Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
346843_2017-09-21 17:54:37_Алғадаева-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.77 Кб
Скачать

Микробиологияның тарихы

Микробиологияның дамуы көптеген мыңжылдықтармен байланысты. Біздің эрамызға дейінгі V-VІ мыңжылдықта адам микроорганизмдердің бар екенін білмей-ақ оларды қолданған. Шарап жасау, нан пісіру, сүт өнімдерін жасау, тері илеу -микроорганизмдердің қатысуымен өтетін процестер. Көне заманда ғалымдар мен ойшылдар көптеген ауруларды тірі табиғаттағы кезге көрінбейтін бөтен себептер тудырады деп есептеген. Бұдан шығатын қорытынды микробиология біздің эрамызға дейін қалыптасқан. Өзінің дамуында хронологиялық емес, негізгі жетістіктер мен ашылуларға байланысты бірнеше кезеңдерден өтті. Микробиологияның даму тарихын бес кезеңге бөлуге болады: эвристикалық, морфологиялық, физиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық. Эвристикалық кезең келесі ғалымдардың атымен байланысты: Гиппократ, рим жазушысы Варрон, итальяндық дәрігер Д.Фракасторо (contagium vivum - тірі контагия туралы ой). Аурудың көзге көрінбейтін қоздырғыштарының болуы туралы дәлелдеулер тек микроскоп ашылғаннан кейін ғана мүмкін болды. Бұл голланд ғалымы А. Левенгуктың есімімен байланысты. Осы кезеңді морфологиялық кезең деп атайды.

Физиологияльщ кезеңде француз ғалымы Л.Пастердің атқарған еңбегі зор. Атап айтар болсақ, ашыту, шіріту, құтыруға қарсы вакцина, пастеризация, аттенуация процестері. Осы кезеңнің аяғында орыс биологы Д.И.Ивановский Vira патшалығыньщ өкілі - вирусты ашты. Қазіргі кезге дейін ауру туғызатьш 1000-нан астам вирустардың түрлері анықталды. Соның ішінде ЖПИТС (жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы) жаңа вирус болып табылады. Бұл вирусты ашқан ғалымдар Л.Монтанье және Р.Галло, Вакцинация туралы Л.Пастердің еңбегі микробиологияның жаңа кезеңі - иммунологияның негізін қалады (аттенуация әдісі). Л.Пастерден кейін вакцина қолдану барысында иммунитеттгің түзілу себебі мен механизмі туралы көптеген зерттеулер жүргізілді. Бүл турасында еңбегі сіңген ғалымдар И.И.Мечников пен П.Эрлих. П.Эрлих - неміс ғалымы -иммунитеттің гуморальды (латынша һитог - сүйықтык) теориясын үсывды. Ол иммунитет уды бейтараптайтын қандағы антидененің түзілуіне байланысты деп санады. Мүның дәлелі ретівде Э.Беринг пен С.Китазато күл (дифтерия) немесе сіреспе токсинін бейтараптайтын антитоксиндер - антиденені ашты. Бірақ И.И.Мечниковтың зерттеуі бойынша иммунитеттің түзілуінде ерекше жасушалар - макро- және микрофагтардың маңызы аныкталған.Иммунологиялыц кезең генетикалық бөтендігі бар заттарға иммунды жүйенщ негізі реакцияларының ашылуымен сипатталады: антиденнің түзілуі мен фагоцигоз, жоғары сезімталдықтың баяу түрі (ЖСБТ), жоғары сезімталдықтың жедел түрі (ЖСЖТ), толеранттық, иммунологиялық ес. ЖСБТ мен ЖСЖТ - аллергияның (грекше allos -басқа, ergon - әсер) негізіyде жататын реакциялар. 1915 жылы орыс дәрігері М.Райский иммунологиялық ес қүбылысын ең алғаш бақылады, яғни қайта түскен антигенге антидененің жылдам түзілуі. 1953 жылы ағылшын ғалымы П.Медавар мен чех ғалым М.Гашек толерантгық, шыдамдылық, антигенге тұрақтылық қүбылысын ашты, яғни антигенге карсы иммунды жүйе жауап бермейді. Иммунологиялық толеранттылык кұбылысы мүше мен тін ауыстыру мәселесін шешуде транспланталогияда колданылады. Бұл кезеңнің маңызды ашылулары адам мен жануардын қалыпты мүшелері және тіндері антигендерінің, жекелей адамдар мен жануарлардың антигендік айырмашылығымен байланысты. (Чистович Ф.Я., 1898; Ландштейнер К, 1900)

Микробиология мен иммунология XX ғасырдың 50-60-шы жылдарындақарқындыдамыды. Бүлкелесісебептергебайланысты: -молекулярлы биология, генетика, биоорганикалық химия саласындағымаңыздыашылулар; -генетикалык инженерия, биотехнология, информатика сияқты жана ғылымдардың пайда болуы; - тірітабиғаттьң кұпияларына терең енуге мүмкіндік беретін жаңа әдістер мен ғылыми аппаратураларының жасалуы. Осылайша, 50-ші жылдары микробиология мен иммунологияның дамуында молекулярлы-генетикалық кезең басталды, бүлкелесі маңызды ғылыми жетістіктер мен ашылулармен сипатталады: -көптегенвирустар мен бактериялардың молекулярлы қүрылымы мен молекулярлы-биологиялық мағынасының ашылуы; тіршіліктің қарапайым түрлері - «жүқпалыақуыз» - прионның ашылуы; -бір қатар антигендердің химиялык кұрамы мен химиялык мағынасының ашылуы; -жаңа антигендердің, мысалы ісік, гистосой кестілік (НЬА-жүйе) антигендерінің ашылуы; -антидене-иммуно глобулиндер кұрылысының ашылуы; -жануардақылы мен өсімдік ластаушасының әдістерінің және вирусты антигендерді алу мақсатында өнеркәсіптерде өсірудің өмделуі;

-ата-аналық даралардың қасиеттеріне және жаңа қасиеттерге ие болатын рекомбинантты бактериялар мен рекомбинантты вирустардыңалынуы. Вирустар мен бактериялардың жекегендерінің түзілуі. -моноклональды антиденелерді алу мақсатында антидененің өнімі - иммунды В-лимфоцит пен ісік жасушаларының қосылу жолымен  гибридтерді жасау; -иммунды жүйенің эндогенді табиғи реттегіштері иммуно модуляторлар-иммуно цитокиндердің (интерлейкиндер,интерферондар жәнет.б.) ашылуы және оларды әртүрлі аурулардан  сақтандыру мен емдеу үшін қолдану; -биотехнология әдістері мен генетикалык инженерияны қолдана отырып вакциналарды (В гепатитке, безгекке қарсы вакцина, АИТВ (адамның иммунды тапшылық вирусы) мен басқа антигендер), биологиялық белсенді пептидтерді (интерферон, интерлейкин, өсу факторлары және т.б.) алу; -табиғи немесе синтетикалық антигендердің және олардың бөлшектері негізінде синтетикалық вакциналарды, сондай-ақ жасанды тасымаддаушы - адъювант (кемекші) - иммунитетті күшейтуді өңдеу; -туа пайда болған және жүре пайда болған иммунды тапшылықты зертгеу және олардыд иммунопатологиядағы маңызы мен иммунды түзету емдеуін өңдеу; Иммунды тапшылықты тудыратын вирустардьщ ашылуы.

-жұқпалы және жұқпалы емес аурулар диагностикасында жаңа әдістердің өңделуі (иммунды фермешті, радиоиммуңды сараптау, иммуноблоттинг, нуклеин қышқылдарының гибридизациясы). Осы әдістердің негізінде микроорганизмдердің индикациясы,  идентификациясы үшін, жүқпалы және жұкпалы емес аурулар (ісік, жүрек-кантамыр, аутоиммувды, эвдокринді және басқалар) диагностикасы үшін тест-жүйелері жасалынды, және кейбір жағдайлардағы бұзылыстардың табылуы (жүктілік, қан қүю, мүшелерді алмастыру т.б.). Осы уақыт кезеңінде бірқатар жаңа вирустар (геморрагиялық Ласса, Мачупо қызбасы; ЖИТС - жүре пайда болған иммунды тапшылық вирусын тудыратын вирус) мен бактериялар (легионер ауруының коздырғышы) ашылды; жаңа вакциналар мен басқа да сақтандыру препараттары (қызылшаға қарсы, полиомиелит, паротит, кене энцефалиті, В гепатитке карсы вакциналар, сіреспеге, газды гангренаға және ботулизмге қарсы полианатоксиндер), жаңа диагаостикалық препараттар жасалынды.