- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
«Мұғалімнін іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары (П.Ф.Каптеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.). Үдеріс гылыми категория ретінде. Жүйенің топтары: «адам-табиғат», «адам-техника», «адам-адам» және т.б. «Педагог-окушы» жүйесіндегі ТПҮ компоненттері мен құрылымы- ның ерекшеліктері. Оқушы - педагогикалык үдерістің субъектісі.
Педагогикалык үдерістің белгілері, сапалары мен қасиеттері. Тұтас педагогикалык үдеріс қызметтерінің өзара байланысы мен бірлігі. Педагогикалык үдерістің оку және окудан тыс саласының бірлігі жеке түлганы калыптас- тырудың шарты.
Педагогикалык үдеріс дамушы жүйе. Қарама-қайшылық - педагогикалык үдерістің козгаушы күші. Педагогикалык үдерістің козгалыс тетіктері (кұралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер). Педагогикалык үдерістің тәрбиелік механизмдері - педагогтар мен окушылар арасындағы, топ ішіндегі қарым- катынас жүйесі. Тұтас педагогкалык үдеріс теориясы туралы білім - мұғалімнін кәсіби күзыреттілігінін негізі.
Заң - кұбылыстар арасындағы кажетті, накты бар, тұракты, кайталанатын катынастар. Педагогикалык үдеріс кызметінің негізгі зандары. Педагогикалык үдерістің негізгі зандылыктары, оларга сипаттама.
Оку-тәрбие үдерісінің кағидалары - оньщ заңдылыктарының нақты көрі- нуі. Қағидалардың мәні, оларга сипаттама. Мұғалімнің педагогикалык үдерісті баскарудагы, болжаудагы зандылыктар мен кагидаларды есепке алуының маңызы.
Негізгі үеымдар: педагогикалык үдеріс, «педагогтар - окушылар» жүйесі, субъект-субъектілі катынастар, козгаушы күш, тәрбиелік механизмдер, педагогикалык үдерістін зандары, зандылыктары, қагидалары, болжау, кәсіби кұзыреттілік.
Жоспар:
ТПҮ – педагогикалық қызмет пен мұғалім іс-әрекетінің обьектісі.
ТПҮ компоненттері, қозғаушы күштері, құрылымы, заңдары мен заңдылықтары.
ТПҮ принциптері.
Мақсаты: Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің обьектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихын қарастыру. Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдық компоненттеріне сипаттама беру.
Тұтас педагогикалық процесс (ТПП) дегеніміз ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың бірлескен іс-әрекеті. "Педагогикалық процесс" деген терминді ХІХ ғ екінші жартысында ғылыми айналымға енгізген П.Ф.Каптерев. Қазіргі кезде ТПП мәні туралы әр түрлі зерттеулер баршылық. Орыс педагогтарынан С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, М.А.Данилов, Т.Лихачев, Ю.К.Бабанский, т.б. педагогикалық процесті зерттесе, қазақстандық педагогтардың ішінен ТПП зерттеген Н.Д.Хмель.
Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субьектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттамасы - оның білімі, іскерлігі, тұлғалық қасиеттері. Ал мұғалімнің іс-әрекетінің обьектісі педагогикалық процесс болып табылады. Мұғалім мен оқушы іс-әрекеттің субьектісі болады.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы негізгі қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы жүзеге асады. Қарама-қайшылық ТПП-тің қозғаушы күші.
ТПП құрылымы деп оны құрайтын жеке дара бөліктердің жүйесін, яғни оны құрайтын компоненттерді атайды: мақсат, міндеттер, форма, құрал, әдістер мен тәсілдер, мазмұн. ал ұстаздар мен оқушылар ТПП әлеуметтік бөліктеріне жатады.
Әр ғылымда қалыптасқан обьективті шындық заң деп аталады. Заңдар сол ғылымның теориясын құруға көмектеседі. теорияға категориялар, заңдар, заңдылықтар жатады. Педагогикалық заңдар педагогикалық процеспен байланысты. Пед. заңдар ХХғ. 20-шы жылдарынан бастап зерттелді. Заңдылықтар ТПП бөліктерінің ішкі және сыртқы байланыстарын құрайды. ПП-тің заңдары мен заңдылықтары принциптерде жүзеге асады. Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Заңдар, заңдылықтар және принциптер өзара байланыста болады.
Бақылау сұрақтары
1. Педагогикалық процестің алғашқы анықтамасын жасаған кім?
2. Педагогикалық процестің ғылыми категория ретінде қалыптасуы туралы қандай пікірлер бар?
3. Педагогикалық процесс деген ұғымға анықтама беріңіз.
4. Не себепті педагогикалық ситуация педагогикалық процестің элементарлық бірлігінің рөлін атқарады?
5.Педагогикалық процестің мәнін қалай түсінесіз?.
6. Педагогикалық процестің қандай негізгі заңдылықтары бар?
7.Педагогикалық процесс деген не?
8.Педагогикалық процестің біртұтастығы деген нені білдіреді?
9.Педагогикалық процесті құрайтын үрдістердің спецификасы неде?
10.Педагогикалық процестің динамикасын сіз қалай анықтайсыз?
11.Неліктен педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі болып табылады?
Әдебиеттер
1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. –Алматы “Ғылым” 2002.
3. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности в учебном процессе. – М.:Просвещение., 2000.
4. Моделирование педагогических ситуаций. Проблема повышения качества и эффективности общепедагогической подготовки учителя. Под ред. Ю.Н.Кулюткина, Г.С.Сухобской. – М.:Педагогика, 2000.
