- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті - кәсіби педагогикалык мәдениеттін бөлігі. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінін мәні, құрылымы және қызметі. Мұгалімнің зерттеушілік мәдениетін калыптастырудың әдіснамалык және теориялық негіздері. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінін калыптасу үдерісі.
Ғылыми-педагогикалык зерттеудің мәні мен мазмуны. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің технологиясы. Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен процедурасы.
Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері. Педагогикалык зерттеудің әдіснамалык негіздері. Накты педагогикалык зерттеуді уйымдастыру және өткізу әдістемесі. Муғалімнін инновациялық, зерттеушілік іс-әрекетінің мәні. Мұғалімнің зертеушілік қабілеті мен біліктілігін дамытудың мазмұны, шарттары мен механизмдері.
Нвгізгі үгы.мдар: зерттеушілік инновациялық іс-әрекет, мұғалімнін зерттеушілік мәдениеті, мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, зерттеуші-мұгалімнін әдіснамапык мәдениеті, зерттеушілік мәдениеттін әдістері.
Жоспар:
Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің мәні мен құрылымы.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің технологиясы.
Мақсаты: студенттердің болашақ маман ретінде қалыптасуында зерттеу жұмысының маңызын көрсету, ғылыми-зерттеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Зерттеушілік мәдениет деп зерттеу қызметін жүргізуге қажет білім, ептілік, дағды және құзыреттілік, теориялық және практикалық мәні бар зерттеу әрекетінің стратегиясы мен тактикасын анықтайтын көзқарасты айтады. Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмыстары психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқа да проблемаларды кешенді шешудің сауатты ғылыми тәсілінің болуын талап етеді. Мұғалімдерде жобалау және зерттеу технологияларын меңгеру үшін тиісті деңгейде ғылыми-әдістемелік даярлықтарының болуы қажет. Білім алушылардың зерттеу іс-әрекеті — шешімі алдын-ала белгісіз (табиғаттың заңдарын көрсету тәжіріибесінен өзге) шығармашылық, зерттеу мәселелерін шешуге байланысты және ғылым саласындағы зерттеулерге тән негізгі кезеңдердің (мәселені қоя білу, осы проблематиканы шешуге байланысты теорияны зерделеу, зерттеу әдісін таңдай ала білу және оны өз мақсатында қолдана білу, өз материалдарын жинау, оны талдау және жинақтау, өзіндік қорытынды) болуын ескеретін оқушылардың әрекеті болып табылады. Жобалау-зерттеу іс-әрекеті – жобалау бойынша мақсат пен мәселелерді анықтауға, әдістемелерді таңдау ұстанымдарын анықтауға, зерттеу барысын жоспарлауға, күтілетін нәтижені анықтауға, зерттеуді жүзеге асыруды бағалауға, керек ресурстарды анықтауға бағытталған іс-әрекет. Зерттеудің ұйымдастыру шеңбері болып табылады.
Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу. Білім саласындағы зерттеудің негізгі түйіні ол оқу зерттеуі болып табылады. Оқу зерттеуінің негізгі мақсаты «үлкен» ғылымдағыдай объективтік жаңа нәтиже алу емес, тұлғаларды дамыту болып табылады. Егер ғылымдағы негізгі мақсат жаңа білім өндіру болса, білім саласындаңы зерттеудің мақсаты - оқушылардың функционалдық дағдыларын жетілдіру, зерттеу түрінде ойлау қабілетін дамыту, субъективтік жаңа білімге (әр оқушыға маңызды да жаңа болып табылатын, өзіндік іс-әрекеттермен жинақталған білім) байланысты білім процесіндегі оқушылардың тұлғалық позициясын жандандыру Оқу зерттеуі іс-әрекетіндегі субъект-субъект қатынасының дамуы. Қалыптасқан оқу процесінде стандарттық позициялық схема «мұғалім — оқушы» жүзеге асырылады. Мұғалім білім береді, оқушы білім алады, ол процесс қалыптасқан дәстүрлі сынып-сабақ тәсімі түрінде өткізіледі. Зерттеу іс-әрекетін дамыту барысында аталған тәсімде қарама-қайшылықтар туады: сынып тақтасында көрсетіліп берілетін білімнің дайын эталоны жоқ, табиғатта көрінетін құбылыстар дайын тәсілдермен түсіндіруге жатпайды, нақты жағдайларға байланысты өзіндік талдауды қажет етеді. Бұл қоршаған ортадағы түсінудегі білім саласындағы объект-субъектілік парадигманың эволюциялық өзгеруіне, біртіндеп «әріптес-әріптес» бірлестігінің туындауына әкеліп тірейді. Мұғалім «жетекші-кіші жолдас» жұбы тәсімі бойынша практикалық әрекеттегі дағдыларды оқушыларда қалыптастырады. Мұндай ұстаз бен шәкірт аралығындағы қатынас жетекшінің жоғары беделі арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде қалыптасқан қоғамдық практиканы қайта бағалау жалпы білім беру жүйесіне, мамандарға қойылатын талаптарды өзгертуде. Бұл орайда, маман-педагогтардың кәсіптік деңгейін арттыруға қойылатын талап, олардың жалпы педагогикалық және арнаулы білімі мен қабілет сапасын заман талабына сай жан-жақты жетілдіру айрықша маңызға ие болуда. Мұғалімдер алған білімін жадында сақтаумен қатар, шығармашылық қызметке, кеңінен ойлауға қабілетті болулары тиіс. Алайда, қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жас мамандардың кәсіптік міндеттерді шеше білуге бейімділігі, шығармашылық ізденісінің аздығы жиі ұшырасады.
Мұғалімдердің теориялық білімінің жоғары деңгейіне, танымдық ізденімпаздығына, шығармашылыққа ұмтылуына, мәдениеттілігіне дұрыс ұйымдастырылған зерттеу жұмысы қол жеткізуге болады.
Білікті маманның сипаты оның жалпы білімінің ауқымынан ғана емес, сол білімді зерттеу әдістеріне пайдалана білуінен, алға қойған міндеттерді өздігінен шеше білу қабілетінен көрінуге тиіс. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығы мен белсенділігін тәрбиелеу - негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.
Бақылау сұрақтары
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлерін атаңыздар.
Зерттеу жұмысын безендіруге қандай талаптар қойылады?
Зерттеу технологиясын меңгеру мұғалімге не үшін қажет?
Әдебиеттер
1.Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003
2. Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2006
3.Дайрабаев Е. Педагогиканың жалпы негіздері. Алматы, 2005
4. Құрманалина Ш. Педагогика. Астана, 2010
5.Коджаспирова Г.М. Педагогика – М., Кнорус. 2010
6.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000
7.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999
8.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред. Т.Н. Пидкасистого-2010)
9.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010
10.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010
