- •2.Топырақтың органикалық және минералды бөлігі
- •5.Топырактын тимди кунарлыгын арттыруда топырактагы химиялык жане биологиялык процесстердин манызыы.
- •6.Топырақтың сіңіру қабілетінің түрлері және өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануға олардың рөлі.
- •10.Өсимдик коректенуи ушин n p k манызы
- •16. N. P. K мен қамтамасыз етілуіне қарай топырақтардың жіктелуі.
- •15. N. P. K қосылыстарының қандай түрлері топырақтың осы элементтерімен қамтамасыз етілуінің диагностикалық көрсеткіштері болып табылады?
- •14. Топырақтың қоректік құбылымына агротехникалық және климаттық жағдайлардың әсері
- •13. Солтүстік қазақстанда калий құбылымының ерекшеліктері
- •11. Топырақ құрамындағы n p k қосылыстарының мөлшері мен түрлері және олардың айналымы.
11. Топырақ құрамындағы n p k қосылыстарының мөлшері мен түрлері және олардың айналымы.
Топырақта азоттың жалпы мөлшері оның құрамындағы органикалық зат мөлшері, яғни қарашірінді мөлшеріне байланысты. Топырақтағы азоттың үлесіне қарашіріндінің 1/20 немесе 5% ғана тиеді. Топырақта азот органикалық және минералды бөліктерден тұрады.
Топырақта азоттың жалпы мөлшері жоғары болғанымен өсімдіктер азотты минералды түрінде сіңіреді (аммоний, нитрат түрінде). Сондықтан өсімдіктердің минералды азотпен қамтамасыз етілуі топырақтағы органикалық зат мөлшері мен оның ыдырау жылдамдығына байланысты болады.
Топырақтағы органикалық заттардың ыдырауы мына сұлба бойынша жүреді: белоктар, гуминді заттар → амин қышқылдары, амидтер → аммиак → нитриттер → нитраттар.
Әуелі белоктар мен гуминді заттар амин қышқылдарына және амидтерге ыдырайды, олардан аммиак бөлініп шығады. Топырақтың азоттық органикалық заттардың аммиакқа дейін ыдырауы аммонификация құбылысы болып табылады.
Топырақтағы фосфор мөлшері оның механикалық құрамы мен органикалық заттардың қорына байланысты, 0,01-0,2% аралығында болады. Топырақтың үстіңгі қабатында төменгі қабатқа қарағанда фосфор көп кездеседі. Бірақта топырақтағы жалпы фосфор қорының аз бөлігі ғана өсімдікке сіңімді түрде болады. Сондықтан фосфордың жалпы мөлшері, бұл элементпен өсімдіктің қамтамасыз етілу дәрежесін білдірмейді.
Органикалық фосфаттар негізінен, топырақтың қара шіріндісінде шоғырланған. Орманды далалық аймақ топырақтарының қара шіріндісінде 1,78-2,46%, қуатты қара топырақ шіріндісінде 0,81-1,25%, кәдімгі қара топырақ қара шірінді құрамында 0,90-1,27%, сілтісізденген қара топырақ қара шіріндісінде 1,10-1,43%, ал қара қоңыр топырақ шіріндісінде 0,97-1,30% фосфор болады.
Калийдің жалпы мөлшері топырақтың механикалық құрамына байланысты. Саз, саздақ топырақтарда оның мөлшері 2-3%-ға дейін жетеді. Құм, құмдақ топырақта едәуір аз (0,1-0,5%) болады. Калийдің жалпы қоры топырақтың жыртылатын қабатында азоттан 5-50 есе, фосфордан 8-40 есе көп.
