Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
16-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.72 Кб
Скачать

10.Өсимдик коректенуи ушин n p k манызы

Азот. Азот өсімдік тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Азот барлық белок құрамына кіреді. Белок құрамында азоттың мөлшері 16-18 % болады. Белок - тіршіліктің негізі, сондықтан «азотсыз белок жоқ және белоксыз өмір жоқ» деп айтуымызға болады. Азот нуклеин қышқылдарының (РНК мен ДНК), хлорофилл құрамына кіреді. Сонымен қатар азот фосфатидтер, алкалоидтер, кейбір витаминдер мен ферменттер құрамында болады.Өсімдіктер құрамында орта есеппен азот мөлшері 1-3 % болады. Бірақ оның мөлшері өсімдікті өсіру ортасына, олардың сорттарының ерекшеліктеріне, қолданылатын агротехникалық шараларға қарай күшті өзгеріп отырады. Азотпен қоректену жағдайлары өсімдіктердің өсіп-дамуына күшті әсер етеді. Өсімдіктер азотпен дұрыс қоректенсе белок заттардың синтезделуі, клейковина (дән маңызы) мөлшері артады, ағзаның (организмнің) өмір сүру қабілетттілігі күшейеді және ұзаққа созылады, жапырақтардың өсуі жақсарады және олардың қартаюі баяулайды. Өсімдікте қуатты сабақтар мен жапырақтар пайда болады, олар күшті-жасыл түске ие болады, жақсы өседі және түптенеді, репродуктивтік мүшелердің қалыптасуы мен дамуы жақсарады. Өның нәтижесінде өнім және өнімдегі белок мөлшері күрт артады.Егер азот жетіспесе өсімдіктің өсуі күшті нашарлайды. Ұсақ жапырақтар пайда болады, олардың түсі ашық-жасыл болып, тез сарғаяды, сабақтары жіңішкеріп, әлсіз бұтақтанады. Астық дақылдарының түптенуі, репродуктивтік мүшелердің қалыптасуы мен дамуы  және дән толысуы нашарлайды.Азоттың артықтығы өсімдіктің пісуін кешіктіреді, тамырдың жайылып өсуіне себеп болады, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына (суыққа, құрғақшылыққа) төзімділігін төмендетеді, өнім сапасын нашарлатады, яғни қант, крахмал, дәрумендер (витаминдер) мөлшерін төмендетеді, керісінше адам мен жануарлар үшін зиянды нитраттардың мөлшерлерін арттырады, жемістер мен көкөністердің сақталғыштығын төмендетеді.

Фосфор. Фосфор өсімдік тіршілігіне аса қажетті элементтің бірі болып табылады. Фосфор өсімдікте нуклеин қышқылдары (РНК және ДНК), нуклеопротеидтер, фосфатидтер, қантфосфаттар, фитин, ферменттер мен дәрумендер құрамына кіреді. Сонымен қатар фосфор өсімдік ағзасында энергияны бір жерге жинақтайтын кейбір органикалық қосылыстар, мысалы, АТФ, АДФ құрамына кіреді. Аз мөлшерде фосфор өсімдікте минералды тұздар түрінде кездеседі. Фосфор өсімдікте жүретін түрлі зат алмасу және биосинтез үрдістеріне қатысады.Фосфор жеткілікті болған жағдайда өсімдіктер тез өсіп-жетіледі, өнім артады және оның сапасы едәуір жақсарады. Фосфор өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуын күшейтеді. Ол тамырлардың терең бойлап өсуіне себеп болады. Фосфор әсерінен астық дақылдарының дән салмағы, масақтың дәнділігі артады, ал көкөніс және техникалық дақылдардың сапасы жақсарады, мысалы, қант қызылшасының қанты, картоп түйнегінің крахмалы, зығыр талшығының беріктігі артады. Фосфор күздік дақылдардың суыққа, дәнді дақылдардың құрғақшылыққа төзімділігін арттырады, ылғалды үнемдеп жұмсауға көмектеседі.Өсімдік тіршілігінің бастапқы кезеңінде және өсімдік дами бастаған мерзімде фосфордың маңызы үлкен. Осы уақыттағы фосфордың жетіспеуі өсімдіктің бүкіл өсу кезеңіне үлкен кедергі жасайды.Фосфор жеткіліксіз болса, өсімдіктің пісуі кешеуілдейді және бәрі бір мезгілде тегіс піспейді, ауа райының қолайсыз жағдайына төзімділігі төмендейді, өнімнің сапасы нашарлайды. Егер фосфор аса жетіспесе өсімдіктің сабағы мен жапырақтарының өсуі баяулайды, тұқым салмайды. Өсімдіктің жапырақтарының шеттері ширатылады, жапырақтарда күрең теңбілдер пайда болады, сабақтар күлгін түске бояланады.

Калий. Өсімдіктер тіршілігі үшін аса қажетті элементтер қатарына жатады. Калий өсімдікте ион түрінде болады, ол органикалық қосылыстар құрамына кірмейді. Негізінен калий цитоплазма мен вакуоляларда, ал ядро ішінде болмайды.

Калий өсімдіктің жас мүшелерінде көбірек болады, әсіресе өсімдік тозаңында. Егер азот пен фосфор дәнде көп болса, калий дәнді дақылдардың сабанында көбірек кездеседі. Орта есеппен астық дақылдарының дәнінде калий мөлшері 0,5-0,6 %, сабанында 1-2% болады. Әр алуан ауыл шаруашылығы дақылдар калийді әр түрлі сіңіреді. Калийді көп қажет етеді жеміс-жидекті дақылдар, қант қызылшасы, қырыққабат, тамыржемістілер, картоп, беде, жоңышқа, күнбағыс, қара құмық, дәндібұршақ дақылдары, жүгері. Астық дақылдары анағұрлым азырақ сіңіреді.Өсімдік тіршілігінде калий көптеген үрдістерге қатысады. Фотосинтез үрдісі өсімдіктің калиймен қоректену деңгейіне байланысты. Калий қарапайым және күрделі көмірсулардың синтезделуіне ықпал етіп, жапырақтағы көмірсулардың тамырға жылжуына себепші болады. Сөйтіп қант қызылшасының тамырында қанттың, картоп түйнегінде крахмалдың молаюына көмектеседі.Калий протоплазма коллоидтарының су тартқыштығын арттырып,  өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін күшейтеді. Калий суыққа, қысқа және түрлі саңырауқұлақ пен бактериалды ауруларға төзімділігін арттырады, дәнді дақылдардың сабақтарының қалыңдығын арттырып, олардың жатып қалмауына жағдай жасайды.Калийдің жетіспеуі дақылдардың дамуы мен пісуін кешіктіреді, дәннің солғындығын тудырады, тұқымның өнгіштігі мен тіршілікке қабілеттілігі төмендейді, өнім сапасы нашарлайды. Өсімдіктер әр түрлі аурулармен тез зақымданады, өнім сақталғыштығы нашарлайды. Жапырақтардың шеттері күреңденеді. Жапырақтар «күйген» жыртылған түрге ие болады, оларда тат түсті дақтар пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]