- •Дәріс№2 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының дамуы
- •Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
- •2/1.Алғашқы кауымдагы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы. Кайназой эрасында және Тас ғасырындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Алғашқы кауымдагы адамдар - палеонтроптардың еңбек әрекеті.
- •Дәріс №3 Европа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер
- •Дәріс №4 Ресейде педагогиканың дамуы
- •Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
- •ІІбөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері Дәріс №6 Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде
- •Дәріс № 7-8 Қазіргі педагогиканың әдіснамасы
- •Дәріс №9 Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі
- •Дәріс №10 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты.
- •Ііі бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Дәріс №11 тпү мәні мен құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары
- •Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
- •Дәріс №13 Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
- •Дәріс №14 тпү тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Дәріс №15-16 Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі
- •Дәріс №17 Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі
- •Дәріс №18 Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы.
- •Дәріс №19 тақырып Отбасы тәрбиесінің негіздері
- •Дәріс №20 тпү құрылымындағы оқыту.
- •Дәріс №21 Қазіргі мектептегі білім мазмұны.
- •Дәріс №22-23 Оқыту формалары, әдістері мен тәсілдері
- •Дәріс №24 Оқушылардың оқу жетістігін диагностикалау және тестілеу
- •Дәріс №25 Оқушылардың тпү-тегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
- •Дәріс №26 Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі педагогикалық технологиялар.
- •Іү бөлім. Мектептің тпү басқару Дәріс №27 тпү ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
- •Дәріс №28-29 Мектептің тпү диагностикалау және жоспарлау
- •Дәріс №30 қр-да 12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері
Дәріс №5 Қазақстанда педагогиканың дамуы
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Қазақстан территориясындагы тэрбие мен қогамдык дамудың ежелгі көздері. Педагогикалык мәэдениет көздері. Алтын Орда дәуірінін кұйреуі. Қазақ хандыгы кезіндегі білім беру. Этносаяси және мәдени жағдайлар, олардың халық ағартушылыгына ыкпалы. Жазба жэне ауыз әдебиетінің дамуы. Қазақ даласындагы философтар мен акындардың тәрбие багыггары. Жыраулардың агартушылық қызметтері. Билер институты және онын жастардын прогрессивті тәрбиесіне ыкпалы. Медресе мен діни мектептердің агартушылык іс- әрекеттері.
Негізгі ұгымдар: қогамдык даму, дәуір, халықты ағарту, жазудың дамуы, ағартушылык іс-эрекет, медресе, діни мектептер, әлеуметтік институт.
Қазақстанның Ресейге косылуы. Қазак халкын агарту саласындағы патша саясаты. 1768 ж. орыстан басқа халыктарга қатысты білім беру реформалары- ның жобасы. Әскер бай-шонжарлардың кадет корпусы (1741). Алғашқы ұлтгық мектептері: Орынбордағы татар мектебі (1744), Омбыдагы азиат мектебі (1786). Омбыдагы эскери училище (1813). Мұсылман мектептері (1836). Орынбордагы Неплюев кадет корпусы (1844). Омбыдағы кадет корпусы (1847). Жәңгір хан мектебі (1841). «Мамания» мектебі (1889). Орыс- туземдік мектебі жэне аралас мектептер. Ы.Алтынсариннің педагогикалык көзкарастары мен іс-эрекеті. Ағартушы-демократтар Ш.Уалиханов, А.Құнан- баевтьщ педагогикалык көзкарастары.
Қазакстандагы қоғамдық-педагогикалык қозгалыстар. Алаш-Ордалыктардың педагогикалык және коғамдык іс-әрекеттері. Ахмет Байтурсыновтың прогрессивті көзқарастары мен коғамдык іс-әрекеті. Магжан Жұмабаевтың педагогикалык енбектеріндегі ізгілікті педагогика идеялары. Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалык іс-әрекеті мен жалпыадамзатык тәрбие идеялары. С.Көбеевтің отбасы тәрбиесі туралы педагогикалык көзкарастары. Назипа Құлжанованың мектепке дейінгі тэрбие беру теориясы мен эдістемесі.
Білім мазмұны және мұгалім кадрлерін даярлау. Мектеп кұрылысы мәселесі. Ә.И. Сембаев еңбектеріндегі кеңестік кезендегі Қазақстан педагогика- сына сипаттама. Р.Г.Лембергтің ғылыми мұраларындагы дидактика жэне білім беру мазмұны мәселелері. Т.Тәжібаевгің балалардың еңбек және отбасы тәрбиесі мәселесіне психологиялык-педагогикалык көзкарастары. Қ.Бержановтың педагогикалык мұраларындагы республикада үлттық мектепті дамыту жэне мұгалім кадрлерін даярлау мәселелері.
Білім беруді реформалауга бағытталған негізгі кұжаттар. ҚР «Білім туралы» Заңы. Білім берудің мемлекеттік стандарты. Білім беру тужырымдама- лары. Тәрбие мен оқытудың педагогикалык технологиялары, олардың жіктемесі. Қазақстанда педагогикалык кадрларды даярлау багытындағы ұлттық жогары оқу орындарының іс-әрекеті. Ғалым-педагогтар зерттеулерінің негізгі бағыттары.
Негізгі ұгымдары: ағартушылык, мұсылман мектептері, кадет корпусы, аралас мектептер, білім беру реформасы, когамдык-педагогикалык козгалыс, педагогикалык көзкарастар, агартушылык іс-әрекет, педагогикалык кадрлар. мұгалімдік кадрлар, кркаттар көздері, мемлекеттік стандарт, білім беру тұжырымдамалары, педагогикалык технология, гылыми-педагогикалық зерттеулер, педагогикалык іс-әрекет, білім мазмұны, ұлттык мектеп, ұлттык тәрбие.
Жоспар:
Қазақ хандығы кезіндегі педагогикалық ой-пікірлер
Ағартушы-демократтардың педагогикалық көзқарастары
Алашордалықтардың педагогикалық көзқарастары.
Мұғалім кадрларды даярлау
Мақсаты: Қазақ жерінде педагогиканың даму кезеңдерін қарастыру, әр кезеңдегі педагогтардың көзқарастарына сипаттама беру.
Абайдың ағартушылық көзқарастары мен тәрбие тағылымдары. Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі - адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз - Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгиштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқа да қазак, ағартушылары сияқты - байлықтың, молшылықтың көзі - деп санады. Жастарды еңбекке шақырды. Абай творчествосынан ерекше орын алатын ендігі бір үлкен тақырып – оның ағартушылық идеясы. Абай өнер, білім, тәлім-тәрбие ерекше көңіл аударып, жанын сала үндеген ұлы ағартушы ақын. Еңбектің мәнін ашьш, еңбек тәрбиесінің маңызын котере білген ұстаз Абай.
Абай ойынша, адам қоғамның қажетті мүшесі, ол дүниенің кетігін қалауға жарарлық кірпіш сияқты. Озінің орнын тауып, өмірдің керегін асьш, елі үшін еңбек еткендей азамат болуға тиіс.
Ғылым, білім, еңбек тағылымы дәулеттің ең маңыздысы, асылы болды дсп Абай жастарды салғырсымай, ғылымды меңгеруге шақырады.
Шоқан Уәлиханов - ғалым, ағартушы (1835-1865). Тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зерттеушісі, археолог, этнограф, саяхатшы, ағартушы-демократ. Ауыл мектебінде оқыған, кадет корпусын бітірген (1853). Батыс Сібір генерал-губернаторында әскерлік қызмет атқарған. Орта Азия мен Қытайға жасалған бірнеше экспедицияға қатысқан. 1859-1862 ж.ж. Петербургке барған кездерінде А. Щапов пен Т. Елисеев т.б. тобындағы, тәрбиесіндегі демократиялық бағыттағы интелегенциямен араласады. Н. Г. Чернышевскийдің "Современник" және А. И. Герценнің "Колоколымен" танысады. Ғылым академиясының және орыстың географиялық қоғамының жұмысына белсене араласады.
Шоқан Уалиханов мұсылман дін басшылары халық ағарту ісін өз қолына алғанын, мектептер мен медреселер құнды оқушыларға құрғақ жаттататынын, оның маңызын түсінбейтінін, сол кезең үшін, оның ешбір пайдасыз екенін қатты сынады. Қазақтардың білім сипатының, оның мәнділігі мен маңызын, сол кезең үшін гумандық, халықтық - деп түсінген Шокан, білім мен оқу ғана қазактарды әлеуметтік-әділетті күреске жұмылдырады, тек білім мен оқу көшпенділерді қоғамдық прогресс пен еркін дамуға жол көрсетеді - деген улкен гуманистік ой-пікірде болды.
Ш. Уәлихановтың оқу-ағарту қажеттілігі туралы ойы, ғылым халықты дамытатынын, олардан оқу-тәрбиедегі маңызды жол ұрпақ тәрбиесінің бастауы екенін дәлелдеуі, оның прогрессивтік көзқарастарының ерекшеліктерін көрсете отырып, Қазақстандағы қоғамдық ойдың дамуына айтарлықтай әсер ететінін дәлелдейді.
Ыбырай Алтынсарин қазақтың тұнғыш педагогы, ұстазы (1841-1889).
Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог-ағартушы, ақын және прозаик, публицист балалар жазушысы, орыс графикасы негізінде казақ алфавитінің негізін қалаушы ретінде Алтынсарин мектеп пен тәрбие өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынды. Сондай-ақ, оның тамаша тарихи, болашағына асқан сеніммен қарады. Ыбырай Алтынсариннің пікірі бойынша, ауыл мектептері болыс мектептерінің бірінші бөлімінің бағарламасы бойынша жұмыс жасауға тиіс болды. Оқу ана тілінде жүргізілуі тиіс - деген қағида ұсынды. Ы.Алтынсарин қазақ халқына білім беру тек бастауыш мектеппен ғана шектеледі - деген пікірден аулақ болды. Ол орта мектептер құру туралы ойларын халқына жеткізді және қазақ балаларының университеттерде оқуын қалады. Алайда ол Ресей патшаларының жағдайындағы осыған ұқсас жоспарлардың өмірге сәйкес келмейтінін ескере отырып, Оренбург және Троицк жанындағы гимназия мен Қазақ университеттерінде оқитын қазақ балалары мен жастарға арнаулы стипендия тағайындады. Ы. Алтынсарин кәсіптік білім берудің маңызын жете түсінді және жақтады. Ол Торғайда төменгі қолөнер училищесін ашудың жоспарын жасады және оны ашуды қолға алды. Ағаш- токарлы, слесарлы - ұсталық, тігін бөлімі бар Торғайдағы Яковлев қолөнер училищесі тек 1884 жылы ғана ашылды. Ы. Алтынсарин Қостанайдағы ауылшаруашылық училищесін ашу үшін өзінің, екі үйінің орнын және училище участкесі үшін қыстауындағы жерін берді.
Ы. Алтынсарин қазақ арасында тұңғыш рет мектеп ашты, оны сол кездегі орыстың озық педагогикасы тұрғысынан құрды, жаңа типті қазақ мектебінің кең таралуы жолында қажымастан еңбек етті, бұл бағытта ол елеулі табысқа жетті. Ол мектепте оқылатын сабақтарды мынадай жүйеде құрды:
1. Орыс тілінде оқылатын пәндерді ана тілінде түсіндіре отыра, орыс кітаптарын оқыту.
2. Әр түрлі нәрселер мен заттардың орысша аттарын үйрету.
3. Орысша сөйлеуте үйрету.
4. Методикалық талдау.
5. Көркем жазу.
6. Арифметикалык қосу, алу, көбейту, бөлу амалдарын жөнінен мәлімет т.б.
Ы. Алтынсарин мектепте оқуды негізінен ана тілінде жүргізді. Бірақ орыс тілі де оқу мазмұнының ең маңызды бөлімі саналцы.
Ы. Алтынсарин оқыту әдістерін жаңа бағытта оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздей отыра құрды.
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі (1873-1937).Ахмет Байтұрсынов - қазақ мәдениетінің тарихында үлкен, бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Оның тарихи тағылымы мол, тәрбие туралы өзіне тән регрессивтік ой-пікірі бар ұлы - ғалым. Қазақ философиясының (тіл білімі және әдебиет тану) негізін салушы педагог-ағартушы, мәдениет және қоғам қайраткері.
А.Байтұрсынов - алғашқы қазақ тілінің авторы (1912). Сол кездің өзінде ол жүзеге асырған қазақ жазуы("Жаңа емле ережесі" айнала ортадан тиісті бағасын алды. Оған прогрессивтік зиялы қауым ерекше назар аударады. Ал, 1924 жылы, ол жаңа қазақ графикасы ретінде қабылданып, оған ғалымның қүрметіне - Байтұрсынов аты берілді. Ол өз заманында барлық түркі тілдес халықтардың ең жақсы үлгісі ретінде қабылданды. Сондай-ақ, біздің шетелдік отандастар күні бүгінге дейін Байтұрсынов графикасын пайдаланады. Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектері қазіргі кездің өзінде үлкен беделмен қолданылады.Оның қазақтың тіл білімі және қазақ тілін оқыту әдісі өзінің сапалылығымен және ана тіліміздің ерекшелігін жинақтайтын оқулық негізі ретінде үлкен табыспен мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып, қолданылмалы қазақ тілінің қолтума оқулығына айналып отыр.
Мағжан Жұмабаев - ағартушы педагог (1893-1938).
Жиырмасыншы жылдардың екіншісі жартысында өрістеген мәдени революция нәтижесінде елде жаппай сауатсыздықты жою науқаны басталды. Мағжан сол науқанға белсене қатысты. "Сауатты бол!" оқулығын жазды. Оқулықтың жұртқа ұнағаны сонша, қатарынан төрт рет басылды. "Сауатты болдың!" соңғы төртінші түзетіліп басылуы Мәскеу қаласында қазақ елінде бұған дейін құлақ естіп, көз көрмеген таралыммен - 50 мың данамен басылып шықты. (Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасы. -М., 1929 жыл). Түзетіліп басылды дейтіні-оқулықтың соңғы нұсқасына Қазақстанда енгізіле бастаған латын әліппесі берілді.
Дулатов Міржақып - ағартушы, ақын, сыншы. Оян, қазақ! Кітабын оқығанда Міржақыптың халықтың мұң-мұқтажын өз мұңындай көретіні әр сөзінен айқын сезіліп тұрады. Ақын өзінің халық алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Ол өз замандастарына, көзі ашық зиялыларға тарих, Қоғам қандай міндет жүктеп отырғанын анық аңғартады, халықты ескіліктеи, мешеуліктсн, зорлық-зомбылықтан, қанау-езушіліктен құтқаратын күшті құрал оқу білім, өнер, ғылым, адал, еңбек, әділдік, адамгершілік үшін күресу екенін ұга білді.
Жусіпбек Аймауытов — жантанушы (1889-1931). "Тәрбиеге жетекші "(Орынбор, 1926ж.) "Психология" (Ташкент, 1927 ж), "Жан жүиесі және өнер таңдау" (-М., 1929 ж.), "Сабактың комплекстік жүйесінің әдістері" (Қызыл Орда, 1926 ж.) секілді оқулықтар жазуы тегін емес. Педагогикалық көзқарастары адамға, оны тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сенімінен басталады. Өзінің "Тәрбие" деген мақалаларында Жүсіпбек, адамның хайуаннан айырмашылығы жайында әңгіме қозгай отырып, адам бойындағы ұнамсыз мінез-қылықтарының барльгғы тәрбиенің кемдігінен деп қорытынды жасайды. Оның айтуынша, адам табиғаттың емес, тәрбиенің құлы болуы керек. Адам өміріндегі тәрбиенің рөлін зор бағалаған ол тарихтағы ірі құбылыстардың бәрін тәрбиемен байланыстыра отырып, былай деп жазды: "Алғашқы екі ғасырдай афиняндар мәдениетті, ғылымды күшті жұрт болған, неге? Данышпан Солонның жасаған ережесімен тәрбиеленгендіктен. Рим халқын атақты, күшті қылған кім? Аристотельдің тәрбиесі. Жүсіпбек Аймауытовтың психологияны зерттеп, көтерген мәселелері — одан басқа қазақ топырағында ешкім де көтермеген мәселе. Осы мәселелердің баяндалуынан қазақтың психолог мамандары қазірдің өзінде айтарлықтай ақау таппайды.
Бақылау сұрақтары
1. Ахмет Байтұрсынов педагогикалық көзқарастары
2. Ж.Аймауытовтың педагогикалық көзқарасы
3. М.Дулатовтың педагогикалық пікірлері.
4.М.Жұмабаевтың педагогикалық ойлары.
5.С.Қалиевтың педагогикалық пікірлері
6.Егеменді Қазақстанда білім жүйесін қайта құру ерекшеліктері.
Әдебиеттер
1.Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Рауан, 1994.
2. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім –тәрбиесі. Алматы. Рауан, 1994
3. Хрестоматия. Құрастырған Алматы. Раубаева 1991
4.Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: «Білім», 2008
