- •Студенттің өзіндік жұмысы
- •2. Микробиологияның даму кезеңдері 3. Микробиологияның тарихы 4. Микробиологияның мақсаттары мен міндеттері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Микробиологмяның дамуы
- •Микробиологияның тарихы
- •Микробиологияның мақсаты мен міндеттері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Микробиологмяның дамуы
Микробиология — жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрлысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін және табиғатта жүріп жатқан процестердегі рөлін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.Микроорганизмдердің басым көпшілігі — бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, микроскоптық ашытқыш саңыра-уқұлақтарды—дрожжыларды, ұсақ балдырларды, қара-пайым организмдерді, вирустарды да зерттейді. Өйткені бұл организмдердің сыртқы пішіні, құрлысы өте ұқсас, әрі сол ортаға тигізетін биохимиялық әсері жағынан да бірлестікте болады.
Микробиологияның дамуы басқа ғылым салалары сияқты өндіріс тәсілдеріне, практикалық жұмыстардың талабына, жалпы ғылым мен техниканың дамуына тығыз байланысты.Микробиология жеке ғылым болғаңдықтан, оны зерттеудің өзіндік әдістері бар. Бұл әдістер практикада кеңінен қолданылып жүр. Молекулярлық биологияның соңғы жылдардағы қарқындап дамуы микробиологияда жаңа биохимиялық, биофизикалық және генетикалық әдістердің енуін қамтамасыз етті. Осы әдістерді қоддану арқасында микро-биологияда бұрын зерттелген салалардан бірқатар жаңа деректер алынды. Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Ал ферменттер мен витаминдерді зерттеуде микробиология биохимия пәнімен де ұштасып жатады. Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдарының өшмділігін арттыруда, түрлі өсімдіктер мен жануарлардың зиянкестеріне қарсы күресуде, шырыңды азық-сүрлемді даярлауда кеңінен қолданылады.Топырақта жүріп жататын негізгі биологиялық процестер, топырақтың құнарлылығы, оның сапасы мен құралуы икроорганизмдер тіршілігіне байланысты. Микроорганизмдер тіршілігшің нәтижесшде өсімдіктердің тамыр арқылы қоректенуі жақсарады, сейтіп егіннің өнімділігі артады. Сондықтан микроорганизмдер тіршілігінің нәтижесінде топырақта азот, көміртегі және фосфор элементтерінің көбеюіне мүмкіндік туады.Микроорганизмдерді барлық судан да кездестіреміз. Әсіресе олардың басым көпшілігі судың түбіндегі қорыста, қоректік заттардың молырақ жерінде тіршілік етеді. Тіпті өзіміз тыныс алатын ауада да олар жеткілікті. К Көбінесе олар ауасы нашар, әсіресе халқы тығыз, өнеркәсібі жиі орналасқан жерлерде көп тараған.Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары микробтардың қатысуымен шіріп, ыдырайды. Олардың денесіндегі түрлі химиялық элементтер ауа мен топыраққа тарайды. Осының нәтижесінде тіршілікке қажетті заттар қайтадан пайда болады. Жанар қазба байлықтар — шымтезек, тас көмір, мүнай сияқты заттардың да микроорганизмдердің әрекеті нәти-жесінде түзілетіні анықталды. Сонымен табиғатта микроорганизмдердің көмегімен заттардың күрделі айналымы жүріп жатады.Микробиология микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі рөлін қарастырады. Бұл процестердің ішінде кейбір микроорганизмдер әрекеттерінің, мәселен, қанттың спиртке дейін ашуының, антибиотиктер мен витаминдер түзілуінің халық шаруашылығында зор маңызы бар. Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері — ашыту процесі. Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, басқа да жоғары сапалы өнімдер, сонымен бірге тағамдардың шіріп, бүлінуі және кегеруі бәрі де осы микроорганизмдердің әсерінен болады. Микроорганизмдердің қоршаған ортаны ластанудан тазартуда айта қаларлықтай маңызы бар. Ірі өндіріс орталықтарында, қалаларда қалдық заттардың көптеп жиналуы тіршілік үшін аса қауіпті. Сондықтан оларды уақытында осы зиянды заттардан тазартуда микроорганизмдерді қолданады. Микробиология өнеркәсібінің негізгі мақсаты — халық шаруашылығын мал азықтық белоктар, ферменттер, антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, бактериялы тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғауға қажетті препараттар және басқа да микробтық өнімдермен қамтамасыз ету. Кейбір заттарды (В витамині, ферменттер, кейбір алмастырылмайтын амин қышқылдары) тек қана микробиологиялық жолмен алады, олар химиялық тәсілдермен әзір өңдірілмейді. Ал бүл заттарды рационға қосса малдан, қүстан қосымша көптеген өнім алуға болады.Өсімдіктерді микробиологиялық жолмен қорғау әдісін шаруашылыққа кеңінен енгізу арқылы егісті түрлі зиянкестер мен аурулардан сактауға, сөйтіп, елімізді жеміс-жидек, көкөніс, мақта және басқада дақылдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.Қазір микробиологиялық жолмен алынатын ферменттер тамақ және жеңіл, медицина, химия өнеркәсібіңде және ауыл шаруашылығында қолданылады. Сондай-ақ біздің елімізбен қатар, микробтық ферменттерді қолдану шетелдерде: Жалонияда, Америка Қүрама Штаттарыңда, Англияда, Чехословакияда, Голландияда және Германияда кеңінен етек алып отыр.Микроорганизмдердің адам, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне зиянды әсер ететіні де мәлім. Қазіргі кезде олардың әсерінен болатын аса қауіпті аурулар белгілі болды және олармен дәйекті күресу шаралары белгіленіп отыр. Бұларға қарсы күресте басқа микробтардан алынатын антибиотиктерді, емдік вакцина, сарысуларды (сыворотка) қолдану жақсы нәтиже беріп отыр. Көптеген дәрі-дәрмек өнеркдсібінщ фабрикалары осы антибиотиктерді және басқа да емдік препараттарды өндіреді.XX ғасырдың өзінде микробиологиядан ғылымның жаңа саласы — вирусология бөлініп шықты. Алғаш рет орыс оқымыстысы Д. И. Ивановский 1892 жылы виру-старды зерттеп ашты. Құтыру, қызылша, шешек, поли-омиелит сияқты аса қауіпті ауруларды қоздырушылар өте майда вирустар екені белгілі болды. Оларды егжей-тегжейілі жете зерттеу біздің ғасырдың 40-жылдарында жасалған электронды микроскоптар көмегімен жүзеге асырылды.
