2. Қондырғы сипаттамасы
Белгісіз конденсатордың сыйымдылығын анықтау үшін конденсатордағы кернеуді U және зарядты q білу қажет. Конденсаторды зарядтау кезіндегі кернеуді вольтметрмен V1 өлшеуге болады. Осы қондырғыда конденсатор зарядын q анықтау «ток интеграторының» көмегімен жүзеге асырылады. Ол үшін конденсатор белгілі бір кернеуге дейін U зарядталады, содан соң «ток интеграторы» арқылы разрядталады. Конденсатордың разрядталуы кезінде «ток интеграторының» V2 вольтметрінің көрсеткіші ол арқылы өтетін зарядқа q пропорционал, яғни:
q=kUинт , ( 8 )
мұндағы Uинт – «ток интеграторы» вольтметрінің көрсеткіші, k – интегратор тұрақтысы. Интегратор тұрақтысын k анықтау үшін сыйымдылығы белгілі конденсаторды CЭ тізбекке қосамыз. Конденсатор астарларының арасындағы әртүрлі кернеулер U кезіндегі бірнеше тәжірибелерді жүргізе отырып, q=СЭU формуласын пайдаланып зарядтың мәнін анықтаймыз, әрі қарай интегратор тұрақтысының k орташа мәнін келесі формула арқылы табамыз:
k=CЭU/ Uинт . ( 9 )
Содан кейін тізбекке сыйымдылығы белгісіз конденсаторды қосамыз және тәжірибені қайталаймыз. Интегратор тұрақтысын біле отырып, конденсатор сыйымдылығын анықтаймыз:
Cx = qx/Ux= kUинт/Ux. ( 10 )
Конденсатор сыйымдылығын анықтау үшін ЭиМ-М-Л2 моноблогы және «Ток интеграторы» миниблогы, кілт, сыйымдылығы белгілі конденсатор (0,1мкФ и 1мкФ), сыйымдылығы белгісіз конденсатор (Сх1 и Сх2) қолданылады. Зертханалық қондырғының сыртқы көрінісі 1-суретте ұсынылған.
Сурет 1. Зертханалық қондырғы
Моноблок құрамында мыналар бар:
–0-ден + 15 В-қа дейінгі диапазондағы реттелетін тұрақтандырылған тұрақты кернеу көзі
–Интеграторды қуаттау үшін қажет +15В және -15В тұрақты кернеу көзі
–Беткі қабатта өлшеулер жүргізу сұлбасының суреті көрсетілген.
Өлшеулер жүргізудің электр сұлбасы 2-суретте ұсынылған.
Сурет 2. Өлшеудің электр сұлбасы
1–реттелетін тұрақты кернеу көзі; 2–қосқыш; 3– «Кілт» мини блогы; 4–зерттелетін конденсатор; 5–демпфирлеуші кілт; 6-ток интеграторы; 7–«Ток интеграторы» мини блогы; 8 (V2),9 (V1)– мультиметрлер.
3. Тәжірибенің орындалу реті
1. 2-суретте көрсетілген сұлбаға сәйкес, СЭ конденсаторларын қоса отырып, электр тізбегін құрастырыңыз. Эталондық сыйымдылық СЭ мәнін 1-кестеге жазыңыз.
2. «Сеть» кнопкасы арқылы моноблокты қосыңыз.
3. Конденсаторды зарядтаңыз, ол үшін:
а) демпфирлеуші кілтті 5 «Сброс» қалпына қойыңыз.
б) қосқышты 2 (ауыстырғыш қосқышы) «А» қалпына келтіріңіз.
в) конденсатордың зарядтау кернеуін кернеуді реттеу тұтқасы « 0…15В» арқылы өзгерте отырып, онда 2В-тан аспайтын кернеуді орнатыңыз (V1 вольтметрінде). (U) мәнін 1-кестеге жазыңыз.
4.Зарядталған конденсаторды интегратор арқылы разрядтаңыз, ол үшін:
а) демпфирлеуші кілтті 5 ашыңыз.
б) конденсаторды разрядтаңыз. Ол үшін қосқышты 2 «В» қалпына келтіріңіз. Бұл жағдайда ток интеграторының жүктеме индикаторы жанатын болса, онда конденсатордың зарядтау кернеуін азайту керек және де конденсаторды разрядтауды қайталаңыз (яғни 3-4 пункттерін қайталаңыз).
5. Индикатордың жанбағанына сенімді болып көз жеткізгеннен соң, U-дың мәнін 2-кестеге енгізіңіз, және де 3-4 пункттерін қайталаңыз. Конденсатор разрядталысымен V2 вольтметрден Uинт-дың бастапқы (максималь) мәнін анықтап, оны 2-кестеге енгізіңіз.
6.Конденсатордағы кернеудің (U) түрлі мәндері үшін 3-5 пункттерін қайталаңыз.
7.«Сеть» кнопкасы арқылы моноблокты өшіріңіз. Содан кейін эталондық конденсатор орнына сұлбаға белгісіз конденсаторды СХ1 қосыңыз және де 3-5 пункттерін орындаңыз. Өлшеулер нәтижелерін 2-кестенің тиісті жолағына енгізіңіз.
8.«Сеть» кнопкасы арқылы моноблокты өшіріңіз. Содан кейін СХ1 конденсатор орнына сұлбаға СХ2 конденсаторын қосыңыз және де 2-5 пункттерін орындаңыз. Өлшеулер нәтижелерін 2-кестенің тиісті жолағына енгізіңіз.
9. «Сеть» кнопкасы арқылы моноблокты өшіріңіз. Содан кейін сұлбаға СХ1 және СХ2 конденсаторларын параллель қосыңыз және де 2-5 пункттерін орындаңыз. Өлшеулер нәтижелерін 2-кестенің тиісті жолағына енгізіңіз.
10.«Сеть» кнопкасы арқылы моноблокты өшіріңіз. Содан кейін сұлбаға СХ1 және СХ2 конденсаторларын тізбектей қосыңыз және де 2-5 пункттерін орындаңыз. Өлшеулер нәтижелерін 2-кестенің тиісті жолағына енгізіңіз.
11.Кернеу генераторы блогы мен мультиметр блогының қуат көзін өшіріңіз.
Кесте 1
№ |
Эталондық конденсатор СЭ= …. мкФ |
Градиурлеу коэффициентінің орташа мәні |
||
U, В |
Uинт , В |
ki |
k |
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
Кесте 2
№ |
Белгісіз конденсатор СХ1 |
Белгісіз конденсатор СХ2 |
||||||||
UХ, В |
Uинт , В |
СХ1i, Ф |
СХ1, Ф |
∆СХ1, Ф |
UХ, В |
Uинт , В |
СХ2i , Ф |
СХ2, Ф |
∆СХ2, Ф |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
||||
3 |
|
|
|
|
|
|
||||
4 |
|
|
|
|
|
|
||||
5 |
|
|
|
|
|
|
||||
Кесте 3
№ |
СХ1 және СХ2 конденсаторларының параллель қосылысы |
СХ1 және СХ2 конденсаторларының тізбектей қосылысы |
||||||
UХ, В |
Uинт , В |
СПАРi, Ф |
СПАР, Ф
|
UХ, В |
Uинт , В |
СПОСi, Ф |
СПОС, Ф |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
||
3 |
|
|
|
|
|
|
||
4 |
|
|
|
|
|
|
||
5 |
|
|
|
|
|
|
||
