Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дисс. жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.74 Mб
Скачать

4. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері, өсіру технологиясы

4.1. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері

Шырайгүл - алқа тұқымдасына жататын гүлді өсімдік. Күй талғамайды, кез-келген топырақта өсе береді. Отаны - Оңтүстік Америка, Аргентина, Бразилия. Тегі көпжылдық болғанымен, біздің гүлзарларда біржылдық болып өседі, биіктігі 20-70 см. Сабағы мен жапырақтарын түк басқан, гүлдерінің реңі - ақ, қызғылт, күлгін болады.

Шырайгүл жарық, жылу сүйгіш гүл. Наурыз айында жәшіктерге тұқымынан сеуіп, көшеттерінің арасын 25-30 см етіп гүлзарларға отырғызады. Бұйра гүлділерін қалемшелерден өсіреді, гүлзарлардың қандай түріне болсын жақсы өседі, жеке ыдыстарға да егуге болады. Көбірек өсірілетін түрлері: буданды шырайгүл, ақ гүлді, күлгін гүлді, ірі гүлді, бұйра гүлді және т.б. [16]

Cурет – 1. Шырайгүл гүлді өсімдігінің көрінісі

Шырайгүл - бірінші егілген жылы гүлдейтін болғандықтан, сәндік мақсатта біржылдық ретінде кеңінен қолданылады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, гүлдері түтікше пішіндес, біріккен бесбөлімді, түстері ақ қызғылт, қызыл, күлгін болып келеді. Өсімдік биіктігі агротехника жағдайы мен климатқа және жататын тобына қарай әртүрлі болады.

Бақша шаруашылығында өз арасында гүлінің формасы, түсі, өсіру шарттары бойынша ажыратылатын шырайгүлдің бірнеше гибридті топтары қолданылады. Солардың ішінде ең маңыздылары:

Ұсақ көпгүлді шырайгүл - жартылай бұтақтанған, биіктігі 20-25 см болатын, жапырақтары сопақша, шеті тегіс, гүлдері қарапайым ақ, қылғылт, қызыл, күлгін түстес келетін тобы. Ылғалдылыққа төзімділігі жоғары, маусым айынан бастап алғашқы бозқырау түскенге дейін гүлдейді. Топыраққа талғампаздығы жоқ. дегенімен құнарлы бақ топырағы және жарық жеткілікті түсетін жерде өсірілгені дұрыс. Тұқым арқылы көбейеді. Тұқымдарын наурыз айының соңы мен сәуір айының басында жарықтанған бөлмеде жәшіктерге отырғызады. Көшеттерді жеке - жеке жәшіктерге немесе жылыжай грунттарына арақашықтығын 25-30 см етіп отырғызады.

Ірігүлді шырайгүл гибриді - биіктігі 40-50 см жетеді. Гүлдері ірі, дара орналасқан, хош иісті, әртүрлі түске боялған. Шілде айынан бастап алғашқы бозқырауға дейін гүлдейді. Гүлдері жоғары ылғалдылықты көтере алмайды. Ұзақ жаңбырлы күндер әсерінен декоративті бейнесін жоғалтады.

Шашақты шырайгүл гибриді - биіктігі 30-40 см-ге дейін барады, жапырақтары мен сабақтары түкті келген. Гүлдері ірі, әркелкі қанық боялған, ірі толқынды ерекше әдемі гибрид. Жылыжай жағдайында шілде айынан бастап алғашқы бозқырауға дейін гүлдей береді. Гүлдері әдетте жаңбыр тамшылары әсерінен бұзылады.

Барлық ірігүлді шырайгүл гибридтері ылғалдылығы жоғары және борпылдақ топырақ жағдайында жақсы өсіп дамиды. Күн сәулесімен жарықтануы да маңызды факторлардың бірі саналады. Оңтайлы отырғызу арақашықтығы 35 см. Ірі гүлді шырайгүл гибридтерін тұқым арқылы көбейтеді.Вегетация бойына көшеттерді екі рет алмастырады. Бірінші көшеттеу жәшіктерге жүргізіледі, екінші көшеттеу диаметрі 9 см болатын жәшіктерге 3 данадан отырғызу арқылы жүргізіледі. Жас көшеттерді жарықтануы жақсы, температурасы оңтайлы жылыжайларда ұстаған жөн. Грунттарға өсімдіктерді маусым айының басында отырғызады. Қыстың уақытында өсімдіктері жарықтанған жылы бөлмеде немесе жылыжай жағдайында +6...+8 °С температурада сақтайды.

Шырайгүл пеларгониядан кейінгі молынан пайдаланылатын өсімдік. Өзінің гүлінің үлкендігі, әртүрлі түстерінің қанықтығы мен өміршеңдігінің арқасында әлемге бірден танымал болып, өте көп сұранысқа ие болды. Сорттарына қарай өсімдік биіктігі әртүрлі келеді, 20-40 см аралығында. Көптеген сорттарында гүлдерінің түсі біркелкі емес, яғни бірнеше түстен құралады және сонысымен ерекшеленеді. [17]