- •«Дүниежүзі тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
- •1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
- •2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
- •3. «Дүниежүзі тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 7 сынып.
- •4. Ойлау дағдыларының деңгейі
- •5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
- •6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
- •7. Модерация және балл қою
- •Мысал үлгілері және балл қою кестелері «Дүниежүзі тарихы» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
- •«Дүниежүзі тарихы» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
- •Мысал үлгілері және балл қою кестесі «Дүниежүзі тарихы» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
- •3. Ұлы географиялық ашулардың жағымды және жағымсыз нәтижелерін кестеге толтырыңыз.
- •Балл қою кестесі
- •Мысал үлгілері және балл қою кестелері «Дүниежүзі тарихы» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
- •Балл қою кестесі
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
7-сынып
Мазмұны
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. «Дүниежүзі тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 7 сынып. 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 4
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
7. Модерация және балл қою 5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 10
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 16
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 21
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «Дүниежүзі тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 7 сынып.
Білім алушы:
Білу
- орта ғасырлар тарихының кезеңдерін және оқиғалардың хронологиясын білу;
- тарихи тұлғаларды білу;
Түсіну
- мемлекеттердің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына тән ерекшеліктерді түсіну;
- тарихи ұғымдарды түсіну;
- тарихи картаны қолдану арқылы саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді түсіну;
Қолдану
- әр түрлі тарихи дереккөздерді қолдану;
- ортағасырлық мемлекеттердің аумағын саяси картада көрсетеді;
- ортағасырлық тайпалардың миграциялық бағыттарын көрсетеді;
- этноәлеуметтік құрылымын анықтайды;
- тарихи оқиғалардың байланысын анықтайды;
Талдау
- дереккөздегі маңызды ақпаратты талдайды;
- мемлекеттердің құрылуына әсер еткен факторларды талдайды;
- тарихи оқиғалардың, құбылыстардың және үдерістердің себеп-салдарын және сабақтастығын талдайды;
Жинақтау
- тарихи оқиғалар, құбылыстар және үдерістердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жинақтайды;
- ерте және орта ғасырлық мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін жинақтайды;
- тарихи фактілердің маңыздылығын жинақтайды;
- тарихи оқиғалардың себеп-салдарын жинақтайды;
Бағалау
- тарихи оқиғалардың, құбылыстардың және үдерістердің заңдылықтарын бағалайды;
- ортағасырлардағы тарихи тұлғалардың рөліне баға береді;
- тарихи үдерістердің маңызын ашады.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Сипаттама |
Тапсырмалар түрлері |
Білу және түсіну |
Тарихи үдерістердің тұтастығы мен ерекшеліктерін сипаттайтын тарихи фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді, ұғымдарды білу. Орта ғасырдағы тарихи кезеңдерді білу. Маңызды тарихи оқиғаларға қатысты қазіргі зерттеулер мен көзқарастарды білу. |
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар |
Қолдану |
Тарихи картаны қолдану арқылы саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді түсіндіреді. Әр түрлі тарихи дереккөздерді қолданады Этноәлеуметтік құрылымын жіктейді. Тарихи оқиғалардың байланысын анықтайды. Берілген дереккөзге сұрақ құрастырады. |
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар |
Жоғары деңгей дағдылары |
Тарихи құбылыс, оқиға немесе үдерісті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырады және бағалайды; Тарихи дереккөздерді талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды; қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, үдерістің маңыздылығын анықтайды; Тарихи оқиғалардың сабақтастығы мен өзгерістерін уақыт пен кеңістік шеңберінде талдайды және бағалайды. |
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар |
