- •«Кім ұшады» ойыны
- •«Артық сөздерді алып тастау» ойыны
- •«Ұқсастықты тап» ойыны
- •«Суреттерді жандандыру» ойыны
- •«Ертегі құрастыру» ойыны
- •«Пиктограмма» ойыны
- •«Сиқырлы гүл – жетігүл» ойыны
- •«Өз биіңді ойлап шығар» ойыны
- •«Құрылысшылар» ойыны
- •«Келісілген әрекеттер» ойыны
- •«Кемпірқосақтың түсі» ойыны
- •«Сүйікті ертегінің кейіпкері» ойыны
- •«Әдемі пішіндер» ойыны
- •«Қиялшылдар» ойыны
- •«Жеті лақ және қасқыр» сахналау ойыны
- •«Болашаққа саяхат» ойыны
- •«Өткенге саяхат» ойыны
- •«Болашақта кім боласың?» ойыны
- •«Ергежейлер қонаққа келді» ойыны
- •«Суретшілер» ойыны
- •«Әлеумет» білім беру саласы
- •«Не өзгерді?» ойыны
- •«Жадыңда сақтап көрші» ойыны
- •«Көңіл-күй» ойыны
- •«Еркелетіп ата» ойыны
- •«Тек жақсыны ұстап ал» ойыны
- •«Көбелек» ойыны
- •«Мақтау» ойыны
- •«Мені таны» ойыны
- •«Мен қалай істер едім» ойыны
- •«Мейірімділік, батылдық, сыпайылық» ойыны
- •«Жанды пішіндер» ойыны
- •«Бізге сиқыршылар қонаққа келді» ойыны
- •«Басқаға тапсыр» ойыны
- •«Қане, сөйлесейік» ойыны
- •«Қарбалас телефон» ойыны
- •«Теледидар» ойыны
- •«Менің өтінішімді орында» ойыны
- •«Мен не істер едім» ойыны
- •«Менің сезімдерім» ойыны
- •«Сиқырлы таяқша» ойыны
«Балдырған» бөбекжай балабақшасы балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындар, ойын тапсырмалары және жаттығулар
М.Э.Исабекова
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ОЙЫНДАР, ОЙЫН ТАПСЫРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАР
Барлық ойын, ойын тапсырмалары және жаттығулар білім беру салалары бойынша шамалап бөлінген. Білім беру салалары бойынша ойын, ойын тапсырмалары және жаттығуларды нақты бөлу қарастырылмаған, себебі бір ойынды бірнеше білім беру салаларына жатқызуға болады. Циклограмманы жоспарлау барысында тәрбиешілерге ойындарды өз қалауы бойынша бөліп қолдану құқығы ұсынылады.
Әрбір ойын сипаттамасына: мақсаты, қажетті құрал-жабдықтар, ойын барысы кіреді. Қажет болған жағдайда педагогтар ойындарды өткізу мақсаттарын, құрал-жабдықтарын, ойын барысын түрлендіруге, балалардың мүмкіндігіне қарай ойын материалының көлемін ұлғайтуға немесе қысқартуға; материалды ұсынудың ауызша, көрнекі түрін таңдауға (заттар, суреттер, таблицалар және т.с.с.) болады.
Педагогтың міндеті - баланың танымдық белсенділігін ынталандыру, топ балаларынан алшақтағысы келетін балаларды ойынға араластыру.
«Денсаулық» білім беру саласы
«Денсаулық» білім беру саласында танымдық құзыреттілікті қалыптастыру өз денсаулығына және салауатты өмір салтының негіздеріне деген саналы қатынасты тәрбиелеуге бағытталған.
«Қайтала» ойыны
Мақсаты: қимыл-қозғалысты, бақылағыштықты дамыту.
Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше қимыл-қозғалыстарды көрсетеді, балалар оларды қайталайды, осыдан кейін топтан бір бала шығып, өз қимылдарын көрсетеді, ал басқа балалар оны қайталайды.
«Ханзада орманда келе жатты» ойын жаттығуы
Мақсаты: қимыл-қозғалыс және сөйлеу белсенділігін, дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын дамыту.
Барысы: Тәрбиеші балаларға ойын жаттығуын орындауды ұсынады, мұнда сөздерді қимыл-қозғалыспен үйлестіру керек.
Ханзада орманда келе жатты (орнында аяқтың ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - жұдырық түйеді, оң аяқпен адымдағанда – жұдырықты жазады).
Хан қызын жолықтырды, жолықтырды (орнында аяқ ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа шапалақ ұрады, оң аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа алақанмен шапалақ ұрады).
Кел, екеуміз секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; алдыңғы жаққа шапалақ ұрады).
Тағы бір секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; алдыңғы жаққа шапалақ ұрады).
Қолымызбен шапалақ ұрайық, шапалақ ұрайық (орнында аяқ ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа шапалақ ұрады, оң аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа алақанмен шапалақ ұрады).
Аяқпен тарсылдатайық, тарсылдатайық (орнында 6 қадам жасап, әрбір қадамға шапалақ ұрады).
