- •1 Жастағы балаға қандай егулер күнтізбеге сәйкес жасалады?
- •7 Жастан асқан балаларда теміртапшылықты анемияны емдеу үшін элементарлы темірдің қандай дозасы аса дұрыс?
- •7 Жастан асқан балаларда теміртапшылықты анемияны емдеу үшін элементарлы темірдің қандай дозасы аса дұрыс?
- •3 Жастағы бала жөтелге және дене қызуы 38с дейін көтерілуіне шағымданады. Қараған кезде жалпы қауіп белгілері жоқ, тыныс алу жиіліг минутына 50, енжар.
- •3100 Гр, бойы 50 см. Бірден жылаған, емшекке алғашқы тәулікте салынды, перзентханадан 4-ші тәулікте шығарылды. Нәресетелік кезең өзгеріссіз өткен. Бір айлық жастан аралас тамақтанады.
- •5 Жасқа дейінгі балаларға қандай дәрілер қарсы көрсетілген?
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL MEDICAL UNIVERSITY
|
1
Ұл бала туғанына 6 күн, 1 жүктіліктен және босану. Жүктілік өзгеріссіз өткен. 37-38 апта мерзімде туған, өзі босанған, босану жедел, жылауы қатты, емшекке бірден салынды. Апгар бойынша 8-9 балл. Профилактикалық егулерді күнтізбе бойынша алған: БЦЖ және ВГВ. Үйге шығарылды.
Жалпы тәжірибелік дәрігерге не істеу керек?
* С витаминін тағайындау
*+ биологиялық, генеалогиялық және әлеуметтік анамнезін бағалау
*тамақтануды есептеу
* Д витаминін тағайындау
* А витаминін тағайындау
#2
Туғаннан кейін 15-шы күні баланың мойын, шап және қолтық асты тері қатпарларында көп мөлшерде ұсақ қызыл түйіндер мен дақтар пайда болды. Жалпы жағдайы жақсы. Дене қызуы қалыпты.
Жалпы тәжірибелік дәрігердің бақылау жиілігі?
*аптасына 1 рет
*күнделікті жазылғанға дейін
*күнділкті жағдайы жақсарғанға дейін
*күн ара
*айына 1 рет
#3
Баланың туғанына 10 күн. Бірінші жүктіліктен және бірінші босанудан. Жүктіліктің 1-ші триместрі токсикозбен, жеңіл дәрежелі теміртапшылықты анемиямен өткен. Бала мерзімінде 38 апта туды, босану жылдам, кіндігі мойнына 2 рет оралып қалған, бірден жылаған жоқ, Апгар бойынша 5-6 балл. Анасы мен бала туғаннан кейін 4-ші тәулікте қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды, профилактикалық егулер жасалды. Учаскелік дәрігер патронаж жүргізіп, бала күтімі жөнінде әңгіме өткізді.
Осы балаға қандай маман кеңес беруі қажет?
*+невролог
*хирург
*окулист
*ортопед
*эндокринолог
#4
Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына1 айлық баласымен анасы келді. Мазасыздыққа, іші жиі кебуіне шағымданады. Емшек емеді, бір айда 850 гр салмақ қосқан, жағдайы жақсы, тәбеті сақталған, үлкен дәреті туғаннан сары ботқа тәрізді тәулігіне 3-4 рет, нәжісті дисбиозға тексергенде 103 КОЕ/г алтынды стафилококк анықталды. Анасында емшек сүтінің себіндісі кезінде 1 мл сүтте эпидермальды стафилококктың 245 колониясы анықталды.
Осы жағдайда жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы қандай?
*емшек емізуге тыйым салу
* сауылған, пастерленген емшек сүтін беру
* жасанды тамақтануға көшіру
*+емшек емізуді жалғастыру, анасы мен балаға антибиотик тағайындау
* емшек емізуді жалғастыру, анасы мен балаға пробиотик тағайындау
#5
Баланың туғанына 3 күн. 1-ші жүктіліктен және бірінші босанудан. Жүктілік өзгеріссіз өткен. 39 апта мерзімде туған,салмағы - 3400 г, бойы - 50 см. Бірден жылаған. Емшекке туа салып салынды, белсенді емеді. Туа біткен автоматты рефлекстері белсенді шақырылады. Бұлшық ет тонусы сақталған.
К витаминін пайдалану бойынша дәрігердің ары қарай тактикасы?
*+ бұлшықет ішіне бір рет тағайындау
* бұлшықет ішіне 3 күн тағайындау
* бұлшықет ішіне бір рет тағайындау
* бұлшықет ішіне 3 күн тағайындау
*ауыз арқылы 3 дозы тағайындау
#6
Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына5,5 айлық баласымен анасы келді. Аралас тамақтандырылады. Емшек сүтінің тәуліктік мөлшері – 500 мл. Кәді езбесі түрінде 1-ші қосымша тамақ береді, 2-ші қосымша тамақ сүтке піскен күріш ботқасы түрінде, алма шырыны мен жеміс езбесін береді.
3-ші қосымша тамақты енгізудің аса ықтимал мерзімі қандай?
*6 ай
*5 ай
*9 ай
*8 ай
*+7 ай
#7
Дәрігерді үйге шақырту: бала емізетін ананың дене қызуы 37,5ºС дейін көтерілді, бір емшегі тығыздалып, басқан кезде ауырады, гиперемия бар. Емшекті сауған кезде сүттің түсі қалыпты, қан және ірің араласпаған. Жалпы тәжірибелік дәрігер баланы емізу туралы ұсыныстар берді.
Аса ықтимал дұрыс жауап қандай?
* емшек емізуге тыйым салу
* сауылған, пастерленген емшек сүтін беру
*+ емшек емізуді жалғастыру, қалған сүтті міндетті түрде сауып тастау
* емшек емізуді жалғастыру, балаға антибиотик тағайындау
*тек сау емшекпен емізу
#8
Жалпы тәжірибелік дәрігерді үйге 6 айлық ұл балаға шақыртты, бала аралас тамақтандырылады. Емшек сүтінің тәуліктік мөлшері – 400 мл. Емшек сүтінен басқа көкөніс және жеміс езбесін, жеміс шырынын береді, 3 күн бұрын қарақұмық ботқасын беруді бастады. Аталған өнімдердің барлығы сіңеді.
3-ші қосымша тамақты енгізудің аса ықтимал мерзімі қандай?
*+7 ай
*8 ай
*6 ай
*4 ай
*9 ай
#9
Қыз бала 2 жаста. Анасы учаскелік дәрігердің қабылдауына алып келді. Шағымдары жоқ. Бала жасына сай өсіп, дамуда. Профилактикалық екпелерді күнтізбеге сәйкес алады.
2 жастағы баланы қандай мамандар қарауы тиіс?
*логопед
*психолог
*+стоматолог
*невропатолог
*гастроэнтеролог
#10
Қыз бала 2 жаста. Анасы учаскелік дәрігердің қабылдауына алып келді. Шағымдары жоқ. Бала жасына сай өсіп, дамуда. Профилактикалық екпелерді күнтізбеге сәйкес алады.
Осы баланы бақылау жиілігі қандай?
* айына 1 рет
*+тоқсанына 1 рет
*6 айда 1 рет
*жылына 1 рет
*бақыламайды
#11
Қыз бала 3 жаста. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында. Сөйлеу тежелуіне шағымданады. Бала мерізімінде жетіліп туған. 1 жасқа дейін невропатологта «Перинатальды энцефалопатия, гипоксиялық генезді» диагнозымен бақылауда тұрған. Профилактикалық екпелерді күнтізбеге сәйкес алады. Басқа органдарында патология жоқ.
Осы баланы қандай мамандар қарауы тиіс?
*+невропатолог, логопед, психолог
*хирург, невропатолог, окулист
*ЛОР,окулист, психолог
*психолог, эндокринолог, окулист
*кардиолог, логопед, хирург
#12
Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында 6 жасар қыз бала. Шағымы жоқ. Анамнезінен: «Д» есепте тұрмайды. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сәйкес. Дене тұрқы қалыпты, тамақтануы қанағаттанарлық. Объективті: қараған кезде ішкі органдарында патология жоқ.
Осы жаста тағы қандай қосымша анализдер жүргізу қажет?
*+ қанның жалпы анализі, зәрдің жалпы анализі, құрт жұмыртқасына нәжісті, қандағы қантты
тексеру
* құрт жұмыртқасына нәжісті, қандағы қантты тексеру
* қандағы қантты тексеру, жалпы билирубин
*АЛТ, АСТ, общий анализ мочи
* қанның жалпы анализі, зәрдің жалпы анализі, қанның биохимиялық анализі
#13
Бала 4 жаста. Қараған кезде соматикалық патология анықталмады. Тілдік және сенсорлық дамуы артта қалған. Физикалық дамуы жасына сәйкес. Тұқым қуалаушылығы ауырламаған. Отбасы материалдық қамтамасыз етілген. Анасы 9 сыныпты қана бітірген. Отбасында тағы 2 бала бар – 1 жас 1 айлық және 2 жас 6 айлық.
Баланы дамыту үшін қандай ұсыныс беру керек?
*үйде арнайы жаттығулар жасау
*мектепке дейінгі мекемеге жіберу
*+мамандандырылған логопедтік балабақшаға жіберу
*ештеңе жасамау керек
* невропатологта емделу
#14
Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында 5 жасар ұл бала. Анасының айтуынша 1 жүктіліктен, туғандағы салмағы – 2800 г, бойы – 50 см. Өсіп, жетілуі жасына сай. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сәйкес. Қараған кезде соматикалық патология анықталмады.
Қосымша қандай мамандардың тексеруінен өтуі тиіс?
*+Педиатр, психолог
*Педиатр, психолог, хирург
*Педиатр, невролог, лор
*Педиатр, офтальмолог, хирург
*Педиатр, стоматолог, психолог
#15
Ұл бала 1 жаста. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында. Анасының шағымдары жоқ.
Объективті: дене тұрқы қанағаттанарлық, жасына сай өсіп, дамуда, органдарында патология жоқ. Профилактикалық екпелерді күнтізбеге сәйкес алады.
1 Жастағы балаға қандай егулер күнтізбеге сәйкес жасалады?
*АбКДС2 + ОПВ2+ Hib2
*ВГВ3+ ОПВ4
*+ККП + ОПВ4+пневмо
*RV АбКДС + RV Hib
*RV БЦЖ + RV АДС+ RV ККП
#16
Қыз бала 4 айлық. Шала туған, салмағы - 2100 грамм, бойы - 44см. Жасына сай өсіп, дамуда.
«Перинатальная энцефалопатия» диагнозымен неропатологта диспансерлік есепте тұрады. Егулерді мерзімінде алады.
Осы жастағы балаға аса ықтимал вакцинация қандай?
*АбКДС3 + ИПВ3+ Hib3
*ККП + ИПВ4+пневмо
*RV АбКДС + RV Hib
*RV БЦЖ + RV АДС+ RV ККП
*+АбКДС3 + ИПВ3+ Hib3+ВГВ
#17
Ұл бала 1 жаста. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына әкелді. Егу күнтізбесіне сәйкес оған екпе жасалуы керек.
Осы жастағы балаға аса ықтимал вакцинация қандай?
*АбКДС2 + ОПВ2+ Hib2
*ВГВ3+ ОПВ4
*+ККП + ОПВ4+пневмо
*RV АбКДС + RV Hib
*RV БЦЖ + RV АДС+ RV ККП
#18
Ұл бала 7 айлық. Анасының шағымдары: ұйықтағанда шошыну, тершеңдік және мазасыздық.
Объективті: төбе, маңдай сүйектері шығыңқы, қабырғасында таспиықтар. Үлкен еңбегі 2,0– 2,5 см, шеттері жұмсақ. Кеуде клеткасы төменгі жағы жайылған, шеті жұмсақ. Қанның биохимиялық анализінде: кальций 1,5 ммоль/л, фосфор 1,0 ммоль/л. Алдын ала Д- витамин таппшылықты мешел диагнозы қойылды.
Қандай аса ықтимал дәрілермен спецификалық емдеу жүргізіледі?
*+витамин Д3 аквадетрим
*витамин Д2 спиртті ерітінді
*кальция глицерофосфат
*витамин Д2 майлы ерітінді
*витамин Д3 никомед
#19
Ұл бала 3 айлық. Анасының шағымдары: ұйқысы нашар, мазасыздық, емізген кезде қатты терлейді. Анамнезінен: мерзімінде туған, салмағы4000 грамм. Емшек емеді. D витаминін алмаған. Объективті: терісі ылғалды, қызыл дермографизм, шүйдесі тазданған. Үлкен еңбегі 3,5x3,5 см, шеттері жұмсақ, орташа бұлшық ет гмпотониясы. Қаңқа деформацисы мен ішікі органдарында өзгерістер анықталмады. Мешел I, өршу кезеңі, жедел ағымы диагнозы қойылды.
Д3 витаминінің аса ықтимал курстық дозасы қандай?
*500-1000 МЕ
*2000-3000 МЕ
*200-400 000 МЕ
*+400-600 000 МЕ
*600-800 000 МЕ
#20
Ұл бала 7 айлық. Анасының шағымдары: мазасыздық, тершеңдік, ұйқысы нашар. Анамнезінен: туғаннан емшек емеді. Объективті: төбе, маңдай сүйектері шығыңқы, мешелдік таспиықтар, «бақа» қарын, кеуде клеткасы төменгі жағы кеңейген, бауыр шеті қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, көкбауырдың шеті білінеді. Қан сарысуында: кальций - 1,7 мм/л, фосфор – 1,12 мм/л. Алдын ала қойылған диагноз: «Мешел II, өршу кезеңі, жітілеу ағымы».
Д3 витаминінің аса ықтимал курстық дозасы қандай?
*500-1000 МЕ
*2000-3000 МЕ
*200-400 000 МЕ
*+400-600 000 МЕ
*600-800 000 МЕ
#21
Қыз бала 3 айлық. Анасының шағымдары: ұйқысы нашар, мазасыздық, емізген кезде қатты терлейді. Анамнезінен: мерзімінде туған, салмағы 3800 грамм. Емшек емеді. D витаминін алмаған. Объективті: терісі ылғалды, шүйдесі тазданған. Үлкен еңбегі 1,8x2,0 см, шеттері жұмсақ, орташа бұлшық ет гмпотониясы. Қаңқа деформацисы мен ішікі органдарында өзгерістер анықталмады.
Қандай дәрілер аса дұрыс?
*+ холекальциферолдың сулы ерітіндісі
* холекальциферолдың майлы ерітіндісі - вигантол
* эргокальциферолдың майдағы ерітіндісі
* видехолдың майдағы ерітіндісі
* видехолдың судағы ерітіндісі
#22
Ұл бала 3 айлық. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына келді. Анасының шағымдары: мазасыздық, тершеңдік. Анамнезінен: мерзімінде туған, салмағы 3600 грамм. Емшек емеді. D витаминін алмаған. Объективті: терісі ылғалды, қызыл дермографизм, шүйдесі тазданған. Үлкен еңбегі 2,5x2,0 см, , шеттері жұмсақ, орташа бұлшық ет гмпотониясы. Қаңқа деформацисы мен ішікі органдарында өзгерістер анықталмады.
Қандай дәрілер тағайындаған аса дұрыс?
*витамин Е
*+аквадетрим
* Д3 0,5% спиртті ерітіндісі
* Д2 0,125 % майлы ерітіндісі
*кальций Д3 никомед
#23
Қыз бала 1 айлық. Анасының шағымдары жоқ. Анамнезінен: 1 жүктіліктен және босанудан, жетіліп туған, жүктілік патологиясыз өткен, салмағы 3500 грамм, бойы - 52 см, Апгар шкаласы бойынша 8-9 балл. Емшек емеді. Объективті: салмақ қосуы жасына сай, үлкен еңбегі 2.0 x 2.0 см, бұлшықет тонусы қанағаттанарлық, позасы физиологиялық, туа біткен автоматты рефлекстері тірі. Ішкі органдарында өзгерістер жоқ.
Мешел профилактикасы үшін Д3 витаминінің қандай дозасы дұрыс?
*витамин Д3 2000МЕ дозада күнделікті
*+витамин Д3 500МЕ дозада күнделікті
*витамин Д3 1000МЕ дозада күнделікті
*витамин Д3 750МЕ дозада күнделікті
*витамин Д3 1500МЕ дозада күнделікті
#24
Қыз бала 3 айлық. Анасы қатты тершеңдікке шағымданады. Емшек емеді. Өсіп, жетілуі жасына сәйкес. Объективті: үлкен еңбегінің көлемі 1,5 x 1,5 см. Бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық. Неврологиялық және соматикалық статусы патологиясыз.
Мешел профилактикасы үшін Д3 витаминінің қандай дозасы дұрыс?
*+витамин Д күнделікті 500МЕ қаралған күннен бастап
*витамин Д абсолютті қарсы көрсетілген
*витамин Д күнделікті 500МЕ 5-6 айлығынан бастап
*витамин Д күнделікті 1000МЕ 3-4 айлығынан бастап
*витамин Д күнделікті 500МЕ 5-6 айлығынан бастап
#25
Қыз бала 1 айлық. Мамыр айында туды. Шағымдары жоқ. Емшек емеді. Өсіп, жетілуі жасына сәйкес. Объективті: үлкен еңбегінің көлемі 1,5 x 1,5 см. Бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық. Неврологиялық және соматикалық статусы патологиясыз.
Мешел профилактикасы үшін Д3 витаминінің қандай дозасы дұрыс?
*витамин Д күнделікті 500МЕ қаралған күннен бастап
*витамин Д абсолютті қарсы көрсетілген
*витамин Д күнделікті 500МЕ 5-6 айлығынан бастап
*витамин Д күнделікті 1000МЕ 3-4 айлығынан бастап
*+витамин Д күнделікті 500МЕ қазан айынан бастап
#26
Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына 6 айлық ұлымен анасы келді. Дәрігер баланы Мешел І, өршу кеезңі, жедел ағымды диагнозымен «Д» есепке алды. Д3 витаминінің сулы ерітіндісімен спецификалық ем тағайындады.
Аса ықтимал бақылау жиілігі қандай?
*жылына 1 рет
* 6 айда 1 рет
*+айына 2 рет
*аптасына 1 рет
*3 айда 1 рет
#27
Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына 6 айлық ұлымен анасы келді. Дәрігер баланы Мешел І, өршу кеезңі, жедел ағымды диагнозымен «Д» есепке алды. Д3 витаминінің сулы ерітіндісімен спецификалық ем тағайындады.
Мешел кезінде диспансерлік бақылау мерзімі қандай?
*1 жыл
*2 жыл
*+3 жыл
*4 жыл
*5 жыл
#28
Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауына баласымен анасы келді. Қыз бала 2 айлық. Анамнезінен: 1 жетілген жүктіліктен және босанудан. Жүктілік жеңіл анемиямен өткен. Мазасыздық пен тершеңдікке шағымданады. Объективті: ішкі органдарында патология жоқ. Дәрігер Мешел, басталу кезеңі диагнозын қойды.
Аса ықтимал курстық дозасы қандай?
*500-1000 МЕ
*2000-3000 МЕ
*+200-400 000 МЕ
*400-600 000 МЕ
*600-800 000 МЕ
#29
Қыз бала 3 айлық. Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында бірінші рет. Тершеңдікке шағымданады, үлкен еңбектің көлемі 3х3, тістері жоқ. Қараған кезде баланың аяқтары «Х» тәрізді, мторлық дамуы тежелген, бұлшық ет гипотонусы байқалады.
Аса ықтимал курстық дозасы қандай?
*500-1000 МЕ
*2000-3000 МЕ
*200-400 000 МЕ
*400-600 000 МЕ
*+600-800 000 МЕ
#30
Жалпы тәжірибелік дәрігер қабылдауында 8 жасар ұл бала. Бірінші жүктіліктен, бірінші босанудан. Мерзімінде қалыпты салмақпен туған. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сәйкес. «Теміртапшылықты анемия» диагнозымен «Д» есепте тұрады.
