- •«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы
- •Мазмұны
- •Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
- •Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
- •Модерация және балл қою
- •Жиынтық бағалаудың құрылымы
- •Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
- •Мысал үлгілері және балл қою кестесі
- •Балл қою кестесі
- •Жиынтық бағалаудың құрылымы
- •Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
- •Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
- •Бал қою кестесі
- •Жиынтық бағалаудың құрылымы
- •Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
- •Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
- •Балл қою кестесі
- •Жиынтық бағалаудың құрылымы
- •Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
- •Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
- •Балл қою кестесі
- •010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. E-mail: info@cpm.Kz.
«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы
5-сынып
Мазмұны
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
«Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер 3
Ойлау дағдыларының деңгейі 4
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 4 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
7. Модерация және балл қою 5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 11
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 16
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 21
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
«Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 5 класс
Оқушы:
Білу
ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдерін және оқиғалардың хронологиясын біледі;
тарихи тұлғаларды біледі;
Түсіну
мемлекеттердің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына тән ерекшеліктерді түсінеді;
тарихи ұғымдарды түсінеді;
тарихи картаны қолдану арқылы саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді түсіндіреді;
Қолдану
әр түрлі тарихи дереккөздерді қолдана алады;
ортағасырлық мемлекеттердің аумағын саяси картада көрсету;
ортағасырлық тайпалардың миграциялық бағыттарын көрсету;
Талдау
тарихи оқиғалардың байланысын анықтау;
дереккөздегі маңызды ақпаратты табады;
мемлекеттердің құрылуына әсер еткен факторларды талдайды;
-тарихи оқиғалардың, құбылыстардың және үдерістердің себеп-салдарын және сабақтастығын талдайды;
Жинақтау
тарихи оқиғалар, құбылыстар және үдерістердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады;
алғашқы тайпалық бірлестіктердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін жіктейді;
тарихи фактілердің маңыздылығын жіктейді;
тарихи оқиғалардың себеп-салдарын жинақтайды.
Бағалау
тарихи тұлғалардың рөлін бағалайды;
тарихи үдерістердің маңызын бағалайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларын-ың деңгейі |
Сипаттама |
Тапсырмалар түрлері |
Білу және түсіну |
Тарихи үдерістердің тұтастығы мен ерекшеліктерін сипаттайтын тарихи фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді, ұғымдарды білу. Маңызды тарихи оқиғаларға қатысты қазіргі зерттеулер мен көзқарастарды білу. |
КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар |
Қолдану |
Тарихи картаны қолдану арқылы саяси- экономикалық және әлеуметтік үдерістерді түсіндіреді. Әр түрлі тарихи дереккөздерді қолдана алады. Этноәлеуметтік құрылымын жіктейді. Тарихи оқиғалардың байланысын анықтайды. Берілген дереккөзге сұрақ құрастыра алады. |
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар |
Жоғары деңгей дағдылары |
Тарихи құбылыс, оқиға немесе үдерісті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырады және бағалайды; Тарихи дереккөздерді талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды; қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, үдерістің маңыздылығын анықтайды; Тарихи оқиғалардың сабақтастығы мен өзгерістерін уақыт пен кеңістік шеңберінде талдайды және бағалайды. |
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар |
