4.Бала асырап алу.
Кәмелетке толмаған балаларға қатысты және солардың мүдделеріне сәйкес қана ұл асырап алуға немесе қыз асырап алуға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бұл балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін.
Балалар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, балалардың туысы емес шетелдіктерге аталған балалар орталықтандырылған есепке қойылған күннен үш ай өткеннен соң асырап алуға берілуі мүмкін.
Бала асырап алғысы келетін шетелдіктер баланы жеке өзі таңдап алуға, онымен кемінде екі апта бойы тікелей жақын араласуға, қорғаншы және қамқоршы органға баланы асырап алғысы келетіні туралы жазбаша арыз, сондай-ақ мемлекеттік лицензиялар негізінде осындай қызметті жүзеге асыратын агенттіктер беретін ықтимал ата-аналардың қаржы жағынан әл-ауқаты, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтама беруге міндетті
Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметкерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлкеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бір қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлары, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлары, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардың жеке және заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктік қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.
Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. Коммерциялық несие векселмен бекітіледі вексельді банктер есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктік несиеге ұласады. Сонда заңнамалар нормаларына сәйкес келетін вексель вексель иесіне берілген жазбаша кепілдік болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық іс-әрекет және қаржылық бақылаумен айналысатын көптеген органдар бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті және атқару органдары – Мәжіліс пен Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк, Санақ палатасы, Қазыналық, салық комитеттері, салық полициясы, басқа да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрлі инспекциялар жатады.
Мемлекеттік емес кәсіпкерліктен басқа тірлікпен айналысатын субъектілердің қаржылық-шаруашылық жағдайын тексеруді мемлекеттік емес тексеру-бақылау органдары – аудиторлар жүзеге асырады.
Мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің барысында материалды және ұйымдастырушылық сияқты екі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады.
Салықтар-тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болады.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралдық салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылады.
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырады.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар-мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.
Салық- заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық- белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Салық дегеніміз- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджнтіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайыздан құрайды.
Салықты материалдық тұрғыдан алғанда- бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық наруралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).
Салықтың материалдық белгісі- салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтың қатынастар- ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық- салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қрзғалысы болып саналады.
Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.
Салық құқығы- мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Салық материалдық тұрғыдан белгілі бір ақша сомасын (ақшалай нысанда) немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың санын (натуралдық заттай нысанда) білдіреді.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
- Материалдық категория жағынан - бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
- Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;
- Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.
- Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:
- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
- Салық – ақшалай нысанды төленеді;
- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:
- Салық – баламасыз сипатта болады;
- Салық – салықты төленген кезде меншік нысандары айқындалады;
- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;
Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері.
Салық дегеніміз мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер.
Салық құқығы салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Тікелей салық төлеудің субъектісі оның ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей оның мүлкінің, еңбекақысының азаюына әкеледі. Мысалы, тікелей салыққа жеке табыс салығын жатқызуға болады.
Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Жанама салықта салық төлеуші салықты төлеудің ауыртпалығын басқа бір тұлғаға жүктейді. Мысалы, Заң жүзінде аталған салықтардың төлеушісі тауарды сатушы, бірақ негізінде салықтың сомасы осы сатылған тауардың құнының ішіне кіретіндіктен оны тауарды сатып алушы өтейді.
Салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгiленген тәртіппен тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне түседi.
Қазақстан Республикасында төмендегідей салықтың түрлері қолданылады:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құн салығы.
4. Акциздер.
4-1. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.
6. Әлеуметтiк салық.
7. Жер салығы.
8. Көлiк құралдары салығы.
9. Мүлiк салығы.
