1. Қант диабетімен ауыратын науқаста тіндік гипоксияға жалғасатын аурулары болса (анемия, тыныс жетіспеушілігі және т.б.) бигуанидтер қолданғанда келесі жанама әсерді күтуге болады:
кетоацидозды
полиурияның күшеюін
лактацитозды
агранулоцитозды
холестазды сарғаюды
2. Инсулинді тағайындауды абсолютті көрсетпе: 1.І типті қантты диабет; 2.кетоацидоз; 3. қантты төмендететін препараттарға төзімділік; 4.трофикалық жаралар; 5. арықтау
1,2,3,4,5
1,2
2,3,4
1
1,3,4
3. 50 жастағы ер адамды соңғы 3-4 ай аралығында шөлдеу, әлсiздiк, полиурия мазалайды. Об-ті: дене салмағы 106кг, бойы 170см., терісі құрғақ, тырнақ іздері бар, АҚ 14085 мм сын. бағ. Зәр шығаруы жиіленген, ауыру сезімсіз. Гликемиялық профиль: 9,7-14,9-12,3 ммольл.
Көрсетілген дәрілердің келесі тағайындау барынша тиімді:
метформинді
глибенкламидті
орташа әсерлi инсулинді
қысқа әсерлі инсулинді
ұзақ әсерлі инсулин
4. Дене салмағы шамадан тыс артық 60 жастағы ер адамда, гликемияның ашқарындағы деңгейінің жоғарылауы 2 рет анықталған (8,9 және 10,9 ммольл). Емхана эндокринологі алғаш анықталған ІІ типті қант диабеті диагнозын қойған. Патогенездік терапияның мақсаты:
шеткі тіндердің инсулинге сезімталдығын жоғарылату
ішекте глюкозаның сіңірілуін төмендету
экзогенді инсулиннің әсерін күшейту
инсулиндік рецепторлардың сезімталдығын төмендету
Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларының функциясын ынталандыру
5. Қантты диабеттің емінде тамақтан кейін қандағы глюкозаның мақсаттық деңгейін таңдаңыз:
7,8 ммольл төмен
5,5 ммольл төмен
11,1 ммольл төмен
6,0 ммольл төмен
9,8 ммольл төмен
6. Инсулинге келесі әсер механизмі тән:
глюкозаның утилизациясын күшейтеді
аминқышқылдарының утилизациясын күшейтеді
липогенезді тежейді
глюконеогенезді күшейтеді
барлығы тән
7. Келесі жағдайда қантты диабетімен ауыратын науқасқа базальді инсулиннің мөлшерін төмендету қажет:
ашқарынға гликемия жоғарыласа және түнгі гипогликемия болса
түндегі мен ашқарынға гликемия жоғарыласа
тамақтан соң 2 сағаттан кейін гликемия жоғарыласа
препрандиальды гликемия жоғарыласа
жатар алдында гликемия жоғарыласа
8. Әйелдерге кеңес беру емханасына 28 апталық жүктілікпен әйел қаралды, бастапқыда ДМИ (ИМТ) 34 кг/м2, жүктілік кезінде 18 кг қосты, аш қарынға веналық қанда гликемия 6,7 ммоль/л (капилярлы қанда 5,8 ммоль/л), №9 (2000 ккал) емдәм сақтап жүр . Ем тактикаңыз:
қысқа әсерлі инсулинді әр тамақ алдында енгізу
тек емдәммен емдеу
метформин 850 мг 1рет күніне
диабетон МР 1 таблетка күніне
акарбоза по 100 мг 3 рет күніне
9. Палатаға шақырту кезінде жаңадан босанған 23 жастағы әйел бірден жағдайының нашарлауына шағымданды. Қарағанда: есін жоғалтқан, құрысу ұстамасы байқалады.ТАЖ 16 рет/мин, тері жамылғылары ылғалды, АҚ 120/70 мм сын.бағ., ЖСС 110 рет/мин., ішкі органдар өзгеріссіз. Акушерканың айтуы бойынша науқас 8 жылдан бері І типті қантты диабетімен ауырады, 1 тәулік бұрын босанған, инсулин қабылдайды. Келесі шара қажетсіз:
баланы емізуден бас тарту
көк тамырға 20-40 мл 40% глюкоза ертіндісін енгізу
емізудін 1 аптасында инсулин дозасын 8-16 Б дейін төмендету, гликемия бақылауымен
тамақтану арасында көмірсуға бай тағамдарды қосымша қолдану
есі анықталған соң әйелге көмірсуға бай тағамды тамақ арасында беру
10. 27 жастағы жүкті әйелде аш қарынға екі рет гликемия деңгейін анықтау 7,9 және 10,9 ммоль/л көрсеткен. Анамнезеінде гликемия деңгейінің жоғарылауы анықталмаған. Болжам диагноз:
гестациялық диабет
қантты диабет, ІІ тип
екіншілік қантты диабет
аш қарынға гликемияның бұзылысы
глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы
11. Науқас 3 жылдан бері 2 типті қантты диабетпен ауырады. Соңғы 1 жылда АҚ 200/120 мм сын.бағ. көтеріледі. Зәрдегі альбуминнің деңгейі микропротениурияға сәйкес келеді (150 мг/л аспайды). Гипертензияның себебі:
Кимельстиль – Вильсон синдромы
созылмалы пиелонефрит
созылмалы гломерулонефрит
эссенциальді гипертензия
бүйрек артериясының стенозы
12. Науқас 34 жаста шағымдары: шамалы тұншығу мен мойнының ұлғаюы. Анамнезі бойынша науқас, көп жылдар бойы таулы елді, эндомиялық аймақта тұрған. Объ-ті: қалқанша безі көзге көрінеді, пальпацияда ауырмайды, мөлшері II дәрежеге дейін ұлғайған. АҚ 140 70 мм сын. бағ. ТАЖ 62 ретминутына. Қанда ТТГ, Тз, Т4 және тиреоглобулинге антидене титрі қалыпты. Болжам диагноз:
эндемиялық зобтың түйінді түрі
Хашимото ауруы
диффузды токсикалық зоб
біріншілік гипотиреоз
Ридель тиреоидиті
13. Қандай маркер, қалқанша бездің аутоиммунды зақымдалуын көрсетпейді:
ТТГ антидене
тиреоглобулинге антиденелер
микросомды антигендерге антидене
йодпероксидазаға антидене
Т4 және Т3 антидене
14. 49 жастағы ер адам ұйқышылдық, ентiгу, айқын iсiнуге шағымданады. Объ-тi: терісі бозғылт, сарғыш, ұстағанда салқын. Беті, аяқтары ісінген. Өкпеде әлсіреген везикулалық тыныс. Жүрек үндері әлсіреген. АҚ 9060 мм сын.бағ. ЖСС 55 ретмин. Зерттегенде гипофиздің ТТГ 52 мкХБмл (қалыпты көрсеткіші 0,4 – 4,0 мкХБмл) дейін жоғарлаған. Болжам диагноз:
біріншілік гипотиреоз
ридел тиреоидиті
эндемиялық жемсау
жеделдеу тиреоидит
диффузды токсиндік жемсау
15. Субклиникалық гипотиреоз үшін қандай гормоналдық өзгерістер тән:
↑ ТТГ, бос Т3 және бос Т4 қалыпты
ТТГ қалыпты, ↑ бос Т3, ↑ бос Т4
↑ ТТГ, ↓ бос Т3, ↓ бос.Т4
↑ ТТГ, ↑ бос. Т3, ↑ бос.Т4
16. Аутоиммундық тиреоидиттің диагностикасы кезінде келесі көрсеткіш негізгі болып табылады:
тиреоидблоктауыш антиденелердің жоғары деңгейі
тиреоиджандандырғыш антиденелердің жоғары деңгейі
қандағы ТТГ жоғары деңгейі
қандағы ТТГ төмен деңгейі
қандағы Т3 және Т4 төмен деңгейі.
17. Біріншілік гипотиреозда қандай зертқаналық көрсеткіш барынша мәліметті:
қандағы тиреотропин деңгейінің жоғарылауы
гипопротеинемия
ашқарынға және тамақтан кейінгі төмен гликемия
қандағы гемоглобин деңгейінің жоғарылауы
қандағы тиреоидты гормондар деңгейінің жоғарылауы
18. Гипоталамус-гипофиздік жүйенің зақымдануына тән:
гипофиздік нанизм
пангипопитуитаризм
бүйрекүсті безінің жедел жеткіліксіздігі
біріншілік гипотиреоз
бүйрекүсті безінің созылмалы жеткіліксіздігі
19. Овариальді циклдың фолликулалық фазасында басты орын алады:
фолликулстимуляциялаушы гормон
лютеинизациялаушы гормон
гонадолиберин
прогестерон
пролактин
20. Вольфрам (екіншілік орталық қантсыз диабет) синдромына тән:
қантсыз диабет, кереңдік, қантты диабет, көру нервінің атрофиясы
қантсыз диабет, ақыл кемістігі, аутоиммунды тиреоидит
қантсыз диабет, көру нервінің атрофиясы, неврома
қантсыз диабет, кандидоз, бүйрекүстібезі жеткіліксіздігі
дұрыс жауап жоқ
21. Қантсыз диабет ... нәтижесінде дамиды:
антидиурездіқ гормон секрециясының төмендеу
көмірсу алмасудың бұзылу
альдостерон секрециясының төмендеу
зәрмен натрий секрециясының жоғарылауы
дұрыс жауап жоқ
22. Қантсыз диабетке тән несеп талдауындағы өзгеріс:
салыстырмалы тығыздықтың төмендеуі
глюкозурия
лейкоцитурия
зәрдің салыстырмалы тығыздығы жоғары
протеинурия
23. Акромегалия емінде қолданылады:
дофаминнің агонистері
цитостатиктер
глюкокортикоидттар
ноотроптар
барлығы
24. АДГ дәрмектерімен емдеуде:
сұйықтықтың көлемін шектемейді
сұйықтықтың көлемін шектейді
тиазидті диуретиктерді қосып тағайындайды
инсоляция қарсы көрсетпе
дұрыс жауап жоқ
25. Псевдогипопаратиреозға тән емес:
паратгормон деңгейінің жоғарылауы
паратгормон деңгейінің төмендеуі
паратгормонның деңгейі қалыпты
кальций деңгейінің жоғарылауы
кальцийдің деңгейі қалыпты
26. Біріншілік гиперпаратиреозға алып келетін жағдай:
қалқанша маңы безінің аденомасы
қалқанша маңы бездерінің аплазиясы
ісіктердің қалқанша маңы безіне метастаздар
қалқанша маңы бездерінің амилоидозы
қалқанша маңы бездерінің инфекциясы
27. Қалқанша маңы бездерінің сканерлеунде қолданатын радиофармпрепарат:
селен-метионин
технеций
I¹³¹
I¹³¹- xoлecтepoл
талий
28. Гиперпаратиреозда сүйек жүйесіндегі тән емес өзгерістер:
сүйек-ми каналының тарылуы
кисталар
остеопороз
сүйек қыртыс қабатының жіңішкеруі
остеопения
29. І типті остеопороз дегеніміз:
сүйекте жоғары метаболизммен жүретін остеопороз
сүйекте төмен метаболизмен жүретін остеопороз
сүйекте қалыпты метаболизмен жүретін остеопороз
сүйекте өзгерген метаболизмен жүретін остеопороз
дұрыс жауап жоқ
30. Остеопороздың екіншілік түріне жатады:
стероидты
сенильді
менопаузалық
барлығы
дұрыс жауап жоқ
31. Остеопороздың дамуына алып келеді:
Крон ауруы, жінішке ішек дивертикулезі
пострезекциялық синдром
гастро-эзофагеальді рефлюкс
холецистэктомиялық синдром
барлығы
32. Остеопорозда сирек кездеседі:
қабырғалар сынуы
омыртқалардың компрессиялық сынулары
кәрі жілік шыбығының дисталь бөлігінің сынуы
сан сүйегінің проксималь бөлігінің сынуы
сан сүйегінің ұршығының сынуы
33. Остеопорозды анықтаудың «алтын стандарты»:
биэнергиялық рентгендік абсорбциометрия (DXA)
ультрадыбысты остеометрия
рентгендік зерттеу
компьютерлік томография
МРТ
34. Остеопенияға сәйкес сүйек тінінің минералды тығыздығының Т-критерийі:
-1SD - -2,5SD
-1SD - +1SD
-2,5SD - -3,5SD
-3,5SD - -4,5SD
-0,5SD - +0,5SD
35. Сүйек резорбциясының маркерлары:
несептегі пиридинолин және деоксипиридинолин
остеокальцин и тартрат-резистентная
остеокальцин және тартрат-резистенті қышқыл фосфатаза
таң ертеңгілік несептегі оксипролинкреатинин арықатынасы
барлығы
36. Кортикостеромаға гормондардың келесі зерттеу нәтижесі тән емес:
АКТГ мөлшерінің жоғарылауы
АКТГ мөлшерінің төмендеуі
қан сары суында кортизол мөлшерінің жоғарылауы
зәрде кортизолдың тәуліктік экскрециясының жоғарылауы
Барлығы тән
37. Біріншілік альдостеронизмнің этиологиясына тән:
бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының екі жақты майда түйінді гиперплазиясы (идиопатиялық альдостеронизм)
біріншілік ренин белсенділігінің жоғарылауы
нефротикалық синдром
синдром Бартера
гиперренинемиялық гиперальдостеронизм
38. Біріншілік альдостеронизмнің бүйректік симптомдарына жатпайды:
массивті протеинурия
полиурия
никтурия
әлсіз (шамалы) протеинурия
барлығы жатады
39. Біріншілік альдостеронизммен ауырған науқас емделмеген жағдайда қайтыс болуы мүмкін….
аталғаннын бәрі дұрыс
артериялық гипертензиядан
бүйрек жетіспеушілігінен
тыныс жетіспеушілігінен
метастаздардың болуынан және бүйрек үсті безінің қатерлі ісіктеріндегі интоксикациядан
40. Біріншілік бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінің этиологиялық факторы:
барлығы
туберкулез, ісік метастаздары
екі жақты адреналэктомия
дефект ферментов коры надпочечников
бүйрек үсті безінің тума ареактивтілігі
41. Қабылдау бөліміне гипертониялық кризбен (АҚ 280/130 мм сын.бағ.) 39 жастағы науқас жеткізілді. Ұстама тәрізді АҚ жоғарылауы бір жыл аралығында байқалады, криздер қобалжу, тахикардия, діріл, бұлшықеттік тартылулармен қатар болады. Криз көп мөлшерде зәр бөлумен аяқталады. Криздер кезінде 9,6 ммоль/л дейін гипергликемия анықталған. Шұғыл көмек көрсету үшін инъекциялық препарат:
фентоламин (реджетин)
пропранолол
магний сульфаты
эналаприл
клонидин
42. Аталық жыныс гормондары:
тестостерон, андростендион, дегидроэпиандростерон
эстрадиол, эстрон, эстриол, прогестерон
дегидроэпиандростерон-сульфат, гонадотропин, рилизинг-гормон
кортизол, альдостерон, катехоламиндер
ФСГ, ЛГ, пролактин
43. Жасөспірімдік кезеңдегі гиперпролактинемияға тән:
аменорея
жатырдан дисфункциялық қан кетулер
сүт бездерінің гипертрофиясы
бойының ұзындығы
бойының қысқа болуы
44. 52 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тәулігіне 10 ретке дейінгі «ыстығының тасуына», жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, ұйқының бұзылуына, ашушаңдыққа, қорқыныш, үрей сезімінің болуына шағымданады. Соңғы етеккірі 10 ай бұрын болған. Бұл клиника тән:
климакстік синдромға
менопаузалық кезеңге
перименопаузалық кезеңге
посткастракциялық синдромға
постменопаузалық кезеңге
45. 19 жастағы науқас эндокринологқа келді, ол науқасқа: адреногенитальді синдром диагнозы қойылды, емді бастау қажет:
диагноз қойылған сәттен бастап
етеккір қызметі қалпына келгеннен кейін
жүктілік жоспарланғаннан бастап
босанғаннан кейін
науқастың қалауы бойынша
46. Науқас 52 жасар күніне 10 ретке дейін «ыстығының тасуына», жүрек аймағындағы ауру сезіміне, АҚҚ 150/90 мм сын. бағ. транзиторлы көтерілуіне шағымданады. Постменопаузасы 2,5 жыл. Емі:
табиғи эстрогендер прогестагенмен бірге
органикалық нитраттар (нитроглицерин, сустак т.б.)
психотерапия, рациональды физио- и бальнеотерапия
синтетикалық прогестиндер
антигонадотропиндер
47. 50 жастағы науқас жүрек тұсындағы күйдіріп ауырсынуға, «ыстығының тасуына», аменореяға шағымданады. Об-ті: терінің гиперемиясы мен гипергидрозы. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСС 100 мин. АҚ 140/85 мм сын. бағ., ЭКГ: синусты тахикардия. Т V1-V4 инверсиясы. Анаприлиндік сынама оң. Неғұрлым тиімді тағайындау:
циклопрогинова
конкор
L-тироксин
мерказолил
грандаксин
48. 43 жастағы әйел тез ашулануға, жалпы әлсіздік, «ыстығының тасуына», тәулігіне 15 рет болуына шағымданады. Об-ті: гипергидроз, АҚ 150/90 мм.сын. бағ. ЖСС 86 мин. Болжам диагноз:
патологиялық климакс
тиреотоксикоз
артериялық гипертензия
феохромоцитома
гипотиреоз
49. Қант диабетінің диагнозын қоюда қолданылады:
глюкозаны пероральды қабылдағанға дейінгі және қабылдағаннан кейін екі сағаттан кейінгі глюкоза мөлшерін анықтау
таңертеңгілік ас алдында глюкоза молшерін анықтау
тамақтан соң екі сағаттан кейінгі глюкоза мөлшерін анықтау
глюкозаны пероральды қабылдағанға дейінгі және қабылдағаннан кейін үш сағаттан кейінгі глюкоза мөлшерін анықтау
аталғандардың барлығы
50. Бірінші типті қант диабетімен ауыратын науқас тағамының құндылығын анықтайтын факторлар:
барлығы дұрыс
қолданылатын көмірсулар мөлшері
нақты дене салмағы
физикалык жүктеменің түрі
жасы және жынысы
51. Инсулинге резистенттілік даумы мүмкін:
барлығы дұрыс
инсулинді рецептрлердің патологиясы және инсулинге антиденелердің болуында
инфекциялық ауруларда
диабет ағымының бір жылдан астам анықталуында
жүктілікте
52. Науқас 25 жаста, 8 жыл бойы инсулинге тәуелді қант диабетімен аурады. Тұрақты түрде инсулин қабылдайды. Кезекті диспансерлік қарау кезінде – жағдайы қанағаттанарлық, көңіл күйі жақсы, АҚ 13080 мм с.б. Ертеңгілік зәр анализінде: белок 0,4 гл. Нв-125 гл, қан сарысуында креатинин 0,14 ммольл, шумақ фильтрациясы 162 млмин.
Бүйрек қызметін жақсартуға қолайлы шаралар:
1. гипергликемия деңгейін бақылау;
2. жүйелі түрде каптоприлді қабылдау;
3. белок құрамды тағамды шектеу;
4. протеинурия артқан жағдайда преднизолон тағайындау.
-1,2,3;
-1,2;
-1,3;
-1,2,3,4;
-2,4.
53. Қант диабетімен ауыратын науқаста тканьдік гипоксия белгісі бар болғанда (анемия, тыныс жетіспеушілігі және т.б. бигуанидтер әсерінен дамуы мүмкін жағымсыз әсер:
кетоацидоз;
полиурияның күшеюі;
лактацитоз;
агранулоцитоз;
холестазды сарғаю.
54. Қант диабеті кезіндегі полинейропатияға тән:
1.дистальді
2.«шұлық» белгісі бойынша
3.«қолғап» белгісі бойынша
4.Проксимальді
5.Орталық
1,2,3
1,2,3,4,5
1,3,4
2,3,4,5
3,4,5
55. 2 типті қант диабетінің неғұрлым мүмкін компенсация белгісі:
Қандағы қанттың аш қарынға деңгейі 7,0 ммольл
HbA1с 8,0 %
HbA1с 9,5 %
Зәрдегі қант деңгейі 0,5 %
Қанда холестерин деңгейі 6,0ммольл
56. Науқас 3 жылдан бері қант диабетінің 2 түрімен ауырады. Соңғы 1 жылда АҚ 200120 мм.с.б. көтеріледі. Гипотензиялық терапия әсері төмен. Зәрдегі альбуминнің деңгейі микропротениурияға сәйкес келеді (150мгл аспайды). Гипертензияның даму мүмкін себебі:
Кимельстиль – Вильсон синдромы;
Созылмалы гломерулонефрит;
Созылмалы пиелонефрит;
эссенциальдық гипертензия;
Феохромацитома
57. Науқас 45 жаста. Шағымдары: қозғыштық, тершеңдік, жүрегінің соғуы. Қарағанда: науқас тынымсыз, тері жабындылары ылғалды, қалыпты түстес. Жүрек тондары күшейген, тахикардия, ЖСЖ 125 рет мин. АҚҚ 18090 мм.с.б.б.
Сіздің диагнозыңыз:
Тиреотоксикоз
Гипотиреоз
Кон ауруы
Феохромацитома
Эутиреоз
58. 22 жастағы әйел, жүрек соғуының жиілеуі, эмоциональді лабильділік, агрессиялылық, 2 айда 8 кг салмақ тастағанына шағымданып қаралды. Әйел астениялық типті, терінің гипергидрозы, «телеграф бағанасы» симптомы. ЖСС 120 рет мин. Қалқанша безі біртекті ұлғайған, аздаған экзофтальм.
Емдеу жоспарына бірінші кезекте қосқан тиімді:
b-блокаторларды
Тиреостатиктерді
Калий дәрмектерін
Тиреоидты дәрмектерді
Седативті дәрмектерді
59. Диффузиялық уытты зоб үшін сипатты гормоналдық профиль:
ТТГ↓, Т3 және Т4↑
ТТГ↑, Т3 және Т4↑
ТТГ қалыпты, Т3 және Т4↑
ТТГ↑, Т3 және Т4↓
ТТГ, Т3 және Т4 қалыпты
60. 23 жастағы науқас ес-тұссыз күйде клиникаға жеткізілді. Терісі құрғақ, бет ұшының «қызаруы». Ацетон исі сезіледі. Куссмауль тынысы. АҚ 13090 мм сын. бағ. Тамыр соғысы минутына 102 рет. Қанда: глюкоза 28,4 ммольл, зәрде 6 %, ацетонға реакция «оң». Болжам диагноз:
кетоацидозды кома
бүйректік кома
уремиялық кома
гиперосмолярлы кома
гиперлактацидемиялық кома
61. Лактаацидозды кома кезіндегі сүт қышқылы деңгейінің жоғарылауы:
2 ,0 ммольл
1 ,5 ммольл
1 ,0 ммольл
1 ,6 ммольл
1 ,9 ммольл
62. 28 жастағы науқас диабеттік кетоацидоздық кома жағдайында жан сақтау бөлімшесіне түсті. Ең алдымен тағайындалуы тиімді дәрмек:
Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі
Реополиглюкин
Глюкозаның 5% ерітіндісі
Глюкозаның 40% ерітіндісі
Калий хлоридінің 7,5% ерітіндісі
63. Науқас 23 жаста, клиникаға ес - түссіз жағдайда келіп түсті. Терісі құрғақ, бет ұшы қызарған. Ацетон иісі сезіледі. Куссмауль типті дем алу. АҚ 13090 мм с.б. ТЖ минутына 102 рет. Қандағы қант деңгейі 28,4 ммольл, зәрде 6 %, ацетонға реакциясы «оң» мәнді. Болжам диагноз:
кетоацидозды кома
бүйректік кома
уремиялық кома
гиперосмолярлы кома
гиперлактацидті кома
64. Деподағы майдың синтезін белсендіреді:
инсулин
сомататропты гормон
кортизол
эстродиол
аталғандардың барлығы
65. Семіздіктің ІІІ дәрежесінде дене салмағы ... жоғарылайды:
50 - 99%
40-60%
80% дан жоғары
100% дан жоғары
20%
66. Семіздік кезіндегі иммунитет жүйесінің жағдайы:
иммундық депрессия
Т және В-лимфоциттерінің активациясы
Т-супрессордың жоғарылауы, Т-хелперлерінің активациясы
барлығы дұрыс
барлығы дұрыс емес
67. Лоуренс-Мун-Барде-Бидль синдромының тұқым қуалау жолы:
аутосомды-рецессивті тип
аутосомды-доминантты тип
Х-хромосомымен байланысқан тип
аталғандардың барлығы
аталғандардың ешқайсысы емес
68. Науқас 25 жаста, 8 жыл бойы І типті қантты диабетімен ауырады. Тұрақты түрде инсулин қабылдайды. Кезекті диспансерлік қарауда: жағдайы қанағаттанарлық, көңіл күйі жақсы, АҚ 13080 мм сын. бағ. ЗЖА: белок 0,4 гл, ҚЖА: НВ 125 гл, биохимиялық анализде: креатинин 0,14 ммольл, шумақ фильтрациясы 162 млмин. Келесі шаралар науқастың бүйрек қызметін жақсартуға қолайлы болып табылады: 1. гипергликемия деңгейін бақылау; 2. жүйелі түрде ААФИ қолдану; 3. белок құрамды тағамды шектеу; 4. протеинурия артқан жағдайда преднизолон тағайындау.
1,2
1,3
1,2,3
1,2,3,4
2,4
69. Науқас 60 жаста, трофикалық жаралар бойынша амбулаторлы хирургиялық ем қабылдаған, нәтижесіз. Бір жыл бойы манинил қабылдайды. Терісі құрғақ, ісінулері жоқ. АҚ 13580 мм сын. бағ. ЖСС 82ретмин. Қарағанда: оң аяқ басы қызарған, ісінген, сыртқы жағында өлшемі 4,5х6,1см жара бар. Оң аяқ басының перифериялық тамырларының пульсациясы әлсіреген. Қандағы глюкоза 15ммольл, тәуліктік глюкозурия 29гл. Емдеу тактикаңыз:
сульфаниламид дозасын жоғарылату
сульфаниламид пен бірге бигуанидтерді тағайындау
бигуанидтерге ауысу
инсулинге ауысу
қатаң ем дәм және тиімді физикалық күштеме қолдану
70. І типті қантты диабетпен ауыратын науқасқа базальды инсулин дозасын келесі жағдайда көбейту керек:
түнде және ашқарынға жоғары гликемия болғанда
жоғары препрандиальды гликемияда
ашқарынға жоғары гликемияда
тамақтанғаннан 2 сағ. кейінгі жоғары гликемияда
ұйқы алдындағы жоғары гликемияда
71. 55 жастағы ер адам, 5 жыл қантты диабетімен ауырады, манинил қабылдайды. Соңғы 10 күнде жай физикалық күштемеде пайда болып, тыныштықта басылатын, төс артындағы басып ауыратын ауыру сезімі алғаш рет мазалады. ЭКГ – тыныштықта патологиялық өзгерiстер жоқ. Қандағы глюкоза 13ммольл, тәулiктiк глюкозурия 2 гл.
Тиімді емдеу тәсілі:
метформинге ауысу
манинил мөлшерін жоғарылату
қатаң емдәм және тиімді физикалық күштеме
метформин мен бірге манинилді кешендi қолдану
инсулинге ауысу
72. Инсулинотерапияның асқынуларына жатады: 1.липодистрофия; 2.гипогликемия; 3.аллергиялық реакциялар; 4.тромбоцитопения; 5. трансаминазалардың жоғарылауы.
1,2,5
1,2,3
1,4,5
4,5
1,5
73. І типті қантты диабетпен ауыратын науқаста кетоацидоз асқынуы дамығанда, инсулинге қажеттілік ... мөлшерін құрайды:
5 Б кг салмаққа
1 Б кг салмаққа
10 Б кг салмаққа
0,3 Б кг салмаққа
0,5 Б кг салмаққа
74. Актрапид және Протафан қабылдап жүрген науқасқа физикалық күштеме көрсетілген:
тамақтан соң 1 сағаттан кейін
қалаған уақытта
тамақтан соң 2-3 сағаттан кейін
таң ертенгелік тамақтан алдын
кешке жатар алдында
75. Жүкті әйел 35 жаста , ДМИ (ИМТ) 27 кг/м2, анамнезінде салмағы 4 кг артык нәресте босанған. Қазіргі жүктіліктің қандай мерзімдерінде гликемияны анықтау қажет?
есепке тұрған кезде және 28 аптасында
4 және 16 аптасында
8 және 38 аптасында
есепке тұрған кезде және 36 аптасында
16 және 33 аптасында
76. Қантты диабет кезінде жүктілікке қарсы көрсетпе болып саналмайды:
глюкозаланған гемоглобин деңгейі НвА1с<6,5%
ауыр нефропатия (креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен, тәуліктік протеинурией 3 г жоғары, қандағы креатинин 120 мкмоль/л, АГ)
ЖИА
үдемелі пролиферациялық ретинопатия
активті туберкулезбен қосарланып кездесуі
77. Босануға 36 жасар жүкті әйел түсті, 28 аптасынан бастап гестациялық диабетпен ауырады, тамақтану алдында 10 Б қысқа әсерлі инсулин қабылдап жүрген. Осы науқасқа қарсы көрсетілген шара:
инсулинді жоспарлы түрде енгізу
әр 2-3 сағат сайын гликемияны бақылау
бірінші үш тәулікте нәрестеде гликемияны бақылау
гликемия 5,5 ммоль/л дейін төмендесе венаға 200 мл 5% глюкоза ертіндісін, 10 мл 4% калия хлорид ертіндісін, 6Б жай инсулин енгізу
гликемия 8 ммоль/л дейін жоғарыласа 2Б қысқа әсерлі инсулин, 400 мл физиологиялық ертіндісін венаға енгізу
78. Эндокринологқа 35 жасар әйел адам жалпы әлсіздіктің, шаршағыштықтың үдеуі, тәбетінің төмендеуі, жиі лоқсу шағымдарымен қаралды. Дене салмағының төмендеуі аясында 2 ай аралығында етеккір циклінің аменорея түрінде бұзылысы байқалған. Соңғы айда бірнеше рет есінен тану жағдайлары болған. Анамнезінде туберкулезге байланысты нефрэктомия жасалған. Объективті: дене салмағының жеткіліксіздігі, тері мен ауыздың шырышты қабатының гиперпигментациясы. АҚ 70/40мм сын.бағ. Қанда: гемоглобин 72 г/л, ашқарындық гипогликемия 2,9 ммоль/л дейін. Болжам диагноз:
бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі
жүктілік
бауыр-онекіелі ішектік аймақ ісігі
аналық безінің туберкулезі
нейрогенді анорексия
79. 62 жаста науқаста селқостық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, бетінің ісінуі, салмағының артуы, көздің тарылуы, қабақтарының түсуі, қасының шаштарының сыртқы бөлігінің түсуі, брадикардия мен айқын гиперхолестеринемия байқалады. Осы ауруға тән клиникалық белгілерді көрсетіңіз: 1. қозу; 2. тершеңдік; 3. бозғылт, құрғақ тері; 4. шаштың түсуі.
1,2
1,3
2,4
1,4
3, 4
80. Гипотиреозға тән емес:
тахикардия
суыққа сезімталдық жоғары
салмақтың жоғарлауы
шаштың түсуі
Т3,Т4 төмендеуі
81. 42 жастағы ауруда струмэктомиядан 6 айдан кейін әлсіздік, есте сақтау қабілеті нашарлауы, салмағының қосылуы, бетінің ісінуі, терінің құрғақтығы, іш қату, аменорея байқалған. Қалқанша безі көзге байқалмайды. АҚ 9560 мм сын.бағ., пульс 56 ретмин. Т3,Т4 төмендеген, ТТГ – жоғары. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
орталық май басу
гипоталамиялық синдром
алғашқы гипотиреоз
екінші гипотиреоз
поликистозды аналық без синдромы
82. Екіншілік гипотиреоз үшін қандай гормоналдық өзгерістер тән:
↑ ТТГ, ↓ бос Т3, ↓ босТ4
ТТГ - норма, ↑ бос Т3, ↑ босТ4
↓ ТТГ, ↓ бос. Т3, ↓ босТ4
↑ ТТГ, ↑ бос Т3, ↓ босТ4
ТТГ - қалыпты, бос Т3и бос Т4 – қалыпты.
83. ДДҰ (ВОЗ) йод тапшылығының дербес профилактикасы үшін келесі құралдарды ұсынады:
левотироксин
тағамдық үстемелер
В тобының витаминдері
калий йодиды
йодқұрамдас поливитаминдер
84. Төменде көрсетілген қандай ауруларда симптоматикалық гипергликемия болмайды:
гипотиреозда
феохромоцитомада
Кушинг синдромында
акромегалияда
диффузды уытты жемсауда.
85. Гипопитуитаризмның этиологиялық факторларына жатпайды:
ісіктер
ауыр анемия
Шиен-Симмондс синдромы
бас-ми жарақаты
барлығы жатады
86. Пангипопитуитаризмнің классикалық клиникалық сипатына тән емес:
босанудан кейіңгі галакторрея
баяу өрістеуші ағым (бірнеше жыл)
дене салмағының төмендеуі
ішкі мүшелердің көлемінің кішіреюі
E. бұлшықеттің семуі
87. Антидиурездіқ гормонның секрециясын күшейтеді:
плазманың осмолярлылығының жоғарылауы, гипертония, гиповолемия
плазманың осмолярлылығының төмендеуі, гипертония, гиповолемия
плазманың осмолярлылығының жоғарылауы, гипотония, гиперволемия
плазманың осмолярлылығының жоғарылауы, гипотония, гиповолемия
плазманың осмолярлылығының төмендеуі, гипертония, гипероволемия
88. Киари-Фроммель синдромына тән емес:
лакторея
аменорея
гипокортицизм
жыныс мүшелерінің гипоплазиясы
барлығы
89. Акромегалияда көмірсуға толеранттылықтың даму себебі:
ұйқы безіндегі b-жасушасының біріншілік деструкциясы
тіндердің инсулинге сезімталдығының бұзылысы
семіздік
инсулин инактивациясы
инсулин тапшылығы
90. Әйел кісіде семіздік, гирсутизм, артериялық гипертензия және бүйрекүсті бездерінің екі жақты гиперплазиясы анықталған. Болжам диагноз:
Иценко-Кушинг ауруы
Кон синдромы
бүйрекбездерінің метастаздіқ зақымдануы
кортикостерома
Иценко-Кушинг синдромы
91. Қантсыз диабеттің нефрогенді түрінің емінде қолданылатын негізгі дәрмек:
тиазидты диуретиктер
ААФ ингибиторлар
минирин
лизин-вазопрессин
кальций антогонистері
92. Гипопаратиреоздың емінде қоданбайды:
рокалтрол
1.25-диоксикальциферол (АТ-10)
тахистин
тиреокальцитонин (кальцитрина)
дұрыс жауап жоқ
93. Біріншілік гиперпаратиреозға тән:
қандағы кальций деңгейінің төмендеуі
қандағы фофор деңгейінің жоғарылауы
қандағы фофор деңгейінің төмендеуі
қандағы кальций деңгейінің жоғарылауы
қандағы хлоридтер деңгейінің жоғарылауы
94. Қалқанша маңы безінің аденомасы диагнозын қоюға келесі зерттеуді қолданбайды:
пневмопаратиреоидографияны
компьютерлік томографияны
селен-метионинмен сканерлеуді
қалқанша маңы бездерінің рентгенографиясын
МРТ
95. Гиперпаратиреозда несеп анализінде жиі анықталады:
оптикалық тығыздықтың жоғарылауы
оптикалық тығыздықтың төмендеуі
эритроцитурия
лейкоцитурия
E. протеинурия
96. Остеопороз дегеніміз:
сүйек тіні тығыздығының төмендеуімен жүретін скелеттің ауыруы
сүйек тіні тығыздығының минерализациясының төмендеуімен жүретін скелеттің ауыруы
сүйек тінінің жоғарлауымен жүретін қан қаның ауыруы
сүйек тінінің жоғарлауымен төмендеуімен жүретін скелеттің ауыруы
сүйек тінінің қалыпты массадағы жүретін скелеттің ауыруы
97. Ерлерде остеопороз дамуының қауібі жоғары факторларға жатпайды:
кеш пубертат
темекі шегу
көп мөлшерде құрамында кофеині бар сусындарды ішу
төмен салмақ
созылмалы холецистит
98. Ревматоидты артритпен ауыратын науқастарда остеопороз даму себебі:
аталғанның барлығы
қабынуға қарсы цитокиндердің әсерінен сүйектің ремодельдеу үрдісінің бәсендеуі
базисті ем – глюкокортикоидардың остеопениялық әсерінен
жалпы қимылдың шектелуіне байланысты бұлшық еттік массасының төмендеуі
базисті ем –цитостатиктердің остеопениялық әсерінен
базисті ем –иммунодепрессанттардың остеопениялық әсерінен
99. Остеопороздағы сүйектердің сыну қатері ... тікелей байланысты:
қан сары суындағы иондалған кальцийдің деңгейімен
сүйек тінінің минералдық тығыздығының көрсеткішімен
қан сары суында D-гормон концентрациясымен
қан сары суында паратгормон концентрациясымен
қан сары суында кальцитонинконцентрациясымен
100. Остеопороз себебінен дамыған омыртқаның компрессиялық сынуына тән белгі:
бойының қысқаруы
айқын аурсыну синдромы болмайды
барлығы
кеуденің кифозы
дұрыс жауап жоқ
101. Z-критерий бұл:
сүйек тінінің минералды тығыздығының жасына сай қалыпты көрсеткіштен стандартты ауытқуы
сүйектің аумағының бірлігіндегі минералдардың құрамы
сүйек тінінің минералды тығыздығының сүйек массасының шыңынан стандартты ауытқуы
дұрыс жауап жоқ
барлығы дұрыс
