Модель белгілері
Модельдер адам қызметінің таным, қатьшас, практикалык қызмет сиякты сфераларында қолданады.
Адамды (модельдеу субъектісін):
модельдеу объектісінің сыртқы түрі;
модельдеу объектісінің құрылымы;
модельдеу объектісінің үлгісі қызыктыруы мүмкін.
Модельдің максаты мен шешуге тиісті мәселесі осы үш аспектінщ бірін тандауға ыкпал етеді.Модельдің әрбір аспектісі касиеттерінің жиынтығы арқылы айкындалады. Модельдерде объектінің барлық касиеттері емес, тек кана модельдеу мақсаты тұрғысынан қажетті қасиеттері ғана бейнелейді. Модельдеудің әрбір аспектісі (түр, күрыльш, үлгі) өзіндік қасиеттер құрамымен сипатталады. Обьектінің белгілері сыртқы түрінің сипаттамасы ретінде көрсетіледі. Тілде бұл белгілер қызыл, сары, дөңгелек, ұзын сияқты сын есімдермен өрнектеледі. Объектінің сыртқы түрі оны тану, ұзақ уақыт сақтау (фотография, портрет) үшін модельденеді.
Объект құрылымы деп оның элементтері мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығы айтылады.
Құрылымды сипаттауда объектінің кұрамдас элементтері мен олардың қасиеттері көрсетіледі.
Тілде бұл элементтер мен байланыстар: электрон, протон, күш, (атом сипатталуындағы) энергетикалық деңгей сияқты зат есімдермен өрнектеледі.
Объект құрылымын модельдеу:
оның көрнекі бейнесі;
объект касиеттерін оқып үйрену;
байланыстык белгілерді айкындау;
объектінің тиянақтылығын окып үйренуге кажет.
Уақыт ағымына байланысты шығатын өзгерістер объект күйі деп аталады. Объект күйінің сипаттамасы оның сырткы түрі мен күрылымының басқа объектілермен өзара әсерлерінің уақытқа байланысты нәтижесінің сипаттамасына келтіріледі. Тілде бұл сактау, даму, айналу сиякты етістіктермен өрнектеледі.
Объект күйін модельдеу:
болжауға;
баска объектілермен байланыс орнатуға;
басқаруға;
техникалык құрылғыларды құрастыруға қажет.
Объектілердің кейбір қасиеттерін сандык мән кабылдайтын шамалармен сипаттауға болады. Мысалы: масса, ұзындық өлшемдері бұл жағдайдағы касиеттердің параметрлері деп аталады.
Модельдеу мақсаты
Кез-келген практикалык колданбалы есептердің шешілуі барлык уакытта зерттеумен, кейбір объектілерді (материалдық/акпараттык) түрлендірумен, баскарумен байланысты.
Демек, модельдеу максатының табиғаты екіжакты: бір жағынан зерттеу есебіне байланысты объективтілігі, кызығушылықка, қызметтік мотивке тәуелді түзетілетініне байланысты субъективтілігі (2-сурет).
2-сурет. Модельлеу мақсатынын модель субъектісіне және шешілетін
есепке тәуелділігін көрсету схемасы
Бір объект үшін бір субъекттің түрлі есептерді шешуіне және модельдеу мақсатына байланысты бірнеше модель құруы мүмкін (3-сурет).
3-сурет. Бір объектіге бір субъекттің бірнеше модель құру
мүмкіндігін көрсететін схема.
Бір ғана модельдеу есебі үшін бір объекттің түрлі субъектілерінің түрлі модельдер құруы мүмкін.
Модельдің түрі және оның құрылуы субъектінің білімне, тәжірибесіне, жеке қызығушылыктарына байланысты (4-сурет).
4-сурет. Бір объект үшін бір субъекттің бірнеше модель
құру мүмкіндігін көрсететін схема
Бір объектінің негізінде түрлі модельдеу мақсатына байланысты түрлі есептерді шешілетін субъектінің бірнеше модельдер құру мүмкіндігі бар. Модель түрін тандау, құру субъектінің біліміне, тәжірибесіне, жеке кызығушылығына тәуелді (5 сурет).
5-сурет. Бірнеше субъектілердің бір объектіге түрлі модельдер құру мүмкіндігін көрсететін схема
Модельдеу субъект алдында тұрған модельдеу мәселесін шешкенде ғана өз мақсатына жетеді.
Модельдеу ғылымы келесі принциптерге сүйенеді:
-редукционизм принципі - күрделіні карапайымдандыру мүмкіндігі;
- эволюция принципі - барлык формалар біртіндеп төменгі формалардан дамиды. Төменгі формалар күйін талдау аркылы жоғары формалар күйін болжауға болады;
- рационалдық принципі - әлемнің накты объектілерін логиканың, математиканың көмегімен тануға болады.
