Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері
Жасушалар өсіп-өніп көбеюі, тіршілігін жоғалтқанда жасушалардың орнын толтыру үшін олардың тектік құралдарындағы ақпарат бойынша ДНҚ, РНҚ, нәруіздар түзіліп тұруы керек . ал , қартайған организмдерде олардың түзілуі , жасушалардың жаңаруы қатты азаяды. Оның себебін жасушалардың қабықтарындағы қанықпаған май қышқылдарының асқын тотығуға ілігіп кетуімен түсіндіруге болады. Қартаю кезінде байқалатын созылмалы гипоксияның, ойсоққылық жағдайлардың т.б нәтижелерінде , ферменттік және ферменттік емес антиоксиданттық жүйелердің тапшылығы дамып ішкі ағзалар мен тіндердің жасушалары мен олардың ішіндегі құрылымдардың мембраналарында майлардың асқын тотығуы артып кетеді. Осыдан оларда бос радикалдар , гидлоасқын тотықтар жиналып қалады. Бұлардың әсерлерінен жасушалардың ядроларында ДНҚ молекуласының өзгерістері пайда болады, РНҚ, нәруіздардың түзілуі бұзылады. Бұл өз алдына жасушалардың өсіп-өнуіне бөгет жасайды. Сондықтан қартайған организмдерде :
— ферменттердің, нәруыздардың, пептидтікгормондардың, қан жасушаларының аз өндірілуі ;
— микробтарға қарсы антиденелердің аз түзілуі;
— мида жаңа шартты байланыстардың бекімеуі т.с.с көптеген құбылыстар байқалады. Шын мәнінде сүйек кемігінің бағаналы жасушалары мен ішек үңгіршіктерінің жасушалары жас ұлғаюына қарай азаятыны белгілі.
Тағы бір назар аударатын жай-ол жасушалардың екіге бөлініп өсіп-өнуі екі қарама қарсы реттеуші ықпалдардың қатысуымен болады. Олардың біріншісі жасушалардың бөлініп көбеюін арттыратын цитокиндер ( әр түрлі өсу факторлары) , екіншісі оны тежейтін –цитокидер. Қартаю кезінде бұлардың екеуінің де өндірілуі азаяды. Сонымен бірге , бөлінетін жасушалардың бұл цитокиндерге сезімталдығы төмендейді. Осыдан жасушалардың өсіп-өніп кетуі де мүмкін . Қарттарда өспелердің жиі дамуында осы келтірілген құбылыс маңызды болуы ықтимал.
Жалпы қарттардың барлық жасушаларында көптеген құрылымдқ және функциялық өзгерістер байқалады. Жасушалардың ядросының құрылымы өзгереді, митохондтиялардың көлемі үлкейіп, құрылымы бұзылады, нәруыз түзетін рибосомалары азаяды, лизосомалары көбейеді, плазмолеммалары қалыңдайды. Бұндай жасушаларда жиі қуыстар пайда болады, энергия түзілуі бұзылады. Жасуша сыртындағы мембраналарында рецепторлардың қызметі бұзылудан олардың сезімталдығы көтеріледі немесе төмендейді және жүйкелік-сұйықтық реттелулері бұзылады. Жасушалардың өзара қатынасы мен байланыстары өзгереді. Тіндердегі рецепторлрдың сезімталдығы көтерілуінен кейде тіпті әлсіз, қалыпты жағдайларда әсер етпейтін , қоздырғыштардың әсерлерінен қарттық дерттердің туындауы байқалады.
Мәселен, терінің суық температураны қабылдайтын рецепторларының сезімталдығы көтерілуінен жасы ұлғайған адамдар өте тоңғыш болады, оларда бір жерлерінен жел үрлеп тұрған сияқты сезім қалыптасады.
Қартаю организмнің барлық функцияларының кемуіне әкеледі. Осыдан қоршаған ортаның өзгеріп тұратын ықпалдарына органимнің бейімделу қабілеті шектеледі. Қарт адамдар жиі аурушаң болады. Өйткені организмнің жүйелері мен ішкі ағзаларында, жасушаларында адамның
