Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ком графика тапсырмалары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.21 Mб
Скачать

1.4 Кескінді құйма құралымен жұмыс жұмыс барысы:

  1. Restangle (тік бұрыш (F6)) құралының көмегімен тікбұрыш салыңыз.

  1. Тікбұрышты тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы қисық сызықққа өзгертіңіз.

  1. Shape (Форма(F10)) құралының көмегімен екі шеткі оң жақ түйіндерін ерекшелеңіз.

  1. Ж оғарғы құрал-саймандар тақтасынан Scale and Stretch (Масштаб және созылу) батырмасын басыңыз. Shift пернесін баса отырып жоғарғы көрсеткішінің ортасынан төмен қарай тартыңыз.

  1. Shape (Форма) құралының көмегімен барлық түйіндерді ерекшелеп Convert To Curve (сызықты қисык түрге келтіру) батырмасын басу арқылы түйіндерді қисық түріне келтіріңіз.

  1. Сол жақ жоғарғы түйінін тышқанмен шертіп, жоғарғы панельден Made Node Symmetrical (түінді симметриялы ету) батырмасына басып, нәтижесінде дөңгеленген түйін алыңыз.

  1. Екінші түйінді де, дәл осылай алыңыз.

  1. Бант (ортасынан шалынып алынған лента). Осы түйіндерді әр жаққа және әр бағытқа тарту арқылы бант мүсініне келтіріңіз.

  1. қауырсын (Pen Tool) құралы арқылы бант қыртысы үшін төмендегідей етіп қисықшалар (кривульку ) салыңыз.

10. Сәулелерін аз ғана майыстырыңыз. Shape (Форма) құралын екі рет шертіп жоғарғы панельден батырмасын басып тік сызықтарды қисық түрге келтіріңіз. Содан кейін Make Node A Cusp (өткір бұрыштарымен түйіндер құру) батырмасын басып денеден ерекшеленгенді алып тастап, сызықтары майысу үшін керек бағытқа жылжытыңыз.

11. Тағы да тікбұрыш салып,

оны Shape (Форма) құралының көмегімен қисық түріне ауыстырып, жоғарғы оң жақ түйінін алып тастап, нәтижесінде үшбұрышты қисық алыңыз.

12. Shape (Форма) құралының көмегімен ерекшелеп алып батырмасын басыңыз. Тік сызықтарды қисық түріне келтіріп, сол жақ шетіндегі екі түйінді ерекшелеп Made Node Symmetrical (түінді симметриялы ету) батырмасына басып, төмендегідей нәтиже алыңыз.

13.Төмендегідей мүсін (фигура) алу үшін түйіндерді өзіңіздің қалауыңызша жылжытыңыз.

14. Ellipse Tool (Эллипс) құралынан үш нүктелі эллипс құрылымын таңдап, банттың қыр шекарасына ортасына параллель келетін эллипс салыңыз.

15. Эллипс салып, оны қайталаңыз. Қажет болса маштабын үлкейтуге болады.

16. Екі эллипсті де Pick (көрсеткіш) құралының көмегімен ерекшелеп, жоғарғы құрал-саймандар панелінен Back minus Front батырмасын басып, төмендегідей дақ (блик) тәрізді дене алыңыз.

17. Егер дақ (блик) банттың ішкі бөлігіне шығып кетсе Pick (көрсеткіш) құралының көмегімен оны жылжытыңыз, айналдырыңыз, түйіндерінің бағыттарын алмастырыңыз.

18. Pick (көрсеткіш) құралының көмегімен банттың ішкі бөлігін және дақты (блик) ерекшелеп, Ctrl пернесін басып отырып ортаңғы жоғарғы көрсеткішті тышқанның сол жақ батырмасымен төмен қарай тартыңыз. Тышқанның сол жақ батырмасын жіберместен бұрын оң жақ батырмасын басыңыз. Бұл амалмен объектінің тік шағылысқан көшірмесін алыңыз.

.

19. Екі денені банттың төменгі жағына жылжытыңыз.

20. Бірінші дақты жасағандай етіп, екінші дақты жасаңыз.

21. Банттың негізгі денесін ерекшелеп, оған сызықтық құйманы қолданыңыз.

22. Бос сызылған квадратта тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы жиектерін алып тастаңыз.

23. Банттың ішкі бөліктерін ерекшелеп, жиектерін алып тастап градиентті сызықтық құймамен бояңыз.

24. Дақтарды ақ түске бояп, жиектерін алып тастаңыз.

25. Pick (көрсеткіш) арқылы объектіні екі рет шертіп ерекшелеп, топтастырыңыз. Құрал-саймандар тақтасынан батырмасын және Ctrl пернесін басып отырып ортаңғы жоғарғы көрсеткішті тышқанның сол жақ батырмасымен төмен қарай тартыңыз. Тышқанның сол жақ батырмасын жіберместен бұрын оң жақ батырмасын басыңыз. Бұл амалмен объектінің тік шағылысқан көшірмесін алыңыз.

26. Банттың төменгі жағының маштабын кішірейтіңіз. Алынған денені айналдырып оны жоғарғы жағына қарай жылжытыңыз.

27. Ctrl+PageDown пернелерін қатар басып топты төмен орналастырыңыз.

28. Екі алынған денені топтастырыңыз.

29. Free Hand немесе Basic Form құралдарының көмегімен баудың (лента) суретін салыңыз.

30. Еркін өлшемде стрелка салыңыз. Пайда болған стрелканы төмендегідей нәтиже алғанша қисық түрге келтіріңіз.

31. Өзіңіздің қалауыңызша сызықты градиентпен бояңыз.

32. Бауды банттың астына орналастырып, объектілерді топтастырыңыз. Көлденең бейнесін жасап топтастырыңыз. Көшірмесін жасап сұр түске бояп, банттың астына жылжытып көлеңке жасаңыз.

33. Енді түйінін жасаңыз. Тік бұрыш салып қисық түрге келтіріңіз. Shape Tool құралының көмегімен тік бұрыштың жоғарғы екі түйінін ерекшелеп құрал-саймандар панелінен Scale and Stretch (Маштаб және созылу) батырмасын басып Shift пернесін жібермей түйіндерді ішке қарай тартыңыз.

34. Convert To Curve құралымен (сызықты қисық сызыққа айналдыру) тік сызықты қисық сызыққа айналдырыңыз. Бантымыз дөңес (выпуклой ) болып тұру үшін әр бір жақтарын жоғары қарай тартыңыз.

35. Градиентпен бояп жиектерін алып тастап, дақ (блик) жасап қойыңыз.