- •Студенттің өзіндік жұмысы
- •2. Микробиологияның даму кезеңдері 3. Микробиологияның тарихы 4. Микробиологияның мақсаттары мен міндеттері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Микробиологмяның дамуы
- •Микробиологияның тарихы
- •Микробиологияның мақсаты мен міндеттері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Микробиологияның мақсаты мен міндеттері
Медициналық микробиология адамға патогенді микроорганизмдерді зерттейді: бактериялар, вирустар, саңыраукұлақтар, қарапайымдылар. Зертгелетін патогенді микроорганизмдердің табиғатына байланысты медициналық микробиология бактериологияға, вирусологияға, микологияға, протозоологияға бөлінеді. Бұл пәндердің әрқайсысы келесі сұрақтарды қарастырады: -морфологиясын және физиологиясын, яғни микроскопиялық және басқа зертгеу түрлерін қарастырады, патогенді микроорганизмдердің зат алмасуын, қоректенуін, тыныс алуын, өсу және көбею жағдайларын, генетикалык ерекшелілн зерттейді; -микроорганизмдердің жұкпалы аурулар этиологиясы мен патогенезіндегі орнын; -микроорганизмдер тудыратын аурулардың негізгі клиникалык көріністері мен таралуын; -жұқпалы аурулардың арнайы диагностикасын, алдын алуын және емдеуін; -патогенді микроорганизмдердің экологиясын. Медициналық микробиологияға санитарлык, клиникалық және фармацевтикалық микробиология жатады. Санитарлық микробиология қоршаған ортадағы микрофлораны, микрофлораның организммен қарым-қатынасын, микрофлораның және оның өнімдерінің адам денсаулығынын жағдайына әсерін зерттейді, адамға микроорганизмдердің колайсыз әсерлерінін алдын алатын шараларды өңдейді. Клиникалың микробиология-адамдағы аурулардың пайда болуындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің рөлін, осы аурулардың диагностикасы мен сақтандыру маңызын зерттейді. Фармацевтикалық микробиология дәрілік есімдіктердің жұқпалы ауруларын, дәрілік өсімдіктер мен олардың шикізатгарының микроорганизмдермен зақымдануын, дәрілік заттарды дайындау барысындағы, сондай-ақ дайын дәрілік түрлердін ластануын, асептика мен антисептика әдістерін, дәрілік препараттар өндірісіндегі дезинфекцияны, микробиологиялық және иммунологиялық диагностикалық, сақтандыру, емдеу препараггарын алу технологиясын зерттейді.Техникальщ микробиология биотехнологияның бөлігі болып табылады, халық шаруашылығы пен медицинадагы әртүрлі өнімдерді (антибиотиктер, вакциналар, ферменттер, ақуьпдар, витаминдер) микроорганизмдерден алу технологиясын оцдейді. Қазіргі заманғы биотехнологияньщ негізі - генетикалық инженерия. XIX ғ. екінші жартысындағы макро-және микроорганизмдер арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін микробиология саласындағы көптеген жаңалықтар иммунологияның қарқынды дамуына әкелді. Алғашында иммунология жұқпалы ауруларғаағзаның тұрақтылығы туралы ілім ретінде карастырылды. Қазіргі кечдс ол жалпы медициналық және жалпы биологиялык ғылым болып табылады, Иммунды жүйенің тек микробтардан ғана емес, сонымен катар организмді кез келген бөтендігі бар заттардан қорғау қабілеттілігі долслдснгсн, бұл организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын, яғни гомеостазды сақтайды.
Қазіргі заманғы медициналық микробиология мен иммунология иммунды жүйенің бұзылысына байланысты көптеген жүқпалы және жұкпалы емес аурулардың (онкологиялық, аутоиммундық аурулар, мүше мен тіндердің трансплантациясы) диагностикасында, сақтандыру мен емдеуінде аса маңызды орынды алып үлкен жетістіктерге жетті.
