- •Биогенді стимуляторлардың жалпы сипаттамасы.
- •Саз балшық препараттары (минерал тектес)
- •Ферменттердің сипаттамасы мен жіктелуі.
- •Жануар шикізатынан ферменттер өндіру. Асқазанның шырышты қабатындағы ферменттің препараттары.
- •Өсімдік шикізатынан алынған ферменттер өндірісі. Өсімдік шикізаты препараттарының жеке технологиясы.
- •8 Кесте - протеолиттік ферменттер мен олардың алу көздері.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
«ФАРМАЦЕВТ-ТЕХНОЛОГ» МОДУЛІ «ЭКСТАРКЦИОНДЫ ПРЕПАРАТТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ» ПӘНІ |
||
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Биогенді стимуляторды алудың теориялық негіздері. Ферментті препараттар.
Қабылдаған: Нөкербек Ш.Н
Орындаған: Нургазиева Л.К
Факультет: Фармация, ТФП
Курс: 4
Топ: 14-005-02
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Биогенді стимуляторлар
б) Өсімдік текті биогендік препараттар
в) Емдік саз балшық препараттары
г) Жануар текті биостимуляторлар
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Биогенді стимуляторлардың жалпы сипаттамасы.
Емдік дәрілік зат ретінде биогенді стимуляторларды пайдалану тарихы ежелден басталады. Көптеген елдердің халық медицинасында ежелгі уақыттан бері биогенді стимуляторлар ретінде ара улары, кейбір улы балық және т.б., қолданылып келген.
Алғаш рет XVI ғасырда Парацельс терапияда жыланның уын биостимулятор ретінде қолданды. 20 ғасырдың жоғарғы жетітістігі болып медицинада жасуша терапиясы болып табылады, оны академик-офтальмолог В.П. Филатов ұзақ жылдар бойы соқырлықпен күресу арқылы ашқан. Ғалымның ең үлкен жетістігі – мұздатылған қасаң қабықты ауыстырып отырғызу болып табылады. Ол алғаш рет әлемде трансплатациондық материал ретінде өлген адамдардың көздерін пайдаланды.
Зерттеу нәтижесінде таңғажайып құбылыс, яғни ауыстырылған трансплантант қарсылықсыз сіңісіп кеткендігі және қасаң қабық дискі аймағында бұлыңғыр бельма жасушасының ағарып, біртіндеп өзгерген қасаң қабық патологиялық үрдеріске ұшырап жазыла бастағанын байқады. Айтылған құбылыс тек қана керапластика ретінде консервіленіп мұздатылған қасаң қабық болғанда ғана жүзеге асатының көрсетеді. Төмен температуа кезінде тұйықталған күйде аусытырлатын жасушада кейбір белсенді заттар шоғырланып, трансплантанпен бірге организмге трансплатантпен бірге организмге еңгізілетінің куәландырған. Организмнің әртүрлі аурулары кезінде консервіленген жасушалар жоғары терапевтикалық белсенділік көрсететіні туралы маңызды клиникалық анықтамалар алынған.
1942 жылы В.П. Филатов биогенді стимуляторлар жайында ғылымды негізін құрап, тұйықталған өсімдік немесе жануар текті жасушалардың қолайсыз жағдайға бейімделіп, метабалитикалық жүйеде биохимиялық қайта қалыптастыру болып, сонын әсерінен организмге енгізген кезде ынталандырушы қасиетін жоғарлатып, өмір сүру үдерісін жылдамдататын қасиетін көрсетеді. Осы аталынған заттар биогенді стимуляторлар деп аталынған. Автордың түсінігі бойынша ғылым туралы екі тұжырым бар, а) қоршаған ортаның жағдайына организмде эволюциялық жолмен биогенді стимуляторлардың пайда болуы деп қарастыруға болады; б) организмнен тыс жерде, биогенді стимуляторлар жасушада пайда болады және олар «күйзеліс күйінде» болады. Биогенді стимуляторлы препараттарды дайындау 1951 жылы Одесса каласында «Филатов әдісі» бойынша шғарылды, ал 1956 жылы биостимуляторлар өңдірісі мен арнайы фабрика жұмыс жасады, содан кейін «Биостимулятор» өңдірісі деп біріктірді.
Биогенді стимуляторлар (грек тіліне аударғанда bios - өмір, gennao - туу, жасау) – оқшауланған жануар және өсімдік жасушаларының қолайсыз жағдайда сіңісіп кету үдерісі кезінде түзілетін биологиялық белсенді заттар.
Биогенді стимуляторлар, болашақта «үлкен» организмге еніп (дәрілік препараттарды қабылдау немесе консервіленген жасушаларды ауыстыру жолмен) онда өмір сүру үдерісін белсендетеді. Зат алмасу үдерісін күшейте отырып, организмнің физиологиялық функцияларын көтереді, организм ауырған кезде - регенеративті қасиеттері мен ауруға қарсы тұру қабілетін арттырады да тез жазылуға себебін тигізеді. Биогенді стимуляторлардың химиялық табиғаты осы уақытқа дейін толық зерттелінбеген.
Биостимуляторлардың ішінен 4 органикалық қышқылдарды бөліп қарауға болады: майлар қатарына жататын дикарбон қышқылдары, майлар қатарына жататын дикарбонды оксиқышқылдар, шектелмеген ароматты және оксиқышқылдар және сонымен қатар молекулалық массасы жоғары хош иісті қышқылдар жатады. Биогенді стимуляторлар суда жаксы ериді, жасушадан оңай суға өтеді, су буымен жартылай айдалады, жоғары температура әсеріне төзімді (1200С температурада стерилизацияға шыдамды).
Организм жасушасынан тыс биогенді стимуляторлардың түзілуіне әсер ететін факторларға: төмен температура (+2-+4°С), сәулелендіру және өсімдіктер үшін қараңғы жерде болуы.
Биогенді стимуляторлар тірі организмде қолайсыз ортаға бейімделу кезінде түзілуі мүмкін. Биогенді стимуляторлар жануарлар организмінде рентген сәулесімен сәулелендіру, бұлшықеттің белсенді жұмысы, кейбір заттардың улылық мөлшеріне әсері және травматикалық жарақаттану кезінде түзілу факторлардың бірі болып табылады. Жалпы айтқанда өсімдік организмін рентген сәулесімен сәулелендіру кезінде және жарық пен ылғалдын жетіспеуінен биостимуляторлардың түзілуі жүреді.
Биостимуляция кезінде терең биохимиялық өзгеріс орын алатындығы анықталынған. Биогенді стимуляторлардың жасушада жиналу және түзілу үдерісі төмен температурада А.В. Благовещенский зерттеген. Автордың айтуы бойынша бұл үдеріс кезінде тотығу және гидролитикалық үдерістер бұзылып, амин қышқылдарының күрделі қоспаларының жиналуы және олардың өнімдерінің дезаминирленуі салдарынан жүреді. Тотығу дезаминирлену үдерісі нәтижесінде консервіленген жасушадан аспарагинді қышқылдан алма, фумар (фумаровая) және янтар қышқылы; ал фенилаланина – коричная; тирозиннен –параоксикумарин және басқа қышқылдар алынады. Осы ретпен қатар, қышқыл өнімнің артуы салдарынан рН шамасының төмендеуі бақыланады; шектелмеген қосылыстардың жиналуына байланысты және глютаминді және аспарагинді қышқылдарда аминді азоттың артуы тотығу және йод сорғыштық қабілеттерін арттырады. Аталынған заттар тотықсыздану кезінде жасушалардың өмір сүруін қалыпты жағдайға келтіреді немесе басқа организмге енгізген кезде инертті ақуыздармен қосылып, белсендіруге тырысады. Мүмкін, биогенді стимулятрлар құрамына кіретін дикарбон қышқылдары, ақуыз молекуласындағы бос амин тобымен карбоксил тобы қосылып, жаңа энергетикалық деңгей түзіп, күш өрісінің деформациясын тудырады. Сонын салдарынан ферменттердің энергияны тасымалдау қабілеті артады. А.В. Благовещенский түсінігі бойынша фермент сапасының артуы барлық организмді жасартады.
А.Ф. Сысоевы зерттеуі бойынша консервіленген суытылған алоэ жапырағынан әртүрлі органиалық қышқылдар: лимон, алма, янтарь, рибонуклеин, аргинин анықталынған. Осы аталынған қышқылдардың натрий және калий тұздары шекті концентрацияда ашытатын жасушалардың өсуіне әсерін тигізеді және түйіршіктелген жасушалардың дегидразды белсенділігін көтеріп, бауырдың регенерациялау қабілетін арттырады. Карбон қышқылдары өсімдік және жануар текті жасуша препараттарының құрамына кіреді. Биогенді стимуляторлардың сандық және сапалық құрамы тұрақты болмайды, ол тікелей жасуша қасиетіне тәуелді болады.
В.П. Филатов бойынша жасуша препараттарының құрамы күрделі әртүрлі комплексті биологиялық белсенді заттардан тұрады. Мысалы, ұрық жолдас (плацент) әртүрлі құрамды минералды және органикалық заттарға бай, көп мөлшерде жоғары май қышқылдары (пальмитин, стеарин, олеин), В витамин тобы, аминоқышқылдар, кетостероидтар, ацетилхолиндер болады. Осылай, қазіргі уақытқа дейін биостимуляторлардың химиялық құрылысы жалпы алғанда үлкен компонент болып, барлық препараттарға осы топтар-органикалық қышқылдар, полисахаридтер болатындығы жайлы анықтамалар берілген. Бірақтан солармен қатар жеке заттарда болады.
Биогенді стимулторлар айрықша бір зат ретінде емес, биостимуляция кезінде жасушада түзіледі. Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша консервіленген жасушаның биологиялық белсенділігі органикалық қышқылдар мен олардың қоспаларының шынайы қатынасына тең болғанына тікелей тәуелділігі айтады.
Органикалық қышқылдардың қатынасы әртүрлі болуы мүмкін, олай болуы сол немесе басқа жасушаның зат алмасу ерекшелігіне тәуелді. Жасушаны ынталандыру кезінде карбон қышқылдарынан басқа алмасатын аралық өнімдер жиналып; олардың болуы карбон қышқылдарының биологиялық белсенділігін жоғарлатып, осылай белсенді заттардың комплексін толықтырып отырады. Жасуша терапиясының емдік тиімділігі, жасуша препараттарында болатын рибонуклеинді, травматинді аминқышқылдары, және сонымен қатар азоты бар заттар, көмірсутектер, липидтер ретінде саналады.
Биогенді стимуляторлардың жалпы ерекшелігі, организм жүйесіндегі қорғанышын белсендіріп (негізінен ферментті жүйенің), иммунобиологиялық әсері, ОЖЖ тежеу және қоздыру үдерісі, сонымен қатар гормондардың функциясынан тұрады. Әртүрлі ферменттердің индукциясы, репрессиясы, энергетикалық деңгейлердің жоғарылауы салдарынан организмде метабализм орнап, олардың әсер ету диапазонын толықтылығымен түсіндіріледі.
Биостимуляторлардың технологиясы. Сұйық алоэ экстракты биостимуляцияланған ( В.П. Филатов әдісі бойынша) Орта Азия немесе Кавказ елді мекенінің жылы жайларында өсетін ағаш тәріздес алоэ жапырақтарынан дайындалады. Алынатын өсімдіктің жаздық жасы 2 жастан асқан болуы тиіс.
Астынғы жапырақтарын қиып, үстінгі өсіп келе жатқан бөлігін қалдырады. Биостимуляциялау үшін алоэ жапытрақтарын қараңғы жерде 4-8°С температурада 10-12 кун бойына сақтайды. Содан соң, оларды жуып, кептіріп, тісшелерінен сарғайған жерлерін ажыратып біліктерде ұнтақтайды. Алынған қоймалжын массаға тазартылған судың үш бөлігін құйып, бөлме температурасында жібітіп қояды. Осыдан кейін, қоспаны 2 минут қайнатады, фильтрлейді, суытады, көлемін өлшейді және тотығуын тексереді (алынған фильтрат үлгісін 0,01 М калий перманганатын қышқыл ортада титрлейді). Талдау нәтижесі бойынша фильтратты оның тотықтану 1 л фильтратта 1500 мг оттегі болатындай етіп, сумен сұйылтады. Содан соң, 1 л фильтратқа 7 г нарий хлоридін қосып, 2 минут қайнатады және фильтрлейді.
Филатов бойынша биостимулдау
Өндірісті дайындау
Ұсақталған
шикізат
Шикізатты
дайындау
Құрғақ
шырыннан субстанция формасында
биостимуляторларды даярлау
Шырынды
сығу
Шырынды
тазалау
Сапасын
бақылау
Шырынды
кептіру
Жом
экстракциясы
Жомнан
сұйық галенді преапараттар субстанция
формасында биостимуляторларды дайындау
Өлшеу,
қаптау, маркирлеу
Сығындыны
алу
тазалау
сүзу
19 ̶ сурет. Жаңа өсімдік биостимуляторлы препараттар өндірісі үдерісінің технологиялық сызбанұсқасы
Сулы экстракт – ашық сары түстен қызғылт–сары түске дейінгі мөлдір ерітінді. Асқазан аурулары кезінде және он екі елі ішек, бронх және басқа ауруларда қолданылады. 100 мл флакондарда шығарылады.
Иньекция үшін сұйық алоэ экстракты.
Сұйық алоэ экстрактын алу технологиясымен бірдей. Иньекция препаратын дайындау үшін алынған түссіз экстрактты (рН=5,0-6,8 аралығында) 1 мл ампулаға құйып, 120°С температурамен 1 сағат бойы стерильдейді. Химиялық құрамы: май тобының дикарбон қышқылы, дикарбон оксиқышқылдар қатары, жоғары молекулалық массалы шекті ароматикалық қышқылдар. Препаратты конъюнктивит, мөлдір қасаң қабықтың бұлдырлауы, сондай-ақ асқазан және ұлтабар үшін арнайы емес агенттер, бронх демікпесі, әйел жыныс ағзаларының қабынуында, тері туберкулез және т.б., ауруларда емдеуде қолданылады. 1 мл ампулада шығарылады.
Алоэ линименті. Құрамы: ағашты алоэ шырыны (биостимулденген жапырқтан консервілеу ) - 78 бөлігі; кастор майы - 10,1 бөлімі; эмульгатор № 1 - 10,1 бөлігі; эвкалипт майы - 0,1 бөлігі; сорбин қышқылы - 0,2 бөліктері; натрий карбоксиметилцеллюлоза - 1,5 бөліктері. Бірыңғай ақ немесе ашық-крем түстегі, иісті қоймалжын масса. Сәулелік терапия кезінде жараланған терілерді емдеуде, күйікте сыртқа жағу үшін қолданылады. 30-50 г флакондармен шығарылады.
Биосед – биостимулденген сулы экстракт (В.П. Филатов бойынша) жас шөбінен дайындалған сулы экстракт. Дәрілік шикізаттың белгілі бір мөлшерін ұсақтап, пресс көмегімен шырынды сығады. Сығылған шырынды шикізатты
Иньекция үшін ерітіндіні ампулдау (ампуладағы биостимуляторлар)
(жом) 1:10 қатынасында 95-98°С температурада 15 минут бойы сумен экстракциялайды және осы операцияны 4 рет қайталайды. Шырынды және бөлінген затты бір-біріне қосып, тұндырады, фильтрлейді. Алынған препараттың рН мәні 5,0-6,5 болатын өзіндік иісі бар, ашық-сары түсті, мөлдір сұйықтық. Оны ампулаларға 1 мл-ден құйып, 120°С температурада 30 минут бойы стерильдейді. Препараттарды құрғақ шырыннан да кептірудің бүрку түрін қолдану арқылы алады. Химиялық құрамы: 17 флаваноидты табиғатты заттар, фенолкарбон қышқылдары, кумариндерден тұрады. Терапевтикалық және хирургиялық практикада, стоматологияда, офтальмологияда регенеративті және зат алмасу стимуляциясы үшін қосымша зат ретінде қолданылады. 1 мл ампулада шағарады.
Мелиоцин – емдік түйе бұршақ жапырағынан (В.П Филатов бойынша) биостимулденген сулы экстракт, алоэ экстрактының биостимулденген қасиетін екі есе және ФИБС төрт рет арттырады [10,30,31].
Жануар тектес биостимуляторлар
Шыны тәріздес дене ірі қара және шошқаның көздерінен биостимуляторлар (В.П. Филатов бойынша) алынады. Көз алмасын бөгде жасушалардан бөліп, ағынды сумен жуып, 5 минут бойы 5% карбол қышқылында 2-3 рет дезинфикциалайды да бокс ке кояды, онда физиологиялық стерильді ерітіндімен жеткілікті түрде құяды. Содан сон, сыртқы қабатты скальпенмен кесіп, көз жанарын жаншып шығарады. Шыны тәріздес денені вакуумды-пистолетпен бөліп алып, тез арада мұздатады. Тоңазытқыштағы мұздатылған шыны тәріздес денені өлшеп, майсыздандырып, термоөңдеуге реакторға қояды. Шыны тәріздес дененің термиялық өңдеуде сарғаюын болдырмау үшін, реакторға белсендірілген көмірді қосады. Термо өңдеудің негізгі мәні ол шыны тәріздес денені +115±5°С температурада қыздырып, 1-1,5 сағат осындай режимде ұстайды. Температураны арнайы автоматтандырылған датчик және реттегіш көмегімен қадағалап отырады.Термо өңдеу аяқталған соң реактор көйлегіне суық су жіберіледі де, реакторда температура 85±5°С төмендейді. Содан кейін, бөлінген сығындыны тұндырғышта ағартады да, фильтрациялы стерильдеу көмегімен шыны тәріздес денені стерильдейді. Стерильді фильтрациядан кейін шыны тәріздес дененің шығымы 80,75% құрайды. Дайын өнім –стерильденген, түссіз, мөлдір, жеңіл опалесцирлейтін сұйықтарды, 2 мл ампулаға құйып, 120°С температурада 30 минут бойы булы стерилизаторда стерильдейді. Кейін 37°С температурада 8 күн бойы термостатта ұстайды. Препараттың құрамына гиалуронды қышқыл және мукополисахаридтер кіреді, олардың негізінде көздің тығыздығы үлкен мөлшерде суды ұстау қабілетіне ие болып, жасушалардың регенерациялу үдерісінде маңызды роль атқарып, иондардың алмасуына қатысады. Операциядан кейін және күю кезінде берішті жараларды жұмсартып, қайтуын тездетеді.
Актовегин - бұзау қанынан алынатын экстракт. 1 мл препаратта 40 мг құрғақ зат болады. Шеткі қан айналым және ми ауытқулары кезінде, метаболитикалық үдерістерді жақсарту, терінің сәулемен жарақаттануында, күйікте, трофикалық ойық жаралардың жазылуын жылдамдату үшін қолданылады. Көздің қасаң қабатының жарақаттануында және копьюктивитте 20% желе ретінде қолданады. 2,5 және 10 мл 10% немесе 20% ерітінділерде ампула түрінде шғарылады.
Алфлутоп – 1 мл ампулада болатын иньекцияға арналған ерітінді және сыртқа қолдануға арналған 30 г тубада болатын гель. Препарат құрамында 1% теңіз организмдері болады және ол қабынуға қарсы әртүрлі формадағы остеоартрозда, хондропротекторнда регенеративтік қасиет көрсетіп қолданылады.
Вилозен – құрамында нуклеотидті және нуклеозинді қосылыстар, аминоқышқылдар, олигопептидтер, аминдер, бейорганикалық тұздар болады. Суда еритін, ақ түсті, ашық-қоңыр түсті аморфты ұнтақ тәрізді зат. Аллергиалық ауруларды емдеу үшін десенсибилиздеу және иммунореттеуіш үшін қолданылады. 0,02 г ампуладғы ұнтақ түрінде шығарылады.
Иньекционды препраттар «Випраксин», «Наяксин», «Випералгин» (1 мл ампулада), жақпа майлар «Випросал» ( 30 және 50 г), «Випратокс» ( 45 г), «Випробел» (15 және 25, 30 г) – бұл препараттарда жылан уы болады. Көрсететін қасиеттеріне байланысты негізгі бөлікті у түзеді де, терапевтикалық эффект көрсетеді және сонымен қатар организмнің иммунобиологиялық қасиетін жоғарлатады.
Иньекция үшін плацентаның бала жолдасы-суспензияны әйел серігінен алады, оны перзентханаларда алдын-ала тексерілген, дені сау жаңа туған әйелдерден жинайды. Плацента жинап болған соң, бірден қақпағымен стерилді ыдысқа салады және зауытқа жібереді, онда тоңазытқыш камераларда мұздатытылады және плацента ұлпаларын биологиялық белсенді заттармен байыту үшін 2-4°С температурада 5-7 тәулік бойы ұстайды. Консервіленген шикізатты бокске ауыстырады, ұрық айналасындағы көпіршіктерден, кіндіктік арқандардан бөліп алады, тазартылған сумен шаяды, ұйыма қабықшалардан тазартады және майдалайды. Шыны банкадағы өлшенген массаға екі көлемде 0,9% натрий хлоридінің изотонды ерітіндісін құяды, мақта тампоны және пергамент қағазбен жабады және байлайды. Баллондарды автоклавта 119-121°С –та бір сағат бойы стерилдейді және тоңазытқышта бір тәулікке қалдырады.
Баллон ішіндегісін бөлшектерінің өлшемі 0,3 мм-ден жоғары емес болғанша, коллоидты диірменнен өткізеді, оларды алдын-ала боксте ультракүлгін сәулелермен сәулелендіреді. Ерітіндіні 2-3 сағат бойы суытады және ампулдауға жібереді. Дайын өнім – бұл қызғылт қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар гомогенді суспензия, рН мәні 5,8-6,9 тең болады.
Биогенді стимуляторлар ретінде көздің әртүрлі ауруларында қолданылады. 2 мл ампулаларда шығарылады.
Гематоген - препарат сойылған малдың дефибринирленген қанына сүт, қойылтылған қант, крахмал-сірне, қант құм шекер, ванилин қосады. Онда 83% ақуыз, 0,9% майлар, 0,5% көмірсутектер және минералды заттар болады. Әртүрлі формадағы қан аздық ауруындағы ақуыз синтетикалық үдерісінде және организмнің иммунды жүйесінде, гемопоэзаны стимулдау үшін қолданады. Қара-қоңыр түсті, тәтті дәмді, хош иісті 50 г плитка түрінде шығарады.
Глюнат -бұл опалесцирлейтін қоңыр түсті сұйықтық, рН = 6-7, 273 немесе 235 мл плазма немесе адам қан сарысуы, глюкоза, натрий гидрокарбонаты мен 1000 мл судан тұрады. Зат алмасуды жақсарту үшін жасушаладрың регенерациясын жеделдету кезінде, сондай-ақ репаративті үдерісті стимулдау үшін АТЖ шырышты қабатын емдеуде препарат қоладанады. 1 және 5 мл, 10 шт ампула түрінде шығарылады.
Инфламафертин мүйізді малдың алғашқы жүктілігі кезінде плацентін алады, ол ашық-сары түсті сұйықтық. Ол нативті аминқышқылдарынан, пептидтерден және натрий хлоридінің изотонды ерітіндісіндегі төменмолекулалы ақуыздардан тұрады. Препарат қабынуға қарсы, иммунды реттеуші, қолайсыз факторларға шырышты қабаттың тұрақтылығын жоғарлату үшін, регенерация және эпитлиализациялау үдерістерін тездетуде, ісікті азайтуда қолданылады. 2 мл ампулада шығарылады.
Липоцеребрин ірі қара малындағы мидың фосфолипидтерін құрайды. Жүйке және жүрек қан тамырлары жүйесінің жұмысын реттеп, зат аламасу үдерісін жоғарлатады. 0,15 г таблетка түрінде шығарылады.
Плазмол адам қанынан алады. Түссіз немесе әлсіз сарғыш түсті, жеңіл опалесцирлейтін өзіне тән иісті сұйықтық. Препарат неврит, радикулит және басқа да перифериялық жүйке жүйесінің ауруларында, ойық жара ауруы, асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, бронх демікпесі, артритте қолданады. 1 мл ампулада шығарылады
Полибиолин препаратты доннорлы адам қанының плацентарлы сарысуынан алады. Иіссіз, ақ түсті ұнтақ тәрізді зат. Ылғал сіңіргіш. Суда, натрий хлоридінің изотонды ерітіндісінде және 0,25-0,5% новокаин ерітінділерінде оңай ериді. Перепарат аднекситте, параметритте, радикулитте, плекситте, невралгиде қолданылады. 0,5 г ұнтақ ретінде флаконда шығарылады.
Спленин препартты ірі қара малдың көкбауырынан алады. Бұл мөлдір, сұйықтық, ащылау дәмді, өзіндік иісі бар. 10% этил спиртімен консервілейді, рН мәні 4,0-5,0 тең болады. Жүктіліктің бастапқы кезеңдеріндегі токсикозды емдеу және азот алмсу өзгерістерін қалыптастырады және бауырдың зиянсыздандыру қызметін жоғарылатады. 1 мл ампулаларда шығарылады.
Солкосерил препарат ірі қара малдың қанынан алынады; ол 70% бейорганикалық және органикалық қосылыстардан тұрады. Алмасу үрдістерін жақсарту, жіліншіктің трофикалық жарасы кезіндегі ұлпалардың регенерациясын жылдамдату үшін гангрена, ойылу, күйіктер, радиациялық жараларда, теріні алмастыруда қолданылады. Арнайы дәрілік түр ретінде (20% гель) мөлдір қабықтың ауруларын емдеуге қолданылады.
Тимактид. Бұзау және лақтын қалқанша безінен алынатын полипептидті комплекс. Дәмі және өзіне тән иісі бар сары түсті ұнтақ. Инфекциялық тері ауруларында, тонзилитте, парадонтозда, артритте, радиациялық жарақаттануда, операциядан кейінгі инфекцияларда, сепсисті емдеу үшін, қан айналымды стимулдап және иммуномодельдейтін ретінде қолданылады. Таблектка түрінде шығарады.
Хонсурид ірі мүйізді малдың кеңірдегінен алады. Ақ немесе әлсіз сары түс беретін борқылдақ масса. Суда және натрий хлоридінің изотонды ерітітіндісінде оңай ериді. Хонсуриннің негізгі әсер ететуші заты ретінде хондроиткүкірт қышқылы болып табылады, ол жоғары молекулалы полисахаридтер қатарына жататын гиалурон қышқылымен жасушаларды біріктіретін негізгі зат ретінде қолданылады. Әлсіз түйіршіктелген жараларда, ұзақ жазылмайтын жараларды репаративті процестерін жылдамдату үшін сыртқа қолданады. 0,05-0,1 г стерильді ұнтағы болатын герметикалық бітеу флакондар түрінде шығарылады.
Церебролецитин мүйізді ірі қара малдың миынан лецитино және холинофосфатидтері бар препарат алынады. Жалпылай бекітетін және әлдендіретін қасиет көрсетеді. 0,05 г қапталған таблетка түрінде шығарылады.
Цернилтон белгілі бір өсімдіктің тозаңына микробиологиялық ферментация жолымен дайындалған кальция фосфаты, кальция глюконаты және басқа заттар қосылғанда алынатын экстракт. Зат алмасуды стимулдап, қабынуға қарсы әсерді көрсететін препарат ретінде қолданылады. Үлкен адамдардың қартаю жасында жалпы әлсіздігі кезінде, простатитте, простовезникулитте, спецификалық емес уретритте қолданылу ұсынылған. Айрықша иісі бар, 0,4 г жасыл таблетка түрінде шығарылады.
Иньекция үшін плацент экстракты ̶ суытылып консервіленген әйел плацентінің сулы экстракты. рН мәні 6,7-7, әлсіз опалесцирленген тұнбасыз мөлдір, түссіз, стерильді сұйықтық. 120°С температурада бір сағат бойы стерилдейді. Препаратты жыныс жолдарының қабынған кезінде, радикулитте, артритте, малярияда, көз ауруларында биогенді стимуляторлар ретінде қолданады. 1мл ампула түінде шығарады.
Эрбисол ̶ мүйізді ірі қара малдың эмбрионданған гидролизатты алынатын преперат. Зат алмасу және репаративті процестерді жақсартып, бұзылған аномальды ұлпалар мен жасушалардың қайта қалпына келуін жылдамдатады. 1 және 2 мл ампулада шығарады.
Омарташылық өнімдері. 50 жылдар бұрын академик Н. Цицин балтозаңдарды (гүлтозаңының балмен қоспасы) ситематикалық түрде пайдалану, организмнің қорғаныш күшін арттырып, әртүрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтеді. Әртүрлі ауруларды емдеу және алдын алу үшін халық медицинасында өте ертеден қолданылып келе жатқан ара желімі (прополис) үлкен мәнге ие. Тонусты көтеруде, зат алмасуды арттыруда, қан айналымды жақсартуда дәрілер қатарынан үлкен орны бар препарат «Апилак» сериясы болып табылады.
Апилак ̶ табиғи ара сүтінің алынатын құрғақ заты (жұмысшы аралардың аллотропикалық бездерінің сөлдері ). Апилак – лиофилденген ұнтақ тәріздес масса немесе ақшыл – қоңыр-түсті саңылаулы (кеуекті) плиткалар; келесі дәрілік түрлерді пайдалану үшін қолданылады.
апилак ұнтағы (Pulvis Apilaci) 7 бөлік лиофилденген апилактан және 93 бөлік сүт қантынан тұрады;
апилак таблеткасы (Tabullettae Apilaci) 0,01 г апилактан, сублингвальды түрде пайдаланады;
апилак суппозиторийлері (Suppositoria «Apilacum») 0,005 немесе 0,01 г лиофилденген апилактан тұрады;
3% апилактың жақпа майы (Unguentum Apilaci); 50 г-нан тубтарда;
0,6% апилактың кремі,бет терісінің себореясы, тері қышымаларында қолданылатын кремдер.
Әлемде осы апилак негізінде бірнеше препараттар жасалынған: «Апифортиль», «Витадион», «Мелькацин», «Антирид», «Апидермин», «Аписдерм», «Лондживекс», «Ройял Джелли», «Халеа Реал» және т.б., ара сүтінен жасалынған руконвалесценттерде тамақтану бұзылуында, гипотонияда, жүйкелік бұзылыстарда, босанғаннан кейінгі кезеңдегі лактация бұзылыстарында, тері себореясында және терінің басқа да зақымдарында, атерсклерозда, авитаминозда, уайымдауда қолданылады.
Прополис (ара желімі) – аралар өз ұяларының қабырғаларын жабуға, омартаны бекіту үшін қолданады. Бұл тығыз немесе жабысқақ серпімді-тұтқыр масса, жасыл-қоңыр немесе қоңыр түсті, сұр реңді, өзіндік иісті, ащы –күйдіргіш дәмді. Суда ерімейді, спиртте ериді. Прополистің құрамына шайырлар, эфир майлары, балауыз, әртүрлі көптеген флаваноидтар (флавондар, флавонондар, флавонолдар, корич қышқылы туындылары, жабысқақ заттар) және т.б. қоспалар кіреді. Жаралар және күйіктерді емдеу үшін (жағар май түрінде), ауыз қуысы, тамақтың қабынуы ауруларында және бірқатар тері және саңырауқұлақты ауруларында қолданылады. Прполистен медициналық қолдануға рұқсат етілген: аэрозольды препараттар «Пропосол» және «Пропомизоль», жақпа май «Пропоцеум», прополис тұндырмасы, «Прополин» таблеткасы, «Пропомикс» көз тамшылары және т.б. жатады.
«Пропосол» аэрозольды препараты, құрамында прополис, глицерин, 95% этил спирті және пропеллент болады. Препарат қабынуға қарсы, дезинфицирлейтін және ауруды басатын дәрі ретінде стоматологияда қолданылады. Шашатын насадкасы бар, 50 г аэрозольды баллондарда шығарылады.
Прополис тұндырмасы – 10% прополис ерітіндісінің 80% этил спиртіндегі ерітіндісі. Қызыл-қоңыр түсті, мөлдір, өзіндік иісі бар қабынуға қарсы және стоматологияда және дерматологияда жараны жазғыш ретінде қолданылады. 25 мл флаконда-дәрі тамызғыш ретінде шығарады.
Солупент – өсімдік тұндырмасымен және прополоис тамшысы. Әлдендіретін дәрі ретінде прополиспен бірге береді.
Унгапивен - 0,6 мг/г ара уы болатын, 30 г тубадағы сыртқа қолдануға арналған жақпа май.
